Жасанды және аралас тамақтандыру
Жасанды тамақтандырудың ережелері мен тәртібі:
1. Тәуліктік тағам көлемін анықтау үшін табиғи тамақтандырудағы әдістер қолданылады.
2. Тамақтандыру саны сирегірек болғаны дұрыс. Мысалы: табиғи тамақтанатын кейбір балаларды 1-1,5 айға дейін 7 рет тамақтандыруға болатын болса, жасанды тамақтанатын сәбилерді 6 рет тамақтандыруға тырысу керек.
3. Сәбиге берілетін сүт қоспасы оның жасына, даму ерекшеліктеріне байланысты тандалып алынады. Мүмкіншілігіне қарай ең алдымен ана сүтіне бейімделген қоспалар қолданғаны дұрыс.
4. Ана сүтіне бейімделмеген қоспалар пайдаланылса негізгі тағамды байыту мақсатымен берілетін үстеме тағам көздері (шырын, жеміс ұнтағы т.б.) табиғи тамақтандырумен салыстырғанда 2 аптадай ертерек еңгізіледі.
5. Бейімделген қоспалар қолданылса үстеме тағам кездерін қосу уақыттары табиғи тамақтандырудағыға жуық болуы керек. Бұл жағдайда сәбилерге витамин «Д», балық майы берілмейді.
6. Бейімделмеген сүт қоспасын алатын балаларға көкөніс ұнтағы, ботқа сияқты басқа тағамдар табиғи тамақтандыруға қарағанда 2-4 аптадай ертірек енгізіледі. Осыған байланысты олар сол мезгілден бастап 5 рет тамақтануға көшіріледі.
7. Тамақтандырғанда сүт құйған шыныны толық еңкейтіп, баланың ауа жұтпауы қадағалау керек. Тамақтан кейін сәбиді 2-3 минут тік ұстау керек.
8. Сүт қоспасы берілер алдында 35-400 дейін арнай жылытқышта жылытылуы қажет.
9. Жасанды тамақтандыруда тағамды артық не кем беру сияқты қатерліктер жиі кездеседі, сондықтан оған үнемі сапалық бағалау жүргізіп отыру керек (калораж).
10. Жасанды тамақтанатын балалардың тағам құрамынан және энергиядан табиғи қажеттіктері берілетін қоспаға байланысты. Егер сәби бейімделген қоспа алатын болса, олардың қажеттік мөлшерлері табиғи тамақтандырудағы мөлшерлермен шамалас. Ал сәби бейімделмеген қоспа алатын болса 1 жасқа дейінгі белок қажеттігі 4 г/кг дейін және бірінші жарты жылдықтағы энергия қажеттігі 10% өседі (табиғи тамақтандырумен салыстырғанда).
Аралас тамақтандыру
Түрлі себептермен ана сүті сәбиге жеткіліксіз болса, әрі қосымша тамақ беруге ерте болса (4,5-5 айға дейін), сәбиге жасанды сүт қоспаларын береді. Сәбиге емшек сүтімен қатар жасанды қоспаларды беруді аралас тамақтандыру деп атайды. Аралас тамақтандыру мына жағдайларда қажет: 1. ана жағынан гипогалактия, ананың созылмалы ауруы. 2. әлеуметтік – тұрмыстық жағдай, донорлық сүттің жетіспеушілігі.
Аралас тамақтандырдың тәсілі мен ережесі.
1. Тәуліктік тағам мөлшерін анықтау табағи тамақтандырудағы әдістермен бірдей.
2. Сүт қоспасын тандап алу жасанда тамақтандырудағыдай жасына, даму
ерекшеліктеріне байланысты болу керек.
3. Қосымша тамақ бала рационына бірте-бірте еңгізіледі. Ақырындап үйретіп, қажетті көлемге 3-4 күнде жеткізіледі.
4. Ең қолайлысы-балаға әр тамақтанғада әуелі емшек беріп, артынан қосымша тамақ беру.
5. Қосымша тағамның көлемі аз болса, оны қасықпен берген дұрыс.
6. Тамақтандыру саны, оның өзгеру реттері тамақтын нәтіжесіне сәйкес табиғи немесе жасанды тамақтандырудағыдай болу керек.
7. Белоктан табиғи қажеттік қосымша берілетін қоспаның түріне байланысты. Егер қосымша тамақ бейімделген қоспа болса белоктан табиғи қажеттік 3 г/кг-ға тең, ал бейімделмеген болса 3,5 г/кг.
8. Энергия (калория) қажеттігі қосымша тамақ ретінде алатын қоспаға байланысты. Егер бала бейімделмеген қоспа алатын болса, энергия қажеттігі 10% өседі. Бейімделген қоспа алатын балалардың қажеттігі табюиғи тамақтандырудағындай.
9. Майдан, көмір-су көздерінен қажеттіктер табиғи тамақтандырудағымен сәйкес.
10. Үстеме тамақ көздерін енгізу, басқа тамақ қосу уақыттары алатын қоспаға және тамақтандыру нәтіжесіне байланысты. Егер бала тамағы нәтіжесі бойынша табиғи тамаққа жақын болса, олар ондағы зандылыққа бағынады. Ал сәби бейімделмеген қоспа алатын болса немесе тағам нәтіжесі жасандыға жуық болса үстеме витамин көздерін және басқа тамақ қосу уақыттары жасанды тамақтандырудағыдацй болады.
Ең алдымен сәбидің қанша сүт емгенін анықтау керек, сосын қанша үстеме тамақ керектігін анықтайды. Үстеме тамаққа біртіндеп үйрету қажет: алғашқы күндері сәбиге қажетінен аз бере бастап, бірнеше күнде керек деңгейіне жеткізеді. Ана сүтінің мөлшеріне қарай үстеме тамақты әр емізген сайын, не бірнеше емізуден соң не емізу мен сүт қоспасын кезектіріп береді. Лактацияны сақтау үшін кем дегенде тәулігіне 3 рет емізу керек. Тағамның қажет мөлшері мен беру санын баланың салмағы мен жасына қарай анықтайды. Аралас тамақтануындағы сәбидің тәуліктік рационының калориялық коэффиценті емшекпен ғана тамақтандырған сәбилерден 5 процент жоғары болуы керек.
Аралас емшекпен тамақтандыруға негізгі себеп болып сау баланың емшекпен тамақтанатын) салмақ қосуы тоқтағаны деп саналады. Бұндай жағдайды анықтау үшін дене массасының мониторлы (апта бойы немесе жиі өлшеу кезінде) жүргізіліп анықталады. Қосымша тағамды туралы шешім мониторингтің 1 немесе 2 аптадан кейін қабылданады. Қосымша тағайындаудың басқа себебі: анасы жұмыс істеген кезде, сонымен қатар сүзілген сүтті сақтай алмау ситуациялары жатады.
Анасында сүт мөлшері жеткіліксіз және т.б. жағдайларда балалардың біршама бөлігі аралас және жасанды тамақтануға көшіріледі. Баланың тамақтануының тәуліктік көлемінің 1/3-1/2-і қоспалар құраса, ол аралас тамақтандыру деп аталады. Жасанды тамақтануда ана сүті мүлдем болмайды немесе тамақтанудың тәуліктік көлемің 1/3-нен аспайды.
Балалардың алғашқы айындағы аралас және жасанды тамақтандыру күрделілігі толық көлемде сүт қоспаларымен қамтамасыз етуді анықтайды.
Аралас тамақтандырғанда балаларға ана сүтімен қатар сүт қоспалары беріледі. Ана сүтінің жептеген көлемін толтыру үшін берілетін тағам қосымша тамақ деп аталады.
Аралас тамақтын нәтижесі балаларға берілетін тәуліктік ана-сүтімен қоспаның көлемдік қатынасына байланысты болады. Ана сүті тәуліктік тағам көлемінің 2/3-3/4-нен көп болса, ондай тамақтандыру, нәтіжесі жағынан табиғи тамақтандыруға жақын болады. Егер ана сүті тәуліктік тағамның 1/3-нен кем болса, ондай тамақтандыру, нәтіжесі жоғынан жасанды тамақтандыруға жуық болады.