Хирургиялық араласы аймағындағы инфекциялар.

ХААИ аймақтағы үлгілік болу жағдайлар.

ХААИ беткелік инфекциялары.

ХААИ терең инфекциялары

Мүше немесе құыстағы ХААИ.

ХААИ талалу жолдары.

Дәріс

Тақырыбы: «Тыныс алу жолының АІИ. Қоздырғыштары.»

Мақсаты: Студеттерді ТАЖ АІИ мен және оның қоздырғышымен таныстыру.

Тыныс алу жолдарныңы инфекциясы.

Салқын тию. Бұл аурудың үлкен адамдарда қоздырғышы парагрипп, аденовирустар, риновирустар болып табылады. Медицина қызметкерлері осы инфекцияның бір көзі болып табылады. Жалпы алғанда науқастарға медицина қызметкерлерінен инфекция жұғып кетпес үшін қолды науқаспен қарым қатынаста болған сайын жуып отыру керек. Масканы кию міндетті емес, бірақ ол инфекцияның ауа тамшылар арқылы таралуын алдын алады. Қолғаптарды қолдану да аса қатты маңызды емес өткені қолғаппен жұмыс істегеннің өзінде де қолды жуу керек.

Көп жағдайда суық тию тез және өзі қайтып кетеді. Бірақ иммунитеті төмен адамдарда ауру ауыр инфекциямен жалғасуы мүмкін. ИК ның шараларына инфекцияланған науқастрады табу жатады.

Ең негізгі шаралардың бірі ол медицина қызметкерлерін оқыту болып табылады.

Тұмау. Тұмау эпидемиясы- стационарда болатын үнемі жағдай. Инфекцияны ңтаралуы медицина қызметкерінің арасында немесе науқастрадың арасында дамуы мүмкін. Әр стационарда ИК комитеттері жыл сайын болжамды инфекцияның алдында 4 апта бұрын вакцинация программас\ын өткізеді.

Туберкулез. Кез келген медицина қызметкері туберкулезға күдіктенсе медициналық тексеруден және кеуде торының рентгенографиясынан өту керек. Туберкулезды анықтау белгілеріне жатады: 3 аптаға созылған жөтел, ұзақ лихорадка және салмағының азаюы. Туберкулездың ашық түрі медицина қызметкерлерінде пайда болған кезде онымен қарым қатынаста болған адамдарды анықтау керек. Туберкулез табылған медицина қызметкерлерін жұмыстан алыстатып оларға нақты ем тағайындау керек. Бұл адамдар тек теріс нәтиже алғанда ғана жұмысқа қайтып келе алады. Туберкулезбен көп ауыратын елдерде немесе сол адамдармен қарым қатынаста болатын қызметкерлерге алдын ала БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі.

Тәжербиелік нұсқаулар

туберкулезды анықтау үшін толық диагностикалық зерттеуден өту. (қақырықты микроскопиялық зерттеу, рентгенография арқылы кеуде клеткасын қарау).

туберкулезға шалдыққан деп күдіктенген науқастарды басқа стационардағы науқастардан алыстату.

амбулаторлы жағдайда аз уақытқа созылатын терапия курсын өткізу.

туберкулез кең тараған аумақтарда балаларға БЦЖ вакцинациясын жүргізу.

Нозокоминалды пневмония

Бұл НИ арасындағы көптеген елдерде кең тараған ауру болып табылады. НП дамуы стационарда ұзақ уақыт болып аурудың асқынуынан пайда болады. Интубация және өкпені жасанды түрде желдету инфекцияның өршуіне алып келеді. Өкпелеріне жасанды желдетуді қажет ететін науқастар қарапайым шаралар мен тыныс алу аппаратының дезинфекциясын орындау инфекцияның алдын алады.

Жіктеме негізіне аурудың даму жағдайы жəне науқастың иммунологиялық статусы кіреді.

Ажыратады:

1. Ауруханадан тыс пневмония (емдеу мекемесінен тыс жерде туындаған, синонимы: үй, амбулаторлық).

2. Нозокомиальді пневмония (емдеу мекемесінде туындаған, синонимы: госпитальді, ауруханаішілік).

3. Аспирациялық пневмония.

4. Иммунитеттің ауыр тапшылығы бар науқастардағы пневмония (туа біткен иммунтапшылық, ВИЧ-инфекция, ятрогендік иммуносупрессия) жəне орналасуын жəне асқынулардың болуын анықтау.

Пневмония ағымының ауырлық критерилері:

1. Жеңіл ағым – уыттанудың айқын емес симптомдары, дене температурасы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігі мен гемодинамика бұзылулары жоқ, өкпелік инфильтрация 1 сегмент шеңберінде, лейкоциттер 9,0-10,0 х 109/л, қосымша аурулар жоқ.

2. Ағымның орташа ауырлық дəрежесі: уыттанудың аздап айқын симптомдары, дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ЧДД 22/мин, ЖЖЖ 100 соққы/мин, асқынулар жоқ.

3. Пневмонияның ауыр ағымы: науқастың ауыр жағдайы, уыттанудың айқын симптомдары, дене температурасы > 38,0°С, тыныс алу жеткіліксіздігі II- III ст, гемодинамика бұзылулары (АҚ<90/60 мм с. б, ЖЖЖ 100 соққы/мин. көп, сепсистік шок, вазопрессорларға қажеттілік), лейкопения 4,0 х 109 /л аз немесе лейкоцитоз 20,0 х 109/л, жетілмеген нейтрофилдер саны 10%, көпбөлікті, екі жақтылық пневмониялы инфильтрация, процесстің тез үдеуі (48 сағат бақылауда инфильтрация зонасының 50% ұлғаюы, плевральді шығу, абсцестелу, мочевина азоты >10,7ммоль/л, ДВС-синдром, сепсис, басқа ағзалар мен жүйелер жеткіліксіздігі, естің бұзылуы, қосымша аурулардың асқынуы).

Созылмалы ағымдағы АП қауіп-қатерлі факторлары:

- 55 жастан үлкен;

- маскүнемдік;

- ішкі ағзалардың мүгедектендіретін қосымша аурулары;

- АП ауыр ағымы;

- мультилобарлық инфильтрация;

- аурудың вируленттік қоздырғаштары (Legionella pneumophila, Staphylococcus aureus, грамтеріс энтеробактериялар);

- темекі тарту;

- жүргізілген терапияның клиникалық тиімсіздігі (сақталып қалған лейкоцитоз, қызба);

- екіншілік бактериемия.

Наши рекомендации