Инфекциялық мононуклезді баспа 5 страница

/

Гастротомия, варикозды веналарды тігу

/

Портокавальді анастомоз бүйір бүйіріне;

/

Портокавальді анастомоз ұшы бүйіріне

/

Спленоренальді анастомоз ұшы бүйіріне;

/

Спленэктомия және гепатофренопексия;

!

Науқас В., 56 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы вуру сезіміне, жұтынудың қиындауына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: жуырда шарап қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру мен ауру сезімдері, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 рет 1 мин., ТЖ 22 рет 1 мин., бұғана үсті және асты аймақтарында теріасты эмфизема анықталады. Шолу рентгенографиясы кезінде сол плевра қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады. өңештің конрасты зерттелуі кезінде өңештен тыс контрастың кішкене ұюуы байқалады. Осы жағдайдағы сіздің ары қарайғы емдік тактикаңыз қандай?

/

Сол жақтан шұғыл торакотомия жасау;

/

Антибиотиктерді тағайындап, бақылау;

/

Плевра қуысын пункциясын жасау керек;

/

Сол жақтан Бюлау бойынша дренаж орнату;

/

Асқазанға тамақтануға зонд қою керек;

!

Науқас Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, асқазан ішіндегісімен екі рет құсуға, әлсіздікке, 37,6 С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік, емдәм бұзғаннан кейін болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші кернелген, жоғарғы бөлімдерінде ауру сезімді. Ортнер, Мерфи, Керр және Щеткин- Блюмберг симптомдары оң. УДЗ: өт қабы көлемі үлкейген, екі контуры бар. Оң бүйір каналында бос сұйықтық. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?

/

Жедел оперативті ем дайындықтан кейін жасау

/

Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау

/

Консервативті терапия, новокаинді блокада жасау

/

Жедел түрде құрсақ қуысының лапароскопиясын жасау

/

Жоспарлы оперативті ем, ауру сезімі басылғаннан кейін

!

Ер адам 38 жаста, хирургиялық бөлімшеге жаралық этиологиялы декомпенсация сатысында пилородуоденальды тарылу клиникасымен түсті. Жүргізілген тексерулерден кейін және операцияға дайындық жүргізілген соң науқасқа операция тағайындалды. Төменде аталған операциялардың қайсысы науқас үшін тиімді болып табылады?

/

Финне операциясы және селективті проксималды ваготомия ;

/

Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

/

Гейнек-Микулич операциясы және бағандық ваготомия;

/

Асқазанды субтотальды кесу;

/

Айналмалы гастроэнтероанастомоз және бағандық ваготомия;

!

Науқас К., 23 жаста, хъирургиялық бөліміне оң жақ шатының кенеттен ауырғандығына шағымданып түсті. Осыған қоса науқаста жүрегінің айнуы, құсу, жоғарғы температура болған. Ауырғандығына 18 сағат болған. Дәрігер қарау барасында іштің кепкендігін, шат аймағында басқан кезде ауру сезімі бар, жайылған ісік, қызарған, жері айқындалды. Осы жағдайда төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?

/

Жарық мүшегінің флегмонасы және қысылған шат жарығы;

/

Оң жақ бөлігінде іріңдеген шат лимфадениті;

/

Оң жақ бөлігінде жедел іріңді паранефрит;

/

Оң жақта іріңдеген жедел эпидидимит;

/

Ішектің жедел тарылуы;

!

Науқас Л., 68 жаста қысылған шат жарығы бар науқасты оталау кезінде хирург жарық мүшегін ашқан уақытта шажырқайға қарсы шеті бойынша аш ішектің азғантай ғана бөлігінің қысылғандығын анықтады. Хирург осы жағдайда қысылудың қандай түрімен соқтығысты?

/

Ішектің Рихтерлік қысылуы;

/

Ішектің іш жағынан қысылуы;

/

Ішектің шажырқай бөлігінің қысылуы;

/

Сырғанаған қысылу;

/

Меккелев дивертикулының қысылуы;

!

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөліміне оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс, ауру сезімі, 37,30С шамасындағы температура деген шағымдармен жатқызылды. Кезекші хирург шап лимфаденитіне күмәнданды және қысылған шап жарығын да жоққа шығармады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс?

/

Шұғыл операцияны жасау

/

Құрсақ қуысына УДЗ жасау

/

Жоспарлы операцияны жасау

/

Салқын қойып, спазмолитиктерді енгізу

/

Антибиотиктерді тағайындап, бақылау

!

Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

/

Алдыңғы

/

Артқы

/

Медиальді

/

Жоғарғы

/

Бүйір

!

Науқас Н., 44 жас панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды. Бұл жағдайда қандай мақсатпен осы ота түрі жасалды?

/

Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы

/

Холангит дамудың алдын-алу

/

Детоксикациялау мақсатында өтті алу

/

Жедел холангиттің дамуының алдын-алу

/

өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу

!

34 жастағы науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен болған лапаротомия барысында үлкен көлемді перфоративті тесік және айқын перифокальді қабыну бар екені анықталды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы жағдайда перфорациялық тесікті тігудің әдісі анағұрлым тиімді?

/

Оппель-Поликарпов бойынша тігу

/

2 қатар тігіспен тігу

/

"П" тәрізді тігіспен тігу

/

Ойық жараны кесіп алып тігу

/

Түйінді тігіспен тігу

!

Науқас Д., 47 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа бірнеше реттік қан аралас құсу, қара нәжіс, ес-түсін жоғалту, қатты әлсіздік, бас айналу деген шағымдармен жеткізілді. Ойық жара анамнезі 5 жыл. Түскен кезде жағдайы ауыр: пульс 100 соғу минутына, АҚ 80/40 мм рт. ст., боз. Қан анализінде: эритроциттер 2,2х1012, Hb 80 г/л, гематокрит 20%. Шұғыл ЭФГДС кезінде – асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы 3 см дейін, қызыл жұмсақ тромбпен жабылған. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

/

Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау

/

Реанимациялық бөлімшеге аудару

/

Динамикалық бақылау жүргізу

/

Асқазанға жергілікті гемостатиктер енгізу

/

Дайындықсыз бірден операция жасау

!

Науқас Ч., 65 жаста оң шап аймағындағы жиі қысылатын жарықтың барына шағымданады. 1 сағат бұрын қысылу сезімі пайда болды. Жедел көмекті шақырды. Қысылғанда шат үстіндегі аймақта тартып ауырады және жиі зәр шығарғысы келеді. Осы науқаста анағұрлым ықтимал жарық түрі қандай?

/

Жылжымалы жарық

/

Сан жарығы

/

Қиғаш шап жарығы

/

Жапқыш тесік жарығы

/

Спигелий сызығының жарығы

!

Науқас Б., 43 жаста, холецистэктомия болған. Жалпы өт өзегінен 2 конкрементті алғаннан кейін Т-тәрізді дренаж қойылған. Операциядан кейін 7-тәулікте қан сары суындаға билирубин деңгейі әлі де жоғары, арқа берілетін ауру сезім ұстамасы болған. Осы жағдайда сіздің қолданатын іс шараныз қандай?

/

Фистулохолангиография жасау

/

Т-тәрізді дренажды алып тастау

/

Консервативті емді жалғастыру

/

Дренажға қысқыш салу

/

Қайталанбалы операция жасау

!

45 жастағы науқас И. Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан 1 сағаттан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз. Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?

/

Науқасқа қайталама операция жасау

/

Асқазанды суық сумен тазалау

/

Орын басушы терапия жүргізу

/

Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу

/

Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру

!

Науқас С., 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 15см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тәсіліңіз қандай?

/

Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;

/

Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;

/

Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;

/

Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;

/

Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;

!

Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Қан шприцта ұйымайды.Бұл жағдай нені сипаттайды?

/

Тоқталған қанкету

/

Қайталанбалы қанкету

/

Плевра қуысының іріңдеуі

/

Оң жақтан ұйыған гемотораксы

/

¤кпе мен бронхтың зақымдануы

!

Науқас еркек Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

/

Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс

/

Бронхоэктазды ауру

/

Кеуде аралық эмфиземасы

/

Оң жақтан кеуде торының соғылуы

/

Буллезді эмфизема

!

Науқас ер адам Д., 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жарақаттан кейін кеуде торларының сол жартысы ауруына,ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған, цианоз, мойын веналары ісінген,ентігу.Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде сол жақ тынысы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, науқас ота жасау бөлімшесіне жеткізілді. Осы жағдайда науқасқа қандай бiрiншi кезектегi манипуляция көрсетілген?

/

Перикард пункциясы;

/

Торакотомия;

/

Плевралдық қуыс пункциясы;

/

Қан компоненттерiнiң құйылуы;

/

Орталық көк тамырдың катетер енгiзуi;

!

Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс 110 соғу минутына. Осы жағдайда сіздің әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңіз қандай?

/

Шұғыл сол жақтық торакотомия

/

Шокқа қарсы ем бастау

/

Міндетті түрде ЭКГ өткізу

/

Шұғыл торакоскопия

/

Кеуде торының рентгенографиясын жасау

!

Ер адам 29 жаста, хирургиялық бөлімшесіне жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігуге, 37,50С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 1 апта бұрын төбелес кезінде кеуде торы аймағына соққы алған. Ауырсыздандырғыштар қабылдаған. Қан анализінде эритроциттер 2,9х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 28%, лейкоциттер 9,8х109. Рентгенограммада оң жақтан ұйыған гемоторакс анықталды. Осы жағдайда анағұрлым тиімді тактика қандай?

/

Торакоскопия санация және дренаждаумен бірге

/

Плевра қуысының пункциясы

/

Плевраішілік ферменттерді енгізу

/

Қосарланған антибиотикотерапия жүргізу

/

Плевра қуысын дренаждау

!

Хирургке 34 жасар ер адам қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Дәрігер өңештің мойын бөлігінің жарақаты деп шешті. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?

/

Операция тағайындау;

/

Асқазанға зонд қою;

/

Мойынға компресс қою;

/

Антибиотиктер тағайындау;

/

Динамикада бақылау;

!

Алдыңғы камераның тереңдеуі, иридоденез, көрудің төмендеуі, гиперметропиялық рефракция. Бул белгілерге көбірек тұра келетін диагноз?

/

Афакияға

/

Катаракаға

/

Увеитке

/

Кератитке

/

Глаукомаға

!

Көз дәрігеріне жас адам шамалы белгілі жарықтан қорқу, екі көзінің шамалы жасаурауына шағым етіп келді. Объективті: OU қасаң қабықтың стромасында лимбге жақын жерде көптеген нүктелі инфильтраттар байқалды, инфильтраттың үстінде кедір – бұдыр, сол инфильтраттарға эписклерадан қан тамырлары тараған. Қосымша тексеріп қарағанда гетчинсов тістері, ер тәрізді мұрын, маңдай дөңесінің томпақтауы байқалған. Қандай диагноз көбірек болуы мүмкін?

/

Мерездік кератит

/

Герпесті кератит

/

Фликтенулезды кератит

/

Птеригиум

/

Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы

!

Окулист қабылдауында 25 жастағы пациент, повар. Науқастың шағымы: оң көзінің қызаруы, көзден бөлінулер, таңертеңгі қабағының жабысып қалуы. Шамалы жарықтан қорқушылық, жас ағу. Екі күннен бері ауырады. Суық тиюмен байланыстырады. Объективті: OD-көз саңлауы тарылған, қабақтар ісінген, кірпіктері жабысқан. Қабақтың конъюнктивасы қызарған, ісінген, инфильтрацияланған. Конъюнктивадан іріңді бөлінулер. Көздің алдыңғы бөлігі патологиясыз. OS сау. VOD=1,0; VOS=1,0. Сіздің диагноз? Қандай зерттеу әдістерін қолдануға болады?

/

Жедел конъюнктивит. Бактериологиялық егу

/

Аллергиялық конъюнктивит. Цитологиялық зерттеу

/

Гонобленорея. Бактериологиялық егу және гонореяға тексеру

/

Жедел конъюнктивит. Вирусологиялық зерттеу

/

Көктемгі катар. Вирусологиялық зерттеу

!

Науқасқа 45 жас, слесарь. Науқас жоғарғы қабағының ішкі бетінде ауру сезімінсіз ісік пайда болғанына шағымданады. Пайда болғанына 5 айдай уақыт болған. Кейінгі бір ай ішінде ісіктің үлкейгені байқалған. Объективті: қабақтың ортаңғы үштен бір бөлігінде шетінен 3 мм жерде ауырмайтын диаметрі 4 мм өсінді бар. Оның үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Өсіндінің үстіңгі жағындағы конъюнктива шамалы қызарған. Көздің басқа бөліктерінде өзгерістер жоқ. Vis OD=1,0; Vis OS=1,0.

Болуы мүмкін диагноз? Емдеу тактикасы

/

Халазион. Хирургиялық ем

/

Теріскен. Хирургиялық ем

/

Фурункул. Вишневский майымен компресс

/

Халазион. Сары сынап майын конъюнктива қапшығына жағу

/

Теріскен. Жергілікті антибиотиктер

!

Науқас көз алдында қара дақтың пайда болғанына, сөздерді оқый алмауына шағымданады. Сөздегі барлық әріптерді оқу үшін басын әр жаққа бұрыуға тура келеді. Науқасқа бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет? Бул зерттеумен не анықтауға болады деп ойлайсыз?

/

Көру кеңістігін анықтау. Орталық скотоманы табу үшін

/

Көру жітілігін анықтау. Рефракция аномалиясын анықтау үшін

/

Биомикроскопия өткізу. Гипопионды табу үшін

/

Көру кеңістігін анықтау. Артқы синехияны анықтау үшін

/

Биомикроскопия өткізу.Миозды табу үшін

!

40 жастағы 1,0Д миопиясы бар науқасқа жақыннна жұмыс істеу үшін қандай көзілдірік береміз?

/

Коррекция кажет емес
/

1,0Д шашыратқыш линза
/

1,0Д жинағыш линза

/

shpera convex 2,0 диоптриямен

/

shpera concavе - 1,0 диоптриямен

!

Науқас 50 жаста, бурын көзі жыл жақсы көрген. Сол көзінің көруі біртіндеп үш жыл ішінде төмендеген. Казір көзі көзілдірікпен нашар көреді. Көру жітілігі OS=0,1 коррекция көмектеспейді. Объективті: OS нұрлы қабықтың стромасы шамалы солыған, көздің түбінде көздің жүйкесінің үрпішесімен экскавациясының айырмашылығы э/д OS 0,8-0,9, OD 0,4-0,5. Көз көру аумағы OS жоғарғы шеткі бөлігінде шет шекарасы 100 дейін кішірейген. КІҚ OS – 25-26 мм с.б. Гониоскопияда алдыңғы камера бұршының барлық жері көрінеді. Бул белгілер глаукоманың қайсы түріне және стадиясына тұра келеді?

/

А/б глаукома, III а

/

А/б глаукома, I в

/

А/б глаукома, III с

/

Ж/б глаукома, III а

/

Ж/б глаукома, глаукоманың қаурыт ұстамасы.

!

Көз дәрігеріне 23 жаста ер адам келді, бойы биік, қолдарының саусақтары ұзын. Алыстан нашар көреді, оқығанда басын қисайтады. Сыртқы түріне қарап қандай ауру екенін күдіктенуге болады? Бул ауру қалай анықталады?

/

Марфан ауруы

/

Стилла ауруы

/

Рейтер синдромы

/

Бехчет ауруы

/

Микулич ауруы

!

55 жасар науқас сол құлағынан бұлақ ағатындығына, естудің төмендегеніне 15 жыл болғандығына шағымданады. Соңғы 5 күнде бастың айналуы пайда болған. Тексергенде: сол жақтағы дабыл жарғағының шеткі тесілуі, жағымсыз иісті бөлінді мен фистулді әдістің оң екендігі аңғарылды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

/

Құлаққа радикалді операция жасау

/

Құлаққа кең көлемде радикалді операция жасау

/

Тимпанопластика

/

Лабиринтэктомия

/

Мастоидотомия

!

19 жасар науқас кенеттен мұрнының, басының ауыратындығын, мұрынмен тыныс алуының нашарлауын, ыстығының 39 0С дейін көтерілгенің аңғарған. Оны жарақатпен байланыстырады. Риноскопияда: мұрын жолдары тарылған, мұрын пердесінің алдыңғы бөлігі қызарған, ісінген.

Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

/

Мұрын пердесінің абсцесі

/

Мұрын пердесінің соғылғаннан көгерген

/

Мұрынның кіреберісінің сикозы

/

Мұрын сүйегінің сынуы

/

Мұрын шиқаны

!

14 науқас тамағының сол жағының ауыратындығына, әсіресе жұтынғанда үдейе түсетіндігіне, жұтыну қиын соққандығына, айқын әлсірегендігіне, ыстығының 38,8 0 C дейін көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған, кенеттен ауырған. 2 күн бұрын қыздыру компресінен кейін жағдайы нашарлаған. Тексергенде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, төменгі жақтың қозғалысы шектелген. Сол жақтағы таңдай бадамшаларының домбығуы, таңдай иіндерінің ісінуі мен қызаруы салдарынан ассиметрия бар екендігі көрінеді. ЖҚА – L-12,6 *109 , ЭТЖ – 34 мм/с.Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

/

Паратонзиллярлы абсцесс

/

Фолликулярлы баспа

/

Лакунарлы баспа

/

Қатаралды баспа

/

Жедел фарингит

!

43 жасар науқас әйел ентігуіне шағымданады. Жағдайы орташа, мазасыз, инспираторлы ентігу (ТАЖ минутына 25 рет), терісі бозғылт , акроцианоз, стридор, бұғанаасты шұңқырларының ішке тартылуы, демалысы беткей, пульс 90 рет/минутыны байқалады. Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

/

Жұтқыншақтың тарылуының 2- ші кезеңі

/

Жұтқыншақтың тарылуының 1- ші кезеңі

/

Жұтқыншақтың тарылуының 3- ші кезеңі

/

Жұтқыншақтың тарылуының 4- ші кезеңі

/

Жұтқыншақтың тарылуының 5- ші кезеңі

!

33 жастағы науқас басының ауыратындығына, оң көздің жоғарғы қабағының ісінгендігіне, мұрыннан іріңді бөлініс бөлінетіндігіне, дене қызуының 39,9 ْС дейін көтерілгендігіне шағымданады. Науқас суықтағаннан кейін 6 күннен кейін ауырған. Риноскопия кезінде: мұрынның шырышты қабығының қызаруы, оң жағындағы ортаңғы мұрын жолында іріңді бөліністің бар екендігі аңғарылды. Төменде келтірілген хирургиялық тәсілдердің қайсысы консервативті емдеудің әсері болмаған жағдайда ең тиімді болады?

/

Маңдай қуысының трепанопункциясы

/

Гаймор қуысының пункциясы

/

Негізгі қуыстың пункциясы

/

Гайморотомия

/

Этмоидотомия

!

13 жасар науқас тұмаудан кейін сол құлағының қатты ауырғынына, есту қабілетінің төмендегеніне, бастың сол бөлігінің ауыратындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4 күн болған, ыстығы көтерілген. Отоскопияда оң жақта патология жоқ, сол жақта дабыл жарғағы қызарған, домбыққан, нүктелі саңылаудың пайда болу қаупі бар. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

Наши рекомендации