Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия

Гисс шоғырының бір аяғының блокадасы QRS комплексінің кеңеюін тудыруы мүмкін: блокада тұрақты (ендеше, ол синусты ырғақ фонында да болады) немесе тахикардия фонында да болуы мүмкін (абберантты).

WPW синдромы

WPW синдромы кезіндегі мүмкін болатын кең комплексті тахикардиялар: аберрантты өткізгіштікпен ортодромды тахикардия және антодромды тахикардия, жыпылық аритмиясы және жүрекшенің тыпырлауы(өте сирек).

Жыпылық аритмиясы – өте қауыпты аритмияның түрі, себебі WPW синдромында болып қарыншалардың фибрилляциясына ауысуы мүмкін: қосымша жол арқылы өткізу жылдамдығы АВ-түйінге қарағанда жоғары. ЭКГ: P тісшесінің болмауы, изолиниялардың ретсіз тербелісі, «дұрыс емес» ырғақ, ЖСЖ – 180 - 300 мин-1, импульс қарыншаларға жүргізіледі кейде АВ-түйін арқылы, толық немесе бөлшекпен – қосымша жол арқылы, сондықтан QRS комплексінің конфигурациясы үнемі өзгеріп отырады. АВ өтімділікті баяулататын заттар аденозин, кальций антогонистері, жүрек гликозидтері көрсетілмеген, себебі олар қосымша жол арқылы өтімділікті жақсартып, жыпылық аритмиясынан қарыншалар фибрилляциясына ауысатын ЖСЖ парадоксалды ұлғаюын шақыруы мүмкін. Гемодинамиканың бұзылыстары кезінде шұғыл электрлік кардиоверсия көрсетілген. Егер науқас пароксизмді жақсы көтере алса, Іа, Іс немесе ІІІ кластың антиаритмиялық заттарын енгізеді: олар бір жағынан қосымша жолдың рефрактерлік кезеңін ұзартады және ЖСЖ баяулатады, ал екінші жағынан - синусты ырғақты қалыптастырады.

Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ

Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ пуркинье талшығында немесе қарыншалар миокардында жоғары автоматизмдік ошақтардың болуына негізделген. Себептері: миокард инфаркты (көбінесе төменгі), дәрілік заттардың жанама әсерлері (оның ішінде гликозидтік улану), миокардиттер. ЭКГ: кең комплексті QRS (>0,12 с), ЧСС – 60 - 110 мин-1 (рис. 1) дұрыс немесе дұрыс емес ырғақ. Жеткілікті жоғарғы жиілікте синусты ырғақты толығымен басуы болады. Кейде қосарланған (тар) немесе қосылған қарыншалық комплекстер болуы мүмкін. P тісшесі бар не жоқ, не олар интертирленген (жүрекшеге импульстің ретроградты өтуіне байланысты), не АВ-дисосация болады. әдетте емді қажет етпейді. Синусты ырғақтың жиілігі идиовентрикулярлы ырғақтың жиілігіне жеткеннен кейін аритмия басылады. Егер гемодинамикалық бұзылыстар болса (қарынша мен жүрекшенің жиырылуының координациялық бұзылыстарында), көктамырға атропин немесе изопреналинді енгізеді немесе жүрекшелік ЭКС жүргізеді.

Сурет 1. Жылдамдатылған идивентрикулярлы ырғақ ("Кардиология в таблицах и схемах" кітаптбі, Практика, 96).

пароксизмалдық қарыншалық тахикардия - student2.ru

Сурет 2. Қарыншалық тахикардия ("Кардиология в таблицах и схемах" кітаптбі, Практика, 96).

пароксизмалдық қарыншалық тахикардия - student2.ru

Сурет 3. Қарыншалар фибрилляциясы ("Кардиология в таблицах и схемах" кітаптбі, Практика,96).

пароксизмалдық қарыншалық тахикардия - student2.ru

Сурет 4. Пируэттік тахикардия ("Кардиология в таблицах и схемах" кітаптбі, Практика, 96).

пароксизмалдық қарыншалық тахикардия - student2.ru


Наши рекомендации