Балалар мен жасөспірімдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Кіріспе.

Негізгі бөлім

Uuml; Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін ұйымдастыру» туралы ереже.

Uuml; Қыз балалар жеке бас гигиенасы.

Uuml; Заманауи контрацепция әдістері

Орытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Әр адам ерте жастан бастап жеке гигиенасын сақтауды білу керек. Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол әрбір адамның денсаулық салтын сақтау ережелері. Мысалы: шашына, бетіне, қолына, жыныс мүшелеріне және т.б. күтім жасау болып табылады. Өз - өзіне күтім жасау тек қана денсаулықты сақтау, ауруды алдын алу үшін ғана емес, жеке гигиена әр адамның санитарлық мәдениетін көрсетеді. Ал, санитарлық мәдениет жалпы мәдениеттің ажырамас бөлігі болып саналады.

Жасөспірімдер мен жастарға емдеу – профилактикалық, консультативтік көмек көрсету :

Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру; жасөспірімдер мен жастарға контрацепцияның қазіргі әдіс – тәсілдерімен, оларды қолданылуы және қолдануға болмайтын жағдайлармен танстыру; контрацептивті қолдану кезіндегі асқынуларға және айрықша жанама әсерлердің пайда болуы жағдайында 18 емделушілерге жүйелі қадағалау мен кеңестер беру;

• Контрацепция құралдарының есепке алу және тарату;

• Жыныстық жетілу кезеңіндегі (ЖИТС инфекциясы, жыныстық жолмен жұқтырылатын инфекция, күтілмеген жүктіліктің алдын алу, қауіпсіз сексуальдық қатынас сұрақтарының) барлық мәселелер бойынша кеңестер беру;

• Жас емделуші әйелдерге түсік түсіруден кейін аяқты оңалту кезеңін және қайта күтілмеген жүктілікке душар болудың алдын алу алу шараларын жүргізу, сондай –ақ асқынулар пайда болған жағдайда (емделуші әйелдердің тілегі бой- ынша) кеңестер беру

• Созылмалы КЖОҚА асқынуымен ауыратындарды стационарда емдеу немесе КЖОҚА өткірліктерімен емделуші әйелдерге дер кезінде көмек көрсету

• Жатыр мойын ауруларымен емделушілерді емдеу және диагостикалау; тереңдетілген (цитологиялық, вирусологиялық) тексеруге жіберу, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру.

• Жасөспірім қыздарда сүт безі потологиясына алғашқы диагностикалау және хирург – маммолог мамандарға емделу мен тексерілу үшін дер кезінде бағыттау.

• ЖЖЖИ ауыратын жасөспірімдерді белсенді анықтау мен емдеу, мерезбен және созбен ауыратындарды қалалық тері – венерологиялық диспансерге (ҚТВД) жіберу.

• Жасөспірім – балаларда және бозбалаларда тумысынан бар немесе жыныстық жолдармен алынған ауруларды диагностикалау және емдеуге бейінді мекемелер- ге жіберу.

• Жасөспірімдерге жасөспірім шақтағы жыныстық қатынастар, жалпы психологиялық денсаулық мәселелері бойынша медициналық – психологиялық кеңестер беру; жасөспірімдердегі мінез-құлық бұзылуларының барлық түрлеріне медициналық – психологиялық түзету; жасөспірімдерге және жастарға жеке және топтық психологиялық тренингтер өткізу.

• ЖДО өз еркімен немесе басқа емдеу – профилактикалық мекеме мамандарының жіберуі бойынша келген жасөспірімдерді жеке дара қабылдауды ұйымдастыру жолымен емдік – диагностикалау қызметін жүзеге асырады. Жасөспірімдерге барлық емдеу – диагностикалық шаралары ҚР заңнамасына сәйкес қатаң жүргізіледі

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы № 631 Бұйрығымен «Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін ұйымдастыру» туралы ереже қабылданған.

Жалпы ережелер

1. Осы ереже меншік нысанына қарамастан балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметінің тәртібін белгілейді.

2. Балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар балалар мен жасөпірімдердің репродуктивті жүйесінің дұрыс дамуын, диагностикалық тексеруді, емдеу мен консультациялық көмекті бақылауды жүзеге асырады.

3. Балалар мен жасөспірімдерге амбулаториялық гинекологиялық көмек балалар емханаларында, әйелдер консультацияларында (кабинеттерінде), отбасын жоспарлау орталықтарында (кабинеттерінде), жасөспірімдер кабинетінде (бөлімшелерінде), студенттік және клиникалық-диагностикалық емханаларда көрсетіледі.

4. Балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар балалар бақшасында, мектептерде, балалар емханалары мен стационарларда жыныстық мүшелер патологиясын айқындау мен емдеу бойынша емдеу-алдын алу жұмысын және гинекологиялық ауруларға күмәнданған жағдайда маман-балалар гинекологына (акушер-гинекологқа) жіберуді жүзеге асырады.

5. Балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсету үшін балалар гинекологы (немесе балалар мен жасөспірімдер гинекологиясы бойынша арнаулы дайындығы бар акушер-гинеколог) дәрігері лауазымы енгізіледі.

6. Балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған стационарлық көмек акушерлік стационарлардың, көп бағдарлы ауруханалар мен балалар стационарларының гинекологиялық бөлімшелерінде көрсетіледі.

7. Балалар гинекологының (акушер-гинекологының) жұмыс кестесі мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында алдын алу жұмысын жүргізуді, сондай-ақ амбулаториялық қабылдауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып, құрылады.

8. Балалар гинекологы (акушер-гинеколог) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес дәрігерлер білімін жетілдіру институттары мен факультеттерінде кем дегенде 5 жылда бір рет біліктілігін арттырады.

9. Балалар гинекологымен (акушер-гинекологымен) және медбикесімен (акушермен) ақпараттық-түсіндіру жұмысы медициналық ұйымдардың бекіткен жоспары бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыс үшін белгіленген күндер мен сағаттар бөлген жөн. Бұл жұмыстың негізгі нысаны: тренингтер, ойын тестілеу, жеке және топтық әңгімелесу, лекциялар, тұрақты және жылжымалы көрмелер, және витраждар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар. Жасөспірімдердегі қаламаған жүктіліктің алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Істелген жұмыстарды есепке алу "Білім беру жұмыстарын тіркеу журналында" (N 038-0/у нысаны) жүргізіледі.

10. Балалар гинекологының (акушер-гинекологының) жұмыс кестелерінде дәрігер орындайтын, "Емханада, консультацияда болуын есепке алу ведомстволарында" (N 039/у нысаны) белгіленетін, барлық тіркелетін мынадай жұмыстың түрлерін көрсету қажет: емханада немесе әйелдер консультациясындағы қабылдау, ақпараттық-түсіндіру және басқа да алдын алу жұмысы.

11. Балалар мен жасөспірімдерді қабылдау мен емдеу жүргізуде балалар мен олардың ата-аналарын тексеру және сұрау әдістеріне үйретілген, сондай-ақ бірқатар емдік ем-шаралар (спринцтеу, қынапқа балауыздар енгізу, дәрілік заттарды инстилляциялау) жүргізу дағдысы бар медбике (акушер) көмектеседі. Медбике (акушер) "Орта медицина персоналының емханаларда немесе консультацияларда болуын есепке алу ведомствосын" (N 039-1/у нысаны) жүргізеді.

12. Балалар гинекологына жіберу үшін мыналар айғақтар болып табылады:
балалар мен жасөспірімдердің ішіндегі ауырсынулар;
іштің өзгеруі;
8 жасқа дейін жыныстық қалыптасу белгілерінің пайда болуы;
13 жасқа дейінгі қайталанған жыныстық белгілерінің жоқтығы;
жыныстық жолдан бөлінулердің болуы;
етеккір орамының бұзылуы;
сыртқы жыныстық мүшелер қалыптасуының ауытқулары;
дене салмағының күрт артуы немесе жыныстық қалыптасу кезеңінде жоғалту;
құрсақ қуысы мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі: соқыршек, перитонит және т.б. кейінгі жағдай.

13. Балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жұмысында мынадай құжаттамалар пайдаланылады: "Баланың даму тарихы" (N 112/у нысаны), "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы" (N 025/у нысаны), "Диспансерлік науқастың бақылау картасы" (N 030/у нысаны), "Амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге қосымша парақ" (N 025-1/у нысаны), "Алдын алу тексерулерін есепке алу картасы" (N 131/у нысаны), "Амбулаториялық пациент талоны" (N 025-6/у нысаны), "Қорытынды (нақтыланған) диагноздарды тіркеу үшін статистикалық талон" (N 025-2/у нысаны), "Студенттердің, техникум, колледж және мектеп оқушыларының уақытша еңбекке қабілетсіздігі туралы анықтамалар кітабы" (N 095/у нысаны), "Емханада, консультацияда болуын есепке алу ведомстволары" (N 039/у нысаны).

Балалар мен жасөспірімдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

14. Балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері:
перзентханада (бөлімшеде) - жаңа туған қыз балалар: туу кезінде баланың паспорттық жынысын дұрыс анықтау, жаңа туған нәрестелердің жыныстық дамуы бұзылуының ерте диагностикасы; даму кемістіктерін айқындау; балалар емханасы, отбасы дәрігерлік амбулаториясы мен перзентхана арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру;
балалар емханасында - туған кезінен бастап 14 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздар: туған кезінен бастап 14 жасты қоса алғанда ұрпақты болу жүйесі қалыптасуының бұзылуының ерте диагностикасы және емдеу, еттеккір функциясы қалыптасуы бұзылуының алдын алу; жасөспірімдер кабинетімен, әйелдер консультациясымен (кабинетімен) сабақтастықты жүзеге асыру; жыныстық жетілу бұзылуларын түзету;
студенттік емханада (жасөспірімдер кабинетінде) - 15-18 жастағы жасөспірім қыздарды қоса алғанда: жасөспірім қыздардағы ұрпақты болу жүйесі қалыптасуының бұзылуының ерте диагностикасы, алдын алу және емдеу; жыныстық қалыптасуы кезеңіндегі ерекшеліктеріне байланысты ұрпақты болу функциясын алдағы уақытта іске асыруды болжау, контрацепцияның осы заманғы әдістерін қолданатын жасөспірім қыздарды диспансерлеу; жасанды түсік жасағаннан кейін оңалту, контрацептивтік құралдарды іріктеу; балалар емханасымен, әйелдер консультациясымен (кабинетімен) және гинекологиялық стационармен сабақтастықты, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
емдеу-алдын алу мекемелеріне балалар мен жасөспірімдер өзбетімен қаралған жағдайда консультациялық медициналық көмек көрсету болып табылады.

Наши рекомендации