Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ | Қадамдарды бағалау эталоны | |
1. | Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? | Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды |
2. | Анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? | Анамнезді жинап және нақтылау үшін, барлық сұрақтар, соның ішінде тұқым қуалаушылық туралы сұрақтар қойылды |
3. | Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын, лимфа түйіндерін) | Ретті және жүйелі түрде жүргізілді. Бөртпе пальпацияланатын пурпура ретінде анықталды - типті жерлерде орналасып –балтыр,буын үстінде және жамбаста, аздаған геморрагиялық дақ ретінде айқындалады. |
4. | Тірек қимыл жүйесін зерттеу | Қарап тексеру дұрыс жүргізілді. Алақанның сыртқы бетімен жергілікті температура тексерілді. Тізе және шынтақ буындарының ауру сезімі, активті және пассивті қозғалысы дұрыс анықталды. Артрит анықталды (жергілікті гиперемия,буындарының ісінуі, ауру сезімі,қимылының шектелуі) |
5. | Тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйелерін тексеру | Өкпеде - везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, ТАЖ 18 рет 1 мин |
Жүрек нүктелерін тыңдау кезеңділігі сақталып, жүрек аускультациясы жүргізілді | ||
Ережелер сақталып АҚ өлшенді | ||
6. | Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу | Ескере отырып:
|
7. | Салыстырмалы диагностика жоспары | Жүйелі аурулар кезіндегі (ЖҚЖ, РА) екіншілік васкулитпен , эссенциальды аралас криоглобулинемия, тромбоцитопениялық пурпурамен жүргізілді. |
8. | Лабораторлы-құралдық зерттеу жоспарын тағайындау | ЖҚА, ЖЗА, коагулограмма, нәжісті жасырын қанға зерттеу, ҚБА ( жалпы белок, глюкоза, креатинин, мочевина, билирубин, АЛТ, АСТ); СРБ, фибриноген, АСЛО, криоглобулиндер, РФ, В,С вирусты гепатит маркерлері); кеуде қуыс ағзаларының және тізе буынының рентгенограммасы, ЭКГ, ҚҚА УДЗ. |
9. | ЖҚА, ЖЗА, ҚБА интерпретациялау | Тромбоциттер деңгейі қалыпты (тромбоцитопениялық пурпура жоққа шығарылады), ЭТЖ күрт жоғарлаған; ЖЗА - патологиясыз - бүйрек патологиясы жоқ ҚБА патологиясыз |
10. | Иммунологиялық және басқа көрсеткіштерді интерпретациялау | СРБ және фибриноген жоғарылауы айқын қабынуды көрсетеді. РФ, криоглобулин – теріс. –екіншілік васкулитті мен криоглобулинемия синдромын жоққа шығарады HBsАg антиденелер оң, мүмкін науқас гепатит В- ға қарсы егу қабылдаған. |
11. | ЭКГ интерпретациясы | Синусты тахикардия, Т тісшелері - V1-V3 теріс |
12. | Кеуде қуыс ағзаларының интерпретациясы | патологиясыз |
13. | Тізе буының рентгенограммасының интерпретациясы | патологиясыз |
14. | Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу | ЖРВИ - дан кейін ауырған, қызба, типті жерде орналасқан тромбоцитопениялық емес пальпацияланатын пурпура, артриттің болуы, ЖҚА – тромбоциттердің қалыпты болуы, ЖЗА-де өзгерістің болмауы, патологияның екіншілік сипатының болмауы, науқастың жасы, аурудың басталу сипаты негізінде келесі диагноз қойылады: Геморрагиялық васкулит. Тері - буындық түрі. |
15. | Емдеу тактикасын таңдау | ЭТЖ-ң жоғары және жедел фазалы көрсеткіштердің болуына қарамастан, науқаста тері - буындық форма ғана бар, ал бүйрек зақымдалуы мен айқын абдоминальды синдромы жоқ, сондықтан ГКС тағайындауға көрсеткіш жоқ. Қимыл белсенділігін шектеу, антиагреганттар, антикоагулянт, СЕҚҚП және инфекция белгілері болғанда - антибактериальды терапия тағайындалады. |
16. | Емдәмге байланысты ұсыныс | Емдәм көбіне сүтті, өсімдікті болу керек. Гипоаллергенді емдәм қажет: сығып алынған заттектер,жұмыртқа, какао, цитрус, шоколад, жидектер шектеледі. Етті сорпалар,балық сорпасы, жас жануар еті, бұршақ өнімдері болмайды. Алкоголь қарсы көрсетілген. |
17. | Базисты терапия тағайындау | · Көп мөлшерде сұйықтық қабылдау 2,0-2,5 л/тәу · Антиагреганттар (курантил — 3-5 мг/кг, трентал — 5-10 мг/кг, аспирин — 5-10 мг/кг) –3-4 апта · Антикоагулянтты терапия (гепарин 200-300 ЕД/кг/тәу) · СЕҚҚП (индометацин 100-150 мг/тәу) · Іште ауру сезімі күшейсе немесе гематурия болса преднизолон 1 мг/кг/тәу, егер оң динамика болса – дене қызуы төмендесе, бөртпе кетсе, ЭТЖ төмендесе, онда кейіннен дозасын аптасына 5 мг-нан 3-4 аптадан кейін төмендетеді |
18. | Болжам | 40% жағдайға дейін рецидив болады. 2 жыл көлемінде толық жазылуы |
Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстап және қобалжуды басу | Оптимальді қатынас орнатылды Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды. |
Қайта өңдеуші: №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының ассистент3 Кедельбаева К.М.
№1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген (28 желтоқсан 2015, хаттама №6)
Ішкі аурулар бойынша оқу бағдарламары комитетінің мәжілісінде талқыланған және бекітілген (21 қантар 2016, хаттама №5)
Бөлім меңгерушісі, профессор Беркинбаев С.Ф.