ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР. (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы:ОЖЖ-де қозу таралу ерекшеліктері.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған :Ибраева С.С

Астана, 2013ж.

1. Тақырыбы:ОЖЖ-де қозу таралу ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Рефлекторлық әрекет, ОЖЖ-де қозу таралу ерекшеліктерін оқу.

3.Оқу мақсаты: : Біртүтас ағза әрекетінің негізі реттеуші тегершіктері ретінде, ОЖЖ – қызметінің ерекшеліктері мен қызметтік маңызы туралы түсінік беру. Ағзаның реттеуші жүйелерінің орталық тегершіктері қызметтенуінің негізгі заңдылықтарын ұйымдастыру. ОЖЖ – нің әр түрлі бөлімінде орналасқан жүйке құрылымдарының қарым – қатынастарының қалай болатынын, түсіндіру. ОЖЖ-ның қызметін қол жетерлік зерттеу әдістерін, тәжірибелік әрекеттерін көрсетуге үйрету. (Тюрк бойынша рефлекс уақытын анықтау, кеңістік және мерзімдік суммацияны ЭЭГ және РЭГ талдау.)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ОЖЖ қызметтерін зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, шақырылған потенциалдар, олардың табиғаты.

2.Нейрон -ОЖЖ қызметтік- құрылыстық бірлігі. Жүйке клеткаларының қозу және тежелу механизмдері. ОЖЖ-нің синапстары және медиаторлары. Нейрондардың интегративтік іс-әрекеті.

3.ОЖЖ-гі қозу таралу ерекшеліктері. Қозудың конвергенциясы. Жеңілдету, тежелу, окклюзия, бөгелу құбылыстары.

4.ОЖЖ -де нейрондардың өзара байланысу принциптері (иррадиация, мультипликация, қозудың ұзару принципі).

5.Жүйке жүйесінің орталықтары, олардың жіктелуі.

6.Жүйке орталықтарының тонусы, доминанттылық. ОЖЖ-сі ұйымдасуының жалпы принциптері.

7. Қозудың бірсызықпен таралуы, қозудың жалпылама таралуы. Төменге әсері.

8. Рефлекторлық теорияның даму кезеңдері (Р. Декарт, И. Прохазка, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин). Рефлекс -сыртқы және ішкі орта жағдайының өзгеруіне қызметтердің бейімделу әсерінің негізгі механизмі.

9.Рефлекторлық доға. Рефлекторлық теория принциптері (детерминизм, анализ және синтез, құрылыс және қызмет біртұтастығы). Нервизм теориясы. (С.П. Боткин, И.П. Павлов).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау.

2. Орталық жүйке жүйесінде қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы.

3. Энцнфалограмманы талдау.

4. Реоэцефалограмманы талдау.

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

9. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

4.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

5.Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

6. Бақылау:Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу.

№7 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралу ерекшеліктері».

ЖҰМЫС №1

Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау

Жұмысқа қажетті құралдар: бақаға арналаған фиксаторлы штатив, секундомер, препарат дайындауға арналған құралдар, 0,1;0,3;0,5% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта, су. Зерттеуді бақаға жүргізеді.

Жұмыстың орындалуы: Арнайы бақаға дайындап және оны штативке бекітеді. Артқы аяқтарының біреуін тізе буынына дейін 0,1% күкірт қышқылының ерітіндісіне саламыз және бір мезгілде секундомерді іске қосады. Аяқтың қышқылға салынған уақыттан бүгілу рефлексіне дейінгі уақытты өлшейді. Өлшенгеннен кейін, салқын сумен бақаның аяғын жуады. Бұл тәжірибені 2-3 рет 2-3 минут сайын қайталайды. Сосын осы тітіркендіру күші мен рефлекстің орташа уақытын есептейді. Содан кейін тәжірибені 0,3% және 0,5% қышқылмен ерітінді жасайды.

Жұмыстың қорытындысы және олардың безендірілуі. Тәжірибені салып, рефлекстің уақытын әртүрлі күштермен өлшеу:

Қорытынды:

№2 ЖҰМЫС

Орталық жүйке жүйесінде қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы

Жұмысқа қажетті құралдар: стимулятор, 2 желі, операция жасайтын үстел, лоток, салфетка, мақта, бақа.

Жұмыстың орындалуы. Тәжірибені таламикалық бақаға жасайды. Ол үшін көзінің артынан бақаның басын кеседі, кейін операциялық үстелге жатқызады. Артқы бір аяғына стимуляторлы қосылған электродты бекітеді оларды бір-бірімен 0,5 қашықтықта тізе буынынан жоғары табалдырық күшін табады. Кейін 1 Гц және 20-50 Гц жиілікпен тітіркендірудегі реакцияны бақылайды.

Жұмысты безендіруге беретін ұсыныстар. Қорытынды жазарда қозғалу реакциясының тітіркену кезінде өте жоғары жиілікпен өзгеретіндігіне көңіл бөл. Зерттеген құбылыстың себебін айтып бер.

Қозудың кеңістік жиынтығы.

Жұмысқа қажетті құралдар: препарат жасайтын саймандар, лоток, мақта; метроном немесе секундомер, тығыны бар штатив , 0,1%; 0,3%; 0,5% күкірт қышқылды ерітінді, құбыр суы, стакан, бақа.

Жұмыстың орындалуы: Толамикалық бақаны төменгі жақсүйегімен штативтің ілмегіне іліп, тығынды ілмекке кигізеді. (себебі, бақа жұмыс кезінде түсіп қалмас үшін)

Кеңістік жиынтығын бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Қаны тоқтағанға дейін іліп қояды.

Кеңістіктік жинақталуды бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Бұл үшін көлбақаның артқы аяқтарының ұшын табалдырықты концентрациялы қышқылға салады және метроном соққысының (немесе аяқтың ұшын қышқылға салып, аяқтарды тартып қалғанға дейінгі уақыт секундомер арқылы рефлекс уақыты анықталынады) санын санай отырып, рефлекс уақытын анықтайды. Содан соң, аяқтардың ұшын ыдыстағы ағынды сумен жуғаннан кейін, қышқылға аяқты табанмен қоса салып, рефлекс уақытын анықтайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар. Екі жағдайдағы рефлекс уақытын белгілеңіз. Неліктен, қышқылға аяқты табанмен қоса салғанда, рефлекс уақыты өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Қозудың кеңістіктік және уақыттық жинақталуын түсіндіретін жобаны келтіріңіз. Қорытынды:

№3 ЖҰМЫС ЭЛЕКТРОЭНЦЕФОЛОГРАММАНЫ ТАЛДАУ

Жұмыстың мақсаты: электроэнцефолограмманың құрылысымен танысу. Мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал электроэнцефолограмма. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді. Биоэлектрлік құбылыс ЭКГ-да периодты және апериодты толқындармен әртүрлі валтабен және жиіліктермен байланысты.

Қазіргі кезде ЭКГ-дағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және әрекеттік маңызына байланысты төрт типке бөлінеді: альфа, ветта, тета, дельта

Жұмыс орындалуы: Сыртқы электрлік және магниттік өріс әсерінен саналатын арнайы экрандық камерада тіркелуді жүргізеді. Шлемм түріндегі электрографты бекітетін және шығарушы электродтардан тұратын арнайы электродты құрылым көмегімен электродтық толқын шығады. Электр терімен ұласуын қамтамасыз етіп, үлкен кедергілер болмау керек. Зерттеушіге түрлі әсері әрекет етілгенде ЭКГ жауап бере бастайды.

1)Көзін жұмдырып бұлшықеттің босаңсып ұстап тұруын сұрайды. Бірнеше минуттан соң ЭКГ-да α-ырғақ пайда болғандығын байқайды.

Көзін ашқыздырып қойғаннан кейін α-ырғақ бұзылуы көрінеді.

2) 20Гц жарық сигнал берілу жиілігін фотофоностимуляторда тұрғызып, жарық әсерінен берілу кезеңін жазу үшін ЭКГ-ден байқайды.

Сұрақтарға жауап беру:

1. α-ырғақ қандай функциональды жағдайда сипатталады?

2. ауырсыну кезіндегі қандай өлшеу ЭКГ-де өлшенеді?

№4 ЖҰМЫС РЕОЭНЦЕФОЛОГРАММАНЫ ТАЛДАУ

Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыс- тырмалы қарапайымдылығымен; қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді. Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.

Жұмыстың барысы:Реограф РПГ -2-02 және жермен

ұштастыруды тоқ жүйесіне қосады. Құралдың алдыңғы бетіндегі басқару жүйелерін келесі деңгецде тұрғызады:

0,1 Ом-іске қосу 1К -қосу 100 Ом- қосу

0, 5 Ом-істен шығару 2К-сөндіру 200 Ом-сөндіру Құралды электр жүйесіне қосады. Алдымен алғашқы кали-бровкалық белгілер жазылады. Электродтарды жобада көрсетілгендей етіп орналастырады. Т және Т аралығында орналасқан дене бөлімінде жоғарғы жиіліктегі тоқ анықталады. Ал Р және Р аралығында кедергінің өзгеруі қанның ағуы мен қайта оралуында байқалады. Сол сәтте жеке кедергі электрлік сигналға айналып ЭКГ-4-02 құралында тіркеледі. Өкпенің жоғарғы дәрежеде желдетілде бастапқыда тіркелген реограмманы жазуға болады.

Реограмманы контурлық әдіспен талдау

Дұрыс тіркелген реограмма өз түрімен толқындар қисығының, тамырдың соғуы және жүрек қызметінің әрбір кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан реограммалық бірге ЭКГ-ны тіркеу қажет.

Көрсеткіштер:

1.Ас-систолалық толқын амплитудасы.

Ас (Ом )=Ac (мм) / K(мм)×0,1

Мұнда

1.Ac (мм) – изолиниядан реограмманың ең жоғарғы дейінгі аралық;

K (мм) – колибровканың жоғарылығы 0,1-колибровканың тұрақты белгісі;

2. Ад (Oм)-диастолалық тоқынның амплитудасын өлшеу Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер артериялық жәнетвеналық қан ағыстарының көрсеткіштері туралы ақпарат береді.

3. T-қан айдау кезеңі (сек) немесе реограмманың басынан ең жоғарғы нүктеге дейінгі аралық.

4.V- қан ағысының жылдамдығы (Oм / сек)

V=Ac (Ом) / Т (сек);

№ 5-жұмыс. Схема мен кестені бейнелеу.

Реоэнцефалограмма.

А,В,С,-амплитудалық мінездемеде;а,в,с,d-уақытша интервалдар;S-қисық реоэнцефалограмманың орталығы;QRS-электрокардиограмманың тісшелері.

Соматикалық(солдан) және вегативтік(оңнан)рефлекстердің схемасы.

1-рецептор;2-афференттік звено;3-орталық звено;4-қозғалмалы звено;5-эффектор;К-қосылмалы нейрон.

Суммация көрінісі:

А-біркелкі тітіркендіру нәтижесінен пайда болған кеңістіктік суммация:а-1аксоннан қозу беруі(мембраналық потенциалдың кішіреуі),б-3 аксоннан қозу берілуі және қозғалы потенциалының генерациясы;

Б-кезекпен тітіркендіру нәтижесінен пайда болған уақытша суммация:а-1 тітіркену,б-2 тітіркену,в-3 тітіркену және қозғалыс потенциалының генерациясы.


Электроэнцефалография.А-ЭЭГ-нің тіркелу схемасы; Б-тұрақты ритмдер; Э1-активті электрод,Э2-индефференттік электрод,ПУ-оң құлақ,ЛУ-сол құлақ.

Кесте.

Элекроэнцефалограмма параметрлерінің көрінісі және әртүрлі ритмдердің тіркелу шарты.

Наши рекомендации