Тақырыбы: МҰ бөлімдерінде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
Мақсаты:Студенттерді МҰ инфекциялы бақылауды ұйымдастыруымен таныстыру.
Дамыған елдерде нозономиальды инфекция науқастардың 5-10%-да дамыған АІИ және НИ аурушаңдылық және өлім санының өсуімен бірге жүреді.
Ауруханаішілік немесе нозокомиальді (грек. сөзі nosokomeo- науқасты күту) инфекцияға микробты этиологиялық аурулар жатқызылады, ондай аурулар ауруханаға келген науқастарда немесе емделуге келетіндерге, не жұмыс кезінде жұқтырып алатын аурухана қызметкерлерінде пайда болады. АІИ емдеу орындарында кеңінен таралған және денсаулық сақтау орнына өте күрделі мәселе болып отыр. Мұның барлығы (яғни осындай инфекциялар) негізгі аурулар ағымын тездетіп, науқас өміріне қауіп тудырып, госпитальдегі науқастардың емделу уақытын ұзартады және улкен қосымша экономикалық дағдарысқа әкеліп соғады. Ресейде ауруханаішілік инфекциядан 2млн адам зардап шегеді, олардан жазылу 15%-ы құрайды. Әртүрлі Европа елдерінде госпитальді инфекция жиілігі 6%-дан 27%-ға дейін құрайды, АҚШ-та 7-8%, жыл сайын экономика тигізетін кесірі бірнеше милиард долларға әкеліп соғады.
Этиология. АІИ қоздырғышы болып әртүрлі бактерия, вирустар саңырауқұлақтар және қарапайымдылар өкілдері болып табылады. Алайда жетекші болып патогенді және шартты патогенді есебінде бактериялар табылады. Олардың тізімі өте ауқымды. Олардың ішіне стафилакокктардың бірнеше түрі: Staphylococcus aureus және S.epidermitidis, стрептакокктар -А, В, С, Д, F, G серотоп, пептострептококктар, Neisseriaceae тұқымдастығының өкілдері (нейссери, мараксела, кингелла) Enterobacterioceae тұқымдастығы (ішек таяқшасы, клебсиелла, сальмонелла, шигелла т.б) микоплазмалар, бактероидтар, фузобактерия, клостридиялар және т.б. Саңырауқұлақтардың ішінде ең жиі кездесетін АІИ қоздырғышы Candida туыстасының өкілі сонымен бірге пневмацистер. Ал вирустардың ішінде: ортомиксовирустар, аденовиррустар, гепатит В, С, Д вирустары, энтеровирустар.
Әртүрлі микроорганизмдердің нақты әсер ету ролі әртүрлі себептерге байланысты, ол: бөлме ішіндегі науқас санына, аурухананың орналасу орнына, санитарлық-гиггиеналық тәртіпке байланысты. Алайда әртүрлі елдерде көптеген зерттеулер көрсеткіштері бойынша соңғы жылдары АІИ этиологиясында грамм коккпен қоса грамм (-) бактериялар да маңызды роль атқарады. Госпитальді инфекция қоздырғыштарының ішінде несеп шығару жолдарын зақымдаушы ішек таяқшаларында 38% ке дейін, протейн-17,5% көкіріңді таяқшада-11,6%, клебсиеллада-8,5% және энтеробактерияда-6,4% кездеседі. Госпитальді инфекция кезінде төменгі тыныс алу жолдарын зақымдаушы-көкіріңді таяқша және пневмакокк(17,1%), стафилакокк-12,4%, ал 31% науқастарда әртүрлі грамм (-) бактериялар кезіңдегі. Бүйрек инфекциясы кезіңде 41% науқаста алтын стафилакокк табылды, 7,2%- стрептококк, 31%-грам (-) таяқшалар.
АІИ болып бактериялар табылады. Олар шартты патогенді кейде патогенді емес те түрі болады. Ал энтерококктар жарақат инфекцияларының қоздырғышы болып табылады, ол әртүрлі іріңді хирургиялық аурулар, босанушылар және гинекологиялық науқастарда іріңді асқынулар тудырады. Энтерококктар сепсис, эндокардит тудырады, бүйрек және несеп жолдарын инфицирлейді жаңа туған нәрестелер ауруларының этиологиясында маңызды роль атқаратын- Streptococcus agalactiae, нәрестелерде олар туғызатын аурудың жиілігі 1:500 -1:900-ы құрайды. S. Agalactiae-ң ең жиі тудыратын ауруы: тыныс алу жолдары, септицемия, менингит. Жұғу жолының көзі болып, босану жолының шырышы, перзентхананың қызметкері ол кантакты-тұрмыстық жолмен жүреді. S. Agalactiae-ң негізгі қасиеті. Қос кокктан құралған өте ұзын шыңшыр тәріздес шар немесе сопақ диаметрі 0,6--1,2мкм-дегі болатын клетка. Серотоп В-ға жатқызылады. Антиген 5 иммунопротективті қасиеті бар патогенділік фактор болып табылады. S.agalactiae 10c, 40с. рН 9,6 ортасында, 0,1% метилий бар сүтте, 6,5% MgCl ортасында, 40% өт ортасында 30 минут ішінде 400 өспейді, фибринолизин түзбейді, желатинді, Крахмалды, эскулинді гидролиздемейді, бірақ гипурат пен аргининнің гидролизін тудырады. Глюкоза, мальтоза, трегалозаны фермменттей отырып, қышқыл түзеді. Ксилоза, арабикозаны, икулинді, маннитті және сарбитті ферменттемейді. Глициринді тек аэробты жағдайда ғана ферменттейді. Өзінің өсуі үшін 6 витаминді, 9 амин қышқылын қажет етеді.
АИІ -ң ерекшелігі келесі жағдайлармен анықталады.
1. Негізгі ауруға қосылады нәрестелері бірінші зақымдайды.
2. Госпитальді инфекцияның қатаң этиологиясы жоқ. Қолайлы жағдайда госпитальді инфекцияны патогенді немесе шартты патогенді микроорганизм тудырады.
3. Госпитальді инфекция қоздырғышы болып шартты патогенді бактерия болып табылады, алайда оның әсері микроорганизм иммунитетіне байланысты. Оппортунистік инфекция деп-иммунореактиві төмен адамдарда (иммунитет қажеттілік) шартты немесе әлсіз патогенді микроорганизмдер тудыратын ауруды айтады.
4. Госпитальді инфекцияның патогенезімен клиникалық көрінісі өзгеше. Көтерілген жағдайлар бойынша жұқтыру жолдарын патогенезімен клиникалық көрінісіне қарай келесі топтарға бөледі.
1) Септицемиялар мен бактериемиялар. Олардың жиі қоздырғыштары- алтын және эпидермиальді стафилакокктар, протей, ішек таяқшасы, клабсиелалар, энтеробактериялар, псевдоинадалар, серациялар, бактериоидтар, стрептакокктар, саңырауқұлақтар, кандидалар және т.б.
2) Іріңді -қабыну инфекциялар: жедел және созылмалы; жергілікті әр түрлі орындардан және генерализирленген. Әр ауруханалардағы операциядан кейінгі іріңді асқынулар жиілігі 2-ден 20%-ті құрайды. Операциядан кейінгілердің 40%-і аурухана ішілік іріңді септикалық инфекциямен ауыратындар. Қоздырғыштары: стафилакокктар, стрептакокктар, грам (-) бактериялар, кластридиялар, бактероидтар, фузобактериялар және т.б. Сонымен қоса іріңді- қабынуды бүйректе және жұмсақ ұлпаларда тудыратын қоздырғыштар: алтын және эпидермиальді стафилакокк және грам (--) таяқшалар. Жедел іріңді отит -стафилакокктар, пневмококктар, клебсиелалар және т.б. Босанғаннан кейінгі мастит- алтын және эпидермиальді-гир. Омфалиттер- алтын және эпидермиальді стафилакокк. Іріңді аппендицит- ішек таяқшасы, бактероидтар, протей. Жедел гемотогенді остиомиелитті жиі тудыратын- алтын стафилакокк. Перитонит қоздырғышы ретінде табылатындар: ішек таяқшалары, протей, бактероидтар, клебсиеллалар, энтерококктар.
3. Жарақат және күйік инфекциялар. Жарақат инфекциялары эндогенді және экзогенді қасиетке ие болуы мүмкін. Олардың қоздырғышы болып госпитальді бактерия штамдары, әсіресе стафилакокктар олардың дәріге тұрақтылық қасиеті бар. Жарақат госпитальді инфекцияға пуэпиральді және аборттан кейінгі сепсисті жатқызуға болады, олардың қоздырғышы болып: стрептококктар, стафилакокктар, грам (-) бактериялар болып табылады.
Күйік инфекцияларын туғызушы көбіне старфилакокктар мен грам (-) бактериялар, олар тері немесе науқасты шырышты қабаттарында тіршілік етеді.
4. Тыныс алу жолдарының аурулары: Олар ренит, фаринит, конъюктивит, бронхит, бронхиолит, пневмония, өкпенің абцессі-және гангренасы ретінде дамуы мүмкін. Қоздырғыштары болып: реновирустар, короновирустар, аденовирус, парамиксовирустар және т.б вирустар, пневмакокктар,инфлюэнц таяқшалары, микоплазмалар болып табылады.
5. Урогенитальді инфекциялар-пиелонефрит, уретрит, гломерунонефрит және т.б. Осы инфекцияның ең ауыр түрі уро сепсис табылады. Қоздырғыштары әртүрлі серотоптардың стрептококктары, стафилакокктар және грам (-) таяқшалар (протей, көкіріңді таяқшалар, ішек таяқшалары т.б ).
6. Жедел ішек инфекциялары: Олар тағам интаксикация, токсико инфекция немесе тағам инфекция қасиеттеріне ие болуы мүмкін. Тағам интаксикация ретінде стафилакокктар, продукцирлеуші энтеротоксиндер, тағам токсикоинфекциялар олар мына тұқымдастыққа кіреді: Enterobac, Pseudomonadaclae, Vibrionuceae, Bacillaceae және Streptoc, тағам инфекциясын- эшерихи, шегеллалар, кампильбактериялар, сальмонеллалар т.б. Әсіресе жиі байқалатын ауруханаішілік сальмонеллездар. Эпидемиология жағынан оларды 3 топқа бөлуге болады.
1) Сальмонеллездар аурухана орындарындағы тағамдардың пайда болады (құс өнімдер, жұмыртқа, сүт өнімдері).
2) Егер аурухана қызметкері немесе науқастардың арасында бактерия тасымалдаушылар кездессе онда жұғу жолы-контакты-тұрмыстық жол болып табылады. Мұндай аурулардың таралуы инфицирленген заттарға, күтуші қызметкердің қолына байланысты.
3) Ауру сұйық дәрі-дәрмектерді пероральді қолданумен байланысты. Оңдай жағдай ерте жастағы балаларға арналған ауруханаларда байқалады, мысалы сауылған төс сүтінің сальмонелламен жұқтырылуы барлық жаңа туылған нәрестелерге жұғуы мүмкін.
7. Пострансфузиоонды инфекция. Бұл ауру егу кезінде стерильденбеген шприц (инелер) қолданған кезде тууы мүмкін. Осындай жолмен ВИЧ-ң В,С,Д гепатитінің, цитомегаловирустармен, эпидермиальді стафилакокктар мен жұғу байқалады. Осындай нәтижеге алып келетін - донарлық қан құйю.
8. АІИ тобына жататын ерекше ауру түріне: тез әсер ететін антибиотиктермен ұзақ қолдануда жатады. Олар ағзадағы қалыпты микрофлора балансты бұзады. Бұл антибиотиктердің әсері тек ауру тудырушы қоздырғыштарға ғана тиіп қоймай сонымен қатар қалыпты микрофлора өкілдеріне жататындардың антибиотикке деген сезімталдылық қасиетің тежейді. Олардың орның микроорганизмдер басады, олар көп мөлшерде көбейгіш, антибиотиктерге тұрақты және дисбактериоз тудырады. Клиникалық жағдайда антибиотиктерді қолдану аурухана инфекцияның пайда болуымен таралуына бірден бір себеп болады. Алғаш жаңа антибиотиктерді нақ осы стационарда басталады, бактерия штамдарының тұрақтануы үшін қажетті жағдай, және осы бактерияның жаңа эпидемиялық клоны пайда болуына жағдай туады. Антибиоотиктерге тұрақтылық жағдайын қамтамассыз ететін және басқа да бір патогенді факторлар синтезін қадағалайтын конъюгативті және конъюгативті емес R-плазмидалар болып табылады. Осыған байланысты антибиотикке тұрақтылық және веруленттілік қасиетіне ие бактериялді клоны табылуы мүмкін. Осындай жол арқылы пайда болатын эхпидемиологиялық бактрия клоны, сонымен қатар шартты патогенді бактериялар берілген аурулар эпидемиологиясында маңызды роль атқарады.
Жиі кездесетін аурухана ішілік инфекциялардың назологиялық түрі және олардың кодты аталуы №1-кестеде келтірілген.