Пәннің қысқаша мазмұны.

CИЛЛАБУС

Фтизиатрия модулы бойынша

«Жалпы медицина» мамандығына 5В130100

Дәрістер – 6 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат

СӨЖ – 18 сағат

Емтихан – жоқ

Курс – 4

Семестр – 7 – 8

Барлық сағат саны – 54 сағат

Астана 2015 ж.

1.7 Оқытушылар жөнінде ақпарат:

Ф.А.Т. Қызметі мен Дәрежесі Приоритетті ғылыми қызығушылығы
Бугаков Анатолий Алексеевич м.ғ.к., доцент, кафедра меңг,. Туберкулездің ажырату диагностикасы
Агзамова Римма Агзамовна м.ғ.д., профессор Туберкулездің микробиологиялық диагностикасы
Бекембаева Гульбадан Сабитовна м.ғ.д., доцент Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулез
Нашенова Гафура Болатовна м.ғ.к., доцент Туберкулез және иммунодефициттер
Искакова Айжан Шокеновна м.ғ.к., доцент Туберкулез және қосарланған аурулар
Рахимжанова Роза Серикбаевна ассистент туберкулездің рентгенологиялық диагностикасы
Жандаркулов Аманбай Абенович ассистент Туберкулездің алдын алу
Искакова Светлана Фатиховна ассистент Жүкті әйелдердегі туберкулездің ерекшелігі
Потапчук Михаил Геннадьевич ассистент Қазіргі жағдайдағы біріншілікті туберкулез
Шорагулова Раушан Мусабаевна ассистент Туберкулез және қосарланған аурулар
Толеубекова Кульзара Аушановна ассистент Туберкулез және қосарланған аурулар

1.8 Контактілі ақпарат:

Кафедра Астана қалалық туберкулезге қарсы диспансер базасында орналасқан, Манас көшесі 14.

1.9 Пән саясаты:

Оқытушының жалпы талабы (оқу пәнінің саясаты)

Жалпы медицина факультетінің студенттеріне фтизиатрия пәнін оқыту міндетті болып саналады.

Фтизиатрияны оқу барысында студент 5 тәжірибелік сабақ пен 3 СӨЖ тақырыбын орындауы мен тапсыруы қажет. Қорытынды бақылау сесия соңына қарастырылған. Әр тақырып балдармен бағаланады. Әр сабақта студенттер жазбаша түрде теорияға жауап беру керек және тәжірибелік бөлімді меңгеріп, СӨЖ орындау және бағалау тестін тапсыруы қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде сабаққа баға қойылады.

Студенттер сабаққа дайын келуі керек. Яғни: негізгі теорияны меңгеру, сабақтың тақырыбына қарай әдістемелік кеңестерге сәйкес аудиториядан тыс өзіндік жұмысты жасау. Өзімен бірге дәптері мен сабаққа арналған әдістемелік құралы болуы тиіс.

Сабақ тақырыптары кафедраның ақпарат тақтасында ілулі, ал әдістемелік кеңестер барлық оқу бөлмелерінде бар.

Сабақта студенттер халат және таза аяқ киімде болуы шарт. Әр сабаққа топ старостасы кезекші тағайындайды, оның негізгі міндеті киім мен аяқ киімдердің жоғалуынан сақтау. Егер кафедра мүлігі бұзылған жағдайда, әдістемелік материалдар жоғалған жағдайда студенттер мен кезекші оларды қалпына келтіреді немесе құнын төлейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Туберкулезге байланысты эпидемиологиялық жағдайдың: ауруға шалдығу, сырқаттық, ауруға шалдыққандық және өлім көрсеткіштері тұрақталғанымен, туберкулездің клиникалық түрлерінің құрылымы қиындауда. Аурудың патоморфозы мен клиникалық ағымының өзгеруіне байланысты туберкулез диагностикасы және ажырату диагностикасы қиын сұрақ болып қалуда. Сондықтан қазіргі кезде туберкулезді анықтауда дәрігер мамандардың сақтығы қажет. Фтизиатрия негізін барлық болашақ дәрігерлер білуі қажет. Әр болашақ дәрігер науқастан туберкулезді анықтай білуі керек. Оны зерттеп қажет болған жағдайда фтизиатр кеңесіне жіберу керек. Дәрігер аурудың ең ерте симптомын, бұйрықтар, Қазақстанда қабылданған туберкулезге қарсы ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды, медициналық ұйымдардағы санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті білуі керек. Фтизиатрия бағдарламасы туберкулезді ерте және уақтылы анықтауды, профилактикасын, емдеуін және диспансерлік бақылауды қамтиды.

2.2 Пән мақсаты:

Студенттер білімін жетілдіру, фтизиатрияның негізгі аспектілері бойынша дағдыны және білімді, студенттерде клиникалық ойларды дамыту, алған білімді туберкулездің профилактикасында қолдану.

2.3 Пән міндеттері:

-Фтизиатрияның негізгі бөлімі бойынша білімді қалыптастыру;

- Студенттерге туберкулезді анықтауда диагностикалық әдістерге үйрету;

- Туберкулездің ажырату диагностикасында ерте әдістер мен принциптерді үйрету;

- Туберкулез профилактикасының принциптерін үйрету;

- Туберкулез аурулары кезіндегі шұғыл жағдайларда көмек беруге үйрету.

2.4 Соңғы үйрету нәтижелері:

А. Студент білу керек:

- Туберкулездің этиологиясын, патогенезін, патоморфологиясы мен патоморфозын;

- Фтизиатрға жолдама беру көрсеткіштерін;

- Туберкулездің клиникалық жіктелуін.

В. Студент білімді қолдануы және түсіне білуі керек:

- Туберкулезді ерте және уақтылы анықтау диагностикалық әдістеріне үйрету;

- Туберкулезді басқа аурулармен ажырату диагностикасындағы принциптерге;

- Туберкулездің қазіргі терапиясының негізгі принциптерін;

- Туберкулездің профилактикасы (спецификалық бей спецификалық).

С. Студент мына дағдыларды білуі керек:

1. Қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге материал алу және басқа диагностикалық материалды (жыланкөздерден бөлінді, пунктаттар және т.б.) алу, ал туберкулез микобактериясы анықталған жағдайда туберкулезге қарсы мекемеге науқасты жолдау;

2. Зертханалық зерттеу нәтижесін интерпретациялау;

3. Өкпе және өкпеден тыс түберкулез түрлерін диагностикалау;

4. Туберкулезге сезікті науқастарды тексеру;

5. Фтизиатрға жолдама беру көрсеткіштерін;

6. Туберкулездің негізгі белгілерін анықтау.

D. Студент мына коммуникативті дағдыларды игеру керек:

1.Пән аралық команда тобында жұмыс істей алу керек.

2.Өзіндік зерттеулерін және әдеби зерттеулердің қорытындысымен таныстыра алу керек.

Е. Студент оқуға қабылетін көрсету керек:

1. Өздігінше оқу арқылы жаңа зерттеулер жүргізу.

2. Жаңа ашылулар туралы ақпараттандыру мүмкіндігін пайдалану.

3. Жеке жоғары дәрежелі көрсеткішпен жұмыс істеп, жауапкершілікті ала білу керек.

2.5 Пререквизиттер:Фтизиатрия курсында оқытуда келесі пәндерде алған білімдерге байланысты: микробиология, патологиялық физиология.

2.5 Постреквизиттер:Ішкі аурулар.

Пәннің қысқаша мазмұны.

Фтизиатрия курсы келесі бөлімдерді қамтиды:

Кіріспе. Эпидемиология. Этиология. Патогенез. Патоморфология. Анықтау әдістері. Әр түрлі жастағылар тобында диагностика әдістері. Өкпе туберкулезінің клиникалық түрлері. Клиника, диагностика, нәтижелері. Өкпеден тыс туберкулез түрлері. Клиника, диагностика, нәтижелері. Туберкулез емінің принциптері мен әдістері. Туберкулезге қарсы күрестің ДОТС бағдарламасы. Туберкулездің алдын алу әдістері. Туберкулездің спецификалық профилактикасы. Хииопрофилактика. Санитарлы профилактика. Санитарлы ағарту жұмысы.

2.7 Сабақтардың тақырыптық жоспары (дәріс, тәжірибелік, СӨЖ)

Наши рекомендации