Ішкі аурулар клиникасындағы негізгі синдромдар 5 страница
*құрсақ қуысының МРТ
*нәжісті ішек құртына тексеру
*жұлын сұйықтығының пункциясы
*қол- саусақтарының рентгенографиясы
*+стернальді пункция
#583
*!67 жастағы ер адамды бір ай көлемінде дене қызудың 37,5˚ С дейін көтерілуі, бел аймағындағы сұққандай ауру сезімі, жалпы әлсіздік, ауру сезімінсіз макрогематурия мазалайды. Антибиотик және уросептикпен емделген, нәтижесі болмаған. АҚҚ 140/80 мм рт.ст. ЭТЖ 50 мм/с. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*+құрсақ қуысының МРТ
*нәжісті ішек құртына тексеру
*жұлын сұйықтығының пункциясы
*қол- саусақтарының рентгенографиясы
*стернальді пункция
#584
*!19 жастағы әскери қызметкер мұрын бітелуіне, жөтелге, қызбаның 37,3° - 37,8°С көтерілуіне шағымданған. Өздігінен тетрациклин қабылдаған. Аурудың 3-ші күніне жағдайы кенет нашарланып, дене қызуы 40°С жоғарылаған. Қалтырау, басының қатты ауруы мен қайталамалы құсу қосылған. Қарағанда жағдайы ауыр, санасы тежелген, адинамиялы, қоршаған ортаға реакциясы селқос. Тері қабаттары бозғылт, бетінде, денесінде және қол-аяқтарында “жұлдызша” тәрізді геморрагиялық бөртпелер. Қанда лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылаған. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*құрсақ қуысының МРТ
*нәжісті ішек құртына тексеру
*+жұлын сұйықтығының пункциясы
*қол- саусақтарының рентгенографиясы
*стернальді пункция
#585
*!Жас әйел Египетте демалып келгеннен кейін бір айдан соң субфебрильді қызбаға, іштегі спастикалық ауру сезіміне, терісіндегі қышитын қайталамалы бөртпелерге, селқостыққа, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, тұрақсыз дәретке, арықтауға шағымданады. Кей кезде кілегейлі қақырықты жөтел мазалайды. Қан анализінде аздаған анемия, эозинофилия, жалпы белоктың төмендеуі, IgE жоғарылауы. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*құрсақ қуысының МРТ
*+нәжісті ішек құртына тексеру
*жұлын сұйықтығының пункциясы
*қол- саусақтарының рентгенографиясы
*стернальді пункция
#586
*!33 жастағы ер адам екі ай аралығында мезгілсіз түрде дене қызуының жоғарылауына, білезік және табан буындарындағы ауру сезіміне, таңертеңгілік құрысуға, жалпы әлсіздікке, арықтауға шағымданады. Өз бетінше антибиотиктер, халық емдерін қабылдаған- нәтижесіз. ЖҚА -де ЭТЖ 20 мм/с, РФ-теріс. БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*құрсақ қуысының МРТ
*нәжісті ішек құртына тексеру
*жұлын сұйықтығының пункциясы
*+қол- саусақтарының рентгенографиясы
*стернальді пункция
#587
*!17 жастағы студент қыздың шағымдары: дене қызуының37 -37,5 0 С дейін көтерілуі, бас ауруы, бел аймағындағы сұғып ауру сезімі, зәр бөлінудің жиілеуі, әлсіздік, тершеңдік. ЖҚА: эритроциттер - 4,0 х 10/12/л, Нв-126 г/л, лейкоциттер 9,0 х 10/9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру
*кеуде қуысының рентгенографиясы
*қақырықты Кох бактериясына тексеру
*+жалпы зәр анализі
*эхокардиография
#588
*!Әйел 2 жыл бойы гемодиализ қабылдайды. Соңғы 3 айда дене қызуы жоғарылап, қалтырау мазалайды. Өткізілген антибиотикотерапияның нәтижесі аз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ 20 р мин. Жүрек тондары тұйықталған, 1тон әлсіреген, жүрек ұшында бұрын болмаған систолалық шу естіледі. ЖСЖ 92 рет/ мин, АҚҚ 170/100 мм с.б.б. Қанда жоғары лейкоцитоз, нейтрофилез, токсикалық дәнді нейтрофилдер. ЭТЖ 30 мм /сағ. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру
*кеуде қуысының рентгенографиясы
*қақырықты Кох бактериясына тексеру
*жалпы зәр анализі
*+эхокардиография
#589
*!Жас ер кісі су құбырындағы 3-ші жұмыс күнінде тамағынның ауруы, қалтырау, дене қызуының 39-40оС-қа жоғарылауы, әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Кейін кеуде тұсындағы қадап ауыру сезімі, шырышты қақырықты жөтел қосылып, ентігу күшейе бастады. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру
*+кеуде қуысының рентгенографиясы
*қақырықты Кох бактериясына тексеру
*жалпы зәр анализі
*эхокардиография
#590
*!Әйел 37 жаста,дене қызуының 37-38 0 С-қа жоғарылауына, әлсіздікдің күшеюіне, арықтауға, бетінде, мойнында, декольте аймағында бөртпелердің пайда болуына, буындарындағы ауру сезіміне, қан қысымының көтерілуіне шағымданады. ЖҚА: лейкопения, аздаған анемия, ЭТЖ-32 мм/сағ. ЖЗА: белок 0,99 г/л , эритроциттер -10-15 к/а, лейкоциттер-8-10 к/а. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*+анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру
*кеуде қуысының рентгенографиясы
*қақырықты Кох бактериясына тексеру
*жалпы зәр анализі
*эхокардиография
#591
*!Басқа аймақтан жұмыс жасауға келген құрылысшы ұзаққа созылған қызбаға, әлсіздікке, түнгі уақыттағы тершеңдікке, қақырықты жөтелге, жүдеуге, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданады. Өз бетінше жөтелге қарсы дәрілер қолданады, амоксициллин-нәтижесі жоқ. Флюорограммада инфильтративті өзгерістер анықталған. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?
*анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру
*кеуде қуысының рентгенографиясы
*+қақырықты Кох бактериясына тексеру
*жалпы зәр анализі
*эхокардиография
#592
*!Науқас А, 38 жасар, 15 жыл көлемінде ревматологта қаралады: саусақтарының некроздық өзгерістеріне дейін болатын Рейно синдромы, жұтудың бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қол саусақтарының бүгілуінің қиындауы, қол басы аймағы терісінің тығыздалуы, фаланга ұштарының лизисі әсерінен саусақтарының қысқаруы . Қарағанда: беті маска тәрізді, «кисет» симптомы. Тері жабындылары: қалыпты жағдайда, гипер және депигментация ошақтары, қатпарға қиын жиналады. Қол басы терісінің атрофиясы, склеродактилия. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*псориаздық артрит
*түйінді периартериит
*+жүйелі склеродермия
*ревматоидты артрит
*идиопатиялық дерматополимиозит.
#593
*!Науқас Н, 24 жаста, бұлшықеттегі ауыру сезімі, қызба, аяқ терісіндегі бөртпелері, даусының жоғалуы, жұтудың қиындауы, көз айналасының ісінуі шағымдарымен қабылдау бөліміне келіп түсті. Қарағанда: айқын қимылының шектелуімен жамбас және иық бұлшықеттерінің миозиті, сұр пароорбитальды ісінулер, бұлшықет әлсіздігі, қызба 39,5 градус, дисфагия, афония. Лабораторлы көрсеткіштері: ЖҚА- нейтрофильды ығысумен лейкоцитоз, ЭТЖ- 60 мм/сағ, КФК – 580 МЕ/мл. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*+идиопатиялық дерматополимиозит.
*жүйелі қызыл жиегі
*геморрагиялық васкулит
*криоглобулинемиялық васкулит
*Стилл синдромы
#594
*!Науқас К, 17 жасар, қол басы ұсақ буындарының ауыру сезімі, 1 ай көлеміндегі қызбаға, бұлшықет әлсіздігі, салмағының төмендеуі, бұлшықет әлсіздігі шағымданады. Науқас анасының айтуы бойынша Турцияда дем алу кезінде бетінің терісінде айқын емес эритема пайда болып, тәбеті төмендеп, жалпы әлсіздік пайда болды. Тексеру барысында нефротикалық синдроммен бүйрек зақымдалуы, лейкопения, орта дәрежедегі анемия пайда болды. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*идиопатиялық дерматополимиозит.
*+жүйелі қызыл жиегі
*геморрагиялық васкулит
*криоглобулинемиялық васкулит
*Стилл синдромы
#595
*!Науқас А, 22 жаста, тамағының ауыруы, тізе және білек буындарындағы ауыру сезімі, бұлшықет әлсіздігі, көбіне таңертеңгі уақытта дене қызуының 40° көтерілуі, жоғары қызба барысында дене терісінде бөртпелердің күшеюіне шағымданады. Қарағанда: лимфоаденопатия, әлсіз гепатомегалия, білек буындарының артриті, миалгия, дене терісінде макулопапулезді бөрпелер, ұшпалы сипатта. ЖҚА – Л- 30 мың, эр. – 4,2, Hb – 120 г/л, тромбоциттер – 450, ЭТЖ – 45 мм/сағ; ЖЗА – патологиясыз; БАК- АЛТ – 120 ед., АСТ – 104 ед, билирубин – 20 мкмоль/л; ферритин – 940 мкг/л, СРБ ++++, РФ – теріс. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*идиопатиялық дерматополимиозит.
*жүйелі қызыл жиегі
*геморрагиялық васкулит
*криоглобулинемиялық васкулит
*+Стилл синдромы
#596
*!Науқас 29 жаста, қол басы білек, проксимальды фалангааралық буындарының ісінуіне, және ауыру сезімі, осы буындарда түскі уақытқа дейін құрысуына, салмағының азаюына шағымданады. Науқас айтуы бойынша буындық синдромының үдеуі түрінде жағдайының нашарлауы бір апта көлемінде: тізе буынының артриті қосылып, 39 градусқа дейі дене қызуы көтерілді, ПМФС,ПФС түйіндер пайда болды, пальпация кезінде ауру сезімсіз. Лабораторлы көрсеткіштер: ЖҚА– ЭТЖ-50 мм/сағ, РФ – оң, АЦЦП – оң. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*псориаздық артрит
*түйінді периартериит
*жүйелі склеродермия
*+ревматоидты артрит
*идиопатиялық дерматополимиозит.
#597
*!Науқас Н, 40 жаста, қол басы ұсақ буындарының, көбіне дистальды фалангааралық буындарының ауыру сезімі, аяқ басы ұсақ буындарының ауыру сезімі және ісінуі, 30 минут ішінде құрысу шағымдарымен тұрғылықты мекен жайы бойынша терапевтке келді. Қарағанда: тері жабындылары қалыпты, шынтақ буындары және арқа терісінде гиперкератоз элементтерімен әртүрлі көлемде қышитын және қабыршақтанатын бляшкалар бар. Тырнақ зақымдалуы: нүктелі тереңделу мен тырнақ пластинкаларының дақтануы. СБЖ: аяқ басы фалангаларының және дистальды фалангааралық буындарының «сосиска» тәрізді деформациясы. Лабораторлы белгілері: ЭТЖ– 30 мм/сағ, РФ – теріс;Илеосакральды байламның рентгені – оң жақты сакроилеит. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*+псориаздық артрит
*түйінді периартериит
*жүйелі склеродермия
*ревматоидты артрит
*идиопатиялық дерматополимиозит
#598
*!Ер адам 32 жаста, 2 ай бұрын жұмыртқасының ауыру сезімі шағымдарымен урологқа келді, «Орхит» диагнозы қойылды, жағдайы аздап жақсарды. Айтуы бойынша 2 ай ішінде 6 кг салмағын жоғалтқан. Бір апта бұрын сол аяғында күйдірген тәрізді ауру сезімі, сезімталдығының жоғалуы, балтыр бұлшықетінде айқын ауру сезімі, бетінде әлсіз ісінулер, екі рет қан түкіру, көруінің нашарлауы пайда болды, қантамыр жолымен ауру сезімді пальпацияланатын үлкен емес түйіндер , АҚ 180/120 мм.сб.б. көтерілген. Тексергенде: ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ - 52 мм/сағ, ЖЗА – протеинурия, микрогематурия, цилиндурия. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*псориаздық артрит
*түйінді периартериит
*+жүйелі склеродермия
*ревматоидты артрит
*идиопатиялық дерматополимиозит
#599
*!Студент 17 жасар, өткерген баспадан кейін тізе буындарында ісіну және ауыру сезімін айтады, кейіннен іш аймағында ауыру сезімі, аяқ терісінде басқанда жоғалмайтын, қосылуға бейім ұсақ нүктелі бөртпелер қосылды, студенттік ауруханадағы терапевтке барды, ары қарай тексеру өткізу ұсынылды: ЖҚА – ЭТЖ – 25 мм/чсағ, ЖЗА –патологиясыз, СРБ - ++++, РФ – теріс, В және С вирусты гепатитмаркеры– теріс, АСЛ-О – 350 МЕ/мл, тізе буындарының рентгенографиясы –артрит белгілері. Тері белгілерінің БАРЫНША мүмкін болатын себебін табыңыз?
*идиопатиялық дерматополимиозит.
*жүйелі қызыл жиегі
*+геморрагиялық васкулит
*криоглобулинемиялық васкулит
*Стилл синдромы
#600
*!40 жасар ер адам әлсіздік, эпигастрий аймағының ауыру сезіміне, жүрек айну және құсуға, іш өтуіне шағымданады. Об-ті: арық, тремор, пальмарлы эритема, рубинді тамшылар, эпигастрий аймағында және Мейо-Робсон нүктесінде ауыру сезімді, Курлов бойынша бауыр өлшемі: 16-14-11 см. Анамнезінде: соңғы аптада ішімдікті қабылдау этанолға шағып санағанда 1 г/кг салмақ/тәул. Қанда: АЛТ – 154 МЕ/мл, АСТ – 122 МЕ/мл, билирубин – 54 мкмоль/л, тікелей – 36 мкмоль/л. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*+алкогольді гепатит
*дәрілік гепатит
*стеатогепатит
*жедел вирусты гепатит A
*созылмалы вирусты гепатит B
#601
*!50 жастағы әйел әлсіздік және жайсыздықты байқайды. 3 апта көлемінде ауруханадан тыс пневмония бойынша амоксициллин-клавулонат қабылдаған. Т – 36,8, өкпеде қатаң тыныс негізінде бірен – сараң құрғақ сырыл естіледі. Биохимия: АЛТ – 128 МЕ/мл, АСТ - 95 МЕ/мл, жалпы билирубин – 34 мкмоль/л, тікелей – 28 мкмоль/л. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*алкогольді гепатит
*+дәрілік гепатит
*стеатогепатит
*жедел вирусты гепатит A
*созылмалы вирусты гепатит B
#602
*!42 жастағы ер адам жалпы әлсіздік, іш қату, АҚҚ 150/95 мм сб.б. көтерілуіне, ентігу, аз ғана физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігуге шағымданады. ДМИ – 34. Биохимия: глюкоза – 7,8 ммоль/л, гликолизирленген Нв – 8,1%, инсулин – 32 мкЕд/мл ( қалыптысы 3,0–25,0 мкЕд/мл); холестерин – 6,9 ммоль/л. АЛТ – 64 МЕ/мл, АСТ - 55 МЕ/мл, жалпы билирубин – 14 мкмоль/л, тікелей – 11 мкмоль/л. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*алкогольді гепатит
*дәрілік гепатит
*+стеатогепатит
*жедел вирусты гепатит A
*созылмалы вирусты гепатит B
#603
*!Әйел 33 жаста. Үй жинағанда құрамында хлоры бар деззаттарды қолданған соң әлсіздік және өз-өзін жағымсыз сезінді. Об-ті: Курлов бойынша бауыр өлшемі – 11-9-7 см. Биохимия: глюкоза – 5,2 ммоль/л, Холестерин - 3,95 ммоль/л, АЛТ – 268 МЕ/мл, АСТ -195 МЕ/мл, жалпы билирубин – 42 мкмоль/л, тікелей – 38 мкмоль/л, anti-HCV IgM - оң, anti-HCV IgG -оң. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*Вильсон ауруы
*гемохроматоз
*жедел вирусты гепатит E
*+созылмалы вирусты гепатит C
*аутоиммунды гепатит
#604
*!28 жасар әйел Жаңа жылды тойлағаннан соң ауырып қалды (Айқын тойып жеу және денесінің суықтап қалуы): әлсіздік, жағымсыз сезіну, жүрек айну, бір рет құсу пайда болды. 2 күннен соң көз ағының сарғаюы, зәр түсінің өзгеруі, оң қабырға астының ауыру сезімі және үлкен дәреті қалыпты, бірақ түсінің ағаруы пайда болды. Объективті: бауыры ұлғаймаған, жиегі домалақ, өт қабы нүктесінде ауыру сезімді. Биохимия: билирубин – 44,6 мкмоль/л, тікелей емес – 38 мкмоль/л, АЛТ –5,89 ммоль/л, АСТ – 3,14 ммоль/л. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*алкогольді гепатит
*дәрілік гепатит
*стеатогепатит
*+жедел вирусты гепатит A
*созылмалы вирусты гепатит B
#605
*!38 жасар әйел, тамақты артық жеп қойғаннан соң ауырып қалды: әлсіздік, жағымсыз сезіну, жүрек айну, бір рет құсу пайда болып, кейіннен көз ағының сарғаюы оң қабырға астының ауырлық сезімі, іш өту қосылды. Объективті: бауыры ұлғаймаған, жиегі домалақ, өт нүктесі тұсында ауыру сезімі бар. ЖҚА: Эр - 2,5х1012/л, гемоглобин – 99 г/л, Тр – 80х109/л, Л – 2,6х109/л, ЭТЖ – 22 мм/час. Биохимия: билирубин – 42,6 мкмоль/л, тікелей емес – 34 мкмоль/л, АЛТ –1,89 ммоль/л. АСТ – 1,44 ммоль/л. HBsAg – оң, a-HBs - оң, a-HBcore IgM - оң, a-HBVcore IgG-оң, РФ – оң. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
*Вильсон ауруы
*гемохроматоз
*жедел вирусты гепатит E
*+созылмалы вирусты гепатит C
*аутоиммунды гепатит
#606
*!Әйел адам 42 жаста әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаты бозарған, геморрагия жоқ. Анамнезінде: гинекологта « жатыр миомасы» диагнозымен есепте тұрады. Соңғы 2 жылда етеккірі көп мөлшерде келеді. Қан анализінде Нв - 67 г/л, Эритроцит - 3,2*10¹²/л, ТК - 0,63. Биохимияда – жалпы билирубин – 19,4 мкмоль/л. Анемияның генезін анықтау үшін қандай зерттеу БАРЫНША маңызды?
*тимол сынамасы
*+сары сулық ферритин
*сары судағы жалпы белок
*аспартатаминотрансфераза
*гликолизирленген гемоглобин
#607
*!65 жасар әйел адамның қан анализінде: Нв - 80 г/л, Эритроцит - 3,7*10¹²/л, ТК - 0,64, лейк-4,2 мың., тромб-192 мың. ЭТЖ-16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Биохимиялыққан анализінде сары сулық темір 46,3 мкмоль/л, жалпы билирубин – 18,0 мкмоль/л, ферритин – 120,1 нг/мл. Миелограммада сидеробласт-42%. Қандай анемия туралы БАРЫНША ойлау керек?
*гемолитикалық
*В12-жетіспеушілік
*гипопластикалық
*темір жетіспеушілік
*+сидероахрестикалық
#608
*!Ер адам 76 жаста, қан анализінде - Нв - 87 г/л, Эритроцит – 2,1*10¹²/л, ТК - 1,2. Биохимиялыққан анализінде сары сулық темір 32,2 мкмоль/л, жалпы билирубин – 21,0 мкмоль/л, Грегерсена реакциясы – оң. Анамнезінде 16 жыл бұрын асқазанға Бильрот IIәдісімен резекция жасалған. Қандай анемия туралы БАРЫНША ойлау керек?
*сидероахрестикалық анемия
*темір жетіспеушіліканемия
*+В12-жетіспеушілік анемия
*гемолитикалық анемия
*апластикалық анемия
#609
*!83жасар әйел адамның қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроцит – 2,1*10¹²/л, MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоцит – 4,1*10/9, тромбоцит – 124 000, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++. Биохимиялыққан анализінде билирубин 35 мкмоль/л, тікелей – 28 мкмоль/л. Шағымдары әлсіздік, бас айналу, саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс «лакталған». Қандай анемия туралы БАРЫНША ойлауға болады?
*темір жетіспеушіліканемиясы IIдәрежесі
*темір жетіспеушілік анемия I дәрежесі
*сидероахрестикалық анемия
*+В12- жетіспеушілік анемия
*апластикалық анемия
#610
*!32 жасар әйел адам генезі түсініксіз анемиямен ауруханаға жатқызылды. Қан анализінде: Нв-42 г/л, тұстік көрсеткіш -0,9, ретикулоцит-90%, лейкоцит-7,8х109/л, тромбоцит-360х109/л. Биохимиялық қан анализінде жалпы билирубин – 88 мкмоль/л, тәкелей емес –78 мкмоль/л, Кумбс сынамасы – оң.
Төменде аталған анемиялардың БАРЫНША тәні?
*апластикалық анемия
*В12- жетіспеушілік анемия
*+гемолитикалық анемия
*темір жетіспеушілік анемия
*сидероахрестикалық анемия
#611
*!Ер адам 27 жаста, Турциядан келген, дәрігерге әлсіздікке, бас айналуға, сарғаюға, зәрінің күнгірттенуіне шағымданып келді. 3 күн бұрын респираторлы инфекция болып температурасы 38,1°С жоғарылаған, парацетамол, колдрекс қабылдаған. Қан анализінде нормохромды анемия, ретикулоцитоз. Қандай диагноз туралы БАРЫНША ойлауға болады?
*Маркиафав-Микели ауруы
*тұқымқуалайтын микросфероцитоз
*аутоиммунды гемолититикалық анемия
*идиопатикалық гемолитикалық анемия
*+глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі
#612
*!Қыз бала 22 жаста ауырЖРВИ фонында сарғаю пайда болды. Тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-да: өт қалтасында тас бар. ЖҚА: WBC-4.3*109/L, RBC-2.6*1012/L, HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тікелей емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз туралы БАРЫНША ойлауға болады?
*Болезнь Маркиафавы-Микели
*+Наследственный микросфероцитоз
*Аутоиммунная гемолитическая анемия
*Идиопатическая гемолитическая анемия
*Дефицит глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы
#613
*!Науқас 67 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бас ауруға, айналуға, құлақтың шулауына, тіл ұшының күйдіруіне, жұтқанда ауырсынуға, құмырсқа жүргендей сезімге, қол және аяқ саусақтарының жансыздануына шағымданады. Склерасы субиктериялық. Тілі қабыгған, қызыл таңқурай түсті.Бауыры 4 см-ге, көкбауыры 2 см-ге ұлғайған.Қанда: эритроцит 1,8 х 1012/л, Нв 59 г/л, ЦП 1,3, ретикулоц.-0,2%, тромбоц.-120,0 х 109/л, лейк. 2,2 х 109/л, эоз.-1%, палочк.-3%, сегмент.-53%, лимф.-38%, моноц.-5%, ЭТЖ-50 мм/сағ. Мазокта: анизо- и пойкилоцитоз, макроцитоз, Кебот сақиналары, Жолли денешіктері, полисегментарлы нейтрофилдер. Қандай диагноз БАРЫНША тән?
*жеделлейкоз
*созылмалы миелолейкоз
*темір жетіспеушілік анемия
*+В12- жетіспеушілік анемия
*апластикалық анемия
#614
*!Науқас 22 жаста, мұрнынан және қызыл иегінен қан кетуге, денесіндегі петехиалды-дақты бөртпелерге, айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА: Эр. 2,1 х 1012 /л; Нв - 68 г/л, ЦП - 0,9, лейкоцит 1,9 х 109/л, лейкоформуланы 25 клеткаға есептегенде – таяқша ядролы 1%, сегмент ядролы 12%, лимфоцит 12%; тромбоцит 8,0 х 109/л, ЭТЖ 56 мм/сағ.
Какой из перечисленных диагнозов наиболее вероятен?
*+апластикалық анемия
*созылмалы миелолейкоз
*геморрагиялық васкулит
*аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура
*аутоиммунды гемолитикалық анемия