Стандартталған науқастың мәтінді сценариі және рөлдің сипаттамасы
Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай : «Вирусты А гепатиті».
Ситуация:Сіз инфекционист дәрігерсіз. Терісі жабындаларымен склерасының сарғаюына, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып науқас келіп түсті.
Ø Ауру тарихын, эпидемиологиялық анамнезің жинаныз және науқасты қараңыз.
Ø Лабораториялық құрал – жабдықтар зерттеулеріне талдау жүргізіңіз.
Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз .
Ø Қорытынды клиникалық диагнозын құрастырыныз.
Соңғы қорытынды (outcomes)
Ø Сарғаюмен науқасты сұрау жүргiзу және физикалды тексеру.
Ø Аурудың циклдiгiн, жетекшi синдромдар анықтауы.
Ø Жедел вирусты гепатиттің клиникалық диагностикасы.
Ø Болжама және қорытынды диагнозды негіздеу.
Ø Жедел вирусты гепатитпен науқасты жүргізу тактикасын анықтау.
Бағалау парағы (check-list)
Клиникалық жағдай бойынша
«Вирусты А гепатиті»
№ | Қадам бағалау критерийі | Балмен бағалау | ||
Дұрыс орындады | Ескертулермен орындады | Орындамады | ||
Анамнез бен шағымдарды дұрыс жинақтады. (толық, анық,нақты) | 1,0 | 0,5 | ||
Аурудың жетекші симдромдарын анықтады. Интоксикация, сарғаю, гепатомегалия | 1,0 | 0,5 | ||
Аурудың циклді ағымын, сарғаю алды кезеңінің ұзақтығын және сарғаю алды кезеңінің синдромдарын анықтады. | 1,0 | 0,5 | ||
Эпидемиологиялық анамнезді берілу механизміне байланысты жинады. Энтеральді, парентеральді. | 1,0 | 0,5 | ||
Бауыр пальпациясын жүргізді | 1,0 | 0,5 | ||
Көкбауыр пальпациясын жүргізді | 1,0 | 0,5 | ||
Курлов бойынша бауыр көлемін анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Көкбауыр перкуссиясын жүргізді | 1,0 | 0,5 | ||
Клинико – эпидемиологиялық деректер негізінде болжама диагнозы дұрыс қойылды: | 1,0 | 0,5 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Жедел вирусты гепатит кезіңде гемограмманы дұрыс интрипитациялады. | 1,0 | 0,5 | ||
Биохимиялық сынамаларды талдау. | 1,0 | 0,5 | ||
ВГ маркерреріне ИФА талдау | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды диагнозды негіздеді | 1,0 | 0,5 | ||
Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде іс – шаралар алгоритімін дұрыс орындады. | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу тактикасын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. | 1,0 | 0,5 | ||
Режим, емдәм, диспансерлеу туралы тағайындау берді. | 1,0 | 0,5 | ||
Эпид. ошақта бақылау тактикасын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Екпе туралы тағайындау берді | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды бал |
Стандартталған науқастың мәтінді сценариі және рөлдің сипаттамасы
Шағымдары: Терісі жабындаларымен склерасының сарғаюына, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну сезіміне
Сұрақ мағынасы | Актер үшiн сұрақтың тұжырымы | Актердің жауабы |
Аурудың басталу уақыты | Қашаннан бастап ауырдыныз (қанша күн)? | Ауырғаныма шамамен 7 күн болды . |
Аурудың даму динамикасы | Ауру қалай басталды? | Аурыдың бастапқы кеіңде әлсіздік, қалтырау байқадым, Қызуым 37,8 С дейін көтерілді, дене қызуы бір күн болды. 3 күні жүрек айну, 3 – 4 ретке дейінгі құсу, тәбетңмнің жоғалуы, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі қосылды, жұмыс істей бердім. Кеше кешке зәр түсінің қоңырланғаның байқадым. Бүгін жұмыстағы әріптестерім терімнің және склерамның сарғайғаның байқады. |
Мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтын ауру сезімі болдыма? | Жоқ, болған жоқ | |
Терініздің сарғаюынан кейін жағдайыныз жақсардыма? | Иә, жақсарды. Жүрек айну, құсу тақтады, тәбетім пайда болды. Бірақ әлсіздік мазалайды. | |
Сіз дәрігерге қаралдыңыз ба? | Жоқ, Аурудың 1 день ғана жедел жәрдем шақырдым. «ЖРВИ» диагнозын қойып, үйге тағайындаулар берді. | |
Эпидемиологиялық анамнез | Сіз қайда турасыз? | Алматы қаласында. |
Жан-ұянызда сарғаюмен және бауыр аурулармен ауыратын адамдар болдыма? | Жоқ, бірақ жұмыстағы әріптестер арасында жағдайлар болды, вирусты гепатит бойынша карантин болған. | |
Қоғамдық асханалардан тамақтанасыз ба? | Иә, жұмыста түсте асханада тамақтанамын. | |
Қайнатылмаған су ішесіз бе ? | Жоқ, бірақ бір ай бұрын әріптестеріммен қала сыртына қонаққа бардық, сонда құдықтан су іштік. | |
Соңғы 6 ай ішінде операциялар, жарақаттар және қан құюлар болды ма? | Жоқ | |
Соңғы 6 ай ішінде тісінізді емдедініз бе ? | Жоқ |
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 36,5 С. Терінің, көзінің және ауыз- жұтқыншақ шырышты қабатының сарғаюы. Дене пішімі қанағаттанарлық. Есі анық, сұраққа анық жауап береді.Ауыз- жұтқыншақ шырышты қабаты қызармаған, бадамшалары ұлғаймаған. Өкпесінде тыныс алу везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ритімі дұрыс, пульсі 76 минутына. АҚ 120/80 мм с.б. Тілі сары жабындымен қапталған, ылғал. Іші кебінкі, пальпация кезіңде оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауру сезімі байқалады. Бауыр +2,0 см. қабырға доғасынан төмен, консистенциясы эластикалық тығыздықты Көкбауыр қабырға доғасында. Зәрдің түсі қоңыр, нәжісі түссіз.