Инфекциялық мононуклезді баспа 6 страница

/

Парацентез

/

Сыртқы есту жолын жуу

/

Құлаққа антибиотик ерітінділерін тамызу

/

Мастоидотомия

/

Дабыл жарғағының өз бетінше тесілуін күту

!

2,5 жасар бала клиникаға түсті. Анасының айтуы бойынша балада қарлықпа жөтел мен ентікпе бар. Кенеттен ауырған, ыстығы 38 ْْC. Бұғанаүсті және бұғанаасты кеңістіктері ішке тартылған, пульс жиіленген, терісі бозарыңқы, ерні көгілдір. Риноскопия мен фарингоскопияда: шырышты қабаттар қызарған. Ларингоскопияда қатпарасты кеңістіктің ісінуі салдарынан дауыс қатпарлары тарылған. Төменде аталғандардың қайсысы алдын ала диагноз болуы ықтимал?

/

Жедел ларинготрахеит

/

Жедел катаралды ларингит

/

Жедел флегмонозды ларингит

/

Көмекейдің хондроперихондриті

/

Көмекейдің күл ауруы

!

4 айлық бала тынымсыз, жылайды, тамақтанғанда шашалады, тыныс алуы нашарлаған, мыңқылдайды. Фарингоскопияда жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы шар тәрізді домбыққан, былқылдайды. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ең ыңғайлысы қайсысы?

/

Жұтқыншақарты кеңістікті кесіп ашу;

/

Пұтқыншақ маңы кеңістікті ашу;

/

Люголь ерітіндісімен майлау;

/

Паратонзиллярлы кеңістікті кесіп ашу;

/

Аденотомия.

!

60 жастағы науқаста соңғы 5 айда тұрақты іштің қатуы профузды сасық иісті іштің өтуімен кезектеседі. Үнемі ішінің ауырлығына және ішітң шұрылдауына шағымданады. Өздігінен антибиотиктермен емделген және тазарту клизмасын жасаған. Бұрын ішек қызметі қалыпты болған. Ал соңғы аптада нәжісінде қан және шырыш аралас қоспа байқалған. Ішіндегі ұстама тәрізді ауру сезімі жел шығуымен басылады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдісін қолданған жөн:

/

Көзделген биопсия мен фиброколоноскопия

/

Нәжісті атипиялық жасушаға зертттеу

/

Копрологиялық зерттеу

/

Лапароскопия

/

УДЗ

!

62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз. Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

/

Тоқ ішектің оң жақ рагы

/

Созылмалы колиттің күшеюі

/

Ішектің жұқпалы ауруы

/

Тоқ ішектің сол жақ рагы

/

Темір жетіспеушілігі анемиясы

!

Берілген сипаттама қандай ісік алды ауруына қатысты:» көбінесе қарт ерлердің сыртқы жыныс мүшелерінің басында орналасатын шағын көлемді ашық-қызыл түсті, ылғалды, ауру сезімді түйін болып табылады».

/

Кейр эритроплазиясы

/

Пигментті ксеродерма

/

Себореилі керато-акантома

/

Боуэн ауруы

/

Кәрілік кератоз

!

Сүт безі рагымен емделген 58 жастағы науқаста 3 жылдан кейін плеврит анықталады. Оның этиологиясын анықтау үшін:
/

Өкпе қуысынан алынған сқйықтықты цитологиялық тексеру арқылы

/

Қан сараптамасы арқылы
/

Өкпе қуысына пункция жасау арқылы
/

Өкпе рентгеноскопиясын жасау

/

Өкпенің КТ сы

!

40 жастағы науқас, оң жақ сүт безі ұшынан, қанның бөлінгеніне шағымданады. Сипалау кезінде ісік анықталмайды, бірақ сүт безі ұшын қысу кезінде қанның шыққаны байқалады. Анықтау үшін жасалынатын тексеру әдістеріне:
/

Шыққан сұйықтықты цитологилық тексеруден өткізу

/

Маммография
/

УДЗ
/

Термография

/

Дуктография

!

68 жастағы науқас сол жақ сүт безінде ісік тәрізді түзіліске шағымданады, анамнезінде менопауза 56 жасында, босану-1, жасанды түсік-5, емшек ұшы аймағында локальды деформация, жоғарғы-сыртқы квадрантта тығыздығы 4,5 см диаметрде, терімен байланысты, сол жақ Соргиузада түйін ұлғайған. Болжама диагноз?

/

Сол жақ сүт безі рагы,Ст.2б

/

Сол жақ сүт безі рагы,Ст.2а

/

Фиброаденома

/

Педжет рагы

/

Сол жақ сүт безі рагы,Ст.3б

!

Науқаста өңештің төменгі кеуделік бөлігің рагы. Ісіктің таралуы 4 см, метастазы жоқ. Қолданылатын ем түрі:

/

Өңештің субтотальды резекциясы (Льюис операциясы)

/

Гэрлок операциясы

/

Сәулелік терапия

/

Химиотерапия

/

Химо-сәулелік терапия

!

65 жастағы науқасқа асқазанның субтотальды резекциясы жасалынған. Лимфотүйіндерінде метастаз жоқ. Жоспарлы гистологиялық зерттеу кезінде, кескен жерінен (линии среза ) ісік жасушалары табылған. Науқасқа қайта операция амалын жасауға қарсы көрсеткіштерінің болуы себебінен:

/

Полихимиотерапия жасау

/

Құрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін салу,

/

Көк тамырға радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін жіберу,

/

Қосарланған сәулелік терапиясын (ДГТ+ құрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін -198Аи салу арқылы),

/

Дистанционды Гамма Терапиясын жасау,

!

Қалқанша без рагының ІІ «А» сатылы пісіп жетілген түрлеріндегі ең тиімді емдеу әдісі:

/

Экстрафасциолярлы субтотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия

/

Операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+орын басушы гормонотерапия

/

Операция алды сәулелік терапия+ тотальды тиреоидэктомия+ екі жақты мойын шел қабатының фасциальды-футлярлы резекциясы+орын басушы гормонотерапия

/

Кеңейтілген тиреоидэктомия+Крайл операциясы+орын басушы гормонотерапия

/

Химия- сәулелік терапия

!

72 жасар науқасқа “IА- даму сатысындағы мұрын қырының базальды жасушалы рагы, рактың беткей түрі” деген диагноз қойылды. Қандай ем жүргізу керек

/

Жақын фокусты рентген сәулесімен сәулелендіру

/

Жергілікті анестезия арқылы ісікті кеңейтіп кесіп алу және аймақтық лимфоаденэктомия жасап, соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

/

Науқасқа дистанционды гамма терапия жүргізіп, соңынан полихимиотерапия курсын жасау

/

Кешенді ем: операция алдында гамма терапия жасап, жалпы жансыздандыру арқылы ісіктің негізгі ошағын кеңейтіп кесіп алу соңынан полихимиотерапия курсын жүргізу

/

Иммундық терапия

!

Науқаста, шеткі аймақтық оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде - 3 см рак анықталды, ісік өкпе қабымен байланыспаған, бірақ салитарлы бронхоөкпелік метастазы бар. Жасалынатын хирургиялық амалға:

/

Лобэктомиямен лимфодиссекция

/

Сегментэктомия мен лимфодиссекция

/

Өкпені прецизионды кесумен лимфодиссекция

/

Үшбұрыш тәрізді кесумен лимфодиссекция

/

Пульмонэктомия мен лимфодиссекция

!

Науқас 45 жаста. Үш жыл бұрын асқазан рагына гастрэктомия жасалынған. Қазіргі кезде сүйектерінен көптеген метастаз ошақтары анықталды, соған қарамай жалпы жағдайы қалыпты. Науқасқа жоспарланып отырған емнің түрі:

/

Бисфосфонаттармен емдеу

/

Сәулелік терапия

/

Химиотерапия

/

Иммунотерапия

/

Симптоматикалық терапия

!

Гиповолемиялық шок патогенезіндегі негізгі үрдіс не болып табылады?

/

Күштеме алдылық төмендеу

/

Күштеме алдылық жоғарылау

/

Күштеме артылық төмендеу

/

Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) жоғарылауы

/

Қанның минуттық көлемінің жоғарылауы

!

ҮРДС кезінде өкпе ісінуінің жетекші үрдісі болып табылады:

/

Альвеолярля-капиллярлы мембрана өткізгіштігінің жоғарлауы

/

Өкпе артериясында қысымның жоғарлауы

/

Плевраішілік қысымның жоғарлауы

/

Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

/

Сол жақ жүрекшеде қысымның жоғарлауы

!

Қабылдау бөлімшесіне 48 жасар әйел барлық іш аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, құсуға, дене қызуының 38ºС дейін көтерілуіне,апта бойына үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті.Обьективті: тері жабындысы бозарған, тынысы беткей ТАЖ 28 рет минутына, гипотония, тахикардия, тілі құрғақ, іші кепкен, перистальтикасы жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Анамнезінен: 2 апта бойында ауырған, миокард инфарктісін өткерген, артериальды гипертензия және қант диабетімен сырқаттанады. Науқасқа өмірлік көрсеткіштер бойынша отаға дайындалуда. Жалпы анестезия өткізуге қауіп қатерді бағалауда қандай жіктелу дұрыс болып табылады?

/

Рябов

/

SAPS

/

APACHE

/

ASA

/

SOFA

!

Отадан кейінгі кезеңде ер кісіде электролит алмасуының бұзылуы нәтижесінде ішектің салдануы дамыды, метиоризм, қуық салдануы байқалды. Электролит алмасуы бұзылысының қай түрі дамыған?

/

Гипокалиемия

/

Гипонатриемия

/

Гипернатриемия

/

Гиперкалиемия

/

Гиперкальциемия

!

Зертханалық көрсеткіштердің қандай өзгерістері ағзадағы изотониялық дегидратацияға тән?

/

Су ↓ жәнеэлектролит ↓

/

Су ↓ және электролит ↑

/

Су және электролит қалыпты

/

Су ↑ және электролит ↓

/

Су ↑ және электролит ↑

!

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі гиперкальциемияны жедел қалыптастырудың неғұрлым нәтижелі және қауіпсіз әдісі болып табылады?

/

Гемодиализ

/

5 %-дық глюкоза енгізу

/

Форсирленген диурез

/

Салуретиктер енгізу

/

Каллий нитратын енгізу

!

Анестезиолог дәрігер қабылдау бөлімшесіне шақырылды: 20 жасар жасөспірім құрсақ қуысына көптеген тығылып – кесілген жараларымен жеткізілді, есі шатасқан, тері түсі бозғылт, дем алысы беткей, гипотония, тахикардия, тахипноэ, ТАЖ 24 рет мин, SРO2 85 %, Т 36,0º С. Зертханалық мәліметтерден: эр 2,8 х 10 12/л, Hb 70 г/л , Ht 25%, тромбоциттер 140 х 109/л, лейкоциттер 10х 109/л, глюкоза 7,5 ммоль/л, Протромбинді индекс (ПТИ) 72%, фибриноген 5,2 г/л, фибриноген В оң (+++), Сухарев бойынша қанның ұюы 5 мин. Науқастың жағдайының ауырлық дәрежесін бағалаңыз? Ең дұрыс жауапты таңдаңыз.

/

Геморрагиялық шок

/

Жарақаттық шок

/

Гиповолемиялық шок

/

Кардиогенді шок

/

Плевропульмональды шок

!

68 жастағы ер кісіге: Қуық үсті безі аденомасы, 2 дәрежесі. ИККС (ПИК/. ЖМҚБ-нан (ОНМК) салдарынан кейінгі диагнозымен шұғыл түрде ота жасау болжамданады. Анестезияның қай түрін пайдаланған мүмкінірек?

/

Эпидуральды анестезия

/

К/і + ӨЖЖ+ НЛА ( Нейролепаналгезия)

/

К/і + ӨЖЖ(өкпені жасанды желдендіру)

/

Көктамыр ішілік анестезия

/

Жұлындық анестезия

!

65 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен аденомэктомия- отасы кезінде қуықтан диффузды қан кету байқалды, ЖМП-ны (СЗП) 2л –ға дейін құю – нәтижесіз. Аталған жағдайда қан ұю бұзылысының қай түрі мүмкінірек ?

/

VIII фактор жеткіліксіздігі

/

Антитромбин III жеткіліксіздігі

/

IX фактор жеткіліксіздігі

/

VII факторының шектен тыс бөлінуі

/

X фактор жеткіліксіздігі

!

22 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен аппендэктомия- отасы соңында бронхоспазм көріністері пайда болды. Аталған жағдайда интраоперациялық асқынуы немен байланысты? Ең дұрыс жауапты таңдаңыз.

/

Анафилаксия

/

Адекватты емес ауырсыну сезімін басу

/

Гиперволемия

/

Гиповолемия

/

Нормоволемия

!

Артериальды гипертониямен ауыратын 67 жастағы әйел кісіге жалпы наркозбен холецистэктомия- операция кезінде АҚҚ 80/40 мм с.б. дейін төмендеуі байқалды, тамыр соғысы 100 рет мин., SРO2 100%, дене қызуы 36,5 С. Интраоперациялық гипотония немен байланысты? Дұрыс жауапты таңдаңыз.

/

Гиповолемия

/

Гиперволемия

/

Адекватсыз ауырсыздандыру

/

Кардиогенді шок

/

ӨЖЖ аппаратының техникалық ақауы

!

23 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан оң жамбас остеосинтезі отасы кезінде кенеттен жүрек қызметінің тоқтауы болды. Аталған жағдайда қандай диагноз неғұрлым мүмкінірек?

/

Майлы эмболия

/

Жедел коронарлы синдром

/

Ауырсыну шогы

/

Жарақаттық шок

/

Ауа эмболиясы

!

48 жастағы әйел адамға жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан гастротомия отасы кезінде қатерлі (басылмайтын) артериальды гипертензия анықталды. Қандай диагноз неғұрлым мүмкінірек?

/

Феохромоцитома

/

Гипертониялық криз

/

Бас миының ісігі

/

Адекватсыз анестезия

/

Анестетиктермен улану

!

48 жастағы әйел адамға жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан гастротомия отасы кезінде қатерлі (басылмайтын) артериальды гипертензия анықталды. Қандай ем әдісі дұрыс?

/

Ганглиоблокаторларды енгізу

/

Нитраттарды енгізу

/

Анестетиктерді енгізуді ұлғайту

/

β-блокаторларды енгізу

/

Анестетиктерді енгізуді азайту

!

Пневмотороксы бар науқасты ұзақ тасымалдау кезінде жағдайы күрт нашарлай бастады, жүрек –қан тамыр жеткіліксіздігі белгілері пайда болып және жұтыну кезіндегі ауру сезімі байқалды. Сөзі күңгірлеп шығып, көкірекорта ағзаларының айқын ығысуы байқалмайды. Тыныс қарама−қарсы жағында жақсы естіледі. Қандай асқыну болуы мүмкін:

/

Эндоторакальды эмфизема

/

Орталықтық флегмона

/

Мойын флегмонасы

/

Күштемелі пневмоторакс

/

Спонтанды пневмоторакс

!

Хирургиялық отадан кейін науқасқа қандай жағдайда энтеральды тамақтануды тағайындамайды. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

/

Гепато-ренальды синдромның болуы

/

Бірінші тәулікте

/

Ішектің салдануы кезінде

/

Ішектің салдануы болмаған жағдайда

/

Гипергликемия

!

Өт тас ауруы бар науқаста су-тұз алмасуының бұзылысын реттеу үшін қолданылатын инфузионды ем қандай. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

/

Кристаллоидты ертінділер

/

Қан құю

/

Инфузионды еммен шектелу

/

4% глюкоза ертіндісі

/

6% рефортан

!

Глаукомасы және өт тас ауруы бар68 жасар әйел жоспарлы отаға дайындалуда. Жансыздандыру кезінде қандай препарат қолданылмайды. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

/

Кентамин

/

Пропафол

/

Натрий тиопенталы

/

Натрий оксибутираты

/

Севоран

!

Гепатопанкреатодуоденалды аймақта болған жоспарлы отадан кейін жиі кездесетін асқыну:

/

Отадан кейінгі жедел панкреатит

/

Перитонит

/

Қан кету

/

Ішек түйілуі

/

Ішектің салдануы

!

Өтті, дуоденальды сөлді, ащы ішек бөліндісін шектен тыс жоғалтқанда, ішектік жыланкөз, диарея кезінде дамыған асқыну. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

/

Гипотоникалық дегидратация, метаболикалық ацидоз

/

Гипертоникалық дегидратация, метаболикалық ацидоз

/

Изотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

/

Гипотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

/

Гипертоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

!

Интубациялық наркоз арқылы өткізіліп жатқан ота уақытында тыныс алу кезіндегі қарсыластық, тыныс шығарудың соңындағы оң қысым, аускультативті екі жақта тыныстың күрт әлсізденуі, кеуде торы көлемінің ұлғаюы байқалды. Осы жағдайдың дамуы мүмкін себебі неде:

/

ӨЖЖ аппаратының ақауы – тынысты шығарудың жоқтығы

/

Пневмоторакс

/

Ателектаз

/

Манжеттің бүтінділігінің бұзылуы

/

Бронхиолоспазм

!

Сепсис кезінде антибиотиктерді алмастырудағы дұрыс деп табылған сипатбелгісі қандай?

/

24 сағат бойында клиникалық нәтижелілігінің жоқтығы

/

Науқастың есінің бұзылуы

/

Микроциркуляция бұзылысының белгілерінің сақталуы

/

Гемодинамикалық ауытқулар

/

Токсикалық әсерінің төмендігі

!

Шынтақ аймағының алдыңғы бетінің қандай аймағында тері-бұлшықеттік нервтің қысылуы мүмкін?

/

Иықтың екі басты бұлшықетінің сіңірінің шетінде

/

Иықтың екі басты бұлшықетінің астынан өткен жерінде

/

Нервтің иық-шыбықтық бұлшықет астынан өтетін жерінде

/

Нервтің шынтақ аймағының алдыңғы латеральды сайынан өтетін жерінде

/

Бұлшықет теі нервтің шынтақ аймағында жұмыр пронатор астынан өтетін жерінде компрессионды зақымдануы

!

Сүт безінің обыры кезінде бірінші қай қолтықасты лимфа түйіндер тобына метастаз беріледі:

/

Кеуделік

/

Жауырын асты

/

Иық

/

Орталық

/

Жоғарғы ұшы

!

Оң жақ бронхқа жақын жатқан қандай тамырлар және қай уақытта зақымдалуы мүмкін:

/

Пульмонэктомия кезінде, тақ вена және жоғарғы қуыс вена

/

Лобэктомия кезінде жоғарғы қуыс вена және өкпе венасы

/

Төменгі лобэктомия кезінде өкпе венасы және төменгі қуыс венасы

/

Сегментэктомия кезінде қолқа және төменгі қуыс вена

/

Бронхтардың экстирпациясы кезінде тақ және жартылай сыңар вена

!

Баланы қарау барысында төстің, қабырғалық шеміршектер мен қабырғалардыңішке қарай иілгені анықталды. Балада кеуде торының қандай ақауы дамыған және үлкендерде бұл деформация түрі қалай аталады.

/

Су құйғыш тәрізді төс, «етікші кеудесі»

/

Киль тәрізді «құс төс тәрізді кеуде»

/

Су құйғыш тәрізді кеуде «матрос кеудесі»

/

Қайық тәрізді кеуде « құс төс тәрізді кеуде»

/

Етікші төсі «киль тәрізді»

!

Құрсақ қуысының жоғарғы қабатына ревизия жасау барсында асқазанның алдыңғы қабырғасының тесіп өткен жарақаты анықталды. Асқазанның артқы қабырғасын ревизия жасау үшін ең қолайлы жету жолын анықтаңыз. Осы жол арқылы қандай қуысты қарауға мүмкіндік туады?

/

Асқазан-көлденең ішектік (жиек)байламды ажыратқаннан кейін, шарбы қалтасын

/

Асқазан-көкбауыр байламын ажыратқаннан кейін, бауырлық қалтаны

/

Бауыр-бүйректік байламды ажыратқаннан кейін, шарбы қалтасын

/

Асқазан-диафрагма байламының тамырсыз аймағы арқылы, асқазан алды қалтасын

/

Бауыр-он екі елі ішек байламын ажыратқаннан кейін, көкбауыр орнын

!

Балада туа пайда болған асқынбаған оң жақ шап-ұмалық жарығы анықталды. Жарық қалтасын бөліп алу барысында оң жақ аталық безі көрінді. Хирург қандай қателік жіберді және ол әрі қарай қандай әрекет жасау керек?

/

Жарық қалтасы бөлінбейді және алып тасталмайды, құрсақ қуысынан ұма қуысын бөліптастау керек

/

Жарық қалтасы бөлініп алып тасталмайды , құрсақ қуысымен ұма қуысын біріктіреміз

/

Жарық қалтасы бөлініп алып тасталынып, құрсақ қуысына ұма қуысын біріктірмейміз

/

Хирург қателік жіберген жоқ

/

Жарық қалтасы бөлініп алып тасталынып, құрсақ қуысына ұма қуысын біріктіреміз

!

Сүт безін пальпация жасап қарау барысында сыртқы жоғарғы бөлгінде 6х4 см мөлшердегі тығыз түйін анықталды. Осы жағдайда қай лимфа түйінін пальпация жасау керек және ол қай жерде орналасқан

/

Зоргиус түйіні. 3-ші қабырға деңгейімен кеуденің үлкен бұлшықетінің сыртқы жиегінде

/

Зоргиус түйіні. 4-ші қабырға шеміршекті деңгейінде, ішкі кеуде артерия бойымен

/

Пирогов-Мюллер түйіні. Алдыңғы көкірекаралықта, жалпы ұйқы артериясы мен сол жақ бұғана асты артериясы арасында

/

Пирогов түйіні. 1-ші қабырға мен бұғана арасында, бұғана асты бұлшықетінен жоғары

/

Бұғанаасты түйіні, 5-ші қабырға деңгейінде арқаның жалпақ бұлшықетінің шеткі жиегінде

!

Өт қабын ажырыту барысында бауырдың зақымдануынан қан кетті. Аталған асқыну өт қабының қандай орналасуы кезінде кездеседі және бауырдан қан кетуді тоқтату үшін уақытша қан тоқтатудың қандай әдісі қолданылады?

/

Интрамуралды, Pringle-маневр

/

Бауырға тігіс салу

/

Бауыр артериясын байлау

/

Аталғандардың барлығы

/

Гемостаикалықтігіс салу

!

Науқасқа асқазан-ішектік жыланкөз салу керек болды. Лапаротомиядан соң ішек ілмегін көлденең ішектің шажырқайы арқылы өткізу және асқазанның алдыңғы қабырғасына тігу мүмкін емес екендігі анықталды. Науқасқа қандай асқазан-ішектік жыланкөз салынуы тиіс.Жіңішке ішектің ілмегін асқазанның қай қабырғасына және қалай әкелу жолын атаңыз. Анастомоз үшін ілмектің ұзындығын анықтаңыз?

/

Асқазан-жиектік байлам арқылы асқазан артқы қабырғасына өтеді, 50-60 см

/

Артқы гастроэнтеростомия Гаккер-Петерсон бойынша

/

Алдыңғы гастроэнтеростомия Вёльверу бойынша

/

Асқазан-ішектік байлам арқылы артқы қабырғасына өтіп 70-80 см

/

Дұрыс жауап жоқ

!

Науқаста алақанның U-тәрізді флегмонасы анықталды. Осы жағдайда қай нервтің қызметі бұзылады. Іріңдіктің әрі қарай таралмауы үшін хирургтің іс-әрекеті?

Наши рекомендации