Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны.

Критерилері
1. Шағымдарын және анамнезін жинау Жүйелі және кезеңді орындалды
2. Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау Салыстырмалы диагностика үшін қосымша барлық сұрақтар қойылды, соның ішінде жанұялық, аллергологиялық
3. Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау Кезеңді және дұрыс орындалды. Бетінің, тобық-балтырларының ісінуі (ісіктері жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтап АҚҚ өлшеді
4. Зәр шығару жүйесін зерттеу Бүйрек пальпациясы (ауыру сезімді), ұрғылау симптомы (екі жақтан оң) жүргізілді
ЖЗА интерпретациялау Макрогематурия Протеинурия –3,5 г/л дейін Ісінулер және АГ – нефритикалық синдром
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу Ісінулерге шағымдарын, макрогематурияны, протеинурияны, үш апта бұрын мүмкін стрептококкты инфекцияны, зәрлік және ісіну синдромы пайда болғанға дейін 10-14 күн ашық аралықты, стрептококктыинфекцияға қатысты антибактериальді терапияның нәтижесізділігін; екіншілік нефритке алып келетін аурулар және бейімдеуші факторлардың болмауын ескеріп мына диагноз қойылды: Нефритикалық синдром. Мүмкін жедел стрептококктан кейінгігломерулонефрит.
7. Лабораторлы зерттеулер жоспарын тағайындау ЖҚА, ЖЗА; Зәрде белоктың тәуіліктік экскрециясы. Коагулограмма; БХҚА: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбуминдер, глобулиндер, глюкоза, жалпы холестерин, натрий, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы, ШФЖ есептеу және бүйрек қызметін анықтау. С-реактивті белок, Зәр себіндісі Жедел стрептококктан кейінгі ГН верификациясы үшін АСЛ-О – екі рет 2 апта аралықта анықтау, бета-гемолитикалық стрептококк А типін анықтау үшін ауыз-қуысынан жағынды алу
8. Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау Бүйректің УДЗ; ЭКГ; Көз түбін тексеру; Нефролог кеңесі – көрсеткіштер бойынша биопсия
9. Қан анализін интерпретациялау 1. Шамалы лейкоцитоз,таяқшаядерлі ығысу, ЭТЖ жылдамдауы; Фибриноген деңгейінің жоғарлауы; 2. б\х – қалыпты
10. Зәр анализін интерпретациялау (Зимницкий сынамасы) Тәуілікті диурез 900 мл. Бүйректің концентрациялық қызметі сақталған
11. Иммунологиялық анализдерді интерпретациялау АСЛ-О титрінің айқын жоғарлауы 1. Жедел фазалық өзгерістер 2. бета-гемолитикалық стрептококктың А типі анықталды
12. Кокрофт-Голтформуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау ШФЖ 80,5 мл/мин, бүйректің фильтрациялық қызметі төмендеген
13. Бүйректің УДЗ және ЭКГ интерпретациялау Бүйрек өлшемдері ұлғайған (паренхиманың ісінуі) Синусты ырғақ, Гис шоғырының оң аяқшасының бөгемесі
14. Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу Бактериологиялық және серологиялық дәлілденген стрептококкты инфекциямен байланысын, нефритикалық синдромының болуын, жүйелі дерттің болмауын ескеріп: жеделстрептококктан кейінгі гломерулонефрит. Бүйрек қызметі сақталған.
15. Емдеу тәсілін анықтау   Тұзды тәулігіне 2 г дейін шектейтін емдәм. Сұйықтық ішу режимі: диурез көлемі + 500мл Стрептококкты эрадикациялау Синдромнан кейінгі терапия (диуретиктер) ГКС көрсетілмеген себебі протеинурия жоғары емес фракционирленген гепарин – себебі гематурия
Этиотропты терапия Амоксициллин немесе Цефалоспориндер (мысалы - цефотоксим)- 10 күн Көтере алмаушылық болғанда – макролидтер (мысалы, джозамицин, ровамицин - 10 күн)
17. Диуретиктер және гепарин Тиазидті диуретиктер – Гипотиазид азанда, қан сарысуының электролиттерін қадағалаумен Факсипарин12 сағат аралықпен т/а
18. Асқынулар Жедел бүйректік жетіспеушілік, эклампсия және жүрек жетіспеушілігі
Науқастың келешек емдеу тәсілін анықтау Жалпы алғанда болжамы қолайлы ЖҚА, ЖЗА, сарысу креатинині – 1 рет 1 жыл бойы 2-3 айда Персистирлеуші ізді протеинуриябірнеше ай сақталуы мүмкін. АҚҚ қадағалау Тұмауға қарсы егпелерді жыл сайын жасауды ұсыну
20. Науқаспен коммуникация нәтижелігі Коммуникация нәтижелі . Науқас сеніммен дәрігерге қарайды. Дәрігердің барлық сұрағына жауап алынды.

Дайындаған:кафедра ассистенті И. Алмаскызы

Рецензент:ҒЗИКжәнеІА. Вуздан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Тундыбаева М.К.

№ 1 терапия бойынша И және Р кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді

(27 қаңтар 2015, хаттама № 7).

Ішкі аурулар бойынша КІБ мәжілісінде талқыланып және бекітілді

(29 қаңтар 2015, хаттама № 5).

Наши рекомендации