Күнделікті іске асырылған жұмыстың мазмұны

п/п Игерілген шаралар , бағалану талаптары Бағасы Тәжірибе жетекшісінің қолы
Медициналық құжаттарды талтыру    
Бірінші күн Науқастың сырқатнамасын, амбулаториялық картасын сауатты алғашқы нақтамын негіздей отырып толтыр.    
Жетекші науқастардың күнделіктеріне жағдайларының жақсарғанын, тексеру нәтижелерін, тексеру нәтижелерін, емдеу жүйесінің өзгерістерін жазып отыру.    
МКБ-10 бойынша клиникалық нақтамдарды жазу.    
Ақыл кеңестері бар шығарылған эпикриздер жазу.    
Ауруханалық науқастың стат. картасын толтыру.    
Медициналық құжаттарды толтыру тәртібі бойынша анық, әрі дер кезінде сырқатнамалар толтыру.    
Анамнез жинау және науқасты тексеру.    
Аурудың басталуы мен себебін анықтау. Аурудың басталған күнінен ауруханаға жатқызылған кезіне дейінгі ағымын сұрау. Бұрын жүргізілген тексерулер мен емдер және олардың нәтижелерін анықтау. Тұқымында бар ауруларды анықтау. Зиянды әдеттер мен кәсіби зияндарды анықтау. Науқастың аллергиялық анамнезін анықтау.    
Науқастармен салмақты, ұстамды түрде, олардың өздеріне сұрақ қоюына мүмкіндік бере отырып сұқбаттасу.    
Науқастың жалпы жағдайы мен есін бағалау. Науқастың төсектегі жағдайын, дене бітімін, конституциясын, жүруін бағалау.    
Науқасты субъективті тексеріп болған соң, объективті бетті сыртқы тексеру, терісінің түсін, табиғи қатпарларының айқындығы, ісінудің, сіңбенің, ақаудың, пішінсізденудің, пигменттенудің, бетте ісінудің барлығын анықтайды.    
Аймақтық лимфа түйіндерін басып тексеру (иек асты, төменгі жақ асты, мойындық және т.б.). Беттегі ісінулерді басып тексеріп олардың көлемін, орналасуын, ауыратындығын анықтау. Беттегі ісіктерді басып тексеріп, олардың көлемін, қоршаған тіндермен жабысқанын, ауыратынын, негізінде сіңбенің барын анықталады. Жұмсақ тіндердің жарақаттары кезінде олардың көлемін, тереңдігін, жараның шеттерін, бөгде дегненің барлығы анықталады. Бет сүйектері сынған кезде, сынықтардың қозғалмалығын, жергілікті ауыру, басбалдақ, «Венсан» белгілерін анықтау.    
Ауыздың ашылу дәрежесін анықтау. Ауыздың кіреберісі мен ішін тексеру. Ауыздың, тілдің, қызыл иектің шырышты қабығының жағдайын ( пародонт қалталарын анықтау) бағалау. Сілекей бездерінің өзектерінің ауызының жағдайын, қызарған және ісінген жерлерді, ісіктер мен жараларды анықтау.    
Тіс қатарын тексеріп, тістемді, ұяшықты өсіндінің жағдайын, пломбаланған , емделген, жұлынған, тіс жегімен бұзылған тістерді анықтау. Оларды шұқып, қағып тексеріп, қозғалмалылығын анықтау.    
Екінші күн Кафедра және бөлім меңгерушісінің, профессорлардың, тексерулеріне, консилиумдарға, кеңестік тексерулерге қатысу.    
Науқасқа кеңестің мақсаты мен істелу жолдарын түсіндіреді.    
Жетекші науқастың сырқатнамасын тексеру кезінде баяндайды.    
Кеңес берушінің қосымша сұрақтарына жауап береді.    
Жетекші науқастың сырқатнамасына консилиумның шешімін түсінікті етіп жазады.    
Емдеуші дәрігермен бірге науқастың емі мен қосымша тексеру тәсілдерін реттеу.    
Кеңесшінің сұрақтарына жауап беріп, науқастың ауруының ағымы жайлы баяндайды.    
Үшінші күн Бөлімде кезекшілік ету    
Кезекшілікті қабылдау.    
Дәрігермен бірге бөлімшені тексеру.    
Бөлімшедегі науқастарға керекті көмегін көрсету.    
Кезекші дәрігермен бірге басқа бөлімшенің науқастарына кеңес беру.    
Жетекшілік күнделігін мұқият толтыру.    
Дәрігердің бақылауымен сырқатнаманы толтыру.    
Таңғы конференцияда баяндау.    
Қабылдау бөлімінде жұмыс істеу    
Түскен науқастарды тіркеуге қатысу.    
Сырқатнаманың мұқабасын толтыру.    
Қабылдау бөлімінде науқастардан анамнеза жинау.    
Қабылдау бөлімінде науқастарды тексеру.    
Алдын-ала нақтам қойып, емдеу жоспарын жасау.    
Қабылдау бөлімінде жедел нақтамалық, емдік шараларды көрсетуге қатысу.    
Науқастарды бөлімшеге функционалдық нақтама бөлімшесіне тасымалдауға қатысу.    
Науқастармен салмақты, ұстамды түрде, олардың өздеріне сұрақ қоюына мүмкіндік бере отырып сұқбаттасу.    
Төртінші күн Салауаттық өмір салтын құруға бағытталған шараларды жүргізу.    
Жетекші науқастармен үнемі деонтология талаптары мен дәрігерлік этика талаптарына сай әңгімелесу. Науқастардың сенімінен шығу үшін коммуникацияның сөйлесу, ымдау, дауыс екпіні секілді құралдарын қолдану.    
Науқастармен салмақты, ұстамды түрде, олардың өздеріне сұрақ қоюына мүмкіндік бере отырып сұқбаттасу.    
Бұқара халықтың денсаулығын жақсартып, негізгі жиі кездесетін аурулардың алдын-алу үшін негізгі қағидаларын көрсете білу.    
Санбюллетень шығару.    
Шығару эпикризін толтыру кезінде салауатты өмір сүру салттары мен алдын алу шараларының қағидаларын сақтау.    
Бесінші күн Жараны алғашқы өңдеу және таңу.    
Жараны тексеру, зақымданған аймақтың былғану дәрежесін анықтау.    
Новокаиннің 0,25% ерітіндісімен асептикалық және антисептикалық жағдайда жансыздандырып, жара өзегін тексеріп өңдеу.    
Жараны өліеттенген тіндерден тазалау.    
Зақымданған ағзалар мен жүйелерге гемостаз жасап, бүтіндігін қалыпқа келтіру.    
Жараны тігу.    
Қалыптастыру хирургиясының элементтерін қолдану.    
Жараға қашыртқы қою.    
Ашық жараларды таңу.    
Алтыншы күн Жақ сүйектерінің сынықтарын бекіту шараларында көмектесу (уақытша, тұрақты)    
Клиникалық жағдайға байланысты жақ сынықтарының бөліктерін уақытша және тұрақты бекітетін конструкция мен оны бекіту жолдары таңдалады. Науқасқа бұл кезең түсіндіріледі.    
Науқастың тіс-жақ жүйесінің ерекшелігі мен топографиясына байланысты Тигерштедттің алюминий немесе стандартты құрсаудың бір түрі таңдалып алынады. Қажет болған жағдайда аралық иіні бар немесе бағыттаушы беткейі бар құрсау дайындалады.    
Жақ сүйектерін бунақ сыммен уақытша дұрыс бекіте білу, одан соң көрсеткішіне қарай тұрақты құрсау дайындау. Жақ аралық тартпа салу.    
Емдеу уақытының ішінде науқасқа ауыз гигиенасы мен құрсаудың күтімі туралы толық мәлімет беріп, түсіндіру.    
Жетінші күн Жергілікті жансыздандырудың барлық түрін жасай білу. (инфильтрациялық және өткізгіштік).    
Науқастың жергілікті жансыздандырғышты көтере алатынын анықтап, аллергиялық сынақ жасау (эпидермис іші, тіл асты, тері іші).    
Жергілікті жансыздандыруды таңдап, оны жүргізу. Концентрациясын, жансыздандырғыш дәрінің мөлшерін, түрін білу.    
Жергілікті жансыздандыруларды жасау кезінде креслоның жанындағы дәрігер өзінің орнын, науқастың басының жағдайларын білу.    
Жансыздандыру жасау тәсілін білу.    
Сегізінші күн Тіс жұлу операциясына қатысып көмектесу.    
Тіс жұлу үшін қажетті құралды таңдай білу.    
Тіс жұлу кезінде төменгі жақты бекіте білу.    
Әр түрлі тістерді жұлу кезінде дәрігердің өзінің жағдайымен науқастың жағдайларын анықтай білу.    
Гемостаз жасай білу.    
Жұлынған тістің ұяшығына жасалатын күтімді сауатты түсіндіру.    
Тоғызыншы күн Жақ сүйектерінің периоститі кезінде периостотомияға қатысу.    
Периостотомия жасау үшін қажетті құрал-саймандарды таңдап алу.    
Қолды антисептик ерітінділерімен өңдеу. Ұртты айнамен немесе сол қолдың сұқ саусағымен тартып, ұяшықты өсіндідегі сіңбені қандауырды 45º қалам сап секіді етіп ұстап, оның төменгі қырынан ұзына бойы , қандауырдың жүзі сүйектен ажырамай тілнеді.    
Тегістегіш пен немесе москитпен қажет болса жараның шеттері кеңейтіледі.    
Жараға жасалатын күтімді түсіндіре білу.    
Оныншы күн Альвеолиттің емдеуіне қатысып, көмектесу.    
Мұқият кырнау үшін қажетті құрал-саймандар жиынтығын алу.    
Жұсақ тіндерді шпателмен ығыстыру (ұртты, тілді)    
Жараны антисептикалық өңдей алу.    
Жараға жасалатын күтімді түсіндіре білу.    
Он бірінші күн Абсцесстер мен флегмоналарды ашуға қатысып, көмектесу.    
Қажетті жансыздандыруды таңдай білу.    
Жақ-бет аймағының анатомо-топографиялық ерекшеліктерін ескере отырып абсцесс пен флегмоналарды аша білу.    
Қашыртқы қою тәсілі мен онық түрлерін білу.    
  Жараны таңа білу.    
Он екінші күн Бактериалогиялық себуге материалды алу. Материалды цитологияға алу.    
Жарадан материалды бактериалық себу үшін алу.    
Материалды цитологияға алу.    

Наши рекомендации