Гастроэнтерология» бойынша 3 страница
* Алкоголді көп ішу
* Вирусты гепатит В
* Вирусты гепатит С
* Қантты диабет
* Семіру
! Әйел адам 56 жаста ИМТ – 36, УДЗ зерттеуде бауыр стеатозы белгілері. Биохимия: глюкоза – 7,3 ммоль/л, АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 15,25 мкмоль/л, тура – 5,95 мкмоль/л, тура емес – 9,3 мкмоль/л, ГГТП – 42 ед/л, ЩФ – 65,5 ед/л, амилаза – 90 ед/л., холестерин – 5,8 ммоль/л, ЛПНП – 2,8 ммоль/л, ЛПВП – 0,7 ммоль/л. 2013 жылғы талаптарға сай гипогликемиялық және статиндік препараттарға қосымша ретінде қандай препарат тағайындаған жөн?
* Урсодезоксихолі қышқылы
* Омега-3 майлы қышқылдар
* L-орнитин-L-аспартат
* Силимарин
* Фумарин
! Әйел адам 25 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына вирусты гепатитке күдікпен түсті, соңынан маркерлік диагностикамен теріске шығарылды. Өзін адекватсыз ұстайды, тремор. Биохимия: АЛТ – 2,2 ммоль/л. УДЗ: бауыр паренхимасының тығыздалуы. Анамнезінде 6 ай оральды контрацептивтер қабылдайды. Көзді зерттегенде келесі сурет анықталды (фото). Қандай зерттеу диагнозды нақтылауға көмектеседі?
* Анти-LKM-1 деңгейін анықтау
* Церулоплазмин деңгейін анықтау
* а1-антитрипсина деңгейін анықтау
* Сарысу темірі деңгейін анықтау
* Анти-митохондриальды антидене (АМА) деңгейін анықтау
! Төменде келтірілген иммунологиялық зерттеулердің қайсысы оң нәтижесінде пациентте аутоиммунды гепатитке күмәндануға негіз бола алады?
* Антинуклеалы антидене (АНА)
* Микросомальды бауыр-бүйрек (LKM-1)
* Антицитруллирленген антиденелер (АЦЦП)
* Антимитохондриальды антиденелер (АМА)
* Антинейтрофильды цитоплазматикалық антиденелер (АНЦА)
! Әйел адам 47 жаста 2 жыл бойы терісінің қышуы, шаршағыштық, сарғаюға шағымданады. Қарап тексеруде: терісі құрғақ, тығыз, гиперпигментация ошақтарымен, ксантелазмалар. Билирубин – 158 мкмоль/л. Пациентте де, әпкесінде де жоғары титрде антимитохондриальды антиденелер анықталды. Вирусты және токсикалық гепатиттер жоққа шығарылды. Берілген патологияны емдеуде қандай препарат базисті болып табылады?
* Урсодезоксихольды қышқылы
* Хенооксихольды қышқылы
* L-орнитин-L-аспартат
* Силимарин
* Эссенциале
! Жүкті әйел 30 апта, аздаған әлсіздікке, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. ЖҚА: Эр. 4,2х1012/л, Гем – 118 г/л, Л- 8,3х109/л, ЭТЖ – 50 мм/ч. Биохимия: АЛТ – 14 МЕ/л, АСТ – 12 МЕ/л, Билирубин – 15,5 мкмоль/л, тура – 7,5 мкмоль/л, ЩФ – 320 ед/л (қ.ж. <240 ед/л), ГГТП – 28 ед/л (қ.ж.<32 ед/л), альфафетопротеин – 140 ед/мл (қ.ж. 0-10). Биохимиялық көрсеткіштердің қандай нәтижесі ең дұрыс?
* Жүктілердің бауырдың майлы дистрофиясы
* Өт- тас ауруы – УДЗ жүргізу қажет
* Вирусты гепатит, ИФА маркерлерді тексеру керек
* Жүктіліктің үшінші үшайлығы үшін қалыпты көрсеткіштер
* Жүктілер холестазы, урсодезоксихольды қышықылын тағайындау керек
! Жүкті әйел 28-29 апта, соңғы 4 апта бойына ісінулер көбеюде, АҚ – 150-160/90-95 мм сын.бағ. ЖҚА: Эр. 4,0х1012/л, Гем – 98 г/л, Л- 9,3х109/л, Тромбоциттер – 74х109/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Биохимия: АЛТ – 124 МЕ/л, АСТ – 112 МЕ/л, Билирубин – 25,5 мкмоль/л, тура – 7,5 мкмоль/л, ЩФ – 340 ед/л (қ.ж. <240 ед/л), ГГТП – 30 ед/л (қ.ж.<32 ед/л), зәр қышқылы – 243 мкмоль/л, креатинин – 89 мкмоль/л, альфафетопротеин – 132 ед/мл (қ.ж. 0-10). Тәуліктік протеинурия – 1,8 г/л. Қандай диагноз ең мүмкін?
* HELLP-синдром
* Преэклампсия
* Созылмалы вирусты гепатит
* Жүкті әйелде жедел вирусты гепатит Е
* Жүктілердің жедел бауырдың майлы дистрофиясы
! Жүкті әйел 26-27 апта, екінші жүктілік, бірінші жүктіліктің үшінші үшайлығында тері қышуы мазалады. Қазіргі жүктілігінде тері қышуы 22 аптадан басталды. ЖҚА: Эр. 4,3х1012/л, Гем – 121г/л, Л- 7,3х109/л, Тромбоциттер – 179х109/л, ЭТЖ – 42 мм/ч. ПТИ – 96%, Биохимия: АЛТ – 74 МЕ/л, АСТ – 58 МЕ/л, Билирубин – 30,5 мкмоль/л, тура – 9,5 мкмоль/л, ЩФ – 1740 ед/л (қ.ж. <240 ед/л), ГГТП – 35 ед/л (қ.ж.<32 ед/л), зәр қышқылы – 262 мкмоль/л, креатинин – 67 мкмоль/л, альфафетопротеин – 122 ед/мл (қ.ж. 0-10). Қандай ем тактикасы дұрыс?
* Силимарин ұзақ және лоратадин
* Адеметионин (гептрал) тамыр ішіне
* Урсодезоксихоль қышқылы және витамин К
* Хенодезоксихоль қышқылы және викасол
* L-орнитин-L-аспартат және холестирамин
! Казахстанда бауыр циррозының дамуының жиі себебі?
* Гепатотоксикалық заттардың әсері
* Бауырдың аутоиммунды аурулары
* Тұқымқуалаушылық ферментопатиялар
* Алкоголь қолдану
* HBV және HCV вирустары
! 35 жастағы ер адамда шағымдары: жалпы әлсіздік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астындағы және эпигастральді аймақтағы ауырлық сезімі, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, тері қабатының, склерасының сарғаюы, терінің қышуы, зәрінің қараюы, қызыл иектің әлсіз қанауы. Зәрі қарайған. Іш қату бар. АЛТ – 18,9 мкмоль/л, жалпы билирубин – 171,6 ммоль/л, тура – 121 ммоль/л, тура емес – 50,6 ммоль/л, альбумин – 36 г/л. Протромбин индексі – 57%. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗде: Бауырдың эхотығыздығы жоғарлаған. Оң бөлігі 133 мм; сол бөлігі 97 мм. V. Portae диаметрі 12 мм. Көкбауыр 65 см2. Мүмкін болатын диагноз?
* Бауырдың алкогольды ауруы
* Созылмалы вирусты гепатит
* Компенсирленген бауыр циррозы
* Декомпенсирленген бауыр циррозы
* Субкомпенсирленген бауыр циррозы
! Науқас Б. 23 жаста, тез шаршағыштыққа, тәбетінің нашарлауына, әлсіздікке, іштегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарлауына, қалтырауға, жүрек айну, құсуға, мұрыннан қан кетуге, бас ауыруына, кеудесіндегі және буындарындағы ауыру сезіміне, іш қатуға, менструациясының болмауына шағымданады. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. ЖҚА: Эритроциттер – 3,2 х 1012/л, гемоглобин – 85 г/л. ТК - 0,81. Тромбоциттер – 143 х 10\9/л. Лейкоциттер – 6,5 х 109/л. лимфоциттер – 61%, моноциттер –4%, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Аурудың этиологиясын анықтау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?
* ИФА В және С гепатиттерінің маркерлерына
* Церулоплазмин деңгейі
* Ревматоидты фактор
* Пролактин деңгейі
* Т3 және Т4 деңгейі
! Егер 25 жастағы науқаста шағымдары болмаса, тексергенде келесі белгілер анықталса: Құрсақ қуысының УДЗде: бауырдың оң бөлігінің алдыңғы-артқы өлшемі 13,8 см, сол бөлігі – 7 см, паренхимасы біртекті, эхотығыздығы жоғарылаған. Қақпа венасы 1,2 см. Өт қапшығы S-пішінді 7,3 х 2,1 см, қабырғасының қалыңдығы – 0,5 см, түтігі гомогенді. Ұйқы безі біртекті, контуры тегіс: басы 22 мм, денесі 18 мм, құйрығы – 16 мм. Көкбауыр 45 см2. РФ – 240 МЕ/мл. АНА – оң болса бірінші кезекте қандай патология туралы ойлауға болады?
* Созылмалы вирусты гепатит
* Жүйелі қызыл жегі
* Созылмалы холецистит
* Созылмалы панкреатит
* Бауыр циррозы
! 32 жастағы әйелдің шағымдары: шаршағыштық, әлсіздік, есте сақтаудың төмендеуі, буындардағы ауыру сезімі. Объективті: тәбеті төмендеген, терісі құрғақ, телеангиоэктазиялар, «пальмарлы эритема». Бауыр қабырға доғасынан шықпайды, тығыз, көкбауыр пальпацияланбайды. АЛТ- 22 МЕ/мл, АСТ – 18 МЕ/мл, билирубин 43 мкмоль/л, ПТИ – 85%, жалпы белок – 67 г/л, альбумин – 42 г/л. Бауыр эластографиясы – 14 кПа.
Мүмкін болатын диагноз?
* Бауырдың алкогольды ауруы
* Созылмалы вирусты гепатит
* Компенсирленген бауыр циррозы
* Декомпенсирленген бауыр циррозы
* Субкомпенсирленген бауыр циррозы
! 16 жастағы бозбалада шағымдары әлсіздік, ұйқысының бұзылуы, есте сақтаудың төмендеуі, соңғы кездерде жазуы өзгерген, мұрыннан қан кету, көгерулер. Терісі құрғақ, гипо- және гиперпигментация ошақтары, тырнағы ағарған, бетінде және кеудесінде телеангиоэктазиялар. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, тығыз. Көкбауыры – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос сұйықтық байқалады. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ – 45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 32 г/л. Бауыр эластографиясы – 20 кПа. Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Аутоиммунды гепатит
* Біріншілік билиарлы цирроз
* Компенсирленген бауыр циррозы
* Декомпенсирленген бауыр циррозы
* Субкомпенсирленген бауыр циррозы
! Бауыр эластографиясында фиброзды деңгеймен F4 (15 кПа) науқаста өңештің кеңейген веналарынан қан кету қаупін бағалау керек.
Қан кету қаупін бағалауда төмендегі әдістердің қайсысы қауіпсіз және ақпаратты?
* Бауыр УДЗсы және қақпа венасының диаметрін анықтау
* Кіндік венасын тікелей катетеризациялау
* Порто-кавальды градиенттің доплерлі сонографиясы
* Бауыр беткейінің лапароскопиясы
* Орталық венозды қысымды өлшеу
! Науқас 55 жаста, жүрек айнуға, қыжылға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, әлсіздікке, бас ауыруына, аптасына 1-2 рет болатын геморроидальды қан ағуға шағымданады. Объективті: тәбеті жоғарылаған, іші кепкен, құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары кеңейген. Бауыр УДЗде: оң бөлігі– 15 см, сол бөлігі – 9 см, эхотығыздығы жоғарылаған, v.portae диаметрі – 14 мм. Эластография – 18 кПа. Науқаста порталды жүйенің қандай қысым градиенті болуы мүмкін?
* 2-4 мм с.б.б.
* 5-7 мм с.б.б.
* 8-10 мм с.б.б
* 11-12 мм с.б.б
* 12 мм с.б.б жоғары
! Билирубин деңгейі – 44 мкмоль/л, альбумин – 28 г/л, ПТИ – 67%, асциті, гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасау ұйғарылды.
Бауыр биопсиясы кезінде қандай асқыну дамуы мүмкін?
* Өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кету
* Паренхиматозды бауырлық қан кету
* Спонтанды бактериальды перитонит
* Жедел бауырлық энцефалопатия
* Гепато-ренальды синдром
! Айқын асциті және гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасауға бола ма, АЛТ – 56 МЕ\мл, АСТ – 46 МЕ\мл, Билирубин – 59 мкмоль/л, ПТИ – 85%, альбумин – 34 г/л. ЖҚА: Л- 8,8 х109/л, т\я – 8%, с\я – 56%, Лф-30%, ЭТЖ – 22 мм/сағ?
* Жоқ, қан кету қаупі жоғары
* Жоқ, гепатит даму қаупі жоғары
* Жоқ, асциттің айқындылығы
* Жоқ, бактериальды перитонит дамуы мүмкін
* Иа, белоксинтездеу қызметі аздап бұзылған
! 32 жастағы науқаста ПЦР нәтижесінде HCV: 1в генотип, 106 копий/мл. Бауыр биопсиясында портальды тракттың септа түзілуінсіз фиброзды кеңейуі анықталды. Қандай емдеу тактикасы тиімді?
* Гепатопротекторлар, емдәм
* Ламивудинмен терапия 100 мг/тәулігіне
* Қысқа әсерлі α-интерферонмен терапия 6 ай
* Пегилирленген интерферонмен және рибавиринмен терапия 6 ай
* Пегилир ленген интерферонмен және рибавиринмен терапия 12 ай
! Науқаста бауыр биопсиясы кезінде айқын портопортальды және портоцентральды септалармен портальды жолдың фиброзды кеңейуі анықталды. Бұл гистологиялық сурет Metavir шкаласы бойынша бауыр фиброзының қай сатысына сәйкес келеді?
* 0
* 1
* 2
* 3
* 4
! Пациент 62 жаста, шағымдары: әлсіздік, артралгиялар, мұрыннан қан кету. Гепатоспленомегалия, айқын емес асцит, Өңеш веналарының варикозды кеңейуі 1 дәрежесі. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 49 мкмоль/л, ПТИ – 75%, альбумин – 34 г/л. ЖҚА: Л- 3,8 х109/л, т\я – 2%, с\я – 56%, Лф-42%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Эластография – F4 (14 кПА). ИФА – HbsAg +++, HBeAg теріс, a-HBe-+++, a-HBcor ++. ПЦР HBV – 106 копий/ мл. Науқас интерферон препараттарымен вирусқа қарсы терапияны бастамақ. В гепатитінің емінің соңғы ұсыныстарына қарап науқасқа емді бастауға бола ма?
* Иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету
* Жоқ, науқастың жасы 60 жастан асқан
* Жоқ, науқаста бауыр циррозы бар
* Жоқ, науқаста трансаминазалар жоғары
* Жоқ, науқаста HBV-вируты инфекция
! Науқас 45 жаста, шағымдары әлсіздік, артралгиялар, бөртпелер (пальпацияланатын пурпуралар), мұрыннан қан кету. Объективті: гепатоспленомегалия, асцит (УДЗда көрінеді), өңеш веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 24 мкмоль/л, ПТИ – 67%, альбумин – 29 г/л. ЖҚА: Л- 3,2 х109/л, т\я – 2%, с\я – 46%, Лф-50%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Эластография – F4 (13 кПА). ИФА – HВsAg теріс, anti-HCV айқын оң, ПЦР HСV – 104 копий/мл, генотип 3. РФ – 540 МЕ/мл. Науқасқа пегилирленген интерферонмен және рибавиринмен стандарты вирусқа қарсы терапия көрсетілген бе?
* Иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету
* Жоқ, науқаста субкомпенсирленген бауыр циррозы
* Жоқ, науқаста аутоиммунды патология
* Жоқ, науқаста трансаминазалар жоғарыламаған
* Жоқ, науқаста вируспен күштеме төмен
! Вирусты гепатита В+С-мен ауырған бауыр циррозы бар 16 жастағы науқаста бауыры 5 см, көкбауыры – 6 см ұлғайған, асцит, өңеш веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі, АЛТ – 22 МЕ/мл, билирубин – 134 мкмоль/л, альбумин – 27 г/л, ПТИ – 55%. Варикозды кеңейген өңеш веналарынан 3 рет қан кеткен. Алдағы 5 жылға науқас өмірін 80% жоғарлату үшін қандай емдеу тактикасын қолданған дұрыс?
* Бауыр трансплантациясы
* Порто-кавальды шунт салу
* Нуклеозид аналогтарын өмір бойына тағайындау
* Гепатопротекторлармен унемі курс жүргізу
* Пегилирленген интерферонмен ем жүргізу
! Бауырдың компьютерлік томографиясында: бауыр деформацияланған, оң бөлігі - 15 см, лсол бөлігі – 5 см, контуры тегіс емес, кедір-бұдырлы. Қақпа венасы – 2,0 см, көкбауырлық вена - 1,3 см. Көкбауыр ауданы - 57 см2 өзгерістері бар 35 жастағы ер адамның ФЭГДСнде не анықталуы мүмкін ?
* 12-елі ішек ампуласының жарасы
* Асқазан шырышты қабатының мозаикалы гиперемиясы
* Өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуі
* Асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасынан қан кету
* Асқазан шырышты қабатының привратник аймағынан таралған гиперемиясы
! Науқас 47 жаста, соңғы 1 айда бірден 10 кг арықтап кетті, бозарған, терісінде пальмарлы эритема, тамырлық жұлдызшалар, іште венозды тор кеңейген, гепатомегалия, субфебрилитет. Бауырдың КТ да келесі көрініс (фото).
Қандай патология болуы мүмкін?
* Бауыр циррозы, портальды гипертензия
* Холецеллюларлы карцинома
* Гепатоцеллюлярлы карцинома
* Бауыр паренхимасындағы метастаздар
* Бауыр эхинококкозы
! 56 жастағы ер адамда гепатоспленомегалия, АЛТ – 32 МЕ/мл, Билирубин – 34 мкмоль/л, асцит жоқ, УДЗда v.portae диаметрі 1,6 см, ПТИ – 56%. ФЭГДСте өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі анықталды, «қызыл дақтар» симптомы. Варикозды кеңейген веналардан қан кетудің алдын алу үшін қандай емдеу жолын қолданған дұрыс?
* Қан кету қаупі төмен, арнайы шараларды қажет етпейді
* Қан кету қаупі әлсіз, бета-блокаторлар пероралді
* Қан кету қаупі төмен, протонды помпа ингибиторлары
* Қан кету қаупі төмен, изосорбит мононитрат
* Қан кету қаупі жоғары, порто-кавальды шунттау
! Әйел адам 38 жаста вирусты гепатит В+Д соңында дамыған бауыр циррозы, порталды гипертензия, геморрой. 2 апта бұрын қан аралас құсу болғаннан кейін хирургтар баллонды тампонада жасаған. Латентті бауыр энцефалопатиясы. ФЭГДС кезінде айқындалған көрініс: өңеш веналарының төменгі үштен бір бөлігінің және асқазан түбінің варикозды кеңейіу, асқазанның түбі мен денесінде қызыл, мазайка тәрізді, біріккен қызыл дақтар. Варикозды кеңейген веналардан қан ағудың профилактикасы ретінде қандай емдік тактика таңдаған жөн, егер науқас бауырын ауыстыруға кезекте тұрса?
* Қан кету қауіпі төмен, өңеш веналарын лигилирлеу
* Қан кету қауіпі жоғары, пероральді бета-блокаторлар
* Қан кету қауіпі жоғары, протон помпаларының ингибиторы
* Қан кету қауіпі жоғары, анаприлин және изосорбит мононитрат
* Қан кету қауіпі жоғары, порто-кавальді шунттау
! Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ – 100/70 мм с б.б. Гемоглобин – 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?
* Блэкмор зондын орнату
* Көк тамыр ішіне аминокапрон қышқылын енгізу
* Инфузияны жаңа мұздатылған плазмадан бастау
* ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид
* Нитроглицерин және вазопрессин және соматостатин енгізу
! Ер адам 67 жас 2 жыл көлемінде «Бауыр циррозы вирусты В+Д» диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған.Іш қату. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Науқаста қандай мүмкін болатын асқыну дамуы мүмкін?
* Портальді криз
* Гепато-ренальді синдром
* Асцит, перитонитпен асқынған
* Асқазан – ішектік қан ағу
* Жедел бауырлық энцефалопатия
! Бауыр циррозымен науқас «Жедел дизентерия» (диарея болған ) өткерген. 2 күн левомицетинмен емделген, содан кейін 1 апта аралығында зверабой тұнбасын, емен қабығын,тагансорбент ішке қабылдаған. Іштің кебуі, тұрақсыз үлкен дәрет, құрсақ қуысында бос сұйықтық - асцит пайда болған. Науқас іштің ауруына және метеоризмге , ентігуге, аяғындағы ісіктерге шағымданады. Госпитализацияланды. Тексеру кезінде: науқас әлсіз, ұйқышыл, сұрақтарға біраз уақыт өткеннен кейін жауап береді, соқпалы діріл, сандарды байланыстыру тесті – 64 сек. ЭЭГ: альфа-ритм 4,2 в сек. Науқаста бауыр энцефалопатиясының қандай?
* 1
* 2
* 3
* 4а
* 4б
! Ер адам 65 жас 3 аралығында « бауыр циррозы » диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында қоңыр түсті құсу (бір рет), айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған. Үлкен дәреті өте қоңыр түсті. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Пайда болған асқынуға алып келген әсер етуші факторын төменде берілген іс шаралардың қайсысын қолдану керек?
* Антидиуретикалық терапияны бастау
* Антибактериальді терапияны бастау
* Блэкмор зондын орнату
* Тазалау клизмасын жасау
* Жоғалған натрий көлемін қалпына келтіру
! Бауыр циррозымен науқас «Жедел дизентерия» (диарея болған ) өткерген. 2 күн левомицетинмен емделген. Іштің кебуі, тұрақсыз үлкен дәрет, құрсақ қуысында бос сұйықтық - асцит пайда болған. Науқас іштің ауруына және метеоризмге , ентігуге, аяғындағы ісіктерге шағымданады. ИТБ госпитализацияланды. Тексеру кезінде: науқас әлсіз, ұйқышыл, сұрақтарға біраз уақыт өткеннен кейін жауап береді, соқпалы діріл, сандарды байланыстыру тесті – 64 сек. ЭЭГ: альфа-ритм 4,2 в сек. Лактулозамен, электролиттер бұзылысының коррекциясымен, оттегі, нәруызды шектеу терапиясы басталды. Аммиак деңгейін төмендету үшін қандай препарат енгізу керек?
* L-орнитин-L-аспартат
* L-карнитина оротат
* Рифаксимин
* Неомицин
* Аденозин
! Науқас аралас этиологиялы субкомпенсирленген бауыр циррозымен (HBV және алкоголь) әлсіздікке, ұйқының бұзылуына (түнде жаман ұйықтайды, күндіз ұйқышыл), есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, тітіркенгіш, ашуланғыштығына шағымданады. Осы симптомдарды төмендету үшін қандай препарат тағайындауға болады?
* L-карнитина оротат
* Нортриптилин
* Флуоксетин
* Сертралин
* Лактулоза
! Науқаста құрсақ құысының УЗИ: бауыр, оң бөлігі 14,5, сол бөлігі -9,6, эхотығыздығы жоғарлаған, портпльді вена – 1,6, көкбауыр венасы – 0,65, см, көкбауыр ауданы – 60см 2 . Құрсақ қуысында бос сұйықтық көрінеді. Эластография бауырдың – 31,7 кПа. Перифериялық ісіктер жоқ. Науқасқа тағайындалған верошпирон 200 мг/тәул, антидиуретикалық терапия, бірақ салмақтың 2 апта ішінде төмендеуі болмады. Науқас күніне 7 г тұз және 1500 мл сұйықтық қабылдайды. Кейінгі қандай емдік тактика қолдану дұрыс болып табылады?
* Сұйықтықты шектеу 800 мл/тәул дейін
* Тұзды шектеу 3 г/тәул дейін
* Верошпирон дозасын көбейту
* Фуросемид қосу
* Торесемид қосу
! Науқаста «Бауыр циррозы , декомпенсирленген, портальді гипертензия, асцит» диагнозымен перифериялық ісіктер анықталған. Қандағы натридің көлемі – 112 ммоль/л. Бойы – 176 см, салмағы – 82 кг. Тағаындалған терапия: Сұйықтық пен тұзды шектеу, верошпирон. Егер ем дұрыс жүргізілсе, науқас тәулігіне қандай салмақ көлемін жоғалту керек?
* 400-500 г
* 900-1000 г
* 1200-1300 г
* 1500-1600 г
* 1700-1800 г
! Науқас бауыр циррозымен, айқын асцитпен лапароцентез жасағанда біруақытта 8 л асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін оған 3г альбумин ерітіндісін әр алынған 1 л сұйықтыққа есептеп құйды. Тәуліктік диурез 300 мл дейін төмендеді, лапароцентездің эффективтілігі нәтижесінде. ЖЗА: тығыздық -1006, белок – абс, эпителий – 1-2 к/а. Қан сарысуындағы натрий көлемі - 112 ммоль/л, креатинин – 405 мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну пайдап болды?
* Преренальная азотемия
* Гепато-ренальді синдром
* Бүйректің жедел токсикалық зақымдануы
* Жедел ренальді бүйрек жеткілісіздігі