Маңдай сүйектің дөңесі
Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тірі адамнан, практикалық маңызды, қаңқаның шығыңқы бөліктерінің орнын сипап анықтау.
Орындаған: Мақсымхан А.
Тобы: 101 «А» ЖМ
Қабылдаған: Мурзанова Д.А.
Шымкент- 2017
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қас үсті доғалар,маңдай және төбелік төмпелер.
2. Сыртқы шүйделік төмпе, емізік тәрізді жиектер.
3. VII мойын омыртқасының қылқаны.
4. Төс сүйегінің мойындырық ойығы, иық өсінді - бұғаналық буын, жауыр бұрышы.
5. Қаңқаның шығынқы бөліктерінің орнын анықтау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
• Кіріспе
Адам денесінің сүйектері, ossa, тірек – қимыл мүшелерінің жұмсақ мүшелердің тірегіі мен бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын ірі тұлғалы мүше. Адамның денесінде 200 – ден астам тақ және жұп сүйектер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды.
Адам денесінің пішінін, құрылысы мен атқаратын қызметін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды анатомия деп атайды. Қазіргі анатомия фактілерді сипаттап қана қоймай, оларды қорытындылауға, организмнің қалай құрылғанын белгілеп, организмнің оның ағзалары мен жүйелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары қандай екенін анықтауға тырысады.Онымен қатар ол организмнің ішкі, сондай-ақ сыртқы байланыстарын зерттейді.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру.
Адам анатомиясының міндеті — адам денсаулығының дүрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға жәрдем етті. Сондықтан да, анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып саналады. Анотомия қазіргі ересек адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді.
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
• жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
• мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
• топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
• түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
• түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
• жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
• қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
• сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
• микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология - бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;
эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім;
ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім;
Ас үстілік доға
Қас үстілік доға – margo superciliaris бас қаңқасында
маңдай бөлімінде орналасқан. Көз шарасының
жоғарғы жиегінен жоғарырақ айқын байқалады.
Маңдай сүйектің дөңесі
Маңдай сүйектің дөңесі – tuber frontale,қас үстілік доғадан жоғарырақ қабықшалы бөліктің алдыңғы бетінде орналасқан