Жасату керек пе, әлде күте тұрамыз ба?деп ойлайтын болсақ.
Екпе жасайтын кезде баланың дені сау болуы аса маңызды. Бұл уақытта бала түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан туындайтын іш өту, дененің бөртуі, тұмау, дене қызуының көтерілуі сынды келеңсіздіктерден ада болуы тиіс. Ол неге соншалықты маңызды десеңіз, екпеден кейін ағза барлық күшін белгілі бір инфекцияға қарсы иммунитет тудыруға жұмсайды. Сондықтан, оған артық «салмақ» жүктеудің қажеті жоқ. Егер бала қандай да бір аурумен ауыратын болса, оған екпені белгілі бір тәртіппен енгізеді.
Екпеге кері әсердің болғанын баланың дене қызуы 400С-ден асып, өзі есінен танып, денесі құрысып, екпенің орнын бөртпелер басып кеткен жағдайда байқауға болады. Бірақ бұл сирек жағдай, себебі бұл жағдай анасының екпеден кейін баласын жұрыс күтпеуінен болуы мүмкін.
Менің қазіргі тексерісім бойынша сіздің балаңызда ешқандай ауру жоқ, ана сүтімен қоректендіресіз. Солай ма?
Е: Я.(таңырқаған үнмен).
Д: Енді неге соншалықты қарсы болып отырсыз?
Е: тек менің күйеуім қарсы бұл екпелерге. Мен мұсылман келіншегі ретінде жолдасымның айтқанын орындауым керек. Өзіңізде түсінесіз гой.
Д: Жарайды онда. Өздеріңіз білесіздер. Қазақстан Республикасында дәрігерлік көмек т.б алу алмауы әр азаматтың өз еркінде. Сізге өз еркіммен екпеден бас тарттым деген қағазға қол қойып, кете беруіңізге болады.
Е: Жақсы.
Д: Балаңызды жақсы қоректендіріп, жылы ұстаңыз отбасыңыз ауырмасын сау болыңыз!
Е: Рахмет. Сау болыңыз, бір Аллам өзі жар болады, уайымдамаңыз!
Автор: дәрігердің айтуы бойынша 93 бапта әр адам медициналық қызметтен бас тартуға құқылы. 94 бапта осы заң тұрғысынан егер де халық арасында жұқпалы аурудың ошағы болған жағдайда мемлекет олардың рұқсатынсыз екпе егуге құқылы. Және де осыған байланысты дін жөнінде студенттеріміздің іздестіруімен құрандағы сүрелер мен хадистерден мәліметтер келтірсек.
Арада бірнеше уақыт өтті. Ана баласынан суық тию белгілері сияқты қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтелді байқай бастайды. Ауруы сәт сайын үдей түседі. Мұны Е ана тұмау ғой кетеді деп мән бермеді де өзі басқа шаруалармен айналысып, баласына дұрыс қарамады. Осы кездерде баланың ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі болды. Тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалды. Осы белгілерден сескенген ана амалсыздан жедел жәрдем шақыртты.
Е: Тезірек келіңіздер, балам қатты ауырып қалды.
Деп мекен-жайын айтып, жедел жәрдем шақыртты.
Ауруханадағы кезекші дәрігер қарауымен мынайдай диагноз койылды, дегенмен аурудың осыншалықты асқынуына байланысты барлық дәрігерлік көмек жасалғанмен кіп-кішкентай сәби, болашақта Қазақстан Республикасының гүлденуіне септігін тигізетін азаматы болатын адам өлді. өкінішті. Бәрі кеш!!! Сондықтан болашақ ата-аналар сіздерге мұнымен айтқымыз келгені, балаларыңыздың, халқымыздың болшағын ойлаңыздар, екпені салдыртыңыздар.
Осы өткізген іс-шараға байланысты көкейлеріңізде жүрген сұрақтарыңыз болса көрермендерден сұрақ қоюларын сұраймыз.