Д) Іш қуысының шолу суреті
E) ЭРХПГ
176. Ер адам 48 жаста терапиялық бөлімге мынадай шағымдармен түсті: эпигастрий аймағындағы сыздаған ауру сезіміне, сол жақ қабырға астына иррадациялайды, жүрек айну мен жеңілдік әкелмейтін көп реттік құсуға, айқын май тәрізді нәжіске. Анамнезінен: жоғарыдағы симптомдар бұрында да болған, олар майлы тағам және шарап қабылдаумен байланысты болған. Объективті: тамақтануы төмен, сол жақтан «френикус-симптомы», Мейо-Робсон, Кач, «бұрылу» симптомдары оң. Диагнозды қойыңыз:
А) +Созылмалы панкреатит сыртқы секреторлы жеткіліксіздікпен, өршу сатысында
В) 12-елі ішектің ойық жара ауруы, өршу сатысы
С) Асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жара ауруы
Д) Аортаның құрсақтық бөлімінің аневризмасы
Е) Созылмалы жаралы емес колит
177. Ер адам 32 жаста шағымданады: қышқыл тамақ пен арақтан кейін эпигастрий аймағының ауру сезіміне, әсіресе тамақтан кейін 30 минуттан соң, қатты қыжылға, антацидті препараттарды қабылдағаннан азаятын. 2 жыл бойы ауырады, емделмеген. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, терең пальпацияда эпигастрий аймағының жайылған ауру сезімі байқалады.
ЭФГДС: Асқазанның антральды бөлікте шырышты бөлігі гиперемияланған және ісінген. Ш Асқазан шырышында – хеликобактер пилори. Сіздің болжама диагнозыңыз?
А) А типті созылмалы гастрит
В) +В типті созылмалы антральды гастрит
С) Созылмалы панкреатит, ауру формасы
Д) Созылмалы дуоденит өршіу сатысы
Е) Созылмалы эзофагит өршу сатысы
178. Ер адам 29 жаста шағымданады: эпигастрий аймағындағы аш ауру сезіміне, жүрек айнуға, қыжылға, кекіруге, іш қатуға бейімділікке. Анамнезінен: көп жыл бойы 12-елі ішектің ойық жарасы бойынша бақыланады. Соңғы өршуі 1 ай көлемінде болған. Объективті: тамақтануы төмен, Мендель симптомы оң. Қай зерттеу әдісі ең мәліметті болады?
А) +ЭФГДС
В) Жалпы қан анализі
С) Дуоденальды зондтау
Д) Қанның биохимиялық зерттеуі
Е) Ирригоскопия.
179. Әйел адам 21 жаста шағымданады: периодты жүрек қағуына, толық емес дем алуына, іштегі бүріп толғақты ауру сезіміне, ол шырыш аралас сұйық нәжіспен өтеді. Ұстамалар психоэмоционалды жүктемемен байланысты. Объективті: спазмдалған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Ректороманоскопия: патология жоқ. Сіздің болжама диагнозыңыз?
А) Крон ауруы
В) Созылмалы энтероколит
С) +Ішектің тітіркену синдромы
Д) Тамақтану токсикоинфекциясы
Е) Бейспецификалық жаралы колит
Ер адам 48 жаста созылмалы гепатит айқын активтілігі диагностирленген. Зерттеу жасағанда анықталған: АСТ 2 ммоль/л, АЛТ 6,1 ммоль/л, билирубин байлананысқан 7,1 ммоль/л, альбумин 43%, холестерин 3,0 ммоль/л. Осы жағдайда қандай синдром байқалады?
A) Мезенхимальды-қабынулық
B) Цитолитикалық+
C) Гиперспленизм
D) Геморрагиялық
E) Холестатикалық.
Ер адам 56 жаста ер адам созылмалы холестатикалық гепатитпен ауырады. Зерттеу жасағанда анықталған: билирубин 25 ммоль/л, байланысқан 10 ммоль/л, холестерин 7,0 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 3,4 мкмоль/л. Осы жағдайда қандай синдром байқалады?
A) Геморрагиялық
B) Мезенхимальды-қабыулық
C) +Холестатикалық
D) Цитолитикалық
E) Гиперспленизма
Йел адам 36 жаста оң қабырға астында ауырлық сезіміне, әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүрек айнуына, тамақ ішкен соң асқазанда толу сезіміне шағымданады. Екі жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған. Обьективті: жағдайы қанағатанарлық, бауыры 1 см үлкейген, көк бауыры үлкеймеген. Анализінде: АЛТ 2 ммоль/л жоғарылаған, АСТ 4,2 ммоль/л, жалпы билирубин - 30, тура - 6,5, тура емес - 24,5 мкмоль/л, тимол сынамасы - 6,8 ед.
Осы жағдайда қандай препарат қолдану қөрсетілмеген:
А) +Азатиоприн, преднизолон
В) Цитостатикалық препараттар
С) Эссенциале
D) Карсил
Е) Креон
183. Ер адам 43 жаста оң қабырға астында ауыру сезііне, әлсіздікке, жүрек айнуына, арықтау, мұрнынан қан кетуге шағымданады. 2 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған. Об-ті: жағдайы ауыр, қызуы 38,7С, лимфаденопатия, терісі мен көзінің тор қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар, қасынған іздері, терісінде көгерулер, гинекомастия, бауыры қабырға доғасынан 7 см үлкейген. ЖҚА: Нв – 80 г/л, ЭТЖ - 56мм/сағ, билирубин – 95 мкмоль/л (тура - 30, тура емес - 65), трансферазалар 7 есе жоғарылаған, тимол сынамасы 11 бірлік. Сіздің диагнозыңыз:
A) +бауыр циррозы