Депрессивті-ипохондриялық сандырақ.

Озғыш психопатиялық синдром. Эксплозивті тип.

-Бала кезінен.

-Барлық жерде көрініс береді.

-Өзіне және өміріне жиі кедергі келтіреді.

-Социальды дезадаптация.

Емі:

Нейролептик –Тиоридазин, Неулептил.

9. 42 жастағы ер адам 20 жыл бойы алкогольді қолданып, ал соңғы жылдары алкогольдің суррогаттарын қолданған. Салынып ішкен. Тәулігіне бірнеше реттен, аз дозадан қабылдаған. Табанындағы ауру сезімі төмендеген, жүрісі өзгерген. Соңғы уақытта ұмытшақ, айналасына бағдары жоқ және уақытты шатастырады, бірнеше минут бұрын өткен нәрсе есінде жоқ. Мүлдем болмаған нәрсені «есіне түсіреді».

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Корсаков синдромы. Алкоголь әсерінен пайда болған. (Ес бұзылысы синдромы)

Фиксациялық амнезия

Парамнезия (Конфабуляция,псевдореминесценция)

Ретроантероградты амнезия

Амнестикалық дезориентировка

Емі:

Стационарға жатқызу

Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

Ноотропты заттар (Аминалон)

10.27 жастағы әйел күйеуімен болған жанжалдан кейін иығының үстінен бірнеше рет тіліп, айғайлап жылап, дәлізге жүгіріп шыққан. Көршілері жедел жәрдем шақырған. Қарап тексеру кезінде демонстративті, мәнерлі, театральді түрде басын артқа тастайды, самайын қысады, бетін қолымен жабады. «оны бағаламағаны, қатігез қарағаны» үшін барлығына күйеуін кіналайды. Суицидальді әрекетін кезекті ұрыс кезінде күйеуі ажырасуды талап еткендіктен, «мұндай қорлықты көтере алмағандығын» және «өзіне-өзі қол жұмсағысы» келгендігімен түсіндіреді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Истериялық синдром

-жүріс-тұрыс театральдігі, жасандылық

-эгоцентризм

-өзіне деген аяушылық сезімін шақыру

-қатал жағдайларға көнбеушілік

-социальды дезадаптация

-басқа адамдармен жеңіл танысады, көпшіл-экстраверсия

Емі:

Седативті препарат.

Эффект плацебо.

Психотерапия.

Нейролептик –Аминазин, жұмсақ-Неулептил.

11. 30 жастағы ер адам, слесарь. Мінезі бойынша педантті, ұқыпты, жаупкершілік сезімі жоғары. Жұмысшының техникалық қауіпсіздікке салғырт қараған себепті өндірісте төтенше жағдай нәтижесінде бақытсыз оқиға болады деген қорқыныш туындаған. Осы қорқыныш үнемі мазалайды. Тынышталу үшін жұмыс орнын, қауіпсіздік шараларын қайта-қайта тексеруге мәжбүр. Солай бола тұра, өзінің қауіптенулерінің негізсіз екенін түсінеді, бірақ осындай ойлардан арыла алмайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Обсессивті-фобиялық синдром. Жабысқақ невроз кездеседі.

-ауруға деген сындық көзқарас

-құтылуға талпыныстары

-күдікшіл,сенімсіз

-жабысқақ ойлар

Емі:

Психотерапия.

Нейролептик –Тизерцин, Терален.

12. 30 жастағы науқас, бала кезінде бас-ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, инженер болып жұмыс жасайды. Соңғы айларда көп жұмыс жасап, дұрыс ұйықтамағандықтан тітіркенгіштікке, зорығу күйіне шағым айтады. Интеллектуальді қызмет жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді, назары шашыраңқы. Жарақат алғаннан бері көлікті, ыстықты көтере алмайды. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы қиындаған

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Психоорганикалы0 синдром. Этиологиясы(жарақат,интоксикация,инфекция,ісік,қантамыр аурулары)

-критика төмендейді

-мелочность

-сомато-вегетативті бұзылыстар

-метеосезімталдық

Вальтер-Бюель триадасы:

-есте сақтау төмендеуі

-түсіну төмендеуі

-эмоцияны ұстай алмау

Тұлғаның өзгерістері:

-селқостық

-пассивтілік

-тітіркенгіш

-қажулық

Сомато-вегетативті бұзылыстар

-бас ауруы

-метеосезімталдық

Емі:

Ноотропты (Аминалон)

Витаминотерапия

13. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығару» мақсатында «ультрадыбысты» құралын пайдалады және оның «миынан» «әлемдік шығармашылығын» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатқанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олардың басыма кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сеземін. Мені «өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Психикалық автоматизм синдромы. Ойлау бұзылысы, Параноидты синдром. Кандинский-Клерамбо псих.автоматизм синдромы.

-Әсер ету сандырағы

-Психикалық автоматизм , соның ішінде идеаторлы автоматизм. Ойын басқа біреулер басқарады, басына бөтен ой салады, ойын оқып, тартып алады, мәжбүрлейді. Сенсорлы. Моторлы

Емі:

Нейролептик –Трифтазин

14.30 жастағы әйел әңгіме кезінде мәнерлі, басын театральді түрде артқа тастайды, бетін қолымен жабады. Күйеуі «оны шаршатқанын, бұлай өмір сүру мүмкін еместігін» ынтамен және көп сөздермен жеткізді. Онымен соңғы жанжалдардың бірінде иық аймағына тіліктер жасаған, сосын айғайлап жылап көршілеріне жедел жәрдем шақыруын талап етіп жүгірген. Өзінің қайғыларын айту кезінде дәрігердің реакциясын аңдиды, даусын біресе жоғарылатады, біресе төмендетеді, қолдарын сықырлатады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Истериялық синдром

-жүріс-тұрыс театральдігі, жасандылық

-эгоцентризм

-өзіне деген аяушылық сезімін шақыру

-қатал жағдайларға көнбеушілік

-социальды дезадаптация

-басқа адамдармен жеңіл танысады, көпшіл

Емі:

Седативті препарат.

Эффект плацебо.

Психотерапия.

Нейролептик –Аминазин, жұмсақ-Неулептил.

15.40 жастағы әйелде ешқандай себепсіз көңіл күйі бірден түсіп кеткен. Үйден шығуды қойған, төсегінде жата береді, өзіне қарамайды. Көңіл-күйдің тәуліктік тербелулері байқалған, әсіресе таңертең өзін нашар сезінеді. Тәбеті төмендеген, аз уақытта 7 кг арықтаған. Емнен кейін көңіл күйі толықтай қалпына келген. Бұрынғыша эмоциональді, көңілді, жанұясына қамқор. Шамамен соңғы 2-3 жылда осындай жағдайлар қайталанған. Емнен кейін психикалық жағдайы бастапқы деңгейге қайтадан келген.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Депрессиялық синдром.

-гипотимия

-ассоциация тежелуі, ойлау жылдамдығының баяулауы

-қимыл-қозғалыс шектелуі.

Емі:

Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)

16. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт болған. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Психоорганикалық синдром. (қантамырлық+интоксикация)

-ойлау бұзылысы-патологиялық байымдылық

-дисфория

-гипомнезия

Емі:

Ноотроптар (Аминалон)

Витаминдер

17. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «дұшпандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шығып оқ атқан, нәтижесінде екі өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «дұшпандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, полиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Сананың қарауытқан күңгірттенуі (сана бұзылысы)

-органикалық бұзылыс

-толық амнезия

-кенет басталып, аяқталуы

-брутальды агрессия

-себепсіз қозу немесе автоматизирленген мінез-құлық (галлюцинация болуы мүмкін)

-бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады

Емі:

Стационарға жатқызу

Сот-психиатриялық сараптама

Нейролептик –Аминазин.

18. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, алкогольмен жеңіл масаю жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейлі күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін «шайтан, робот» деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп қысқа жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді сияқты болды. Кенет ас бөлмесіне шығып, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, «сен шайтансың» деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, полицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Сананың қарауытқан күңгірттенуі (сана бұзылысы)

-органикалық бұзылыс

-толық амнезия

-кенет басталып, аяқталуы

-брутальды агрессия

-себепсіз қозу немесе автоматизирленген мінез-құлық (галлюцинация болуы мүмкін)

-бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады

Емі:

Стационарға жатқызу

Сот сараптамасы

Нейролептик –Аминазин.

19. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнінде алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды. Әйелін кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Бірақ ол тоқтамастан әйелінің бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Өзіне тағылған кінәға қатты таң қалды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).

-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.

-Толық амнезия

-Жағдайға жауап ретінде дамиды.

Емі:

Нейролептик –Аминазин ( антипсихотикалық эффект)

20. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша 2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін қолына кездойсоқ түскен мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «Ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ» дейді. Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсіннің жатқанын көріп таң қалған.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).

-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.

-Толық амнезия

-Жағдайға жауап ретінде дамиды.

Емі:

Нейролептик –Аминазин ( антипсихотикалық эффект)

21. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақтық пневмонияның қалдық белгілері бар. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, бірақ өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. «Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін» айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

-Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

-Седативті

-Нейролептик(Галоперидол)

-Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)

-Симптоматикалық

22. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: көзіне «бақалар, жыландар, тышқандар» көрінеді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Аменция (сананың қарауытқан бұзылысы)

-Сананың органикалық қарауытуы, ойлаудың байланыссыздығымен,контактқа түспеуімен, қабылдаудың үзілісті бұзылыстарымен, физикалық қажумен көрінеді.

-Қозуы тек төсек жағдайымен шектеледі

-Яктация

-Контактқа түспейді

-Толық амнезия

Емі:

-Нейролептик(Галоперидол,Аминазин)

23. 17 жасар қыз балада тұмау кезінде температурасы жоғары болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейлі, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

-Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

-Седативті

-Нейролептик(Галоперидол)

-Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)

-Симптоматикалық

24. Науқас, 36 жаста. Анамнезінде: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейлі, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі төмен, жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальді ойлар айтады. Критика жоқ.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Депрессивті-ипохондриялық сандырақ.

-гипотимия

-ойлау жылдамдығының төмендеуі

-қимыл-қозғалыстың шектелуі

-дауысы жоқ дерттің бар екендігіне сенімділік

-гипобулия

-суицидальды ойлар (депрессивті)

Емі:

Нейролептик

Антидепрессант

25. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел мазалаған. Мазасыз, үрейлі. Айналадағының барлығы «әдейі ойластырылып қойған», «қос ойын» жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханадамын, біресе тергеу изоляторындамын дейді. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал «киімдерін ауыстырып алған агенттер» дейді. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Интоксикациялық психоз. Параноидты синдром.

-орын бойынша дезориентировка

-инсценировка сандырағы-айналадағыалр оны алдайды, өздерін дәрігермен деп айтады.

Психоз-қабылдаудың қателігі, шындықты қабылдау бұзылысы.Нелепые и қауіпті әрекет, соның ішінде суицид. Критика жоқ. Симптом отрицательного и положительного двойника.

Емі.

-Дезинтоксикация

-Нейролептик.

26. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл денесіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі бар. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің түбінен оны «өлтіремін» деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». «Дауыс» шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Наши рекомендации