ХІХ. Тақырып: Балаларда беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.
1. Мақсаты: Студенттерді балаларда беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу дағдысына үйрету
2. Үйрету әдісі:кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже:балаларда беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
Материалды таңдау:лоток, скальпель, қайшы, пинцет, қантоқтатқыш қысқыштар, инені ұстағыш, дәкелі тампондар, қысқаштар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, 1% бетадин ерітіндісі, шприц, ине, анестетик. | ||||
Дәрігер мен науқастың орналасу қалпы:дәрігер науқастың оң жағында тұрады, науқас үстелде басы бекулі күйінде жатады. | ||||
Жараның айналасында медикаментозды өңдеуді өткізу:оң қолға 1% бетадин ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және жараның айналасында жараның жиектерінен сыртқа қарай бағытпен теріні өңдейді.. | ||||
Жергілікті жансыздандыруды өткізу:оң қолға анестетигі бар шприц алады және жараның түбі деңгейіне дейінгі тереңдікте жараның жиегіне 0,5 см жетпей инені шаншуды жүргізеді. | ||||
Жараның ішінде медикаментозды өңдеуді өткізу:оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және жараның ішін өңдейді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен. | ||||
Атравматикалық инені шаншу орнын анықтау:оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты алады және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріасты-майлы клетчаткасы деңгейінде теріге инені шаншуды жасайды. | ||||
Атравматикалық инені шығару орны: оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты ұстайды және теріасты-майлы клетчаткаға иненің шығу деңгейінде жараның қарама-қарсы жағында инені шаншуды жасайды және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріге шығарады. | ||||
Түйіндерді байлау:сол қолда атравматикалық инені ұстайды және оң қолдағы инені ұстағышпен жіптің айналасында екі айналым жасайды, инені ұстағышпен жіптің ұшын ұстайды және түйін байлайды, екінші және үшінші түйінді бір айналыммен байлайды. |
ХХ. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы
1. Мақсаты: Студенттерге жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын үйрету.
2. Үйрету әдісі:кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже:жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)