Жуу құралдарының толық жуылуын анықтау
Сыналатын жуылған сауытты тазартылған сумен шаяды (сауытты сумен толық толтырады). Жуған сумен мақта тампонын сулайды, оған фенолфталеиннiң спирттi ерiтiндiсiнiң бір-екі тамшысын тамызады.
Жуу құралдарының қалдығының болуы мақта тампонын қызғылт түске бояйды.
«Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
6-қосымша
Лшеп-оралған дәрiлік заттарды тығындауға арналған қалпақшалар мен тығындарды өңдеу және стерилдеу
Алюминий қалпақшаларды дайындау және жуу
1. Инъекциялық ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшыларды тығындауға арналған алюминий қалпақшаларды жуу құралының ерiтiндiсiнде он бес минут бойы ағынды су құбыры суында (80±10)0С температурада жуады, он минут бойы (50±10)0С температурадағы ағынды сумен шаяды, содан соң он бес минут бойы тазартылған сумен (30±10)0С температурада шаяды. Таза қалпақшаларды бикстерге орналастырады және ауа стерилизаторында 50-600С температурада кептiредi. Бикстерде ашылған соң жиырма төрт сағаттан асырмай сақтайды.
Резеңке тығындарды стерилдеу алдындағы өңдеу және стерилдеу
2. Тығындарды үш минут бойы қолмен немесе кiр жуу машинасымен (50-60) Цельсий градусы 0,5% жуғыш заттардың ерiтiндiсiнде жуады (тығындар салмағы мен жуғыш заттар ерiтiндiсiнің қатынасы 1:5), әрбір кез оны таза және бір рет тазартылған сумен ауыстыра отырып құбырдың ағынды ыстық суымен бес рет жуады; отыз минут бойы 1% натрий гидрокарбонаты ерiтiндiсінде қайнатады; бір рет ағынды құбыр суымен және содан соң тазартылған сумен екі рет шаяды.
Содан соң шыны ыдыстарға орналастырады, тазартылған су құяды, сауытты тығындайды да тығындардың беттерiндегi күкiрттi, мырышты және басқа да заттарды кетiру үшiн 121 градустағы (1,1 атмосфера) бу стерилизаторында бiр сағат бойы ұстайды.
3. Бұрын қолданыста болған резеңке тығындарды тазартылған таза сумен жуады, екі рет жиырма минуттан суын қайта-қайта ауыстыра отырып қайнатады және осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес стерилдейді.
4. Өңдегеннен кейiн тығындарды 1200С температурада (қысымы 1,1 атмосфера) бу стерилизаторында қырық бес минут бойы стерилдейді. Жабық бикстердегi стерилділікті сақтау мерзiмi – үш тәулiк. Бикстерді ашқаннан кейiн олар жиырма төрт сағат бойы пайдаланылуы тиiс.
5. Мол дайындаған кезде резеңке тығындарды 2-тармақта көрсетiлгендей өңдегеннен кейін стерилдемей, 500С температурада кептiргiш шкафтарда екі сағат бойы кептiредi және жабық ыдыстарда салқын жерде бір жылдан аспайтын уақыт сақтайды. Қолданудың алдында тығындарды осы қосымшаның 4-тармағында көрсетілгендей стерилдейді.
Полиэтилен тығындарды стерилдеу алдындағы өңдеу және стерилдеу
6. Жаңа полиэтилен тығындар ыстық ағынды су құбыры суымен бірнеше рет жуылады. Тығындар қатты ластанған жағдайда жуғыш заттарды қолдана отырып оларды алдын ала жуады. Содан соң тығындарды тазартылған сумен шаяды және сутегі пероксидiнiң жаңа дайындалған 6% ерiтiндiсiне алты сағат бойы батырып қою арқылы стерилдейді, содан кейін тазартылған сумен жуып, (50-60)0С температурада ауа стерилизаторында кептiредi. Стерилденген тығындарды тығыз салынған тығындары бар банкаларда немесе бикстерде сақтау мерзiмi – үш тәулiк.
Бұрандалы пластмасса тығындарды өңдеу тәртiбi
7. Жаңа пластмасса тығындарды ағынды су құбырының ыстық суымен бiрнеше рет жуады және кептiргiш шкафта (50-60)0С температурада кептiредi. Кептiрiлген тығындарды жабық бикстерде сақтайды.
«Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
7-қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердегі дәрілік заттардың микробиологиялық қауіпсіздігін бақылау
1. Мыналар бактериологиялық бақылау объектiлерi болып табылады:
1) тазартылған су;
2) стерилдеуге дейiнгi және одан кейiнгi инъекцияға арналған ерiтiндiлер;
3) стерилдеуден кейiнгі және стерилдiк негiзде асептикалық жағдайларда дайындалған көзге арналған тамшылар;
4) инъекциялар мен көзге арналған тамшыларға арналған ерiтiндiлердi дайындауға пайдаланылатын құрғақ дәрiлiк заттар;
5) дәрiхана ыдыстары, тығындар, аралық төсеуiштер, басқа да қосалқы материалдар;
6) мүкәммал, жабдықтар, персоналдың қолдары мен санитариялық киiмдерi;
7) ауа.
2. Сынамаларды iрiктеу үшін стерилдеу режимі жүйелі түрде бақыланып отыратын бактериологиялық зертханалардың стерилденген ыдыстары қолданылады (әр партиядан екiден беске дейiнгi бiрлiкте стерилділікке тексеріледі).
3. Дәрiлiк заттарды дайындауға пайдаланылатын тазартылған су (инъекцияға арналған дәрiлiк нысандар мен көзге арналған тамшылардан басқасы) кемінде 500 мл (см3) көлемде стерилдi ыдысқа алынады.
Дәрiханада тазартылған суға арналған құбыр болғанда сынама алуды ассистент пен провизор-технологтың үстелiндегi бюреткадан жүзеге асырады. Бұл ретте бюретканың ұшын спиртке малынған мақтаны тұтатып (алаумен) алдын ала күйдiредi. Тазартылған суға арналған құбыр болмағанда, сондай-ақ қанағаттанғысыз нәтижелер алынғанда тазартылған судың сынамасын су қабылдағыштан алады.
Құбырдың санитариялық жағдайын бағалау үшiн тазартылған судың сынамасын тiкелей құбырдан (құбырдың кез келген учаскесiнен) алуға болады.
4. Инъекциялар мен көзге арналған тамшылар ерiтiндiлерін дайындауға пайдаланылатын тазартылған суды 15-20 см3 мөлшердегі стерилдi ыдысқа дистилляциялау жүзеге асырылған сыйымдылықтардан тiкелей құйып алады.
5. Инъекцияға арналған ерiтiндiлер дайындау кезiнде немесе дайындалған сәттен бастап бiр жарым сағаттан кешiктiрмей стерилдеу жүргiзілетiн ыдысымен алынады және бактериологиялық бақылау үшін зертханаға жеткiзіледi.
6. Инъекцияға арналған стерилді ерiтiндiлерді және көзге арналған тамшыларды, сондай-ақ асептикалық тәсiлмен дайындалған көзге арналған тамшыларды дәрiхана қаптамасында жеткізеді.
Дәрiханалардың сауда залындағы көзге арналған тамшыларды медициналық ұйымдар мен халыққа босатылатын тікелей дәрiхана қаптамасында жеткiзедi. Көзге арналған тамшылардың үш-төрт түрін ассистент үстелiнен де, сөреден де алған дұрыс.
7. Құрғақ дәрілік заттарды (айғақтары бойынша) алуды отыз-елу грамм мөлшерінде стерилдi қасықтар мен стерилдi ыдыстарға жүргізеді; егер зат таблеткалар түрінде болса – алуды фламбирленген пинцеттермен отыз-елу грамм мөлшерінде жүргізеді.
8. Инъекцияға арналған ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшыларды құюға дайындалған дәрiхана ыдыстарының бірдей сыйымдылықтағы үш данасы көлемінде оларды дайындау сәтiнде алады. Сауыттар зертханаға тығындалған күйiнде жеткiзіледi, бұл ретте дәрiхананың (дәрілік заттарды босатуға арналған) тығындары мен аралық төсеуiштерi қолданылады.
9. Тығындарды (қабықтан, полиэтиленнен, резеңкеден жасалған) және аралық төсеуiштердi инъекцияға арналған ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшыларды дайындау сәтiнде фламбирлеуден кейiн пинцетпен алады да кейiннен стерилдi мақта-дәке тығындармен және қағаз қалпақшалармен жаба отырып аузы кең стерилдi ыдыстарға (колбаларға, банкаларға) салады.
10. Инъекцияға арналған ерiтiндiлердi дайындау үшiн пайдаланылатын сүзгiш құйғыштарды, өлшейтін колбаларды, цилиндрлердi 10 см3 стерилдi құбыр суымен шаю арқылы бақылайды, шайған сұйықтық бар пробиркаларды зерттеу үшiн зертханаға жеткiзедi.
11. Дәрiханаларда қолданылатын тамшуырларды 10 см3 стерилдi құбыр суы бар пробиркада бiрнеше рет шаяды, шайған сұйықтығы бар пробиркаларды зерттеу үшiн зертханаға жеткiзедi.
12. Мүкәммалдан, жабдықтардан, персоналдың қолдары мен санитариялық киiмдерiнен алынған шайындыны стерилдi, бiр пайыздық пептонды судың бес миллилитрi бар пробиркаға бекiтiлген таяқша ұшындағы стерилдi мақта тампонымен алады. Тампонды қоректік ортасымен ылғалдайды, объектіден шайынды алады және сол пробиркадағы пептонды суға батырып салып қояды.
Шайындылар алу тәсiлiмен бақылауға жататын объектілердің бағдарлық тiзбесi:
1) провизор-технологтың жұмыс орны;
2) инъекцияға арналған ерiтiндiлер дайындайтын үстел;
3) көзге арналған тамшылар дайындайтын үстел;
4) провизор-технологтың құрғақ дәрiлік заттарды өлшейтiн таразылары;
5) инъекциялық ерiтiндiлер мен көзге арналған тамшылар бар ыдыстарды тығындауға арналған аралық төсеуiштер мен тығындарды сақтауға арналған ыдыстар, күбілер, бюреткалар, пластмасса пластинкалар;
6) таразылар;
7) ассистент бөлмесiндегi су краны;
8) персоналдың, оның iшiнде дәрілік нысандарды дайындау кезiндегi қолдары;
9) персоналдың қолдарына арналған орамал;
10) персоналдың санитариялық киiмдерi.
13. Ауа сынамаларын мынадай үй-жайлардан алады:
1) асептикалық блок;
2) дәрiлiк нысандары мен дәрiхана ыдыстарын стерилдеу бөлмесi;
3) ассистент бөлмесі;
4) буып-түю бөлмесі;
5) дефектарлық бөлме;
6) дәрiлiк заттарды сақтайтын үй-жай;
7) жуу бөлмесi;
8) қызмет көрсету залы.
14. Ауа сынамасын алуды мынадай шарттар сақталған кезде жүргiзедi:
1) сынамаларды алу биiктiгінің деңгейi жұмыс үстелi биiктiгiнiң деңгейiне сәйкес болғанда;
2) желдеткiштер мен есiктер жабық кезде;
3) үй-жайды ылғалды жуып-тазалағаннан кейiн кемiнде жарты сағат өткенде;
4) жұмыс iстеуге дайын таза үй-жайда немесе жұмыс аяқталған бойда. Ауа сынамаларын ауаның бактериологиялық талдауына арналған аспаптарының көмегімен (Кротов аппараты, ПОВ, ПАБ және басқалары) аспирациялық әдіспен алады. Ауаны тарту жылдамдығы минутына жиырма бес литр болуы тиiс, өткізілетін ауаның саны бактериялардың жалпы санын анықтау үшiн бір жүз литр, алтын түстес стафилакоккты анықтау үшiн екi жүз елу литр және көгеру және ашытқы грибоктарын анықтау үшiн екi жүз елу литр.
Бактериялардың жалпы санын анықтау үшiн сынамалар алуды екi пайыздық қоректік агарға, алтын түстес стафилококкты анықтау үшiн - сарыуыз-тұзды агарға, көгеру мен ашытқы грибоктарын анықтау үшiн Сабуро ортасына жүргізеді; ауа сынамасын аспирациялық әдіспен алу үшiн қоректік ортаны он екi-он бес миллилитр ыдыстарға құяды.
Ерекше жағдайларда дәрiхананың өндiрiстiк үй-жайлар ауасының сынамасын седиментациялық әдіспен алуға жол берiледi. Бұл ретте Петри ыдысын еттi пептонды агармен он минутқа, сарыуыз-тұзды агармен, Сабуро ортасымен - жиырма бес минутқа ашық күйiнде орналастырады.
15. Фармацевтикалық қызмет объектілері үй-жайлары ауасының микробтық таралуын бағалау өлшемдері:
Кесте
Үй-жайдың атауы | Жұмыс жағдайлары | Ауаның 1 м3-дегі микроорганизмдер колонияларының жалпы саны | Ауаның 1 м3-дегі алтын түстес стафилококк саны | Ауаның 1 м3-дегі көгеру және ашытқы грибоктарының саны |
Асептикалық | Жұмысқа дейiн Жұмыстан кейiн | 500-ден жоғары емес 1000-нан аспауы тиіс | Жол берілмейді | Жол берілмейді |
Ассистенттік, өлшеп-орау, дефекторлық, дәрілік заттарды сақтау үй-жайлары | Жұмысқа дейiн Жұмыстан кейін | 750-ден аспауы тиіс 1000-нан аспауы тиіс | Жол берілмейді | Жол берілмейді |
Жуу орны | Жұмыс кезінде | 1000-нан аспауы тиіс | 3-тен көп болмауы керек | 12-ге дейін |
Қызмет көрсететін зал | Жұмыс кезiнде | 1500-ден аспауы тиіс | 10-ға дейiн | 20-ға дейін |
16. Шайындыларда iшек таяқшалары тобындағы бактериялардың, алтын түстес стафилакокктардың, көкшiл iрiңдi таяқшалардың болуына жол берiлмейдi.
17. Дәрiханалардан әкелiнген барлық зерттелетiн сынамаларда көкшiл iрiңдi таяқшалардың болуына жол берiлмейдi.
18. Зерттелетiн сынама көлемiнде Протеус тектi бактериялардың болуына жол берiлмейдi.
19. Дәрiханаларда дайындалатын дәрiлiк нысандар құрамындағы патогендiк емес микроорганизмдердiң болуына рұқсат етілген шектi нормативтері:
Кесте
Р/с № | Атауы | 1 см3-дегі рұқсат етілген шекті микроорганизмдер | Ескертпе |
Стерилдеуге дейiнгі инъекцияға арналған ерiтiндiлер, дайындалғаннан кейiн 1-1,5 сағаттан кешiктiрiлмей: | |||
Глюкозалар 5%-40% | 20-30 | ||
0,9% натрий хлоридi | 20-30 | ||
0,25% және 2% новокаин | 20-30 | ||
Натрий хлоридi 5,0 | ерекше жағдайда | ||
Калий хлоридi 0,07 | 50-ге дейiн | ||
Кальций хлоридi 0,12 | |||
Новокаин 2,5 | |||
Инъекцияға арналған су - 1 л | 20-30 | ||
Рингер-Локк | 20-30 | ||
Сергозин 40% | |||
Көз тамшылары: | |||
1) Еритiн сульфацил ерiтiндiсi (натрий альбуцидi 20% және 30% | 5-7 | ||
2) 1% атропин сульфаты ерiтiндiсi | 5-7 | ||
3) 1% дикаин ерiтiндiсi | 5-7 | ||
4) Этилморфин гидрохлоридiнің (диониннiң) 1% ерiтiндiсi | |||
5) Калий йодидiнiң 2% ерiтiндiсi | 5-7 | ||
6) 0,25% синтомицин ерiтiндiсi | 5-7 | ||
7) Мырыш сульфаты 0,025 Бор қышқылының 2% ерітіндісі - 10,0 | 10-15 5-7 | ||
8) Мырыш сульфатының 0,25% ерiтiндiсi - 10,0 | 5-7 | ||
9) Пилокарпин гидрохлоридiнiң 1%, 2%, 4% ерiтiндiсi | 5-7 | ||
10) 0,25% прозерин ерiтiндiсi | 10-15 | ||
11) Рибофлавин 0,001 (0,002) Аскорбин қышқылы 0,05 (0,03) Глюкоза 0,2 Тазартылған су - 10,0 | |||
12) Рибофлавин 0,002 Калий йодидi 0,3 Аскорбин қышқылы 0,05 Тазартылған су - 10,0 | |||
3. | Тазартылған су 1) Стерилдi ерiтiндiлердi дайындау үшiн қолданылатын тазартылған су айдағаннан кейiн дереу қолданылатын тазартылған су | 10-15 | Микробтармен ластануды барынша шектейтiн жағдайда тазартылған суды алу және сақтау кезiнде |
2) Стерилдеуден кейiн асептикалық тәсiлмен көз тамшыларын және концентрацияланған ерiтiндiлердi (концентраттарды) дайындауға қолданылатын тазартылған су | 0-3 |
«Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
8-қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларындағы температура және ауа алмасу жиілігі
Кесте
Р/с № | Үй-жайлардың атауы | Ауа температурасының рұқсат етілген шектері 0С | Ауа алмасу жиілігі | Табиғи ауа алмасу кезінде сыртқа шығару жиілігі | |
Ішке сору | Сыртқа шығару | ||||
Халыққа қызмет көрсету залы | 16-25 | ||||
Жұмыс үй-жайлары немесе қызмет көрсету залындағы оқшауланған жұмыс аймақтары, бекітілген емдеу ұйымының тапсырыстар қабылдауға және ресімдеуге арналған экспедициялық үй-жайлары | 18-25 | ||||
Ассистенттік, дефекторлық, дәріхана ыдыстарын стерилдейтін, дистилляциялық, өлшеп-орау орындары | 18-25 | ||||
Аналитикалық, стерилдік, қаптамасын ашу, жуу орны | 18-25 | ||||
Асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындауға арналған үй-жайлар | 18-25 | Жол берілмейді | |||
Негізгі қорды: 1) дәрілік, таңып-байлау құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды | 18-25 | ||||
2) дәрілік өсімдік шикізатын | 18-25 | ||||
3) минералды су, медициналық және айналма көлік ыдыстары, көзілдіріктер мен оптика заттарын, қосалқы материалдарды таза ыдысты | 18-25 | - | |||
4) улы, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды | 18-25 | - | |||
Жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды | - | ||||
Дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды сақтау үй-жайлары | - | ||||
Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар | 18-25 |
«Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы
объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
9-қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын жарықтандыру нормалары, жарық көздері
Кесте
Р/с № | Үй-жайлар | Жұмыс беттерін жарықтандыру люкспен | Жарық көзі |
Қызмет көрсету залындағы келушiлерге арналған алаң | Л Ш | ||
Жұмыс үй-жайлары немесе қызмет көрсету залындағы оқшауланған жұмыс аймақтары, дәрiхана дүңгіршегі | Л Ш | ||
Ассистенттiк, асептикалық, аналитикалық, өлшеп-орау орындары | Л Ш | ||
Дистилляциялық, дәрiхана ыдыстарын стерилдеу және дәрiлік нысандарды стерилдеу, жуу орындары | Л Ш | ||
Негiзгi қорды: дәрілiк, термолабильдiк және таңып-байлау құралдарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, таза ыдыстарды сақтау үй-жайлары | Л Ш | ||
Дезинфекциялық құралдар мен қышқылдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтау үй-жайы | Л Ш | ||
Медициналық және айналма көлік ыдыстарын сақтау үй-жайы | Қ Ш |