Бап. АҚТҚ-ға тексеру жүргізу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан немесе осында болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АҚТҚ инфекциясы мәселелері бойынша жасырын тексерудің, ерікті, тегін құпия медициналық тексеру мен медициналық консультацияларға;
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар;
Денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының құру салуы негізінде АҚТҚ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты АҚТҚ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.
3. АҚТҚ инфекциясының болуына тексеруден немесе профилактикалық қадағалаудан жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан немесе осында болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс шығарылады.
Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілдік және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды куәландырудан өткізу қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.
4. Он сегіз жасқа дейінгі балалар мен әрекет қабілеті жоқ адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
5. Медициналық куәландыру кезінде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары оған тексеру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді.
6. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпия болып табылады және тек тікелей бұл мәліметтердің қатысы бар адамға, оның заңды өкіліне немесе денсаулық сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана берілуі мүмкін.
Тарау. Психикалық науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Бап. Психиатриялық жәрдем алудың еріктілігі
1. Психиатриялық жәрдем психиканың бұзылуының алдын алуды, азаматтардың психикалық денсаулығын тексеруді, психикалық бұзылудың диагностикасын, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды емдеу, оларға күтім көрсету мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық жәрдем адам ерікті түрде өтініш жасаған немесе оның жазбаша келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға психиатриялық жәрдем осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.
Бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу
1. Азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған медициналық психиатриялық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі. Азамат мұндай шешіммен келіспеген жағдайда ол жөнінде сотқа шағымдануына болады.
2. Кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол кемінде бес жылда бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.