Науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.
Ж Кезекші дәрігерлердің қабылдауы
Уақ. 11.50
АҚ – 130/80мм.с.б.
Пульс – 88 рет мин
ТАЖ – 18 рет мин.
Дене қызуы – 36,40С
Науқас жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.
Түскен кездегі шағымы: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік.
Anamnesis morbi: Науқас айтуы бойынша өзін 23.08.15ж. бері аурумын деп санайды. Ауырсынуын майлы тағаммен жеумен байланыстырады. Өз бетінше ем қабылдаған, нәтижесі болмағандықтан жоғардағы шағымдарынын күшейіп, мазалауына байланысты,
өз бетінше қаылдау бөліміне келген. Хирург дәрігерлерінің қарауынан соң ХО-1 бөліміне жатқызылды.
Anamnesis vitае: Дене бітімі және акыл-ойы жасына, өз қатарындағы құрбыларына сай дамыған. Шылым шекпейді, арақ-шарап, наркотикалық заттар қолданбайды. Вирусты гепатитпен, тері-венералогиялық, тұқым қуалайтын аурулары жоқ, мерез ауруларымен ауырмаған. Сонғы 6-ай көлемінде гемотрансфузиялық іс-әрекет жасалмаған. Алергоанамнез: айтуы бойынша бұрын-соңды дәрілік заттарға аллергиялық серпілістер болмаған. Өткізген операциялары: 2012ж – сол жанбас буынына эндопротездеу отасы жасалынған.
Status presens: аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикацияға және ауырсыну белгілеріне байланысты. Аурудың төсектегі қалпы: белсенді. Ақыл есі: анық. Бет әлпеті: қалыпты. Дене бітімі нормостеникалық, тамақтануы қалыпты. Тері жабыны және көзге көрінетін шырышты кабаты қалыпты түсте. Тері тургоры сақталған, эластикалық, ылғалдығы қалыпты. Тері пигментациясы, бөртпелері, тері астында қан құюлулар жоқ. Тері астында варикозды кеңейген веналар жоқ. Перифериялық ісінулер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынбайды. Бұлшықеті: даму дәрежес, тонусы қалыпты, симметриялы бұлшықеттері бирдей дамыған. Сүйек буын жүйесінде деформация анықталмайды, буындардың қозғалысы қалыпты шегінде, контрактуралар жоқ. Буындардың активті және пассвті қозғалысы ауырсынусыз.
Тыныс алу жүйесі: тыныс алуы – мұрын арқылы еркін демалады. Көмекей – даусының сипаты қалыпты, қарлығулар жоқ. Кеуде торын қараған кезде: симметриялы, бұғана асты және үсті шығыңқылары өзгеріссіз, жауырын қалпы өзгермеген. Кеуде торын динамикалық қарап көруі: кеуде клеткасы екі жақты бірдей тыныс алу актісіне қатысады. Науқаста кеуделік тыныс алу. Пальпацияда: қабырға аралықтары ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта да бірдей. Перкуссида: өкпе алаңдарында қалыпты өкпе дыбысы анықталады. Өкпе экскурциясы шектелмеген. Аускультацияда: Кеуде торының барлық алаңдарында везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Бронхофония: күшеймеген.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: Жалпы қараған кезде: патологиялық пульсациялар, жүрек тұсында шығыңқылық жоқ, артериялар мен веналарда өзгерістер анықталмайды.
Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі: VI-қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай орналасады, биік, резистентті. Перкуссияда: жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары : жоғарғы жақ – ІІ-қабырға аралық, оң жақ – парастернальді, сол жақ – бұғана орта сызығынан 0,5 см солға қарай. Аускультацияда: жүрек ырғағы: қалыпты, синусты, жүрек жиырылу саны: 88 рет минутына (тахикардия). Жүрек тондары: анық, ырғақты. шулар: жоқ. Артериалдық қан қысымы -130/80 мм.с.б.
Ас қорыту жүйесі: Науқастың тәбеті төмендеген, дәм сезуі, жұтынуы жақсы.
Ауыз қуысын қарағанда тілі-таза, ылғалды; шырышты қабаттар ашық қызыл түсті; тілінде емізіктер айқын көрінеді; тістерінде кариес жоқ; жұтқыншағы-бос, бадамша бездері өзгеріссіз. Іші дұрыс пішінді, симметриялы, пальпацияда жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады. Ортнер, Кера, Мерфи симптомдары оң мәнді. Құрсақтың тітіркену симптомы жоқ. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Аускультацияда: ішектер перистальтикасы анық естіледі. Ішектердің моторикасы сақталған.
Бауыр пальпациясы ауырсынады. Курлов бойынша өлшемдері: 10*9*7 см. Көкбауыр ауырсынусыз, ұлғаймаған.
Үлкен дәреті тұрақты, күніне 1 рет шығады.
Зәр шығару жүйес: жалпы қараған кезде мықын аймағында, бел тұсында ісінулер жоқ. Соққылау симптомы 2 жақтан да теріс. Қуық қасаға үстінен жоғары пальпацияланбайды, перкуссияда анықталмайды. Несепағар нүктелерінде ауырсыну жоқ. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Эндокринді жүйе: Бой өсуінің бұзылысы жоқ. Қалқанша безі жалпы қарағанда көрінбейді, пальпацияланбайды. Екіншілік жыныс ағзалары дамымаған.
Жүйке жүйесі:Дәм және иіс сезуі сақталған. Есту және вестибулярлы аппараттары өзгеріссіз. Мимикалық бұлшықетері қалыпты, жұтынуы еркін, сөйлесуі бұзылмаған. Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай. Гиперкинездер жоқ, қалтырау болмайды, рефлекстері сақталған. Беткей және терең сезімталығы сақталған. Дермографизм ақ. Менингиальді симптомдар теріс.
Болжам диагноз: Жіті калькулезді холецистит.
Тексеру жоспары:
- Жалпылама қан талдауы
- Қанның ұю уақытын анықтау
- Жалпылама несеп анализі
- Қанның биохимиялық анализі (жалпы ақуыз, несепнәр, глюкоза, билирубин, амилаза)
- Қан тобын және резус тиістілігін анықтау
- Коагулограмма
- Қанды RW-тексеру
- Нәжісті құрт және қарапайымдыларға тексеру
- ФГДС
- ЭКГ
- Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
- Кеуде торының рентгенографиясы
- Терапевт кеңесі
Дәрігерлер: Тезекбаев Е.Ж.
Жунусов Н.О.
26.08.2015ж.
Лабораториялық және инструменталды тенсеру әдістерінің қорытындысы:
1. ЖҚА – Нв – 144г/л. эритроциттер – 4,5х10*12/л. лейкоциттер – 8,9х10*9/л. ЭШЖ –39мм/сағ
2. Қанның ұю жылдамдығы: басталуы 3`40`` - аяқталуы 4`30``
3. Қанның биохимиялық талдауы: – Жалпы нәруыз –66г/л; Глюкоза – 4,2ммоль/л; билирубин жалпы 17,7ммоль/л; амилаза жалпы – 54,2мккат/л., мочевина – 5,7ммоль/л