Тақырып: Нефрологиядағы негізгі симптомдар мен синдромдар
Нефрология модулі
Нефрология» пәні бойынша 7 курс интерн-терапевтерге арналған тесттік тапсырмалар
Тақырып: Нефрологиядағы негізгі симптомдар мен синдромдар
#1
*!17 жасар науқас баспамен ауырғаннан кейін 2 апта өткен соң несебінің «ет жуындысы» сияқты түске енуіне шағымданды. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысында несеп «ет жуындысы» тәрізді түске ие болады:
*Нефролитиазда
*Қант диабетінде
*+Гломерулонефритте
*Механикалық сарғаюда
*Жедел гемолитикалық анемияда
#2
*!22 жасар науқаста нефротикалық синдромға күдік. Төмендегі иммунологиялық зерттеулердің қайсысы гломерулалық аурулардың дифференциалды диагностикасында мейілінше ақпаратты аз береді?
*Жалпы комплемент, С3, С4
*Антинуклеарлық антиденелер (ANA)
*ДНҚ-ң қос спираліне антиденелер
*+Айналымдағы иммундық кешендерге антиденелер
*Антинейтрофильді цитоплазматикалық антиденелер (p-, c-ANCA)
#3
*!20 жастағы науқаста нефритикалық синдромға күдік. Осы кезде дамыған артериалды гипертензияның даму механизмі қандай?
*Жүрекшелік натрийурездік пептид өндірілуінің төмендеуі
*Антидиурездік гормонның дұрыс емес өндірілуі
*Белок өндірілуінің төмендеуі және гипопротеинемия
*Активация системы простагландиндер жүйесінің белсенуі
*+Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі
#4
*!20 жастағы науқаста нефритикалық синдромға күдік. Қандай несептік синдром осы синдромға мейілінше тән?
*Гематурия, лейкоцитурия
*Гематурия, балауызды цилиндрлер
*Гематурия, гиалиндік цилиндрлер
*Гематурия, лейкоцитарлық цилиндрлер
*+Гематурия, эритроцитарлық цилиндрлер
#5
*!18 жасар науқаста нефритикалық синдромға күдік. Осы кездегі ісінудің сипаты қандай?
*Асцит
*Қамыр тәріздес
*Айқын, жылжымалы
*+Тығыз, болмашы
*Жайылған, ауқымды
#6
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Несептік синдромда қандай өзгеріс мейілінше анықталады?
*Протеинурия, гематурия
*Гематурия, гиперстенурия
*Лейкоцитурия, бактериурия
*Ауқымды протеинурия, липидурия
*+Өзекшелік протеинурия, гипостенурия
#7
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Тексергенде: АҚ 110/70 мм с.б., ісіну және макрогематурия жоқ. Зертханалық тексеру: ЖҚТ – Нв 113 г/л, Тр 220 тыс, Ле 10 тыс, с 56%, л 30%, м 3%, э 11%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Б/хҚТ: ж. белок 62 г/л, холестерин 5,0 ммоль/л, креатинин 154 мкмоль/л, мочевина 10,6 ммоль/л, калий 4,9 ммоль/л, қант 3,7 ммоль/л. ЖНТ: 1005, белок 0,66 г/л, Ле 10-12, Эр 8-10 к/а, гиалиндік цилиндрлер 2-3 к/а. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Нефротикалық синдром
*Оқшауланған несептік синдром
*Жедел нефритикалық синдром
*+Жедел тубулоинтерстициалдық нефрит
*Тез үдейтін гломерулонефрит
#8
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Тексергенде: АҚ 110/70 мм с.б., ісіну және макрогематурия жоқ. Зертханалық тексеру: ЖҚТ – Нв 113 г/л, Тр 220 мың, Ле 10 мың, с 56%, л 30%, м 3%, э 11%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Б/хҚТ: ж. белок 62 г/л, холестерин 5,0 ммоль/л, креатинин 154 мкмоль/л, мочевина 10,6 ммоль/л, калий 4,9 ммоль/л, қант 3,7 ммоль/л. ЖНТ: менш. салм. 1005, белок 0,66 г/л, Ле 10-12, Эр 8-10 к/а, гиалинді цилиндрлер 2-3 к/а. Қандай көрсеткіш мейілінше оң болады?
*ANA, dsDNA-ға антиденелер
*+Иммуноглобулин Е
*Комплемент С3, С4
*Иммуноглобулин А
*АСЛО
#9
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Тексергенде: АҚ 110/70 мм с.б., ісіну және макрогематурия жоқ. Зертханалық тексеру: ЖҚТ – Нв 113 г/л, Тр 220 мың, Ле 10 мың, с 56%, л 30%, м 3%, э 11%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Б/хҚТ: ж. белок 62 г/л, холестерин 5,0 ммоль/л, креатинин 154 мкмоль/л, мочевина 10,6 ммоль/л, калий 4,9 ммоль/л, қант 3,7 ммоль/л. ЖНТ: менш. салм. 1005, белок 0,66 г/л, Ле 10-12, Эр 8-10 к/а, гиалинді цилиндрлер 2-3 к/а. Қандай зерттеу диагноз қоюға мейілінше шынайы мүмкіндік береді?
*КТ
*МРТ
*Бүйрек УДЗ
*Вена ішілік урография
*+Бүйрек биопсиясы
#10
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Тексергенде: АҚ 110/70 мм с.б., ісіну және макрогематурия жоқ. Зертханалық тексеру: ЖҚТ – Нв 113 г/л, Тр 220 мың, Ле 10 мың, с 56%, л 30%, м 3%, э 11%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Б/хҚТ: ж. белок 62 г/л, холестерин 5,0 ммоль/л, креатинин 154 мкмоль/л, мочевина 10,6 ммоль/л, калий 4,9 ммоль/л, қант 3,7 ммоль/л. ЖНТ: менш. салм. 1005, белок 0,66 г/л, Ле 10-12, Эр 8-10 к/а, гиалинді цилиндрлер 2-3 к/а.
Осы жағдайда қандай салдар мейілінше ықтимал БОЛМАЙДЫ?
*+Тез үдейтін ГН
*Айығу
*БЖЗ, 3 сатысы
*БЖЗ, 4 сатысы
*БСА
#11
*!25 жастағы әйел. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*+Цистит
*Жедел пиелонефрит
*Несеп-тас ауруы
*Симптомсыз бактериурия
*Тубулоинтерстициалдық нефрит
#12
*!25 жастағы әйел. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?
*Тиенам 1,5 г/тәул, б/е
*Цефтриаксон 1 г/тәул, б/е
*+Фосфомицин 3 г/тәул, p/os
*Гентамицин 80 мг/тәул, б/е
*Азитромицин 500 мг/тәул, p/os
#13
*!30 жастағы әйел жиі ауру сезімімен несеп шығаруға, қасаға үстіндегі ауру сезіміне, жиі императивті шақыруларға шағымданады Анамнезінен: дизуриялық көріністер соңғы бірнеше жылда жылына 4-6 ретке дейін мазалайды. Қандай зерттеу жағдайдың ауырлығын мейілінше шынайы бағалауға және диагноз қоюға мүмкіндік береді?
*УДЗ, Несеп-тас ауруы
*Цистография, қуық-несепағар рефлюксі
*+Цистоскопия, лейкоплакия
*Вена ішілік урография, гидронефроз
*Нефросцинтиграфия, нефросклроз
#14
*!23 жасар қыз дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, температура 39,5◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия +++. Мыналардың қайсысы осы аурудың дамуының ең ықтимал себебі?
*+E. Coli
*Proteus
*Citrobacter
*Ps. aerouginosa
*Staphylococcus
#15
*!20 жасар науқас әйел, беліндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: температура 36,0◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды. Дизурия жоқ. Зертханалық талдаулар: қанда Нв 122 г/л, Ле 7,8х109 г/л; Несепте: белок – жоқ, менш.салм. 1020, жалпақ эпителий 8-10 к/а, лейкоциттер бірен-саран, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 130 мл/мин. Бүйрек УДЗ: өлшемдері ОБ 11х3,5, СБ 11,5х3,9 см, АТЖ-ң «деформациясы». Бүйрек УДЗ-індегі көрсеткіштерді бағалаңыз.
*+Патологиялық өзгерістер жоқ
*Несеп жолдарының туа біткен ақауы
*Созылмалы пиелонефриттің белгілері
*Несеп-тас ауруын білдіреді
*Жедел пиелонефритті көрсетеді
#16
*!27 жасар жүкті әйел, 5 жылдан бері қант диабетінен зардап шегеді. Мына симптомдардың қайсысы антибактериалдық емді тағайындауға көрсеткіш болып табылады?
*Полиурия
*Глюкозурия
*Гиперизостенурия
*Артериалдық гипертония
*+Симптомсыз бактериурия
#17
*!Қант диабетінің 2 типімен және АГ-мен ұзақ уақыттан бері ауыратын 75 жастағы науқаста протеинурия 1,8 г/тәул. және гиперкреатинемия 180 мкм/л анықталды. Бұл науқасқа міндетті түрде қандай ұсыныс берілуі керек?
*Гемодиализ
*Цитостатиктер
*Преднизолон
*Бүйрек трансплантациясы
*+ААФ ингибиторлары (ШСЖ мен АҚ бақылай отырып)
#18
*!53 жасар науқас, бірінші рет анықталған АГ (150/90 мм с.б.) анықталуына байланысты диагностикалық тексеруден өтті. Нысана-мүшелердің зақымдалғанын көрсететін белгі:
*Жоғарғы тығыздықтағы липопротеиндер > 1,2 ммоль/л
*+Креатинин 120 мкмоль/л
*Қандағы холестерин 5,9 ммоль/л
*Қант ашқарынға 5,5 ммоль/л
*Көздің тор қабығының артериясының диффузды тарылуы
#19
*!20 жастағы науқас. Бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм с.б. Қан талдауында: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л. ЖНТ: белок 6,5 г/л, Ле және Эр 0-1 к/а. Осы кезде дамыған гипотензияның даму механизмі қандай?
*Эндокриндік бұзылыстар
*Жүрек лақтырысының бұзылысы
*Нейрогендік белсенділіктің бұзылысы
*+Тамыр ішілік көлемнің азаюы
*Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі
#20
*!Артериалды гипертония деп саналады, егер АҚ деңгейі мына мәндерге тең болса және одан жоғары болса:
*120/70 мм с.б.
*130/80 мм с.б.
*135/85 мм с.б.
*+140/90 мм с.б.
*150/95 мм с.б.
#21
*!28 жастағы әйел әлсіздікке, бас ауыруына, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: бұрындары гипертониялық криздің көрінісі болған, бірақ тексерілмеген. Қарағанда: ісіну жоқ, АҚ 150/100 мм с.б. Қандай зертханалық тексерулер бұрыннан келе жатқан артериалды гипертензияны дәлелдейді?
*+Протеинурия
*Лейкоцитурия
*Микрогематурия
*Жылдамдаған ЭТЖ
*Темір тапшылықты анемия
#22
*!18 жасар қызда эссенциалды артериалды гипертензия анықталды. Эссенциалды АГ дамуының қандай гипотезасы бүйректің қатыстылығын ескереді?
*+Олигонефрония
*Бүйрек гипоплазиясы
*Натрий шығарылуының бұзылысы
*Адреналин шығарылуының бұзылысы
*Прессорлық және депрессорлық жүйенің дисбалансы
#23
*!Артериалды гипертензияның дамуы бойынша қауіп тобы:
*Анемиясы бар науқас
*Анорексиямен науқас
*Амилоидозбен науқас
*+Қант диабетімен науқас
*Төменгі несеп жолдарының инфекциясымен науқас
#24
*!40 жасар науқас әйел клиникаға 200/110 мм.с.б. АҚ-мен түсті. Стандартты антигипертензиялық ем сәтсіз. Зертханалық мәліметтер бойынша айқын гипокалиемия мен болмашы гипернатриемия анықталды. Конн ауруына күдік бар. Осы ауру кезіндегі артериалды гипертензияның даму механизмі қандай?
*Нефросклероз
*Гипоренинемия
*Гипоальдостеронизм
*+Гиперальдостеронизм
*Адреналиннің жоғары деңгейі
#25
*!65 жасар науқас әйел, 30 жылдан астам АГ-дан зардап шегеді, нефрологтың амбулаторлық қабылдауында несебіндегі «нашар» нәтижелерге шағымданды (эритроцит, белок). Жедел гломерулонефрит деген болжам диагнозбен нефрологқа жіберілді. Тексергенде: ісіну жоқ, ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, көз түбінде көздің торлы қабығының гипертониялық ангиопатиясының белгілері. ЖҚТ: қалыпты, ЖНТ – эритроциттер дисморфты 1-2 к/а, лейкоциттер 2-4 к/а, белок 0,99 г/л, Б/х – креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 12 ммоль/л, жалпы белок 70г/л, альбумин 35г/л, холестерин 6,6ммоль/л, қант 4,0ммоль/л. Несептік синдромның мейілінше шынайы себебі қандай?
*Несеп-тас ауруы
*Несеп жүйесінің инфекциясы
*+Гипертониялық нефропатия
*Паранеопластикалық нефропатия
*Тез үдейтін гломерулонефрит
#26
*!65 жасар науқас әйел, 30 жылдан астам АГ-дан зардап шегеді, нефрологтың амбулаторлық қабылдауында несебіндегі «нашар» нәтижелерге шағымданды (эритроцит, белок). Жедел гломерулонефрит деген болжам диагнозбен нефрологқа жіберілді. Тексергенде: ісіну жоқ, ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, көз түбінде көздің торлы қабығының гипертониялық ангиопатиясының белгілері. ЖҚТ: қалыпты, ЖНТ – эритроциттер дисморфты 1-2 к/а, лейкоциттер 2-4 к/а, белок 0,99 г/л, Б/х – креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 12 ммоль/л, жалпы белок 70г/л, альбумин 35г/л, холестерин 6,6ммоль/л, қант 4,0ммоль/л. Қандай тактика мейілінше оңтайлы болып табылады?
*Кардиопротекторлар
*Антибиотиктер тағайындау
*Қосымша статиндер тағайындау
*Стероидты ем көрсетілген
*+Гипотензивті емді түзеу
#27
*!30 жастағы науқас. Бетінің, алдыңғы құрсақ қабырғасының, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: ісінулер анасаркаға дейін. АҚ 85/40 мм с.б. Қан талдауында: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 10,8 ммоль/л. ЖНТ: белок 6,5 г/л, Ле және Эр 0-1 к/а. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Нефритикалық синдром
*+Нефротикалық синдром
*Оқшауланған несептік синдром
*Тубулоинтерстициалды нефрит
*Тез үдейтін гломерулонефрит
#28
*!Эссенциалды гипертониямен, қант диабетімен, 2 жақты ҚНР-мен науқастарда аздаған альбуминурияның дамуының әмбебап механзмі қандай?
*Бүйрек тамырларының тромбозы
*Иммунокомплекстік
*+Гиперфильтрация
*Аутоимундық
*Амилоидоз
#29
*!Науқаста гематурия, протеинурия және тез өсіп жақтан креатининемия анықталды. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*+Тез үдейтін гломерулонефрит
*Нефротикалық-нефритикалық синдром
*Нефротикалық синдром
*Нефритикалық синдром
*Оқшауланған несептік синдром
#30
*!Бүйректің ауыр зақымдалғанын көрсететін синдром?
*Нефротикалық
*Нефритикалық
* Оқшауланған несептік синдром
*Тубуло-интерстициалды
*+Нефротикалық-нефритикалық
#31
!Өзекшелік(тубулярлық) протеинурияны мынаның несеппен көп мөлшерде бөлінуі көрсетеді:
*Парапротеиндердің
*Альбуминнің 1 г/тәул
*Альбуминнің 3 г/тәул
*Альбуминнің 30 мг/тәул
*+В2-микроглобулиннің
#32
*!Микрогематуриямен науқаста эритроциттердің формасын анықтау мақсатында мына көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысының дифференциалдық диагностикалық маңызы зор?
*+Несеп тұнбасының микроскопиясы
*Бүйрек пен қуықтың УДЗ-і
*Бүйректің КТ-сы
*Протеин/креатининдік коэффициент
*Альбумин/креатининдік коэффициент
#33
*!Асцитпен, гипоальбуминемиямен, аздаған протеинуриямен науқаста ісіну синдромының себебін іздеу үшін қандай қарапайым зерттеу әдісін орындау керек?
*Бүйрек биопсиясы
*Бауыр биопсиясы
*+Коагулограмма
*Жалпы холестерин
*Тәуліктік протеинурия
#34
*!Науқаста айқын ісіну, гипоальбуминемиямен, гиперхолестеринемия, протеинурия 1,5 г/л болған жағдайда нефротикалық синдромның критерийлерін толықтыру үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
*Бүйрек УДЗ
*Коагулограмма
*Липидтер фракциясы
*+Тәуліктік протеинурия
* Несеп тұнбасының микроскопиясы
#35
*!28 жастағы науқаста суықтағаннан кейін дене қызуы 39С дейін жоғарылап, соған байланысты Ибупрофен қабылдаған. Тәуліктің соңында әлсіздік, бетінде бөртпе пайда болды, келесі күні аяқтары ісінді, несебі азайды. Қабылдау бөлімшесінде алынған талдауларда: креатинин 250 мкмоль/л, мочевина 12 ммоль/л, несебінде – лейкоцитурия және гематурия. Қанда: ЭТЖ 35 мм/сағ., Нв 145 г/л, Л 12 х 10 9/л, эозинофилдер 10%. Осы жағдайға әкелген мейілінше ықтимал себеп?
*Жедел пиелонефрит
*Чардж-Стросс синдромы
*Жедел гломерулонефрит
*+Жедел интерстициалды нефрит
*Жайылған герпестік инфекция
#36
*!40 жасар емделуші, жыл сайынғы профилактикалық қараудан өтуде. Қарағанда: салмағы 60 кг, бойы 165 см, антигипертензивті препараттар қабылдау фонында АҚ 130/80 мм с.б., шеткері ісінулер жоқ. Зертханалық: Нв 135г/л, ЭТЖ 10мм/сағ, протеинурия жоқ, несеп тұнбасының микроскопиясы патологиясыз, қандағы креатинин 88 мкмоль/л. Қандай тактика бірінші кезекте жүргізіледі?
*ЭКГ-ға жіберіледі
*Окулистің кеңесі
*Бүйрек УДЗ-не жіберу
*Альбуминурияға тексеру
*+ШСЖ есептеу және бүйрек қызметін бағалау
#37
*!Қант диабетінің 2 типімен науқас эндокринологта 5 жылдан бері бақылауда. Науқаста диабеттік нефропатияның ерте сатысын анықтау мақсатында тұрақты түрде қандай тексеру жүргізіп отыру керек?
*ШСЖ есептеу
*Несептің жалпы талдауы
*Қан сарысуының креатинині
*Протеин/креатининдік коэффициент
*+Альбумин/креатининдік коэффициент
#38
*!Бірінші рет анықталып отырған артериалды гипертензиямен жас науқасқа АГ-ң себебін табу үшін қандай тексеру жүргізу керек?
*Қан креатинині
*Эхокардиография
*Көз түбін қарау
*+Бүйрек тамырларының УДДГ-сы
*Қандағы қант деңгейі
#39
*!18 жасар науқаста ЖРВИ фонында болмашы протеинурия мен лейкоцитурия (8-10 к/а) анықталған жағдайда қандай тактика қолданған мейілінше дұрыс?
*Бүйрек УДЗ-ін жасау
*Несепті бак. себу
*Қуықтың УДЗ-ін жасау
*Антибиотик тағайындау
*+ЖРВИ-дан кейін несеп талдауын қайталау
#40
*!Ер кісі 30 жаста. Кездейсоқ АҚҚ өлшегенде 130/85 мм.с.б. болды. Анамнезінде бүйрек ауруына сілтемелер жоқ. Әкесінде АГ. Тәулігіне 1 қорап темекі тартады. Зертханалық көрсеткіштердің нәтижелері патологиялық өзгеріссіз. Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?
*Ас тұзын шектеу + Темекіден бас тарту + ААФи
*Ас тұзын шектеу + Тиазидті диуретик
*Темекіден бас тарту + Тиазидті диуретик + ААФи
*Ас тұзын шектеу + Темекіден бас тарту + Тиазидті диуретик
*+Темекіден бас тарту + Ас тұзын шектеу + Физикалық белсенділік
#41
*!40 жастағы науқас. 12 жыл бойы қант диабетінің 2 типімен ауырады, пероралды қант төмендететін препараттар алады. Қандағы қант 7,0 ммоль/л. АҚ 120/80 мм с.б. ШСЖ 150 мл/мин, протеинурия 0,5 г/тәул. Сіз қандай ұсыныстар берер едіңіз?
*Белокты тағаммен шектеу
*Инсулинге ауыстыру
*Балық майын тағайындау
*+ААФи тағайындау
*Сұйықтық қабылдауды шектеу
#42
*!Амбулаторияда қабылдауда науқаста АҚ 180/100 мм с.б. тіркелді. Шағымы жоқ. Шұғыл көмек көрсету этапында қандай препарат қолдану керек?
*+Нифедипин тіл астына, кушеткаға жатқызу керек
*Спазмолитиктер вена ішіне, кушеткаға жатқызу керек
*Эналаприл вена ішіне, ауруханаға жіберу керек
*Каптоприл тіл астына, кушеткаға жатқызу керек
*Фуросемид вена ішіне, ауруханаға жіберу керек
#43
*!30 жасар науқаста нефротикалық синдром. Ісінумен күресу мақсатында мейілінше тиімді тактика қандай?
*+Ілмектік диуретик
*Тиазидті диуретик
*Қатаң сұйықтық режимі
*Калий-сақтаушы диуретик
*Ас тұзын шектеу
#44
*!Егде ер адамдағы несептің жедел жүрмей қалуының мейілінше ықтимал себебі қандай?
*Пререналді БЖЗ
*Артқы уретраның клапаны
*Несеп-тас ауруы
*Несепағардың стриктурасы
*+Қуық асты безінің гиперплазиясы
#45
*!Нефротикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизміне заманауи көзқарас:
*+Гиперволемия, натрий мен судың ұсталуы
*Белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия
*Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі
*Антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы
*Жүрекшелік натрийурездік пептид синтезінің төмендеуі
#46
*!Ревматоидты артритпен ауыратын 17 жастағы науқаста созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит болжанды. Бұл жағдайға қандай көріністер мейілінше тән емес?
*Полиурия, полидипсия
*+Ісіну және артериалды гипертензия
*Гипо-, изостенурия, тубулярлық протеинурия
*Анемияның, өзекшелік дисфункцияның ерте дамуы
*Сүйектік-минералдық бұзылыстар және физикалық дамуының артта қалуы
#47
*!Тәуліктік протеинурияны (мг/дл) сандық анықтаудың мейілінше замаауи әдісі:
*Белоктың несеп калийіне қатынасы
*Белоктың несеп натрийіне қатынасы
*Белоктың несеп кальцийіне қатынасы
*Белоктың несеп фосфатына қатынасы
*+Белоктың несеп креатининіне қатынасы
#48
*!Несеп талдауындағы қандай көрсеткіш бүйректің шумақшалық зақымдалуының ерте индикаторы болып табылады?
*Протеинурия
*+Альбуминурия
*Эритроциттер к/а 5-ке дейін
*Лейкоциттер к/а 4-6-ға дейін
*Белоктың несеп креатининіне қатынасы 0,2
#49
*!Несеп протеомикасы мына жағдайларды ажыратуға мүмкіндік береді:
*Васкулиттерді
*Гломерулопатияларды
*Несеп жолдарының инфекциясын
*Тубулоинтерстициалді нефриттерді
*+Бүйректің зақымдалуымен байланысты көптеген ауруларды
#50
*!46 жастағы науқаста бүйректің созылмалы ауруына күдік. Бүйректің қандай екі негізгі қызметін анықтаудың тәжірибелік маңызы зор?
*Сұйықтық көлемі мен плазма осмолялдығын анықтау
*Кальций, фосфор және паратгормон деңгейлерін анықтау
*+Шумақшалық және өзекшелік қызметтерді анықтау
*Гематокрит пен эритроциттер санын анықтау
*D дәрумені мен альдостерон деңгейін анықтау
#51
*!Қант диабеті мен артериалды гипертензиямен ауыратын (бүйректің қызметі сақталған) 56 жасар науқасқа антигипертензивті препарат ретінде міндетті түрде тағайындалады:
*Бета-блокаторлар
*+ААФ ингибиторлары
*Тиазид тәріздес диуретиктер
*Кальций каналдарының блокаторлары
*Орталық әсерлі антигипертензивті препараттар
#52
*!23 жасар жас жігітте өкпе туберкулезі. Химиотерапия алады: рифампицин, изониазид және пиразинамид. 4 апта соң қызбаға, бұлшық еттерінің ауыруына және әлсіздікке шағымданды. Тексергенде қан талдауында: Нв 88 г/л, Тр 350 х 109/л, Ле 7,5х109/л, с 55%, л 30%, м 3%, э 12%. Биохимия: альбумин 39 г/л, Na 141, калий 5,1, мочевина 27,9, креатинин 400 мкмоль/л, билирубин 7 мкмоль/л, АСТ 31 МЕ/л, сілтілі фосфатаза 97 МЕ/л. ЖНТ: белок +, микроскопия – лейкоциттер 8-10 к/а. Несептің бак.себуі – теріс. Төменде көрсетілгендердің қайсысы бүйрек жеткіліксіздігінің мейілінше шынайы себебі болып табылады?
*Безгек
*Рабдомиолиз
*Бүйрек туберкулезі
*Изониазидпен улану
*+Жедел интерстициалді нефрит
#53
*!49 жастағы әйел соңғы 10 күн бойы бронхопневмонияға байланысты ауруханада болды. Біріктірілген антибиотикотерапия алады. Соңғы 2 күнде қалтырау, қызба және арқасында бөртпе пайда болды. ЖҚТ: эозинофилия 12% дейін, HbA1c -2%. ЖНТ: белок 3+. Бүйрек патологиясының болмағандығын айтады. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*IgA-нефропатия
*Жедел тубулярлық некроз
*Жедел сарысулық ауру
*Стрептококктан кейінгі гломерулонефрит
*+Медикаментозды интерстициалді нефрит
#54
*!45 жастағы ер адам бүйірінің қатты шаншып ауыруына және макрогематурияға байланысты келді. Соңғы бірнеше айда аяқтарының іскенін айтты. Тексергенде несебінде белок пен креатининнің қатынасы 3,9. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай шара жүргізу керек?
*Вена ішілік урография
*Вена ішіне фуросемид
*Антимикробтық ем
*АСЛО титрін анықтау
*+Бүйрек УДЗ және тамырлар допплерографиясы
#55
*!45 жастағы ер адам бүйірінің қатты шаншып ауыруына және макрогематурияға байланысты келді. Соңғы бірнеше айда аяқтарының іскенін айтты. Тексергенде несебінде белок пен креатининнің қатынасы 3,9. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*Несеп-тас ауруы
*IgA-нефропатия
*+Бүйрек веналарының тромбозы
*Шенлейн-Генох пурпурасы
*Стрептококктан кейінгі гломерулонефрит
#56
*!18 жастағы науқас студент, бетінің, аяқтарының ісінуіне, бас ауруына, белінің сыздап ауыруына, жалпы әлсіздікке, лайлы қызғылт зәрдің пайда болуына шағымданады. Осы шағымдар 3 күннен бері мазалауда. Тұмаумен, 2 апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда: t 37,7°С. Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Беті ісіңкі, балтыры мен табанында ісіктер бар. АҚ 165/100 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды. Соққылау симптомы екі жақта да әлсіз оң. Зертханалық талдауларда қандай өзгерістер мейілінше күтіледі?
*Лейкоцитурия, бактериурия
*Протеинурия 0,33 г/л, гиперхолестеринемия
*+Гематурия, протеинурия 2 г/тәул, гиперазотемия
*Протеинурия 0,099 г/л, лейкоцитурия, гематурия
*Протеинурия 3,5 г/тәул, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия
#57
*!Науқас әйел 68 жаста, мамандығы экономист, бел омыртқасының қатты ауыруына, ұзақ уақытан бергі субфебрилді температураға, арықтауына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: осы шағымдар 1 жылдан бері мазалайды және олар күшейіп жатыр. Амбулаторлы тексергенде: протеинурия 0,5-3 г/тәул, ЭТЖ 50 мм/сағ. Ауруханада: жағдайы орта ауырлықта, беті, балтыры ісіңкі, бас сүйектерін, қабырғаларын соққылағанда ауырады, тыныс жиілігі минутына 18, ЖЖЖ минутына 80, АҚ 120/80 мм с.б., іші жұмсақ, ауырмайды, дизурия белгілері жоқ. Қанда: Нв 75 г/л, ЭТЖ 70 мм/сағ. Креатинин 400 мкмоль/л, ж. белок 80 г/л, гамма-глобулиндер 35%. Несебі: менш.салм. 1005-1012, тәул. протеинурия 6 г, Бенс-Джонс белогы табылды. Рентгенологияда – бас сүйектерінде, қабырғаларында остеолитикалық ошақтар. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*+Миеломдық ауру
*Нефротикалық синдром
*Нефритикалық синдром
*Тубулоинтерстициалды нефрит
*Тез үдейтін гломерулонефрит
#58
*!35 жастағы науқас әйел, жалпы әлсіздікке, жүрегінің айнуына, оқтын-оқтын басының ауыруына шағымданады. Бұрынырақ несеп талдауында протеинурия байқалып отырған. Қарағанда беті домбыққан, АҚ 170/110 мм с.б., жүрек үндері ырғақты, қолқа үстінде II тонның акценті. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ. Талдауларда: ЖҚТ эр. - 3,0х10/л, Нв - 100 г/л, лейк. - 7,8х10/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ; креатинин 250 мкмоль/л, ШСЖ 30 мл/мин. ЖНТ: менш.салм. - 1002, белок - 1,0 г/л, лейк. - 4-5 к/а., эр - 5-8 к/а, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер. ЭКГ-да – сол қарыншаның гипертрофиясы. УДЗ-де қандай өзгерістер мейілінше күтіледі?
*+Бүйрек өлшемдерінің кішіреюі
* Бүйрек өлшемдерінің ұлғаюы
* Бүйрек өлшемдері қалыпты
*Пиелоэктазия
*Гидронефроз
#59
*!35 жастағы науқас әйел, жалпы әлсіздікке, жүрегінің айнуына, оқтын-оқтын басының ауыруына шағымданады. Бұрынырақ несеп талдауында протеинурия байқалып отырған. Қарағанда беті домбыққан, АҚ 170/110 мм с.б., жүрек үндері ырғақты, қолқа үстінде II тонның акценті. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ. Талдауларда: ЖҚТ эр. - 3,0х10/л, Нв - 100 г/л, лейк. - 7,8х10/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ; креатинин 250 мкмоль/л, ШСЖ 30 мл/мин. ЖНТ: менш.салм. - 1002, белок - 1,0 г/л, лейк. - 4-5 к/а., эр - 5-8 к/а, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер. Бүйрек УДЗ: бүйректер d 7,8-4,0 см, паренхимасы жұқарған, біршама тығыз - 0,9 см, қыртысты және милы қабаттың арасында дифференциация жоқ. АТЖ қалыпты, бүйректердің жылжымалылығы қалыпты. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*Гипертониялық нефропатия
*+Гипертониялық нефросклероз
*Паранеопластикалық нефропатия
*Тубулоинтерстициалды нефрит
*Тез үдейтін гломерулонефрит
#60
*!Ауруханаға 24 жасар науқас баспадан кейін пайда болған макрогематуриямен түсті. Креатинин деңгейі 180 мкмоль/л. Қандай тексеру әдісі стрептококктан кейінгі гломерулонефрит пен тез үдейтін гломерулонефритті ажыратуға көмектеседі?
*NGAL
*АНЦА
*АСЛ-О
*+Бүйрек биопсиясы
* С3, С4 комплементтері
#61
*!Стрептококктан кейінгі гломерулонефрит кезіндегі бүйрек шумақшаларының зақымдалу механизмдеріне жатады:
*АИК түзілуі және олардың мезангийге шөгуі
*Баяу жүретін асқан сезімталдық реакциясы
*+АИК түзілуі және олардың субэпителиалдық шөгуі
*Бүйрек шумақшаларының белоктарына аутоантиденелердің түзілуі
*Шумақшаларда моноциттердің қабыну цитокиндері мен лизистік белоктарын бөліп шығаруы
#62
*!26 жастағы науқас макрогематурияның пайда болуына шағымданады. Бұл белгі физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Қарағанда: ісіну жоқ, АҚ 120/70 мм с.б., дизурия жоқ. Зертханалық: несепте белок 0,066 г/л, Ле 5-6 к/а, эритроциты көп мөлшерде. Гломерулалық емес гематурия болжанған жағдайда бүйректің қандай зақымдалуы мейілінше ықтимал?
*IgА-нефропатия
*Альпорт синдромы
*Жұқа мембраналар ауруы
*+Несеп-тас ауруы
*Шенлейн-Генох нефриті
#63
*!35 жастағы науқас әйел, жалпы әлсіздікке, жүрегінің айнуына, оқтын-оқтын басының ауыруына шағымданады. Бұрынырақ несеп талдауында протеинурия байқалып отырған. Қарағанда беті домбыққан, АҚ 170/110 мм с.б., жүрек үндері ырғақты, қолқа үстінде II тонның акценті. Басқа ағзалар жағынан өзгеріс жоқ. Талдауларда: ЖҚТ эр. - 3,0х10/л, Нв - 100 г/л, лейк. - 7,8х10/л, ЭТЖ - 35 мм/сағ; креатинин 250 мкмоль/л, ШСЖ 30 мл/мин. ЖНТ: менш.салм. - 1002, белок - 1,0 г/л, лейк. - 4-5 к/а., эр - 5-8 к/а, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер. Бүйрек УДЗ: бүйректер d 7,8-4,0 см, паренхимасы жұқарған, біршама тығыз - 0,9 см, қыртысты және милы қабаттың арасында дифференциация жоқ. Сол бүйректің өлшемі 11,3-4,6 см, паренхима мен АТЖ қалыпты.
Реноваскулярлық гипертензияны дианостикалау үшін қандай зерттеу әдісі мейілінше ақпаратты болады?
*Бүйрек УДЗ
*Вена ішілік урография
*Ультрадыбыстық эхография
*Компьютерлік томография
*+Түсті допплерлік сканирлеу
#64
*!Анамнезінде қайталанып отыратын несеп жүйесінің инфекциясы мен артериалды гипертензия бар жасөспірімде қандай патологияны іздеу керек?
*Созылмалы цистит
*БСА-ң тез дамуы
*Жедел пиелонефриттің дамуы
*Қуықтың дисфункциясының дамуы
*+Рефлюкс-нефропатияның дамуымен ҚНР
#65
*!19 жасар жігітте жыл бойы АҚ-ң 140/90-150/100 мм с.б. дейін жоғарылауына байланысты бүйрек тамырларының стенозы болжанды. Бүйрек тамырларының зақымдалуының қандай морфологиялық субстраты мейілінше ықтимал?
*+Бүйрек артериясының қабырғасының фибромускулярлық гиперплазиясы
*Атеросклероздық табақшалар
*Бүйрек артериясының тромбозы
*Холестериндік эмболалар
*Сырттан қысылу
#66
*!60 жастағы науқас ұзақ уақыттан бері АГ-ден зардап шегеді. Антигипертензивті препараттарды жүйелі түрде қабылдамайды. Тексергенде: ісіну жоқ, ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, көз түбінде торлы қабықтың гипертониялық ангиопатиясының белгілері, ЖҚТ патологиясыз, ЖНТ – эритроциттер 1-2 п/з, лейкоциттер 2-4 п/з, белок 0,099г/л, Б/х – креатинин 80 мкмоль/л, мочевина 7,0 ммоль/л, ж. белок 72 г/л, альбумин 35г/л, холестерин 9,3 ммоль/л, қант 5,2 ммоль/л. Бүйрек тамырларының зақымдалуының қандай морфологиялық субстраты мейілінше ықтимал?
*Сырттан қысылу
*Холестериндік эмболалар
*Бүйрек артериясының тромбозы
*+Атеросклероздық табақшалар
*Бүйрек артериясының қабырғасының фибромускулярлық гиперплазиясы
#67
*!60 жастағы науқас ұзақ уақыттан бері АГ-ден зардап шегеді. Антигипертензивті препараттарды жүйелі түрде қабылдамайды. Тексергенде: ісіну жоқ, ЭКГ-да сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, көз түбінде торлы қабықтың гипертониялық ангиопатиясының белгілері, ЖҚТ патологиясыз, ЖНТ – эритроциттер 1-2 п/з, лейкоциттер 2-4 п/з, белок 0,099г/л, Б/х – креатинин 80 мкмоль/л, мочевина 7,0 ммоль/л, ж. белок 72 г/л, альбумин 35г/л, холестерин 9,3 ммоль/л, қант 5,2 ммоль/л. Қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?
*Диуретиктер қосу
*+Статиндер қосу
*Режим мен диетаны күшейту
*Препараттардың мөлшерін арттыру
*Кардиопротекторлармен біріктіру
#68
*!Ұзақ уақыттан бері инсулинге тәуелді қант диабетінен және нейропатиядан, ретинопатиядан зардап шегетін 52 жасар науқас әйел бетінің, аяқтарының ісінуіне, ентігуге, аузының құрғауына, жүрегінің айнуына шағымданаып ауруханаға түсті. Қарағанда: жағдайы ауыр, айқын ісіну, терісі қышиды, ТЖ минутына 26 рет, жүрек шекаралары солға ығысқан, қолқа үстінде 2 тонның акценті, АҚ 190/100 мм с.б., тілі құрғақ, бауыры 5-6 см. Олигурия. Зертханалық: ЖҚТ – Нв 90 г/л, глюкоза 20 ммоль/л, креатинин 500 мкмоль/л, холестерин 6,9 ммоль/л, альбумин 21 г/л. ЖНТ: менш. салм. 1002-1009, қант 1%, ацетон жоқ, Ле 2-3 к/а. Тәуліктік протеинурия 6,7 г. ШСЖ 20 мл/мин. Көз түбі: көру нервтерінің дискілері айқын емес, нүктелік қан құйылулар бар. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Бұл жерде қандай жағдай орын алып отыр?
*БЖЗ, диабеттік нефропатия
*БЖЗ, гипертониялық нефропатия
*+БСА 5 сатысы, диабеттік нефросклероз
*Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит
*Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалы түрі
#69
*!Ұзақ уақыттан бері инсулинге тәуелді қант диабетінен және нейропатиядан, ретинопатиядан зардап шегетін 52 жасар науқас әйел бетінің, аяқтарының ісінуіне, ентігуге, аузының құрғауына, жүрегінің айнуына шағымданаып ауруханаға түсті. Қарағанда: жағдайы ауыр, айқын ісіну, терісі қышиды, ТЖ минутына 26 рет, жүрек шекаралары солға ығысқан, қолқа үстінде 2 тонның акценті, АҚ 190/100 мм с.б., тілі құрғақ, бауыры 5-6 см. Олигурия. Көз түбі: көру нервтерінің дискілері айқын емес, нүктелік қан құйылулар бар. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері.
Зертханалық тексеру барысында өмірге қауіп төндіретін қандай жағдай анықталуы мейілінше ықтимал?
*Гиперхолестеринемия
*Гипопротеинемия
*Гиперкоагуляция
*+Гиперазотемия
*Протеинурия
#70
*!Ұзақ уақыттан бері инсулинге тәуелді қант диабетінен және нейропатиядан, ретинопатиядан зардап шегетін 52 жасар науқас әйел бетінің, аяқтарының ісінуіне, ентігуге, аузының құрғауына, жүрегінің айнуына шағымданаып ауруханаға түсті. Қарағанда: жағдайы ауыр, айқын ісіну, терісі қышиды, ТЖ минутына 26 рет, жүрек шекаралары солға ығысқан, қолқа үстінде 2 тонның акценті, АҚ 190/100 мм с.б., тілі құрғақ, бауыры 5-6 см. Олигурия. Зертханалық: ЖҚТ – Нв 90 г/л, глюкоза 20 ммоль/л, креатинин 500 мкмоль/л, холестерин 6,9 ммоль/л, альбумин 21 г/л. ЖНТ: менш. салм. 1002-1009, қант 1%, ацетон жоқ, Ле 2-3 к/а. Тәуліктік протеинурия 6,7 г. ШСЖ 20 мл/мин. Көз түбі: көру нервтерінің дискілері айқын емес, нүктелік қан құйылулар бар. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Қандай емдеу тактикасын қолданған мейілінше дұрыс?
*+Бүйрек алмастырушы терапия
*Гипотензивті препараттар
*Жүрек гликозидтері
*Диуретиктер
*Статиндер
#71
*!Артериалды гипертензиядан зардап шегетін 50 жастағы науқас фозиноприл 20 мг/тәул алады. Ем фонында АҚ <130/80 мм с.б. Препаратты қабылдағаннан кейін жөтел пайда болғандығына шағымданады. Қандай тактика мейілінше оңтайлы?
*+Ангиотензин рецепторларының бөгеушілеріне ауыстыру
*Бета-блокаторларға ауыстыру
*Са-каналдарының антагонистеріне ауыстыру
*Антибиотикотерапия фонында фозиноприлді жалғастыру
*Антигистаминдік препараттар фонында фозиноприлді жалғастыру
#72
*!Науқаста гематурия, протеинурия және тез өсіп жақтан креатининемия анықталды. Қандай зерттеу ақпаратты мейілінше мол береді?
*КТ
*МРТ
*Бүйрек УДЗ
*+Нефробиопсия
*Рентгенурологиялық тексеру
#73
*!180/100 мм с.б. дейін артериалды гипертензиямен 39 жастағы науқаста бүйрек тамырларының стенозы болжанды. Осы диагнозды қоюға мүмкіндік беретін мейілінше қауіпсіз зерттеу әдісі қандай?
*+МРТ ангиорежимде
*Экскреторлық урография
*Бүйрек тамырларының ангиографиясы
*Бүйрек тамырларының УД-допплерографиясы
*Құрсақ қуысының шолулық рентгенографиясы
#74
*!Бүйрек трансплантациясынан кейін науқасқа антигипертензивті мақсатта ААФт тағайындалды. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайды. Трансплантатта БЖЗ дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?
*Инфекция
*Диетаның бұзылуы
*Жедел ажырау кризі
*Емделуге құлшыныстың болмауы
*+Трансплантаттағы бүйрек артериясының стенозы фонында сүзілудің төмендеуі
#75
*!Амбулаторияда қабылдауда науқаста АҚ 180/100 мм с.б. тіркелді. Шағымы жоқ. Бұл пациентке міндетті түрде қандай ұсыныс берілуі керек?
*+Гипотензивті препараттар үнемі
*Тұзды шектеу жеткілікті
*Статиндер курспен
*Сұйықтық режимі
*Диуретиктер
#76
*!Артериалды гипертензия кезіндегі бүйрек зақымдалуының ықтимал салдарлары болып табылады:
*Пиелонефрит
*Бүйрек тамырларының стенозы
*Екіншілік бүріскен бүйрек
*+Біріншілік бүріскен бүйрек
*Өзекшелік аппараттың некрозы
#77
*!Амбулаторияда қабылдауда науқаста АҚ 180/100 мм с.б. тіркелді. Шағымы жоқ. Артериалды гипертензиямен науқасты емдегенде медикаментозды емнен басқа тағы қандай міндетті түрде ұсыныс беріледі?
*Майды шектеу
*Белокты шектеу
*Көмірсуды шектеу
*+Ас тұзын шектеу
*Сұйықтықты шектеу
#78
*!16 жастағы науқаста жоспарлы тексеру барысында гематурия табылды. Қарағанда: ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., макрогематурия және дизурия жоқ. Зертханалық: несептің менш. салм. 1018, белок жоқ, эритроциттер 20-30 к/а. Мына төменде көрсетілген әдістердің қайсысы реналді/гломерулярлы және экстрареналді/гломерулярлы емес гематурияларды ажырату үшін қолданылады?
*ЖНТ
*Амбурже сынамасы
*Протеомдық талдау
*Аддис-Каковский сынамасы
*+Фазалық-контрасттық микроскопия
#79
*!32 жастағы науқас АҚ-ң 170/100 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданады, протеинурия 0,3 г/л, креатинин 100 мкмоль/л анықталды, бұрынырақ адельфанмен, арифонмен, фуросемидпен емделген. Фозиноприл тағайындалды, АҚ 150/90 мм с.б. дейін төмендеді. Кейіннен қандай тактика жүргізген дұрыс?
*Физиотенз + амлодипин
*Атенолол + фозиноприл
*Амлодипин + фозиноприл
*Нифедипин + фозиноприл
*+Фозиноприл + гипотиазид
#80
*!45 жасар науқаста (темір ұстасы) құлақ маңы бездерінің, сілекей бездерінің гипертрофиясы, Дюпиетрен конкрактурасы, протеинурия 2,5 г/л, гематурия 40-60 дейін к/а анықталды. Қандағы IgA деңгейі жоғарылаған. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Люпус-нефрит
*Бүйрек туберкулезі
*+Идиопатиялық IgA-нефрит
*Алкоголдік этиологиялы гломерулонефрит
*Геморрагиялық васкулит кезіндегі гломерулонефрит
#81
*!30 жастағы науқас АҚ-ң 180/100 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданады, протеинурия 0,5 г/л, креатинин 110 мкмоль/л анықталды, бұрынырақ арифонмен, фуросемидпен емделген. Моноприл тағайындалды, АҚ 150/90 мм с.б. дейін төмендеді. Осы науқаста АҚ-ң қандай мақсаттық деңгейі мейілінше оңтайлы болып табылады?
*Таңертеңгі қысым 135/95 мм с.б. жоғары емес
*Пациент «жұмыс» қысымына жетті
*140/90 мм с.б. жоғары емес
*+130/80 мм с.б. жоғары емес
*120/80 мм с.б. төмен
#82
*!Амбулаторлық тексеру барысында 16 жасар жасөспірімде БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Жұқа мембраналар ауруы
*Фанкони нефронофтизі
*Жанұялық гематурия
*+Альпорт синдромы
*Берже ауруы
#83
*!Амбулаторлық тексеру барысында 17 жасар жігітте БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?
*Антибиотиктер
*Антиагреганттар
*Гормоналдық ем
*Цитостатиктер
*+Нефропротективті ем
#84
*!Амбулаторлық тексеру барысында 17 жасар жігітте БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Осы аурудың мейілінше шынайы даму механизмі қандай?
*Вирустық
*Аутоимундық
*+Тұқым қуалайтын
*Микробтық-қабынулық
*Инфекциялық-аллергиялық
#85
*!16 жасар жасөспірім «қызыл» несептің пайда болуына, белінің ауыруына шағымданады. Бүйрек аурулары бойынша тұқым қуалаушылық факторлар жоқ. Қарағанда: ісіну жоқ, АҚ 110/60 мм с.б., макрогематурия жоқ. Диагноз бен жүргізу тактикасы қандай?
*+Белгісіз гематурия, несеп талдаулары, бүйрек УДЗ, бақылау
*Гломерулонефрит, цитостатиктер
*Пиелонефрит, цисто-урография
*Тұқым қуалаушы нефрит, биопсия
*Бүйрек ісігі, окулистің кеңесі
#86
*!20 жастағы қыз, буындарының ауыруына байланысты өздігінен 3 апта бойы натрий диклофенак қабылдаған. Соңғы аптада дене қызуы 37-38˚С дейін жоғарылап, денесінде бөртпелер пайда болған, әлсіреп, тәбеті төмендеді. Тексергенде: АҚ 110/70 мм с.б., ісіну және макрогематурия жоқ. Зертханалық тексеру: ЖҚТ – Нв 113 г/л, Тр 220 мың, Ле 10 мың, с 56%, л 30%, м 3%, э 11%, ЭТЖ 30 мм/сағ. Б/хҚТ: ж. белок 62 г/л, холестерин 5,0 ммоль/л, креатинин 154 мкмоль/л, мочевина 10,6 ммоль/л, калий 4,9 ммоль/л, қант 3,7 ммоль/л. ЖНТ: менш. салм. 1005, белок 0,66 г/л, Ле 10-12, Эр 8-10 к/а, гиалинді цилиндрлер 2-3 к/а. Динамикада ЭТЖ 50 мм/сағ дейін жоғарылады, протеинурия 3 г/тәул дейін болды. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс?
*СЕҚҚП
*+Стероидтар
*Цитостатиктер
*Антибиотиктер
*Антигистаминдер
#87
*!28 жастағы науқаста гематурия, протеинурия және тез артқан креатининемия анықталды. Бүйрек биопсиясы жоспарланды. Бүйрек зақымдалуының қандай морфологиялық нұсқасы мейілінше шынайы болады?
*Фокалді-сегментарлық гломерулосклероз
*Мембранопролиферативті ГН
*Мембранозды нефропатия
*Мардымсыз өзгерістер
*+Экстракапиллярлы ГН
#88
*!Амбулаторлық тексеру кезінде 25 жасар жігітте БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?
*Стероидтар
*Цитостатиктер
*Антиагреганттар
*Антикоагулянттар
*+Нефропротекторлар
#89
*!18 жасар науқас несебінің түсінің өзгеруіне, АҚ жоғарылауына, диурездің азаюына шағымданды. Осы шағымдар ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін 2-3 аптадан кейін пайда болған. Жедел нефритикалық синдром болжанды. Нефриттер кезінде мына көрсетілген зерттеулердің қайсысының үлкен диагностикалық маңызы бар?
*Цитокиндерді анықтау
*Т- және В-лимфоциттерді анықтау
*+С3, С4 комплементтерінің деңгейін зерттеу
*IgG, IgA, IgM иммуноглобулиндерін анықтау
*Жалпы белоктың, альбуминдердің деңгейін анықтау
#90
*!30 жастағы әйелде буындық синдром, қызба және несептік синдромға (протеинурия, гематурия), байланысты тексергенде, қанда антинейтрофилдік цитоплазмалық антиденелердің сарысулық деңгейінің жоғарылағаны анықталды. Бұл көрсеткіш қандай ауруға ерекше тән болып табылады?
*IgA-нефропатиялар
*+Жүйелі васкулиттер
*Тез үдейтін гломерулонефрит
*Жедел инфекциядан кейінгі гломерулонефрит
*Мембранопролиферативті гломерулонефрит
ГН
#91
*!Мамандығы тігінші 35 жастағы науқас әйелде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өсті, беті, аяқтары ісінді, артериалды гипертония 200/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. ТЖ мин. 20 рет, ЖЖЖ мин. 86, АҚ 180/100 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Көз түбі: артериолалар айтарлықтай тарылған, көру нервінің дискі ісінген, қан құйылулар бар. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 28 г/л, креатинин 560 мкмоль/л, калий 7,2 ммоль/л, холестерин 6 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1007-1009, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а, цилиндрлер 10-20 к/а. ШСЖ=30 мл/мин. Қандай зерттеу жағдайдың ауырлығын бағалауға және емдеу тактикасын анықтауға мейілінше мүмкіндік береді?
*АНЦА
*АСЛ-О
*Бүйрек УДЗ
*+Бүйрек биопсиясы
*С3, С4 комплементтері
#92
*!Мамандығы тігінші 35 жастағы науқас әйелде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өсті, беті, аяқтары ісінді, артериалды гипертония 200/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. ТЖ мин. 20 рет, ЖЖЖ мин. 86, АҚ 180/100 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Көз түбі: артериолалар айтарлықтай тарылған, көру нервінің дискі ісінген, қан құйылулар бар. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 28 г/л, креатинин 560 мкмоль/л, калий 7,2 ммоль/л, холестерин 6 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1007-1009, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а, цилиндрлер 10-20 к/а. ШСЖ=30 мл/мин. Биопсияда қандай өзгерістер анықталады?
*+Жарты айшықтар түзілуімен шумақшалар капсуласының эпителийінің пролиферациясы
*Шумақшалардың біразының капилляр ілмектеріндегі склероз
*Мезангиалды және эндотелий жасушаларының пролиферациясы
*Подоциттердің диффузды және глобалды тегістелуі
*Капилляр қабырғаларының бойымен субэпителиалды «тікендер»
#93
*!Мамандығы тігінші 35 жастағы науқас әйелде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өсті, беті, аяқтары ісінді, артериалды гипертония 200/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. ТЖ мин. 20 рет, ЖЖЖ мин. 86, АҚ 180/100 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Көз түбі: артериолалар айтарлықтай тарылған, көру нервінің дискі ісінген, қан құйылулар бар. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 28 г/л, креатинин 560 мкмоль/л, калий 7,2 ммоль/л, холестерин 6 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1007-1009, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а, цилиндрлер 10-20 к/а. ШСЖ=30 мл/мин. Бүйрек биопсиясында: жарты айшықтар түзілуімен шумақшалар капсуласының эпителийінің пролиферациясы, шумақшалардың фибриноидты некрозы, иммуноглобулиндердің, иммундық кешендердің, комплементтің шөгуі. Бүйрек зақымдалуының қандай морфологиялық нұсқасы мейілінше ықтимал?
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*Мембранопролиферативті ГН
*Мембранозды нефропатия
*Мардымсыз өзгерістер
*+Экстракапиллярлы ГН
#94
*!Мамандығы тігінші 35 жастағы науқас әйелде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өсті, беті, аяқтары ісінді, артериалды гипертония 200/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. ТЖ мин. 20 рет, ЖЖЖ мин. 86, АҚ 180/100 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Көз түбі: артериолалар айтарлықтай тарылған, көру нервінің дискі ісінген, қан құйылулар бар. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 28 г/л, креатинин 560 мкмоль/л, калий 7,2 ммоль/л, холестерин 6 ммоль/л. Несеп: менш.салм. 1007-1009, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а, цилиндрлер 10-20 к/а. ШСЖ=30 мл/мин. Бүйрек биопсиясында: жарты айшықтар түзілуімен шумақшалар капсуласының эпителийінің пролиферациясы, шумақшалардың фибриноидты некрозы, иммуноглобулиндердің, иммундық кешендердің, комплементтің шөгуі. Қандай патогенетикалық ем қолданған жөн?
*+Метилпреднизолонмен және циклофосфамидпен пульс-терапия
*Преднизолон альтернирлеуші курспен
*Преднизолон микофенолат мофетилмен
*Преднизолон А циклоспоринімен
*Преднизолонмен монотерапия
#95
*!57 жастағы науқас әйел, соңғы 20 жыл бойы ревматоидты артриттен зардап шегеді. Преднизолонмен, метотрексатпен, СЕҚҚП-мен емделген. 1 жыл бұрын алғаш рет протеинурия - 1,3 г/л анықталды. Қазіргі кезде аяқтарында ісік бар. Қарағанда: балтыры, табандары ісінген, АҚ - 100/70 мм с.б., бауыры +3 см қабырға доғасынан, тығыз. Зертханалық мәліметтер: Нв - 130 г/л, ЭТЖ - 64 мм/сағ, тромбоциттер - 483х109/л, ж. белок - 42 г/л, альбумин - 19 г/л, креатинин - 120 мкмоль/л, тәуліктік протеинурия - 8,2 г. Емге түзету енгізу үшін қандай тексеру әдісін жүргізген жөн?
*С3, С4 комплементтері
*+Бүйрек биопсиясы
*Бүйрек УДЗ
*АНЦА
*АСЛ-О
#96
*!57 жастағы науқас әйел, соңғы 20 жыл бойы ревматоидты артриттен зардап шегеді. Преднизолонмен, метотрексатпен, СЕҚҚП-мен емделген. 1 жыл бұрын алғаш рет протеинурия - 1,3 г/л анықталды. Қазіргі кезде аяқтарында ісік бар. Қарағанда: балтыры, табандары ісінген, АҚ - 100/70 мм