Гипоксия» тақырыбы бойынша машықтық құзыреттілігін қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Тақырыпты талдағанда қолданылатын медициналық атаусөздерді қолднуды үйрену

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

ТАПСЫРМАЛАР:

Кейс - стади

Есеп

Науқасты зерттеу барысында артерия - веналық айрмашылығы 4 көлемді % -дан 2 көл. % төмендегені анықталды.

1. Алынған мәліметтер гипоксияның қай түрі дамығандығын көрсетеді?

2. Гипоксияның осы түрінде оттегі теңдігінің ( балансының) басқа да көрсеткіштері (қанның оттегілік көлемі, артериалық және веналық қан гемоглобинінің оттегімен қанығуы) қандай өзгерістерде болады ?

3. Осы гипоксия түрінің этиологиясы мен патогенезі қандай?

Есеп

Науқасты зерттеу барысында артерия - веналық айрмашылығы 5 көл. %дан 7 көл. %-ға дейін жорғарылағаны анықталды.

1. Алынған мәліметтер гипоксияның қай түрі дамығандығын көрсетеді?

2. Гипоксияның осы түрінде оттегілік балансының басқа да көрсеткіштері (қанның оттегілік көлемі, артериалық және веналық қан гемоглобинның оттегімен қанығуы) қандай өзгерістерде болады?

3. Осы гипоксия түрінің этиологиясы мен патогенезі қандай?

Есеп

Ұзақ мерзімде асқазанның ойық жара ауруымен сырқаттанған 45 жастағы К., науқас асқазанынан қан кетуімен ауруханаға жеткізілді. Науқас ауруханаға түскен кезде әлсіздікке, есінің бұзылыстарына, жүрек айнуына, басы айналуына, құлақ шуылына, көз алдында шыбын елестеуіне шағымданды. Науқастың түрі бозғылт, айқын ентігуі еріксіз назар аудартады. Қарын үсті аймағында шамалы ауыру сезімі байқалады, АҚ — 100/70 мм с.б.б. Пульс — 95 рет/мин.

1. Науқастағы гипоксия көріністерін сипаттаңыз.

2. Гипоксияның қай түрлері дамыған?

3. Оттегілік баланс көрсеткіштері (қанның оттегіге сыйымдылығы, оттегі бойынша артерия-веналық айырмашылығы) қалай өзгереді?

Есеп

Анилин бояғыш қызметкері анилинмен улану көріністерімен дәрігерге әкелінді. Гипоксия әйгіленімдері басым көріністе: бас ауыруы, құлақ шуылы, көзіне шыбын – шіркей елестеуі, әлсіздік, ұйқышылдық. Шырышты қабат пен терінің сұр, топырақ тәрізді көрінісі еріксіз көңіл аудартады.

1. Қанын зерттеу барысында науқаста не анықталуы мүмкін?

2. Гипоксияның қай түрі дамыды?

2. Осы гипоксияға тән қанда газ құрамының қандай өзгерістері байқалуы мүмкін?

Есеп

Ботулизмнің ауыр түрімен ауырған науқас ауруханаға жеткізілді. Дертте гипоксияның қай түрі алғаш дамыды? Ботулизммен сырқаттанған науқастар неден қайтыс болады?

№ 6 есеп.Цианидтермен ауыр түрде уланған науқас ауруханаға түсті. Оттегі бойынша артерия-веналық айырмшылығы 2 көл%.

1. Келтірілген көрсеткіш гипоксияның қай түрі туралы мәлімдейді?

2. Гипоксияның ауырлық дәрежесі қандай?

3. Осы гипоксия кезінде басқа да оттегілік көрсеткіштер қалай өзгереді?

№7 есеп.Ауруханағабертолет(калий хроматы) тұзымен уланған науқас түсті. Гемоглобиннің қандай түрі түзіледі? Гипоксияның қандай түрі дамиды?

№8 есеп.Артериалық қанда оксигемоглобин - 98%, веналық қанда - 45%, эритроцит мөлшері - 4,9х1012/л; саусақ, мұрын ұштары, еріні айқын көгерген (цианоз). Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) - 2,5 л. Артериалық қанда көмірқышқыл газының деңгейі - 40 мм с.б.б..

1. Науқаста гипоксияның қай түрін болжамдауға болады?

2. Осы гипоксияның этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

 

№9 есеп Жедел жәрдеммен естүссіз жеткізілген науқастың терісі мен шырышты қабаттарының түсі айқын ашық қызыл, артериалық қанда оксигемоглобин мөлшері - 60%, веналық қанда - 45%, эритроциттер - 4,5х1012/л, қандағы оттегінің көлемі - 12 көл.%. ЖМК - 4 л.

  1. Гипоксияның қай түрі дамығанын болжамдауға болады?
  2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізген жөн?
  3. Патогенездік ем-шараларын ұсыныныз.

№10 есеп.Артериалық қанда оксигемоглобин - 79%, веналық қанда - 40%. Қан анализі: эритроцитер - 5,4х1012/л, гемоглобин - 165 г/л. Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) , минутына - 52, ЖМК - 2 л, АҚ - 80/40 мм с.б.б., тыныс үзілісті, қанда рН - 7,17, артериалық қанда оттегінің деңгейі - 60 мм с.б.б.

1. Науқасқа қандай аңғарым қоюға болады?

2. Гипоксияның қай түрі дамуы мүмкін?

3. Гипоксияның аралыс түрі туралы ойлауға бола ма және неліктен? Жауабынызды дәлелденіз.

№11 есеп.Жедел жәрдеммен ересек, орта жастағы ер адам стационарға жеткізілді. Тері және шырышты қабаттар түсі қалыпты. Қан анализінде:

■ гемоглобин мөлшері - 150 г/л;

■ эритроцит саны - 4,6х1012/л;

■ қанның оттегілік көлемі - 20,4 об.%;

■ артериалық қанда оксигемоглобин мөлшері - 96%;

 

■ веналық қанда оксигемоглобин мөлшері - 80%.

Туыстарының айтуынша науқас көшеден алған бір шыны виноны ішкен. Бұл науқаста гипоксияның қандай түрін болжауға болады? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

№12 есеп.Наукастың артериалық қанында оксигемоглобин мөлшері - 78%, веналық қанда - 40%. Қандағы эритроцит мөлшері - 5,8х1012/л, гемоглобин мөлшері - 169 г/л, ЖМК -3 л, ЖСЖ - 100 минутына, тыныс алу жиілігі (ТАЖ) – минутына 28 , ӨТК - 1,3 л. (қалыптыда - 4,5-5л). Наукаста пневмония анықталды, АҚ - 110/80 мм с.б.б.

1. Гипоксияның қай түрін болжауға болады? Оттегі баланс өзгерістерінің тетіктерін түсіндіріңіз.

2. Эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы нені мәлімдейді?

№13 есеп.Адам өлімі денесінің мұздауынан дамыды. Сіздің ойыңызша гипоксияның қай түрі өлімнің себебі болып табылады. Төменде келтірілген гипоксия турлерінің даму бірізділігін көрсете отырып патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

  • Тыныстық
  • Гемдік
  • Қан айналымдық
  • Тіндік

№14 есеп. Комалық жағдайда жатқан адамда оттегі бойынша артерия -веналық айырмашылығы тым төмен.

  1. Бұл науқаста гипоксияның қандай түрі туындады?
  2. Осы гипоксияның даму себептерін анықтаңыз

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 201-211.

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 69 -72

6. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 25-29

7. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351

8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228

Қосымша

9. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87

10. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.

11. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.

БАҚЫЛАУ –

· Тапсырмалар бойынша қорытынды

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Тақырыптар: «Су-электролит алмасуы бұзылыстары», «Көмірсу алмасуы бұзылыстары», «Нәруыз, май алмасуы бұзылыстары, ашығу», «Гипоксия».

Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

2. клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын бағалау

3. ҚР ДСМ бұйрықтарынан медико-биологиялық тәжірибе жүргізу бойынша құқықтық дағдысын бағалау

  1. Ситуациялық есептерді талқылау барысында коммуникациялық дағдысын бағалау

Білімді бақылау сұрақтары:

1. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

2. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.

3. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.

4. Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

5. Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

6. Гипер- және гипокалиемия, себептері, салдарлары.

7. Гипер- және гипонатриемия, себептері, салдарлары.

8. Гипер- және гипокальциемия, себептері, салдарлары.

9. Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

10. Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

11. Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

12. Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

13. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.

14. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

15. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

16. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі

17. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары.

18. Қант диабетінің I және II түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

19. Диабеттік синдромның патогензі.Диабеттік команың патогензі.

20. Қаннты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялардың патогенезі.

21. Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.

22. Амин қышқылдары алмасуы бұзылыстары. Подагра, этиологиясы, патогенезі.

23. Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.

24. Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары.

25. Семіру, түрлері, даму жолдары.

26. Фосфолипидтер, холестерин алмасу бұзылыстары. Гипер- және дислдипопротеидемиялар туралы түсінік, патогенезі.

27. Ашығу түрлері,себептері. Сумен толық ашығудың сатылары. Ашығу кезіндегі зат алмасу (көмірсу, нәруыз, май, витамин алмасуы) бұзылуының патогенезі. Кахексия, этиологиясы, патогенезі.

28. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.

29. Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.

30. Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.

31. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер

32. жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.

33. Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.

Жүргізу түрі:

1 – кезең - тестілеу.Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.

2 – кезең – ситуациялық есептер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысы

№ 13 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

· Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі ссұрақтары бойынша білім қалыптастыру

· 3 тілдегі глоссарийді қолдану машығын қалыптастыру

· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру

· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 697 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидалары бойынша құқықтық білімін бекіту

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі реперфузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, бойынша білім қалыптастыру

· Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдану машығын қалыптастыру

· Алған теориялық білімді тәжірибе нәтижелерін сараптағанда қолдануды үйрену

· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 697 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын жануарларға тәжірибе жасағанда қолдану

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу және топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Қанайналымының үлкен және кіші шеңберінің, қақпа көктамырының эмболиялары.Негізгі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Эмболияның салдарлары.

7. Микроциркуляцияның біртектес бұзылыстары (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, тәжірибе орындау, оның нәтижелерін талқылау

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін тексеру, тестілеу.

Наши рекомендации