A. Жедел түрде ЭКГ жасау

С) Ойық жара перфорациясы

Д) привратниктіңстенозі

Е) Қолқа аневризмасының ыдырауы

2. Сізге емхана жағдайында орта жастағы ер кісі жауырын аймағының ауырсынуына, дене температурасының жоғарылауына, ұйқысының бұзылысына шағымданып келді. Объективті: түзіліс аймағы гиперимияланған, ісінген, пальпацияда ауырсынады және флюктуация бар. Науқас бұрын осы аймақта уақытында жарылмай қалған фурункул болғанын айтады. Фурункулдің жазылу барысында науқас түзіліс пайда болғанын байқаған. Сіз тері астылық абсцесс диагнозын қойдыңыз. Сіздің іс-әрекетіңіз:

А) Физиотерапия тағайындау

В) Антибиокотерапияны жалғастыру

С) Іріңдікті ашу және дренаждау

Д) Кезекші ауруханаға жіберу

Е) Вишневский майымен таңғыш салу

3.Сізге емхана жағдайында 25 жастағы жігіт жарақаттан соң сол көзінің ауырсынуына, ластануына, жас ағуына, жарықтан қорқу сезіміне шағымданып келді. Науқас жарақатты бірнеше сағат бұрын машинасына жүктерді тиеп жатқанда алған. Объективті: сол жақ көз алмасы тамырлары қанталаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер бөгде денені алмас бұрын 0,5% дикаин ерітіндісін тамшылатып жіберді. Бөгде денені залалсыздандырылған ылғалды тампонмен алып тастады. Дәрігер бөгде денені алып тастағаннан соң көзге 30% сульфацил-натрий ерітіндісін немесе 0,25% левомицетин ерітіндісін тамызды және қасына альбуцид майын жақты. Мүйізді бөлігінде қарайған түзіліс және доғал бұлдырау бар. Жарақаттың ауырсыну дәрежесін анықтаңыз:

A. Ерекше ауыр

B. Орташа дәрежелі ауырсыну

C. Өте ауыр дәрежелі ауырсыну

D. Ауыр дәрежелі

E. Жеңіл дәрежелі ауырсыну

4.37 жастағы А. есімді науқас ЖТД-ге оң көзінің ауырсынуына, кірпігінің түсуіне және қышуына шағымданып келді. Анамнезінде белгілі болғандай науқас соңғы кездері линза тағуды бастаған және өз бетінше емделген. Объективті: қастың айналасы көпіршік тәрізді қызырған, қышу сезімі бар. ЖТД гельминтке тексеруге жолдама берді, салауатты өмір салтын сақтауға және асқазан- ішек жолының жұмысын жақсарту шараларын жасауды ұсынды. Жергілікті ем: айқын қышу сезімі болған жағдайда қастың айналасына 0,5-1% гидрокортизон майын және қастың төменгі бөлігіне 2-3 рет корнерегель майын тағайындады. Жалпы тәжірибелік дәрігер клиникалық мәліметтердің қортындысына қарап блефарит диагнозын қойды. Науқаста блефариттің қандай түрі?

A. Жаралы блефарит

B. Чешуйчаталы блефарит

C. Қас айналуы

D. Аллергиялық блефарит

E. Жәй блефарит

5.Сізге 64 жастағы науқас оң жақ қабырға аймағының ауырсынуына, қалтырауға, жоғары температураға, бірақ, таңертеңгілік уақытта температураның түсетініне шағымданады. Жедел жәрдем шақырған, жедел жәрдем дәрігері укол салған соң температура түскен. Науқас 4-5 сағаттай ұйықтай алған. Өт айдайтын дәрілермен өз бетінше емделген. Анамнезінде: отбасы жағдайына байланысты науқас оперативті емнен көп уақытқа дейін бас тартқан. Объективті: жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші яғни оң жақ қабырға аймағы ауырсынады, өт қабы пальпацияланады. Кера, Курвуазье, Георгиевский- Мюссе Ортнера симптомдары оң мәнді. Пульс 108 рет/мин., лейкоцитоз 18х109/л, билирубин 46,4 мкмоль/л.. Науқастың жағдайының нашарлау себебін көрсетіңіз:

A. Өт қабының перфорациясы

B. Бауырдың абсцесі

C. Іріңді холангит

D. Жедел панкреатит

E. Холецисто-дуоденальды жылынкөз (свищ)

6. 72 жастағы науқасты туыстары ішінің ауырсыну сезіміне, желдің жиналуына, үлкен дәретінің шықпауын айтып емханаға жеткізді. Айтулары бойынша түннен бері ауырады, таңға жақын жедел жәрдем шақырғысы келген, бірақ телефон жасамауына байланысты шақыра алмаған. Анамнезінде ішінің жабық жарақатына байланысты операция жасалынған. Іштің ортаңғы сызығы бойында тері түсі өзгермеген біріншілік тарттырумен бітіскен қатайған тыртық байқалады. Объективті: тілі қара қою жамылғымен жабылған, құрғақ. Іші ұлғайған, асимметриялы. Кивуля және Мондора симптомдары оң мәнді. Дәрігер ішек өткізбеушілігі диагнозын тағы қандай симптомға сүйене отырып қойды?

A. Шимане- Дансе симптомы

B. Мондора симптомы

C. Тэвенара симптомы

D. Валя симптомы

E. Кивуля симптомы

7.Емхана жағдайында хирургтың бақылауында долихосигма диагнозымен «Д» есепте тұрған науқаста ішінің ауырсынуы байқалған. Үйге жалпы тәжірибелік дәрігерін шақыртқан. Науқастың айтуы бойынша 3 сағаттан бері ауырады: жел шықпауына, үлкен дәретінің бір тәулік бойы болмауына шағымданады. Құсу болмаған. Науқас отбасы және жекеменшік мекемедегі жұмысына байланысты долихосигма диагнозы бойынша жоспарлы операция жасаудан бас тартқан. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Қарау барысында іші аздап үрілген. Склярова –«шылпыл шуы», Тэвенаре – «аққан тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомы– оң мәнді. Тік ішектен қарау кезінде Обуховский аурухана симптомы оң мәнді. Хирург үй жағдайында қандай симптомды ең соңынан тексеру керек.

A. Шимане- Дансе симптомы

B. Тэвенара симптомы

C. Цеге- Мантейфеля

D. Обуховский аурухана симптомы

E. Валя симптомы

8.70 жастағы 2 ай бұрын инфаркт миокардын басынан өткерген науқаста ішінің ауырсынуы байқалған. Кардиологта ЖИА диагнозы бойынша «Д» есепте тұрады. Науқас өзін бірнеше сағат бұрын ішінің барлық бөлігі ауырсынғанда, желдің шығуы қиындағанда, үлкен дәреті бір рет ботқа тәрізді болып шыққан сәттен бастап аурумын деп санайды. Құсу болмаған. Іші қалыпты пішінде, пальпацияда жұмсақ. Қарау барысында: Склярова –«шылпыл шуы», Тэвенаре – «аққан тамшы» және «жарылған көпіршіктер», «Обуховской аурухана» симптомдары теріс мәнді. Цега- Мантейфеляны тексеру қажеті жоқ болды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

A. Жедел түрде ЭКГ жасау

B. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек тағайындау

С. Ауруханаға госпитализациялау

D. Спазмалитиктер тағайындау

Е. Үй жағдайында бақылау

9. ЖТД-не 35 жастағы аяқтағы тромбофлебит диагнозымен «Д» есепте тұратын науқастан шақырту келіп түсті. Науқас хирургпен бірге қаралды. Ішінің ауырсынуына, керілуіне, желдің шықпауына, іш қатуына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша таңертеңгілік тік ішектен кілегейлі- іріңді «малина түсті қоймалжың» бөлініс бөлінген. Хирург ішек өткізбеушілігі диагнозына күмәнданып тік ішек арқылы тексерген. Аускультацияда «аққан тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомдары естіледі. Жедел түрде протромбин индексі анықталды. Мөлшері 120, ұю жылдамдығы 2 минут. Аталған мәліметтер қандай ауруға тән?

A. Өт-тас ауруына

B. Жедел ішек өткізбеушілігіне

C. Ішек обырына

D. Вирсунгова өткізгішінің тасына

Наши рекомендации