Андай патологияда беттің ай тәрізді болуы, гиперемиясы және айқын гипертрихоз кездеседi?

A) акромегалияға

B) феохромоцитомаға

C) қантсыз диабетке

D) Иценко-Кушинг ауруына

E) гипотиреозға

26. Төменде көрсетілген гормондардың қайсысы қалқанша без қызметінің шеткерілік эффектісін атқарады:

А) ТТГ

В) байланысқан Т4

С) бос Т3

D) бос Т4

Е) кальцитонин

27. Иценко-Кушинг ауруында «стероидты миопатия» генезінде негізгі жетекші себептері:

A) гиперандрогения

B) гиперальдостеронизм

C) АКТГ гиперсекрециясы

D) гиперкортицизм және гиперкальциемия

E) гиперазотемия

Семіздікпен ауыратын, бірақ қант диабеті жоқ науқасқа төменде келтірілген қант төмендететін дәрілердің қайсысын тағайындау болады?

A) сиофорды

B) амарилді

C) инсулинді

D) дианормды

E) дибизидті

29. Қант диабетінің І түрінде міндетті емдеу әдісі:

A) фитотерапия

B) инсулинотерапия

C) емдәм

D) қант төмендетін препараттар

E) инсулинотерапия мен бірге ќантты төмендететін препараттар

30. 50 жастағы әйел шөлдеу, ауызынын құрғауына, салмағынын төмендегенiне шағымданады. Бұл белгiлерi 2 жыл көлемiнде мазалайды. Қараганда: дене салмағы артық, құрғак. Тексергенде: ашқарындағы гликемия деңгейі аш қарынға 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған. Болжам диагноз:

A) семіздік

B) 1 типті қант диабеті

C) 2 типті қант диабеті

D) ашқарындағы гликемияның бұзылысы

E) глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

31.16 жастағы ер бала 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Инсулинтерапия кабылдайды. Дене шынықтыру сабағында есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Қараганда: терісі ылғалды, тырысулар байқалған. Болжам диагноз:

A) гиперосмолярлы кома

B) лактацидоздық кома

C) кетоацидоздық кома

D) гипогликемиялық кома

E) жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі

32. 82 жастағы науқас ер адам эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну, тамақтан соң эпигастрий аймағының толып кету сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш қату, іш өтуімен кезектесуі мазалайды. Қарап тексергенде науқастың тері жабыны бозарған, ауыз бұрыштары «кесілген (заеды)», терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш. Болжам диагноз:

А) асқазан қатерлі ісігі

В) он екі елі ішектің жара ауруы

С) созылмалы тассыз холецистит

D) асқазан жара ауруының өршу кезеңі

Е) созылмалы аутоиммунды гастрит

33. Тамақтанумен басылмайтын іштің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді қатты ауырсынуы, Шоффар, Губергриц аймақтарындағы ауырсыну тән:

А) асқазанның жара ауруының өршуіне

В) созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне

С) созылмалы пиелонефритке

D) бүйректік коликаға

Е) созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

34. 32 жастағы науқас ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрий аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Ақпаратты зерттеу әдісі:

А) Helicobacter pylori қоздырғышын анықтау

В) 24-сағаттық рН-метрия

С) эндоскопиялық рН-метрия

D) электрогастрографиялық әдіс

Е) гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу

35. 49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда- лямблиялар. Тиімді тағайындау:

A) цефазолинді

B) гентамицинді

C) левомицетинді

D) эритромицинді

E)+ метронидазолды

36. 34 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан соң бір сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып тұратындай ауырсыну сезіміне, қышқылды кекіруге, ашушаңдыққа шағымданып ауруханаға түсті. 2-3 жылдан бері ауырады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде табылған полип бойынша операция жасау ұсынылған. Об-ті: эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауыратыны анықталады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлардың ұлтабар қақпасынан өткені анықталды. Қажетті тағайындау:

А) метилурацил

В) ацидин – пепсин

С) антацидтер

D) антибиотиктер

Е) висмут дәрілері

37. 48 жастағы ер адам оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауырсыну сезіміне, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті барлық үш порцияда зерттеуде-кілегей, лейкоциттер, IV порцияда-лямблиялар. Ем тағайындаңыз:

А) аллохол;

В) лиебил;

С) атропин тері астына;

D) фуразолидон;

Е) эритромицин.

38. 45 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Об-ті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен -74 мкмоль/л. Науқасқа жүргізілетін ақпаратты зерттеу әдісі:

А) бауырдың пункционды биопсиясы;

В) трансаминазалардың белсенділігі;

С) иммунологиялық статустың өзгерісі;

D) тұнбалы сынамалардың өзгерісі;

Е) белок, белоктық фракциялар.

39. Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:

А) спленомегалия

В) диспепсиялық өзгерістер

С) терінің қышуы

D) оң қабырға астындағы ауыру сезімі

Е) геморрагиялық синдром

40. 25 жастағы науқас әйел, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын іш кебуі мен іштегі ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:

А) тиреотоксикоз

В) созылмалы гастрит

С) гранулематозды колит

D) бейспецификалық жаралы колит

Е) ішектің тітіркену синдромы

41. Интернаттан пульмонология бөлімінде пневмониядан үш науқас емделді. Оларды макролидтермен емдеуде оң динамика 2-3 тәулікте бақыланды, қанның жайылма анализінде тромбоцитопения анықталды. Осы клиникалық ерекшеліктер себебі тұмау эпидемиясы кезінде келесі этиологиялы пневмонияның жиілігінің артуында:

A) клебсиеллалық

B) пневмококтік

C) микоплазмалық

D) пневмоцисталық

E) ішек таяқшалық

42. Науқастың кеуде сарайының қозғалысы симметриялы, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруымен, бауырлық тұйықтық төмен ығысқан. Болжам диагноз:

A) өкпенің диффузды эмфиземасы

B) пневмосклероз

C) гидропневмоторакс

D) бронхтық астма

E) бөліктік пневмония

43. 55 жастағы ер адамда тыныс алу кезінде оң жақ кеудесінің қалып қоюы, 3-ші қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тыныс алуының және сол жерде бронхофонияның бәсендеуі, рентгенологиялық – жүректің солға ығысуы анықталды. Болжам диагноз:

А) экссудатты плеврит

B) крупозды пневмония

C) ателектаз

D) пневмоцирроз

E) пневмоторакс

44. 19 жастағы ер адам, 200 мл - ге дейін сілемейлі - іріңді, иісті қақырықтың бөлінуімен жөтелген, қан түкіруге, дене температурасының 38,2°С дейін жоғарылауына, дімкәстікке, еңтігуге шағымданып ауруханаға түсті. Жас кезінде қақырықты жөтелді жиі байқаған. Соңғы 5 жылда – жыл сайын ауруы өршіген. Болжам диагноз:

А) өкпе обыры

B) бронхоэктазды ауру

C) өкпенің созылмалы абсцессі

D) созылмалы бронхит

E) өкпенің поликистозы

Жастағы әйел адам, айқын еңтігуге, мардымсыз қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданып дәрігерге қаралды. Ұзақ уақыт бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен сырқаттанады. Объективті: мойын веналарының білеуленген, аяқтары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген. Аускультация кезінде шашыранды құрғақ сырылдар, өкпе артериясында екінші үннің акценті естіледі. Жоғарыда көрсетілген симптомдардың мүмкін болатын себептері қандай?

A) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B) миокард инфаркты

C) созылмалы өкпетекті жүрек

D) миокардиодистрофия

E) тыныс шамасыздығы

46. 54 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Бір жыл бойы ентігу мазалайды. Объек­тивті: жағдайы орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссия кезінде – өкпенің төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыс қысқарған, аускультация кезінде осы облыстарда везикулярлы тыныстың бәсендеуі және «целлофанның сытырына» ұқсас крепитация есіледі. Ақпаратты зерттеу әдісі:

А) шолу рентгенографиясы

B) фибробронхоскопия

C) өкпенің компьютерлік томографиясы

D) өкпенің сцинтиграфиясы

E) спирография

47. 50 жастағы науқас, маскүнем, тістері ауыр кариеске шалдыққан. Екі аптадан бері әлсіздік, кеуденің оң жартысының ауырсынуы және қызба, іріңді қақырықпен жөтел пайда болған. Рентгенограммада – оң өкпенің төменгі бөлігінде диаметрі 3 см сұйықтыққа толған қуыс анықталды. Болжам диагноз:

A) өкпе туберкулезі

B) бронхоэктаздар

C) өкпе инфаркты

D) өкпенің рагы

E) абсцесс

48. 65 жастағы ер адам темекіні көп тартады, аралас ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, оттегі ингаляциясынан кейін басылатын, ешқайда берілмейтін жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға шағымданады. Объективті: жүректің оң жақ шекаралары кеңейген, өкпе артериясында II үннің ыдырауы және акценті. Кешенді терапияның құрамындағы ең тиімді препараттар тобы:

А) β2-адреноблокаторлар

B) жүрек гликозидтері

C) кальций антагонисттері

D) диуретиктер

E) сартандар

49. 15 жастағы науқас жөтелуіне, 200 мл көлемінде иісті іріңді-кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, қан қақыруына, ентігуіне, дене қызуының 37,50С биіктеуіне, делсалдылығына шағынады. Балалық шағында жиі жөтелген. Соңғы 5 жылдың көлемінде ауруы жыл сайын өршиді. Болжам диагноз:

A) өкпенің рагы

B) бронхоэктаз ауруы

C) өкпенің созылмалы іріңдігі

D) созылмалы бронхит

E) өкпе поликистозы

50. 60 жастағы науқас әйел жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне шағымданады. Буындарындағы ұзақ жүргенде пайда болатын шамалы ауырсынулар соңғы екі жыл ішінде мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні өзгерген, периартикулярлы тіннің тығыздануы, оң тізесендегі гипертермия көріністері. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер мен саусақтардың шықпалары анықталды. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы 1:8. Болжам диагноз:

A) ревматоидты артрит

B) псориаздық артрит

C) реактивті остеоартроз

D) реактивті артрит

E) подагралық артрит

51. 50 жастағы науқас, жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне шағымданады. Соңғы екі жыл бойы ұзақ жүргенде буындарының аздап ауыруы мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған, оң тізесінде гипертермия. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың шығулары анықталды. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Роуз реакциясы - 1:8. Диагнозды анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу:

A) ревматоидты факторды анықтау

B) қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

C) синовиальді сұйықтықтың анализі

D) буындар рентгенографиясы

E) зәр қышқылының деңгейін зерттеу

52. 35 жастағы науқас әйелдің беті мимикасыз, ауызы тарылған, ауыздың айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дисталды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды дәлелдеу мақсатындағы деректі зерттеу:

A) ревматоидты факторды анықтау

B) LE-клеткаларды анықтау

C) тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау

D) қос тізбекті ДНК антиденелерін анықтау

E) антинуклеарлық антиденелерді анықтау

53. 35 жастағы науқас омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің, оң тізе буынының, сол қолдың II саусағының ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: бастың шаш өскен бөлігінде, шынтақ буындары аймағында гиперкератоз көріністерімен қызарған ошақтар анықталады. Сол қолдың II саусағы қысқарған, қызарған, конфигурациясы сосиска тәрізді. Аяқ тырнақтары бұлыңғыр, кейбіреуінің ортасында нүктелік жаншылулар. Болжам диагноз:

A) псориаздық артрит

B) реактивтік артрит

C) анкилозирлеуші спондилоартрит

D) ревматоидты артрит

E) подагралық артрит

54. 30 жастағы науқас әйелде тұмаумен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы, бұлшық еттік әлсіздік, қабақтарының ісінуі, шамалы физикалық күштемеде ентігу, мұрыннан сөйлеу, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбиталды ісіну («көзілдірік» симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритематозды бөртпе. Пальпацияда иық пен сан бұлшық еттерінің ауырсынуы белсенді қимылдың шектелуімен. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ-минутына 100 рет. АҚ-140/90 мм с. б. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Диагнозды дәлелдеу мақсатындағы деректі зерттеу:

A) креатинфосфокиназаны анықтау

B) қос тізбекті ДНК антиденелерін анықтау

C) ревматоидты факторды анықтау

D) кардиолипинге антиденелерді анықтау

E) жегілік антикоагулянтты анықтау

55. 50 жастағы науқас әйел тізе буындарындағы жүргеннен кейін күшейетін «механикалық сипаттағы» ауырсынуға. Объективті: қол басы дисталды фалангааралық буындардың қатты түйіндер мен шығыңқырау түрінде деформациясы. Тізе буындары дефигурирленген, периартикулярлық тіндер тығыздалған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн, лейкоциттер - 6,6 мың, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Науқас 3 ай бойы стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, бірақ ауырсыну синдромы басылмаған. Тиімді тағайындау:

A) хондропротекторлар тағайындау

B) преднизолон тағайындау

C) колхицин тағайындау

D) Райта-Хеддельсон реакциясын жүргізу

E) артроскопия жүргізу

56. Остеоартрозда біріншілік өзгеріске ұшырайды:

A) синовиалды қабықша

B) буындық шеміршек

C) субхондралды сүйек

D) буын қуысы

E) периартикулярлық тіндер

57. 32 жастағы науқас әйел рецидивтеуші түйінді эритемаға және ерін мен ауыздың шырышты қабаттарында афтозды жаралар. Зерттегенде увеит белгілері мен қынаптың шырышты қабатында жаралар. Болжам диагноз:

A) туберкулез

B) Рейтер синдромы

C) Бехчет синдромы

D) Шарп синдромы

E) Шегрен синдромы

58. 52 жастағы науқас әйел қол басы фаланга аралық буындардың ауырсынуы мен қозғалысының шектелуіне шағымданады. Қарағанда дистальды фаланга аралық буындарда 0,5 см дейін тығыз түйіндер анықталады, пальпацияда шамалы ауырсынады. Буындар сәл деформирленген, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында буын қуысының тарылуы, остеопороз. Болжам диагноз:

A) ревматоидты артрит

B) реактивтік артрит

C) остеоартроз

D) псориаздық артрит

E) подагралық артрит

59. 16 жастағы науқас әйел дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, қол басының ұсақ буындарындағы ауырсынуларға шағымданады. Анамнезінде бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұштары мен мұрын үстінің эритемасы, балтырдың терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 көру аймағында. Қос тізбекті ДНК антиденелері - оң. Деректі зерттеу тәсілі:

A) қанды бактериологиялық зерттеу

B) ревматоидты факторды анықтау

C) стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау

D) урогениталды инфекцияға иммуноферменттік анализ

E) кардиолипинге антиденелерді анықтау

60. 30 жастағы науқас, қол басы буындарының ауыруы мен домбығуы, таңертеңгілік буындардағы қимылдың ауырлауына шағымданады. Об-ті: II-IY қол саусақтарының проксимальді фалангаралық буындарында симметриялы дефигурация. Осы буындарда ауыру сезімі мен экссудативті құбылысқа байланысты, әсіресе бүгілу шектелген. Қанында: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтауға жүргізілетін тексеру:

A) Райт және Хаддлсон реакциялары

B) Ваалер-Роуз реакциясы

C) НLA B-27 анықтау

D) стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау

E) мурексидті сынама

Наши рекомендации