Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты
Сәулелік диагностика кабинетінің түрі (типі) | Иондағыш сәулелену әсер ететін уақыты | Рұқсат етілген доза қуаты мкр/сек | ||
А санаты | Б санаты | Ғимараттың сыртқы беті | ||
Диагностикалық | 15 сағ/апта (700 сағ/жыл) | 0,2 | 0,06 | |
Флюрографиялық | 1,5 сағ/апта (70 сағ/жыл) | 0,06 | ||
Терапиялық | 25 сағ/апта (1175 сағ/жыл) | 1,2 | 0,12 | 0,06 |
Дентальдық | 1 сағ/апта (47 сағ жыл) | 0,06 | ||
Палаталық | 1 сағ/апта (47 сағ/жыл) | 0,06 |
Рентген сәулесінен қорғануды есептеу кезінде рұқсат етілген деңгейлерге қатысты 2 тең қор коэффициентін енгізу қажет, яғни есептеу жолымен алған доза қуаты рұқсат етілген деңгейлерден 2 есе аз болуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандай, рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қорғасынның және басқа да радиациялық емес факторлардың әсерінен қорғану шаралары қолданылуы керек, сонымен қатар қажетті көлемде эпидемияға қарсы шаралар жүргізу де қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, рентген пленкалары, рентгенограммалар қақпағы (есігі) нығыз жабылатын, металдан жасалған жәшіктерде немесе шкафтарда сақталуы қажет. Сәулелік диагностика кабинетінде 2 кг аспайтын ғана рентген пленкалары мен рентгенограммаларды сақтауға рұқсат етіледі. Сәулелік диагностика кабинетінің және жабдықтардың қорғасынмен ластану деңгейі 0,09·10-4 мг/см2 аспауы керек. Қызметкердің ластануына жол берілмейді.
Сәулелік диагностика кабинеті қызметкерінің ағзасына қорғасынның түсуінің алдын алу үшін келесі шараларды жүргізу керек:
· қорғасыннан, қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды үлдір (пленка) материалдардан немесе клеенкадан жасалған қаптың ішіне салу керек;
· техникалық шартында көрсетілген пайдалану мерзімі өткен жеке басты қорғайтын заттарды пайдаланбау (қолданбау);
· қорғасыннан жасалған стационарлық қорғайтын құрылғылар мен бейімделген заттардың беттерін екі қайтара майлы немесе эмаль сырмен сырлау керек;
· қорғасын араластырған резеңкеден жасалған қолғаптың ішінен мақта-матадан жасалған жұқа қолғап кию керек;
· қорғасын араластырған резеңкеден жасалған жеке басты қорғайтын заттарды қолданып істеген жұмысты бітірген соң, сабынды немесе «Защита» деген препаратты қолданып, қолды жылы сумен мұқият жуу керек;
· сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде тамақ ішуге, темекі тартуға, косметика пайдалануға тыйым салу керек.
Сәулелік диагностика кабинетінде жұмысты бітіргеннен соң ылғалдап тазалау, еденін жуу және зерттеу кезінде пациент пен дәрігер ұстаған рентген аппаратының элементтері мен жабдықтарын мұқият дезинфекциялау керек. Айына кем дегенде 1 рет сірке қышқылының 1-2% ерітіндісін қолданып, ылғалдап тазалау жүргізілуі тиіс. Сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде рентгенологиялық зерттеу жүргізер алдында немесе зерттеуді жүргізу кезінде ылғалдап тазалауға тыйым салынады.
Сәулелік диагностика кабинеттері бөлмесінің ауасында азот тотықтарының концентрациясы 0,085 мг/м3, озонның – 0,005 мг/м3, қорғасынның – 0,0007 мг/м3 аспауы керек.
Иондаушы сәулеленулер медицинада бірқатар ауруларды емдеуде де қолданылады. Ағзаның терең немесе беткі бөліктерін қашықтан басқарып (дистанциялық) сәулемен емдеу үшін рентген - сәулесімен емдейтін, гамма-сәулесімен емдейтін қондырғылар және зарядталған бөлшектерді үдеткіштер қолданылады. Мысалы, тері зақымдануларын емдеу, рентген - сәулесімен емдейтін қондырғының көмегімен жүргізіледі, ал статикалых немесе қозғалмалы (ротациялық, не ротациялық-конвергенттік) сәулеленуге түсіру үшін гамма- сәулесімен емдейтін қондырғы қолданылады.
Қызметкер үшін мұндай қондырғылармен жұмыс істеу кезінде сыртқы сәулеленуге ұшырау қаупі болады. Сәулелену көздерінің белсенділігі қоңдырғыларда улкен мөлшерге дейін жететіндіктен, жұмыс орындарын стационарлық қорғау сапасына, жұмыс аусымы бойына қондырғылардың жұмыс істеу уақытының ұзақтығына; авария жағдайларын алдын алу жөніндегі жүйенің сенімділігіне айрықша көңіл аударылу керек.
Қондырғылардың құрылымдық ерекшелектіріне, олардың кабинеттерде орналастырылуына және пайдаланылуына жоғары талаптар қойылады. Мысалы, гамма – қоңдырғысы көмегімен терең және жақын фокусты емдеу жүргізу кезінде бөлмелердің келесі кешені қолданылады: пульт орнатылған – пациенттерді бақылайтын, ұзын фокусты емдеуге арналған процедура залы, қысқа фокусты емдеуге арналған процедура залы, желдету камерасы, күту бөлмесі, гамма-аппаратына арналған, басқару пультіне арналған бөлмелер.
Процедура бөлмелерінің өлшемдері қондырғының түріне байланысты. Статикалық сәулеленуге түсіру кезінде процедура бөлмесінің ауданы 20-дан 36 м2 дейін, ал қозғалмалы сәулеленуге түсіру кезінде ол 36-45 м2 дейін үлкейеді. Сәулеленуден қорғау тікелей де және шашырап түскен де сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерге дейін әлсізденуін қамтамасыз етуі тиіс. Процедуралық бөлме мен басқару бөлмесінің арасында қорғанудың бірнеше әдістерін бірге жиі қолданады, мысалы, лабиринт түріндегі дәлізді және қорғайтын есікті. Есік міндетті түрде ашылмайтын етіп, жабылуы тиіс, яғни, ауруды сәулеге түсіру кезінде есік автоматты түрде жабылады және оны сыртынан өз бетінше ашуға мүмкіншілік болмайды.
Рентген сәулесімен емдеу процедураларын жүргізу кезінде санитарлық талаптарға сәйкес аппаратты басқару үшін де жеке бөлме бөлінуі тиіс. Бөлмелер кешеніне, қорғалған қарайтын терезесі және басқару бөлмесі мен процедура бөлмесінің арасында қорғайтын есігі бар, процедура бөлмесі кіреді. Оның ауданы, рентген сәулесімен емдейтін қондырғының түріне байланысты 24-тен 40 м2 дейін болады. Сыртқы сәулеленудің доза қуаты кез келген нүктесінде аптасына 0,4 мЗв аспауы керек, бұл қызметкердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Көршілес бөлмелерді сәулеленуден қорғау үшін қабырғалары, едені, төбесі қорғасынмен күшейтілуі тиіс. Ғимараттың сыртқы беттерінде және ойықтарында доза қуаты 3 мкЗв/сағ. аспауы керек.
Медицинада қолданылатын үдеткіштерден шығатын сәулеленуден қорғану жоғарыда айтылған қағида бойынша жүргізіледі, бірақ бұл кезде процедура бөлмесінің ауданы 45 м2 дейін және инженерлік басқару пульті бөлмесінің ауданы 20 м2 дейін ұлғаяды. Себебі, үдеткіштерден шығатын сәулеленудің енгіштік қабілеті үлкен, қорғану лабиринт түріндегі жоспарлау жүйесімен күшейтіледі, ал ауруларды бақылау теледидар қондырғылары көмегімен жүргізеді.
Гамма-сәулесімен емдеу бөліміндегі қызметкердің сәулеленуге шалдығу деңгейі гигиеналық нормадан аспайды, жылына ол 15мЗв құрайды, ал сәулеленуге түсіретін аса қуатты қондырғылар мен сызықтық үдеткіштер толық жүктеме бойынша жұмыс істеу кезінде – жылына 3,6 мЗв аспайды.
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу жағдайына санитарлық-дозиметрлік бақылау жүргізу кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаны анықтау және қорғануды бақылау үшін, аспаптардың көмегімен өлшеулерден басқа, теориялық есептеу де жүргізілуі мүмкін.Алдын алу жөніндегі санитарлық бақылауды жүргізу кезінде есептеу әдістерінің ерекше маңызы бар.
Гигиена практикасында γ- және рентген сәулеленулері мен нейтрондардан алатын дозаларын есептеп табу және қорғануды бақылау әдістері, бәрінен де жиі қолданылады.
Есептеу әдістерінің негізіне иондаушы сәулеленудің кеңістікте таралуының кейбір заңдылықтары, олардың түрлі заттармен өзара әрекеттесуі және басқалар қойылған, ол туралы бұрын айтылған.
Өндіріс технологиясына байланысты, белсенді заттарды ашық түрінде, яғни олардың ашық көздерін пайдаланатын көптеген зертханалар, мекемелер және кәсіпорындар адам мен қоршаған ортаға потенциалды қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай нысандарды шартты түрде екі топқа бөледі.
Бірінші топқа белсенді заттарды ашық түрінде қолдану, өндірістің өз технологиясымен қарастырылған нысандар жатады.
Мысалы, ашық сәулелену көздері медицина мекемелерінде бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау үшін кеңінен қолданылады; ауылшаруашылық саласындағы зертханаларда - топыраққа берілген тыңайтқыштардың өсімдіктерге сіңу үрдістерін зерттеу үшін, өсімдіктердің қоректенуіндегі микроэлементтердің ролін анықтау және басқа да ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуде; өнеркәсіп саласындағы зертханаларда - машина жасауда әр түрлі қондырғылардың тетіктерінің ескіруін зерттеуде, шлак пайда болуы үрдісін және мартен пештерінде металл ломдарын балқыту динамикасын бағалау және т.б. қолданылады.
Екінші тобына, белсенді заттар ашық түрінде технологиялық үрдістің болмай қалмайтын өнімі ретінде, ал жеке жағдайларда керексіз жанама өнімі ретінде пайда болатын нысандар жатады. Бұлар - белсенді кен өндіретін кеніштер және оларды өңдейтін зауыттар, атом электр станциялары, экспериментальдық реакторлар, зарядталған бөлшектердің қуатты үдеткіштері, т.б.
РҚН-99-ға сәйкес барлық радионуклидтер минимальды мәнді жиынтық белсенділігіне байланысты 4 радиациялық қауіптілік тобына (А,Б,В,Г) бөлінеді:
А-1·103 Бк;
Б-1·104 Бк
В-1·106 Бк;
Г-1·108 және 1х109 Бк, сондай ақ Кr- 83m, Kr-85m және Хе-135m
Радиациялық тұрғыдан, қауіптілігі ең жоғары А тобына радий-226, калифорний-252, плутоний-240, Б-тобына -. йод-131, кобальт-60 жатады. Медицина практикасында қолданылатын радионуклитдердің ең көп саны радиациялық қауіптілігі бойынша В тобына жатады.
Радияциялық гигиенада иондаушы сәулеленудің ашық көздерін пайдалану кезінде, «жұмыс класы» деген түсінік енгізілген. Орындалатын жұмыстың класы неғұрлым жоғары болса, қызметкерді ішкі сәулеленуден қорғауға қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады. Ашық белсенді көздермен жұмыс істеу класы жұмыс орнындағы белсенді заттардың мөлшеріне, яғни, радиациялық қауіптілігі бойынша есептеу жолымен А тобына келтірілген радионуклидтің жиынтық белсенділігіне байланысты анықталады. Осы параметрлерді ескеріп, 3 класқа бөледі (12.8-кесте).
Радионуклидтердің біреуінің (монофакторлық) ағзаға стандартты түсуі жағдайларында, радионуклидтердің тыныс алу мүшелері арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауада олардың орташа жылдық көлемдік белсенділігі, 12.9 және 12.10- кестелерде келтірілген, ЖТШ және РЕКБ сандық мәнінен аспауы керек.
Кесте
Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)
Жұмыс кластары | А тобына келтірілген, жұмыс орнындағы жиынтық белсенділігі, Бк |
I класс | 108 жоғары |
II класс | 105 –нен 108- ге дейін |
III класс | 103 –нен 105 ге дейін |
Кесте. Жеке радионуклидтердің доза коэффициенттерінің, ауамен жылдық түсу шегінің және ауадағы рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігінің (РҚН-99) «Қызметкер»санатына арналған мәндері
Радио- нуклид | Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 | Ингаляция кезіндегі қосылыс-тардың түрі [1] | Доза коэффициенті Зв/Бк | Жылдық түсу шегі, ЖТШ қызметкер, Бк/жыл | Рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігі, РЕКБ қызметкер, Бк/м3 |
14С | 5,73+03 жыл | Г1 | 5,8-10 | 3,4+07 | 1,4+04 |
24Na | 15,0 жыл | Т | 2,9-10 | 6,9+07 | 2,8+04 |
60Со | 5,27 жыл | А | 9,6-0,9 | 2,1+06 | 8,3+02 |
90Sr | 29,1 жыл | Т | 2,4-08 | 8,3+05 | 3,3+02 |
131I | 8,04 тәул | Т | 7,6-09 | 2,6+06 | 1,1+03 |
137Cs | 30,0 жыл | Т | 4,8-09 | 4,2+06 | 1,7+03 |
Бұл кестелерде доза шектері, қызметкер үшін жылына 20 мЗв, ал халық үшін - 1 мЗв тең деп алынған. 12.9.- және 12.10 -кестедегі 1,6-12 түріндегі жазба 1,6 10-12 білдіреді, ал 1,6+12 түріндегі жазба - 1,6 10+12 білдіреді. Сәулеленуге ұшыраудын барлық жолдары үшін стандартты жағдайда рұқсат етілген деңгейлерінің мәні төмендегі параметрлер бойынша сипатталады:
· күнтізбелік жыл бойына ағзаға радионуклид түсетін, тыныс алуда жұтылатын ауаның көлемімен (V);
· күнтізбелік жыл бойына сәулеленуге шалдығу уақытымен (t);
· күнтізбелік жыл бойына ағзаға радионуклид түсетін ауыз судың массасымен (М);
· иондаушы сәулелену ағындарынан сыртқы сәулеленуге шалдығудың геометриясымен.
Тыныс алу мүшелері арқылы радионуклидтердің белсенді аэрозольдер түрінде ағзаға енуін нормалау мақсатында, олардың химиялық қосылыстары
Кесте
Тыныс алатын ауадағы рұқсат етілген көлемдік белсенділігінің ауа және тағаммен жылдық түсу шегінің дозалық коэффициенттерінің маңызы және «тұрғындар» категориясы үшін сумен түсетін жекелеген радионуклидтердің түсуі кезіндегі араласу деңгейі (РҚН-99)
Радио-нуклид | Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 | Ауамен түсу | Сумен және тағаммен түсу | ||||||
Күйзеліс тобы, КТ [5] | Дозалық коэффи-циент, Зв/Бк | Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл | Рұқсат етілген орта жылдық көлемдік белсенділік, РКБ, Бк/м3 | Күйзеліс тобы, КТ [5] | Дозалық коэффициент ДК, Зв/Бк | Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл | Араласу деңгейі АДсу, Бк/кг | ||
14С | 5,73+3 жыл | #5 | 2,5-9 | 4,0+5 | 5,5+1 | #2 | 1,6-9 | 6,3+5 | 2,4+2 |
24Na | 2,60 жыл | #2 | 7,3-9 | 1,4+5 | 7,2+1 | #2 | 1,5-8 | 6,7+4 | 4,3+1 |
60Со | 5,27 жыл | #5 | 1,2-8 | 8,3+4 | 1,1+1 | #2 | 2,7-8 | 3,7+4 | 4,1+1 |
90Sr | 29,1 жыл | #5 | 5,0-8 | 2,0+4 | 2,7 | #5 | 8,0-8 | 1,3+4 | 5,0 |
131I | 8,04 тәул | #2 | 7,2-8 | 1,4+4 | 7,3 | #2 | 1,8-7 | 5,6+3 | 6,3 |
137Cs | 30,0 жыл | #6 | 4,6-9 | 2,2+5 | 2,7+1 | #6 | 1,3-8 | 7,7+4 | 1,1+1 |
Ескерту: [5] КТ белгісі: #1 – 1 жасқа дейінгі жаңа туылған сәбилер; #2 –1-2 жастағы сәбилер; #3 – 2-7 жастағы балалар; #4 –7-12 жастағы балалар; #5 –12-17жастағы балалар; #6 – ересектер (17 жастан жоғары).
радионуклидтің өкпеден қанға өту жылдамдығына байланысты үш түрге бөлінеді:
«Б» түрі (баяу еритін қосылыстар): бұл туріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,0001 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
«А» түрі (аралық жылдамдықта еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,005 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
«Т» (тез еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 100 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
Радиоактивті газ түрінде тыныс мүшелері арқылы радионуклидтердің ағзаға түсуін нормалау мақсатында кейбір элементтердің қосылыстарының газдары мен буларының «Г» (Бу-Газ) түрлері бөліп көрсетілген.
Радионуклидтердің тыныс жолдары арқылы түсуін бағалау кезінде стандартты параметрлердің келесі мәндерін пайдаланады: Vқызм. = 2,4 х 103 м3/жыл; tқызм. = 1700 сағ/жыл. «Халық» санатына арналған көрсеткіштері «қызметкер» санатына арналған көрсеткіштеріне ұқсас, бірақ «халық» санаты үшін, сондай-ақ келесілер көрсетіледі (12.10-кесте ):
а) радионуклидтердің тыныс алатын ауамен түсуі жағдайында – сындарлы (критическая) жас тобы, сонымен қатар осы жас тобына және қосылыстардың түрлері үшін ЖТШхалық және дозалық коэффициенттінің мәндері;
б) тамақ және су арқылы радионуклидтердің түсу шарты үшін – сындарлы жас топтары (1 жасқа дейінгі балаларда радионуклидтердің тамақпен түсуі қарастырылмайды, себебі басым жағдайда емшек сүтімен қоректенеді), осы топтар үшін дозалық коэффицент жылдық түсу шегі (ЖТШтұрғ.) маңызды, бұнда ЖТШтұрғ. аз мөлшерде, сонымен қатар ауыз суда АДтұрғ. орташа жылдық меншікті белсенділігі бойынша орналасу деңгейінің маңызы. Тағамдық азықтарда АД келтірілмейді және халықтың ішкі және сыртқы сәулеленуге шалдығуының жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша анықталуы қажет.
Халық үшін стандартты параметрлердің келесі мәндері белгіленген:
tхал.. = 8800 сағат/жыл; Мхал.. = 730 кг/жыл үлкен адамдар үшін.
«Халық» санаты үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі жасына байланысты белгіленген (12.11- кесте).
Кесте