Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
1. Шаңның концентрациясын анықтау үшін мына формуланы қолданамыз:
-шаңның концентрациясы, мг/м3
– сынама алғаннан кейінгі фильтрдің салмағы, мг
– сынама алар алдындағы фильтрдің салмағы, мг
V – фильтр арқылы өткен ауа көлемі, дм3
V=qt q - бір минут өткен ауа көлемі
t – сынама алған уақыт ұзақтығы
v – 15 л/мин 10 мин = 150 л.
Санитарлық талап б/ша шаң құрамындағы кремний бос қостотығы 70% жоғары болса, ШРЭК – 1 мг/м3, 10 - 70% - 2 мг/м3 болу керек.
Нәтижесінде бетон өндіретін үй салу комбинатында шаңның концентр. нормадан 6,5 есе артық.
2. Шаң дегеніміз өндірістік процестер кезінде түзілетін және ауа құрамында аралас күйде ұзақ уақыт болатын қатты заттардың ұсақ бөлшек түріндегі жиынтығы. Шығу тегіне б/ты шаң: органикалық, бейорганикалық, аралас. Орг/қ шаңға: табиғи: жануартекті, өсімдіктекті (мақта, жүн, ағаш) және жасанды пластмасса, резина, смола, бояулар мен әртүрлі синтетикалық өнімдер. Бейорг/қ шаңға: минералдар (кварцты, силикатты, асбестті, цементті, фарфорлы) жәнеметаллды (мырышты, темір, мыс, қорғасын, марганец). Аралас шаң: орг/қ және бейорг/қ түрлері жатады (металлургия, химия өндірісі). Түзілуіне б/ты: аэрозольды – дезинтеграциялық және конденсациялық деп бөледі. Дезинтеграциялық аэрозоль қатты заттарды механикалық бөлшектеу, ұсақтау, бөлу (бұрғылау, сындыру, жару), механикалық өңдеу (полировка, тазалау). Конденсациялық аэрозоль қатты заттарды термиялық өңдеу процесінде (балқыту, электросварка) түзіледі. Көлеміне б/ты: көзге көрінетін 10 мкм жоғары, микроскопиялық көлемі – 0, 25 – 10 мкм, ультрамикроскопиялық көлемі 0,25 мкм кіші. Химиялық құрамына байланысты шаң организмге фиброгенді, тітіркендіргіш, токсикалық, аллергиялық әсер көрсетеді. Өкпе ауруларына шаңның минералогиялық құрамы кремний қос тотығы әсер етеді. Кремнийдің фиброгенді қасиеті оның кристалл торларының құрылымына б/ты: әсіресе екі кремний тотығын қыздыруда алынатын тридимит, кристобалиттен фиброгенді әсер ету деңгейі жоғары. Ал төменгі фиброгенді әсер көрсететін кристалды кремнезим бұзылған кристал торлы аморфты кремний диоксидінің фиброгендік әсері төмен.
3. ШРЭК күнделікті жұмыс кезінде (8 сағат бойы және аптасына 40 сағ. аспайтын) барлық жұмыс өтілі барысында денсаулығында, ұрпақтарында ауруды немесе ауытқуды болдырмайтын зиянды заттар концентрациясы. ШРЭК бір мерзімдік және орта ауысымдық нормативтер түрінде белгіленеді. Орта ауысымдық ШРЭК көбіне созылмалы уыттануды тудыратын (фиброген шаңдары, металлдардың аэрозольдері) заттарға арналып бекітіледі. Тікелей бағытталған уытты әсері бар заттарға барынша бір мерзімдік концентр/р белгіленеді. Әсері кезінде соз/ы улану да, тікелей улану да дамытуы мүмкін зат/ға бір мерзімдік және орта ауысымдық ШРЭК қатар белгіленеді. Орта ауысымдық ШРЭК – барлық уақытты қосқанда жұмыс ауысымы ұзақтығы 75% аз болмайтын ауаны үздіксіз н/е үздікті іріктеу кезінде алынған орта конц/я ж/е барлық ауысым ұзақтығы уақытындағы жұмыс істеушілердің демалу аумағында олардың тұрақты н/е ұзақ болуы орындарындағы орташа өлшенген конц/я. Бір мерзімдік ШРЭК тең концентр/дың ауысым барысында жұмыс істеушіге әсер ету ұзақтығы, көбіне фиброгенді әсері бар аэрозольге ж/е ол бір ауысымда 4 реттен артық қайталануы мүмкін – 15 мин пен 30мин аспау к/к. Шаңның ШРЭК өсуі шаңның дисперстілігіне б/т. Шаңның дисперстілігінің гигиен/қ маңызы бар, себебі шаңды бөлшектер көлеміне, салмағына ж/е формасына б/ты шаңның ауада болу ұзақтығы анықт/ды. Аэрозоль дисперстілігі шаңның сыртқы ортада тұну жылдамдығын анықтайды. Мөлшері 0,01 – 0,1 мкм бөлшектер ауада ұзақ уақыт болады. Ірі бөлшектердің мөлшері мен салмағына сәйкес болады.