Обаның кезеңдері.

ІБІ.

Кафедраның жалпы талаптары

Сыртқы түрі:

Ø киімнің кеңсе стилінде болуы, таза үтіктелген халат, медициналық маска, қалпақ және ауыстырмалы аяқ киім (биік өкшесіз) (ҚР үкіметінің 17.01.12ж №87 «денсаулық сақтау нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін бекіту үкіміне сәйкес)

Ø міндетті түрде бейдж тағып жүру

Ø халатсыз, ауыстырмалы аяқ киімсіз бөлімге кіруге рұқсат етілмейді

Ø ұқыпты сәнді шаш және тырнақ

2) міндетті түрде фонендоскоптың, тонометрдың, сантиметрлі лента және санитарлық кітаптың болуы

3) Интерндердің жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын сақтау

4) В,С гепатиттерінің маркерлерінің қорытындысының болуы («Жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы санитарлық-эпидемиологиялық алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық ережелерін бекіту бойынша ҚР үкіметінің 12.01.12ж. №33 үкімі) - топ кураторына көрсетіледі.

5) В гепатитінен міндетті түрде екпе алу (екпе туралы анықтама алу) («Жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы санитарлық-эпидемиологиялық алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық ережелерін бекіту бойынша ҚР үкіметінің 12.01.12ж. №33 үкімі) - топ кураторына көрсетіледі.

6) Бөлімшеде, стационар, университет алаңында, қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салынады (ҚР денсаулық сақтау кодексіне сәйкес).

7) Сабаққа жүйелі түрде дайындалу

8) есептік құжаттарды уақытылы және ұқыпты жүргізу

9) Кафедраның емдеу-диагностикалық және қоғамдық шараларына белсенді қатысу

Оқу үрдісі барысында интерн міндетті:

- стационар бөлімшелерінде 5-6 науқасты қарауға;

- қажетті диагностикалық, емдік және алдын алу шараларын тағайындауға және орындауға;

- қажетті медициналық құжаттарды және тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуге;

- айына 2 рет, іс сапар кезінде 4 рет клиникалық базада дәрігердің көмекшісі ретінде кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілікке түсуі

тиіс. Кезекшіліктен интерндер медициналық сараптама және деканат рұқсатымен босатылады;

- профессорлардың, доценттердің, бөлім меңгерішісінің қарауларына, консилиумдарға қатысуға;

- бөлімше, стационар конференцияларына, клиникалық талдауларға, паталого-анатомиялық, ғылыми-тәжірибелік

конференцияларға, конгресстерге және т.б. қатысуға;

- мамандығы бойынша мәселелік дәрістерге қатысуға; кафедрада және іс сапарда ИӨЖ орындауға, ТДО сабақтарға қатысуға;

- топ кураторымен кафедра тақырыбы бойынша ИҒЗЖ айналысуға, жыл соңында ҒЗЖ нәтижелерін тезис, мақала түрінде

шығаруға.

Тәртіп:

Ø Сабаққа немесе таңертеңгілік конференцияға кешігуге рұқсат етілмейді. Интерн кешіккен жағдайда оның сабаққа жіберілуі туралы шешімді сабақты жүргізетін оқытушы қабылдайды. Үш рет кешіккен интерн кафедра меңгерушісінің атына кешігу себебін түсіндіріп түсініктеме жазады және сабаққа жіберілуі үшін деканат тарапынан рұқсат қағаз алып келуге жіберіледі.

Ø Сабақ уақытынан ерте кету немесе сабақ уақытында жұмыс орнында болмау сабақты жіберу болып саналады.

Ø Оқу үрдісі кезінде интерндердің қосымша жұмысы рұқсат етілмейді (тәжірибелік сабақ және кезекшілік кезінде)

Ø 3 тен көп кураторды ескертусіз және себепсіз сабақ жіберген интерндерге рапорт жазылып, оқудан жығарылуына нұсқау беріледі.

Ø Жіберілген сабақтар өтелінбейді, жіберілген күндерге стипендия төленбейді.

Ø Дәрігер-интерндер ҚазҰМУ және клиникалық базаның ішкі тәртіп ережелерін толық ұстануы тиіс.

Айып-пұл санкциясы:

1.Сабақ жіберуі (сонымен қатар дәрiс/ оқу конференциялары) «0» бағаланады (сонымен қатар себебті жағдайлар). Сабақты жіберуі - жұмыс уақытында 3 сағаттан артық болмауы. Тұрақты сабаққа кешігуі (3 және одан да көп 15мин кешігу) 1 сабақтан босатуға тең келеді.

2.Босатқан сабақтар қайта өтелмейді. «0» бағасы қосымша кезекшілікке сай.

3. Егер интерн 3 сабақты қатарынан жіберсе – сабаққа кіру үшін декан рұқсаты болу керек (сабақтан қалу себебін растайтын құжат немесе түсніктеме). Интернді деканның жазбаша рұқсатынсыз сабаққа жіберілмейді.

4. Модульдің 50% сабақтарын жіберген жағдайда интерн межелік бақылауға жіберілмейді.

5. Егер интерн қажетті кезекшілік санын өткізбесе ағымдағы айдың табеліне қол қойылмайды, кезекшілік өткізілгенге дейін.

Бонустар:Кафедра шешімі бойынша университеттің және кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу, оқу үрдісіне белсенді қатысу, теориялық және практикалық білім дағдыларын экстраординарлық меңгеру - ПЖР қосымша ұпайымен бағаланады.

Межелік бақылаудың қорытынды бағаларының аппеляциялық ережесі:

Ø Интерн рубеждік бақылаудан алған бағасына келіспеген жағдайда аппеляциға беруге құқылы.

Ø Емтиханнан соң 18 сағат ішінде аппеляциялық комиссияға аппеляцияға беруге құқылы.

Ø Аппеляция ____ күн ішінде қаралуы керек.

9. ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Сабақ уақытындағы дәрігер –интерннің өзіндік жұмысы:

· Функциональды диагностика бөлімшесіндегі арнайы кабинеттерде жұмыс істеу

· Кафедра меңгерушісі, профессор немесе доцент қатысуымен науқастарды тексеруге дайындауға қатысу;

· Дәрігерлік конференцияға тақырыптық баяндама дайындау;

· Медициналық құжатарға кіріспе;

· Дәрігерге жүктелген санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу

· кафедраның ИҒҮ қатысу, ғылыми конференцияға қатысу

· Терапевттердің ассоциациясына,ғылыми-практикалық конференцияға,симпозиумға және т.б. жұмыстарға қатысу

· Тәжірибелік машықтар орталығында симуляциондық сценарийлер бойынша тәжірибелік машықтарын ұштау

Дәрігер интерннің сабақтан тыс өзіндік бағдарламалары:

· Арнайы медициналық әдебиеттерді оқу

· Интернет - яғни медициналық порталдарда жұмыс істеу

· Медициналық статистика мен есеп беруді оқып үйрену

· Персональды компьютермен жұмыс істеу дағдыларын үйрену

Дәрігер интерннің сабақтан тыс өзіндік жұмысы бағаланады:

1. «Аналитикалык матрица» - ны топтық түрде орындау – проект 1 семестр аралығында орындалады. Ол қорытынды аттестация алдында қорғалады.

2. Жеке тапсырма – әрбір блоктың кез келген тақырыбына әрбір интерн қалауы бойынша 1 медициналық симуляцияның сценарийі (есеп) құрастыру. ЭКГ циклында берілген тақырыптар бойынша ЭКГ суретін және оның сараптамасын беру.

3. Аймақтық тәжірибеде - бір санитарлық ағарту жұмысы .

4. Бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасы (МКСМС) – аймақтық тәжірибеде жасалынып, кафедрада іс сапардан келгеннен кейін қорғалады және бағаланады.

10. Ішкі аурулар бойынша интерндердің өзіндік жұмысының (ИӨЖ) календарлық-тақырыптық жоспары

ИӨЖ тақырыбы Жүргізу түрі Оқу сағатының көлемі
Топтық проект «Аналитикалық матрица» Презентацияны дайындау және сараптау, «аналитикалық матрицаны» қорғау, матрица өнімін жасау  
Бір нозология бойынша медициналық көмектің сапасының мақсатты сараптамасы** Сырқатнаманың сараптамасы, сараптама бойынша есеп құрастыру, мәселенің шешім жолдарын беру
Санитарлық-ағарту жұмысы Әңгімелесу, дәрістер, ақпараттық парақ, санбюллетень дайындау
Пульмонология
  1. Пневмониялар.Пневмониялардың асқынулары. Өкпенің іріңдік аурулары.
  2. ӨСОА.
  3. Өкпенің диссеменирленген аурулары (саркоидоз, фиброзды альвеолит, пневмокоиоздар, пневмомикоздар және басқалары).
  4. Тыныс жетіспеушілігі. Жедел және созылмалы өкпелік жүрек.
1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау. 2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.    
Кардиология
  1. Артериальды гипертензия. Емі. Егде және қарт жастағы ЖҚЖ патологиясымен науқастарды жүргізу ерекшеліктері.
  2. Жедел коронарлық синдром. Миокард инфаркты. Миокард инфарктының асқынулары.
  3. Аритмиялар, клиникасы, емі.
  4. Миокардиттер. Кардиомиопатиялар. Инфекциялық эндокардит. Перикардиттер.
  5. Туа және жүре райда болған жүрек ақаулары.
  6. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі.
  1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау. 2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.
Гастроэнтерология
  1. Өңештің аурулары. АІЖ ауруларының негізгі синдромдары.
  2. Созылмалы гастриттер, дуодениттер. Жаралы емес асқазан диспепсиялары. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы.
  3. Өт қабының дискинезиясы, созылмалы холецистит, өт тас ауруы. Созылмалы панкреатит.
  4. Арнайы емес жаралы колит. Крон ауруы. Жаралы емес ішек диспепсиялары.
  5. Вирустық гепатиттер және бауырдың вирустық емес аурулары. Диагностикасы және клиникалық көріністері, емі.
  6. Бауыр циррозы. Бауыр циррозының асқынулары.
1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау. 2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру.
Гематология
  1. Анемиялар. ТТА, В-12 – тапшылықты анемия. Созылмалы аурулар кезіндегі анемиялық синдром. Апластикалық анемиялар. Цитопениялар. Гемолитикалық анемиялар.
  2. Геморрагиялық синдром. Коагулограмма. Тромбоцитопатиялар және тромбоцитопениялар. ТІШҚҰ-синдромы. Трансфузиологияның негізгі синдромдары.
  3. Гемобластоздар .Жедел лейкоздар.Созылмалы лейкоздар. Парапротеинемиялық гемобластоздар. Лимфоидтық неоплазиялар.
Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау. 2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру
Эндокринология
  1. Қант диабеті. Этиопатогенезі және клиникасы. Емі.
Қант диабетіндегі шұғыл жағдайлар.
  1. Қалқанша және қалқанша маңы безінің аурулары.
  2. Семіздік және метаболикалық синдром. Ішкі аурулар клиникасындағы патологиялық климакс.
  3. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе және бүйрек үсті безінің аурулары.
1. Сабаққа дайындық (арнайы әдебиеттерді оқу, электрондық ақпараттық ресурстармен, соның ішінде ғаламтор порталдарымен жұмыс жасау. 2. Блоктың кез келген бір тақырыбына интерннің қалауы бойынша симуляциялық есеп, диагностикалау немесе емдеу алгоритмін құрастыру
Клиникалық ЭКГ
  1. Қалыпты ЭКГ талдау. ЭКГ элементерін сараптау. Позициялық өзгерістер.
  2. Жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ.
  3. Синус түйінінің автоматизмінің бұзылысына байланысты аритмиялардың ЭКГ диагностикасы. Белсенді эктопиялық комплекстер мен ырғақтар кезіндегі ЭКГ диагностикасы.
  4. Пассивті эктопиялық комплекстер мен ырғақтар кезіндегі ЭКГ диагностикасы. Жыпылықтау мен діріл.
  5. Бөгемелердің ЭКГ диагностикасы.
  6. Миокард инфарктының ЭКГ диагностикасы.
Әрбір тақырып бойынша ЭКГ таспасын талдау және жазбаша қорытынды беру.  
ПӘН БОЙЫНША БАРЛЫҚ ИӨЖ САҒАТЫ:  

Ескерту:

* «Ревматология», «Нефрология», «Аллергология» блоктары сәйкесінше модульдерде оқытылады;

** региондағы іс-сапарда жүргізіледі.

11. ИНТЕРННІҢ ІС-САПАР ТӘЖІРИБЕСІ КЕЗІНДЕГІ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

ИӨЖ: Бір нозология бойынша медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасы (МКСМС)

Мақсаты:сырқатнама негізінде жүргізілген клиникалық бақылау, диагностикалау және емдеу әдістерінің нәтижесі бойынша көрсетілген медициналық көмек кемшіліктері мен қателіктерін анықтап, олардың себебін нақтылау.

Уақыты: 12 апта

обаның кезеңдері.

Өзіңіз таңдаған нақты нозологиядан (бірнеше клиникалық жағдайлар) бөлімнің медициналық құжаттары (сырқатнама) бойынша дәлелді медицина, замануй диагностикалау және емдеу стандарттары мен хаттамалары негізінде медициналық көмек сапасының мақсаттық сараптамасын жүргізіңіз.

Жұмысты берілген кестелерге сүйене отырып жүргізіңіз.

1. Шаблон – сырқатнаманың біріншілік сараптамасы

1.Стационарлық медициналық көмектің сапасын сараптау кестесі

2.Сырқатнаманың сараптамасының үлгісі

Мына бөлімдерден тұратын медициналық құжаттың сараптамасы бойынша есеп жазыңыз:

3.Кіріспе: Науқастың сырқатнамасына талдау жүргізу ____________________ (ауру, синдром), госпитализицалануы _____________________ аурухана _____________ бөлімі ____ жатқан күндері _______.

4.Нақты нозологияны (синдромды) негіздеу – өзектілігі.

5.Анализ нәтижелері – жалпы, жүйелік (талданған сырқатнаманың баріне қатысты) және жеке мәселе (жекелеген сырқатнама бойынша) – нәтижелер таблица, схема және диаграмма түрінде көрсетілуі мүмкін.

6.Талқылау – әдебиеттерге сүйене отырып негіздеңіз (монографиялар, басшылық, тақырыптық шолулар, мақалалар) және қолданыстағы хаттамалар мен стандарттар, неліктен сіз анықтаған мәселелер (қателіктер) осындай.

7.Табылған мәселермен олардың мүмкін болатын себептерінің жинақталған қорытындысы. Мүмкін болса – өзініздің ұсыныстарыңызды ұсыныңыз.

Талдау нәтижелерін сипаттау үшін есеп беруге сырқатнамадағы сіздің қорытындыңыз бен тұжырымыңызды дәлелдейтін мәліметтерді қосыңыз.

Сіздің жұмысыңыз бағалау парағы бойынша бағаланады

Наши рекомендации