Асқазан мен өңеш обыры.
1. Асқазанның дисталды бөлімінің обыры кезінде таңдалатын операция:
2. Ең аз клиникалқы симптоматикамен сипатталатын асқазан обырының локализациясын көрсетіңіз:
3. Аталғандардың ішінде қайсысы асқазан обырына қатысты дұрыс емес?
4. IV сатыдағы асқазанның антральды бөлімінің обыры кезінде аталған операциялардың біреуі орындалады:
5. Вирхов метастазына жатады:
6. Асқазан обырының ерте диагностикасы аталған әдістердің біреуінің көмегімен мүмкін:
7. Гастростомия операциясы көрсетілген:
8. Дисфагия көрінісі бар асқазанның проксималды бөлімінің обыры кезінде онкологиялық ақталған операцияны таңдаңыз:
9. Асқазанның шығу бөлімінің обыры кезіндегі паллиативті операция болуы мүмкін:
10. Асқазан обырының операцияға жарамсыздығының абсолютті белгісі болып табылады:
11. Стеноз көріністері бар асқазанның шығу бөлімінің операцияға жарамды обыры бар науқасқа қандай операция көрсетілген:
12. Асқазанның антральды бөлімінің обырымен ауыратын науқастыңқұрсақ қуысын ашқанда аз мөлшерде асциттік сұйықтық және қолқа бойымен лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Ісіктің көрші тіндерге өсуі анықталмады. Сіздің тактикаңыз:
13. 57 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәбет төмендеуі, кекіру, жүдеуге шағымданады. Тексеру кезінде сол бұғанаүсті аймағында тығыз, дөңгелек пішінді диаметрі 2 см түйін анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз
14. IV сатыдағы асқазанның антральды бөлімінің обыры бар науқасқа көрсетілген:
15. 50 жастағы науқасқа асқазан денесінің обырына байланысты операция жасау барысында, Сіз ісіктің бауырдың сол бөлігіне өскенін анықтадыңыз. Алыс метастаздар жоқ. Операцияның тиімді көлемін таңдаңыз:
16. Асқазан обырының имплантациялық метастазы:
17. 35 жастағы науқаста IV сатыдағы асқазанның кардиалды бөлімінің обыры және өңештің толық дерлік стенозы анықталды. Берілген науқасқа қандай операция жасау керек?
18. Асқазан антральды бөлімінің обырына байланысты операция жасалып жатқан науқаста құрсақ қуысында ісік метастаздары анықталмады. Араласудың тиімді көлемін көрсетіңіз:
19. Асқазанның антральды бөлімінің операцияға жарамды обыры кезінде тиімді операция болып табылады:
20. 50 жастағы науқасқа асқазан денесінің обырына байланысты операция жасау барысында, Сіз көкбауырдың төменгі полюсында ісік метастаздары анықталды. Басқа метастаздар анықталмады. Сіздің тактикаңыз?
21. Асқазанның антральды бөлімінің малигнизацияланған жарасы кезінде науқасқа қандай операция көрсетілген?
22. 70 жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның антральды бөлімінің жарасына байланысты бақыланған. Операциялық емнен бас тартқан. Соңғы 3 айда эпигастрийдегі ауырсыну тұрақты сипат алды, ет өнімдерінен жиіркену пайда болды, еңбекке қабілеттілігі төмендеді, жүдеді. Аурудың қандай асқынуы туралы ойлануға болады?
23. 70 жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның антральды бөлімінің жарасына байланысты бақыланған. Операциялық емнен бас тартқан. Соңғы 3 айда эпигастрийдегі ауырсыну тұрақты сипат алды, ет өнімдерінен жиіркену пайда болды, еңбекке қабілеттілігі төмендеді, жүдеді. Диагнозды қалай нақтылауға болады?
24. Дисфагия құбылыстары бар 3-сатыдағы өңештің мойындық бөлімінің обырымен ауыратын 50 жастағы науқасты емдеу әдісін таңдаңыз:
25. 78 жастағы науқаста тексеру кезінде кеңірдекке өскен, бауырға метастаздары бар өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің ісігі анықталды. Жұтынғанда сұйықтық қиындықпен өтеді. Сіздің тактикаңыз?
26. 50 жастағы науқаста өңештің ортаңғы-кеуделік бөлігінің обыры анықталды. Рентгенологиялық зақымданған бөлігі 8 см-ге дейін созылған, жұтынғанда оның омыртқа денелеріне қатысты қозғалмалылығы шектелген. Компьютерлі томография деректеріне сүйенсек, жекелеген регионарлы метастаздар бар, алыс метастаз жоқ. Гистологияда – жалпақ жасушалы обыр. Ауру кезінде 15 кг-ға арықтады. Сіздің емдеу тактикаңыз
27. Ер адам 47 жаста. Диагноз: өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің обыры, басым инфильтративті өсу формасы, ІІ саты. Науқасқа қандай емдеу әдісі көрсетілген?
28. 58 жастағы науқас қатты тағам жұтқанда қиындық сезінгеннен бастап, 6 ай бойы өзін ауру санайды. 3 айдан кейін жауырынаралық аймақта ауырсыну, әлсіздікті байқады, тек сұйықтық қана өтетін болды, 6 кг-ға жүдеді. Өңеш рентгенографиясы кезінде ортаңғы 1/3 бөлігінде оның қуысының 6 см созылған толу ақауы есебінен тарылуы. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу жасаған жөн?
29. 80 жастағы науқас қатты тағам жұтқанда ауырсыну, әлсіздік, жүдеуге шағымданады, 6 ай бойы ауырған. 6 кг-ға арыған, анамнезінде: 7 жыл бұрын ми қанайналым бұзылысын, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген. Рентгенография кезінде өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің 3 см-ге созылған қуысын бітейтін экзофитті ісігі анықталды. Эзофагоскопия кезінде 23 см қашықтықта – артқы-оң жақ қабырғасының қанталайтын экзофитті ісігі. Биопсия алғанда – жалпақ жасушалы обырдың морфологиялық суреті. Қосымша ауруларды ескеріп, науқасқа қандай ем көрсетілуі керек?
30. Науқаста өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің обыры, басым инфильтративті өсу формасы. Интраоперациялық зерттегенде ісіктің қолқаға өскені анықталды, зақымдану 8 см-ге созылған, қуысы 0,5 см дейін тарылған. Ісіктің терең жаралануы байқалды. Науқасқа қандай ем қолдану керек?
Холецистит
1. Жедел флегмонозды холецистит кезіндегі емдеу тактикасын анықтайтын негізгі факторды табыңыз.
2. Сарғаюдың клиникалық көрінісімен түскен науқаста қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізілмейді:
3. Курвуазье синдромына қандай симптомдар жиынтығы сәйкес келеді?
4. Сарғаюы бар науқастың УДЗ деректері бойынша анықталды: бауыр ұлғаймаған, контуры тегіс, құрылымы біртекті, бауырішілік өзектер кеңейген. Жалпы бауырлық өзек диаметрі 1,2 см, оның дистальды бөлігінде акустикалық көлеңкесі 0,7 см дейін эхопозитивті түзіліс анықталады. Өт қабы өлшемдері 9x4 см, қабырғасының қалыңдығы 0,2 см, қуысында 0,6-0,8 см дейін эхопозитивті қосылыстар. Ұйқы безі қалыңдамаған, құрылымы біртекті. Сіздің болжам диагнозыңыз?
5. Ұзақ уақыт механикалық сарғаюмен ауыратын науқасқа ЭРХПГ жасау кезінде өт өзектерінің бүкіл ұзына бойында айқын дилятациясы және контуры тегіс дөңгелек көлеңке түріндегі өт өзектерінің дистальды бөлігінде өзек қуысын толығымен обтурациялайтын толу дефекті анықталды. Сіздің қорытындыңыз және алдағы тактикаңыз?
6. Жоғары операциялық-анестезиологиялыққаупі бар науқастарға басылмайтын механикалық сарғаю, холедохолитиаз, өт-тас ауруы кезінде қандай емдеу әдісіне жүгінген жөн?
7. Өт-тас ауруы ұстамасымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел адамның кезекті ұстамасы түпкілікті басылды. 2 ай бойы оң жақ қабырға астындағы тұйық сыздап ауырсыну үнемі мазалаған. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында едәуір өлшемді тығыз эластикалық ауырсынбайтын беті тегіс түзілім анықталған. Ішастар тітіркену симптомдары анықталған жоқ. Дене температурасы қалыпты күйде сақталған, лейкоцитоз болмаған, лейкоцитарлы формула ығысуы жоқ. УДЗ кезінде өт қабы 123х63, қабырғасы 4 мм, мойын бөлігінде бекіген конкремент 23х18 мм, холедох 6 мм. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикасы?
8. 67 жастағы науқасты тексеру кезінде сіз жедел гангренозды холецистит және жергілікті перитонит анықтадыңыз. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай?
9. Ауруханаға флегмонозды холециститпен түскен науқас әйелдің емдеу және бақылау барысында қалтырау, сарғаю, гипертермия пайда болды. Перитонит симптомдары жоқ. Науқаста дамыған асқынуды көрсетіңіз.
10. Қосымша аурулары жоқ 57 жастағы науқаста жедел флегмонозды холецистит диагностикаланды. Жергілікті перитонит белгілері жоқ. Ауру ұзақтығы 2 тәулік. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз
11. Ауыр бронх демікпесі мен декомпенсирленген тыныс алу жетіспеушілігі бар жедел флегмонозды холецистит және жергілікті перитонитпен ауыратын 62 жастағы науқасқа не көрсетілген?
12. 42 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға астындағы және эпигастральды аймақтағы жауырынға және арқаға иррадиация беретін қатты ауырсынуға шағымданды. Соңғы 2 жылда майлы тағам қабылдағанда өзін нашар сезінеді. Дене температурасы 38,2оС, қанда лейкоцит мөлшері 15,8x109/л. Оң жақ қабырға астында және эпиғастральды аймақта бұлшықеттер ауырсынуы және қатаюы. Ортнер симптомы – оң. Аса болуы мүмкін диагнозды көрсетіңіз.
13. Науқас әйел адам іштегі ауырсынуға байланысты хирургиялық бөлімге жеткізілді. Көп жылдар бойы созылмалы калькулезді холециститпен ауырады, операциядан бас тартқан. Анамнезінде сарғаю болмаған. 3 күн бұрын ас қабылдағаннан кейін оң жақ қабырға астындағы ауырсыну ұстамасы дамыған, өз бетімен емделген. Жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жеткізілген. Зерттеу кезінде Ортнер, Кер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг оң жақ қабырға астында оң екені анықталды. Тактика қандай?
14. Қарт ер адам эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астындағы арқаға, жауырынға берілетін өткір ауырсынуға, құсуға шағымданды. Тілі құрғақ, пульсі жиі, толымы әлсіз. Іші үрленген, пальпаторлы бұлшықеттер қатайған және іштің оң жақ бөлігінде күрт ауырсыну, Щеткин-Блюмберг, Ортнер-Греков симптомы оң. Интоксикация, гиперлейкоцитоз-17000. Сіздің диагнозыңыз?
15. 42 жастағы науқас әйелді ауруханаға жылына үш рет жедел холецистит ұстамасымен жеткізілді. Соңғы рет екі күн бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделген. Ауруханаға түсерден 3 сағат бұрын іштегі ауырсыну жайылған сипат алды, оң жақты көбірек, гипертермия 39°С. Біртіндеп үдеп келе жатқан ішастар тітіркену белгілерімен, нейтрофильді формуланың солға ығысуымен айқын лейкоцитоз белгілерімен түсті. Науқаста жедел холециститтің қандай асқынуы?
16. 42 жастағы науқас әйелді ауруханаға жылына үш рет жедел холецистит ұстамасымен жеткізілді. Соңғы рет екі күн бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделген. Ауруханаға түсерден 3 сағат бұрын іштегі ауырсыну жайылған сипат алды, оң жақты көбірек, гипертермия 39°С. Біртіндеп үдеп келе жатқан ішастар тітіркену белгілерімен, нейтрофильді формуланың солға ығысуымен айқын лейкоцитоз белгілерімен түсті. Емдеу тактикасы қандай?
17. Науқаста жедел холецистит екені күмән туғызбайды. Ауру басталғаннан 7 күн өтті, интоксикация жоғарылады, оң қабырға астында мөлшері 14х12х6 см инфильтрат пальпацияланады. Перитонит симптомдары. Науқас операцияға алынды. Құрсақ қуысын ашқаннан кейін іріңдеген бауырастылық инфильтрат анықталды. Операцияны қалай аяқтау керек?
18.Науқас диета бұзғаннан кейін оң иық пен жауырынға иррадиацияланатын оң қабырға астындағы қатты ауырсыну пайда болды, температурасы 39°С дейін, жиі құсу. Оң қабырға астын пальпациялағанда ауырсыну және бұлшықеттер қатаюы анықталды, Мерфи, Курвуазье, Кер, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Жоғары лейкоцитоз, токсикалық дәнділік, спазмолитикалық заттар ауырсынуды баспаған, интоксикация өршіді, перитонит белгілері пайда болды. Науқаста қандай диагноз, хирург тактикасы?
19. Науқаста жедел холециститке байланысты операция кезінде флегмонозды өзгерген өт қабы анықталды. Холецистэктомия жасалды. Жалпы өт өзегінің диаметрі 4 см-ге дейін кеңейген. Холедохотомия кезінде диаметрі 1,5 см конкремент алынған. Өте көп мөлшерде күңгірт сылақтәрізді масса және құм. Контрастты зат он екі елі ішекке жеңіл өтеді. Хирург операцияны қалай аяқтауы тиіс?
20. Көп жылдар бойы оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуы бар науқас әйелдің кезекті ауырсыну ұстамасы көп ретті құсу, дене температурасының 39,5°С-қа дейін көтерілуімен бірге жүреді, бұлшықеттер дефансы, оң жақ қабырға астында ішастар тітіркену симптомы анықталады. Курвуазье симптомы оң. Қанда билирубин -2Омкмоль/л. Лейкоцитоз-21ООО. Консервативті емдеу нәтижесіз. Сіздің диагнозыңыз және науқасқа жүргізетін тактикаңыз?
21. Науқас әйел ауруханаға оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсыну шағымымен түсті. Бұдан бұрын іштегі қатты ауырсыну ұстамаларын басынан өткерген. Объективті қарау кезінде іші жұмсақ, бауыры пальпацияланбайды. Оң қабырға астында пальпация кезінде тығыз эластикалық консистенциялы, пішіні овальды, ауырсынбайтын түзілім анықталды. УДЗ-де өт қабында конкременттер. Сіз қандай диагноз қоясыз?
22. Бауырастылық кеңістікті дренаждау операциясынан 2,5 сағаттан кейін едәуір мөлшерде өт бөлінуде, хирург осындай жағдайда қандай шара қолдануы керек?
23. Науқасты соңғы екі жылда бауырлық шаншу ұстамалары мазалайды, ұстаманы басу өте қиын. Оң жақ қабырға астында тұйық ауырсыну сақталады, тұрақты сипат алды. Өт қабы проекциясында түзілім пальпацияланады. УДЗ-да әртүрлі тығыздықты және әртүрлі мөлшерлі конкременттер анықталады. Сіздің диагнозыңыз және ары қарай жасалатын тактикаңыз?
24. Холецистэктомиядан кейін операция үстелінде холедохта ұсақ тастар анықталған жағдайда хирург операцияны қалай аяқтайды?
25. Операция кезінде флегмонозды өзгерген өт қабы, өттік шектелген перитонит, бауырастылық абсцесс анықталды. Хирургтың ары қарай істейтін әрекеті?
26. Науқасқа деструктивті холециститке байланысты операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқас жағдайы жақсарған, оны тек дренаждық түтік және одан өт бөлінуі мазалаған, уақытында дренаждық түтік алынған және аздаған мөлшерде өт оконтрапертуралық жара арқылы бөлінген. Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы қандай?
27. Жедел калькулезді холециститпен ауыратын науқаста аурудың ауыр ағымында өт қабы-ішектік жыланкөз түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін:
28. 50 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы өт-тас ауруымен ауырады. 1 жыл бұрын созылмалы холециститке байланысты холецистэктомия жасалған. 10 күн ішінде науқас сарғаю, дене температурасы кешкі уақытта 39-40°С-қа дейін көтерілетін гипертермия пайда болғанын байқады. Эндоскопиялық ретроградты холангиография кезінде холедохолитиаз, іріңді холангит белгілері анықталды. Тиімді емес, адекватты емес емдеу кезінде аса болуы мүмкін асқынуды көрсетіңіз:
29. Қандай жағдайда операция барысында интраоперациялық холангиография абсолютті көрсетілмеген?
30. 47 жастағы науқас ауруханаға оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының 38,3°С көтерілуі шағымдарымен түсті. 3 күн бұрын майлы тағам қабылдағаннан кейін ауырған. Тамыр соғысы – 112 рет минутына. Тілі құрғақ, тері және склерасы субэктерикалық. Оң жақ қабырға астында күрт ауырсынатын, қатайған дөңгелек 12х8х6 см түзілім анықталады, Ортнер, Мерфи, Кер, симптомдары оң, Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл іште оң. Болжам диагноз?
Панкреатит
1. Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
2. Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Бұл науқаста диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдістері көмектеседі?
3. Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз.
4. 49 жастағы науқаста едәуір етті, майлы және татымды ас қабылдағаннан кейін іштің жоғарғы бөлімінде белдеме сипатты ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Науқас 6 жыл бойы асқазан ойық жара ауруымен ауырады. Қарау кезінде: іші үрленбеген, барлық бөлімдері тыныс алу актісіне қатысады, орташа қатайған және эпигастральды аймақта ауырсынады. Тамыр соғысы – 96 рет минутына. Температурасы 37,2°. АҚ – 125/90 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
5. Стационарға іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсынуға, басылмайтын көп ретті өт аралас құсу шағымдарымен 35 жастағы науқас госпитализацияланды. Ауырсыну 6 сағат бұрын көп мөлшерде алкоголь және майлы тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. ЖСЖ 94 рет минутына. АҚ 110/80 мм. рт.ст. Іші үрленбеген, эпигастральды аймақта және сол жақ қабырға астында күрт ауырсынады, сол жерде алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс. Алшақ жерлерде перкуторлы дыбыс тұйықталуы жоқ. Перистальтика әлсіреген. Үлкен дәретке отырмаған, газ шықпайды. Зәршығару бұзылмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
6. 49 жастағы науқаста едәуір етті, майлы және татымды ас қабылдағаннан кейін іштің жоғарғы бөлімінде белдеме сипатты ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Науқас 6 жыл бойы асқазан ойық жара ауруымен ауырады. Қарау кезінде: іші үрленбеген, барлық бөлімдері тыныс алу актісіне қатысады, орташа қатайған және эпигастральды аймақта ауырсынады. Тамыр соғысы – 96 рет минутына. Температурасы 37,2°. АҚ – 125/90 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
7. 37 жастағы науқас көп ретті өт аралас құсу және іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну пайда болғаннан 12 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілді. Ауру басталуын алкоголь және майлы тағам қабылдаумен байланыстырады. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз, іші үрленген, тыныс алу актісіне қатысуы шектелген, эпигастральды аймақта күрт ауырсынады. Перкуторлы – іштің алшақ жерлерінде дыбыс қысқаруы. Щеткин-Блюмберг және Мейо-Робсон симптомдары оң. Тамыр соғысы – 96 рет минутына, толымы әлсіз. Температура 37,2°. АҚ – 95/60 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізілуі қажет?
8. Этиологиясы алиментарлы деструктивті панкреатитпен ауыратын 45 жастағы науқас госпитализациядан 25 куннен кейін консервативті емдеу фонында гектикалық дене температурасы, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильды ығысуы пайда болды. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. Өкпеде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Тілі құрғақ, ылғалды. Іші үрленбеген, жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсынады, сол жерде тығыз, қозғалмайтын мөлшері 10x15 см инфильтрат пальпацияланады. осмотре кожные покровы обычной окраски, влажные. Перитонеальды симптомдар жоқ. Үлкен дәреті күнделікті. Диурез жеткілікті. Сіздің диагнозыңыз?
9. Этиологиясы алиментарлы деструктивті панкреатитпен ауыратын 45 жастағы науқас госпитализациядан 25 куннен кейін консервативті емдеу фонында гектикалық дене температурасы, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильды ығысуы пайда болды. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. Өкпеде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Тілі құрғақ, ылғалды. Іші үрленбеген, жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсынады, сол жерде тығыз, қозғалмайтын мөлшері 10x15 см инфильтрат пальпацияланады. осмотре кожные покровы обычной окраски, влажные. Перитонеальды симптомдар жоқ. Үлкен дәреті күнделікті. Диурез жеткілікті. Сіздің ары қарай жүргізетін емдеу тактикаңыз қандай?
10. 50 жастағы науқас жедел панкреатит клиникасымен түсті. Шұғыл жасалған лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық экссудат және көлденең тоқ ішектің шажырқайы түбірінің висцеральды ішастарында «стеаринді дақтар» анықталды. Сіздің диагнозыңыз?
11. 50 жастағы науқас жедел панкреатит клиникасымен түсті. Шұғыл жасалған лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық экссудат және көлденең тоқ ішектің шажырқайы түбірінің висцеральды ішастарында «стеаринді дақтар» анықталды. Хирургиялық емнің жоспары қандай?
12. 37 жастағы науқас көп ретті өт аралас құсу және іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну пайда болғаннан 12 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілді. Ауру басталуын алкоголь және майлы тағам қабылдаумен байланыстырады. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз, іші үрленген, тыныс алу актісіне қатысуы шектелген, эпигастральды аймақта күрт ауырсынады. Перкуторлы – іштің алшақ жерлерінде дыбыс қысқаруы. Щеткин-Блюмберг және Мейо-Робсон симптомдары оң. Тамыр соғысы – 96 рет минутына, толымы әлсіз. Температура 37,2°. АҚ – 95/60 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Сіздің болжам диагнозыңыз?
13. Деструктивті панкреатитпен ауыратын 30 жастағы науқас ауруханаға түскеннен 14 күннен кейін гектикалық температура, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы пайда болды, эпигастрийде инфильтрат пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:
14. Бір ай бұрын деструктивті панкреатитті басынан өткерген науқаста іштің жоғарғы бөлімдерінде жұмсақ консистенциялы көлемді түзілім анықталады. Іші жұмсақ, перитонеальды құбылыстарсыз. Температура және қан формуласы қалыпты шекте. Сіздің диагнозыңыз:
15. 59 жастағы науқас этиологиясы белгісіз перитониттің клиникалық көрінісімен түскен, диагностикалық мақсатпен лапароскопия жасалынды. Лапароскопия кезінде құрсақ қуысында орташа көлемде геморрагиялық экссудат, үлкен шарбыда – майлы некроз дақтары анықталды. Гастродуоденальды байлам аймағында қан сіңбеленген. Құрсақ қуысы экссудатында амилаза мөлшері жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз?
16. Ауруханаға 35 жастағы науқас іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну, көп ретті құсу шағымдарымен түсті. Ауырсыну алкоголь ішкеннен кейін пайда болған. Жағдайы ауыр. Тамыр соғысы 120 рет/мин., АҚ 90/60 мм рт. ст. Іші жоғарғы бөлімдерде күрт ауырсынады, іштің алшақ аудандарында – перкуторлы дыбыс тұйықталуы. Перистальтика әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз?
17. 68 жастағы науқас әйел майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін арқаға иррадиация беретін іште қатты ауырсыну, өт аралас құсу пайда болды. Анамнезінен созылмалы калькулезді холециститпен ауыратыны белгілі. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, іштегі ауырсынудан ыңқылдайды, тамыр соғысы 98 рет-мин., тілі құрғақ. Іші үрленген, пальпаторлы эпигастрий және сол қабырға астында айқын ауырсыну байқалады. Mayo-Robson симптомы оң. Перистальтика әлсіз. Температурасы 37,1°С, қан лейкоциттері 9х109/л. Науқасқа консервативті емнің қандай көлемі көрсетілген?
18. Қандай дифференциальды-диагностикалық симптомдар жедел панкреатит диагнозын қоюға мүмкіндік береді:
19. 40 жастағы науқас әйел ауруханаға ауырғаннан 2-ші тәулікте түсті. Қарау және зерттеу кезінде, Жағдайы орташа ауырлықта, айқын ферментативті интоксикация, панкреатогенді перитонит клиникасы жоқ. Емдеу әдісі қандай, тежеуші панкреатикалық протеинді синтез, аса тиімді және қолжетімді?
20. Деструктивті панкреатитпен ауыратын науқаста 15-ші тәулікте айқын интоксикация құбылысы, дене температурасы 39°С, қалтырау, тершеңдік, лейкоцитоз, бел аймағныда тері гиперемиясы сақталды. Диагноз?©
21. Деструктивті панкреатит кезінде оперативті араласуға көрсеткіштер:
22. Қай жағдайда жедел панкреатит кезінде цитостатиктер тағайындау жөнсіз болып табылады?
23. 20 жастағы науқаста жедел панкреатиттің клиникасы, бірақ асқазанның жарасының тесілуін де болжамнан шығаруға болмайды. Диагностикалық лапароскопияны жасау ұйғарылды. Деструктивті панкреатиттің сенімді лапароскопиялық белгісін таңдаңыз
24. 30 жастағы науқас аурудың 2-ші тәулігінде ауруханаға жедел панкреатит диагнозымен, айқын ферментативті интоксикация және панкреатогенді перитонитпен түсті. Ағзадан панкреатикалық ферменттерді шығарудың әдістерін көрсетіңіз
25. Жедел панкреатит кезінде цитостатиктердің емдік әсерінің механизмі:
26. Жайылған перитонит клиникасы бар 40 жастағы науқаста 1,5 л мөлшерде геморрагиялық экссудат анықталды, гепатодуоденальды байлам және көлденең тоқ ішек аймағында гематома, ішастар гиперемиясы. Өт қабы өлшемдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?
27. 35 жастағы науқас ауруханаға жедел панкреатит диагнозымен түсті. Аурудың энзимді сатысындағы аса ақпаратты тестті көрсетіңіз:
28. Басынан өткерілген панкреонекроздан кейін 6 ай өткен соң 45 жастағы науқасты УДЗ кезінде ұйқы безі денесінің 3x4 см кистасы анықталды. Емдеудің бастапқы нұсқасын көрсетіңіз:
29. 60 жастағы науқас әйел түскен кезде эпигастрий аймағында белдеме ауырсыну, көп ретті өт аралас аспен құсу шағымдары болды. Пальпация кезінде – ішастар тітіркенуімен эпигастрий аймағында ауырсыну. Тахикардия. Қан лейкоциттері - 10,0х10^9/л, зәр амилазасы - 1024, қан амилазасы -80. Рентгенограммада – көлденеңтоқ ішек пневматизациясы. Сіздің диагнозыңыз?
30. Лапароскопия кезінде 40 жастағы науқаста 1,5 л дейін геморрагиялық сұйықтық анықталды. Диагнозды нақтылауға қандай қосымша зертханалық зерттеулер көмектеседі?
Тоқ ішек аурулары
1. 67 жастағы науқас 6 ай бойы әлсіздік, тәбет төмендеуі, іштің оң жағындағы ауырсыну, әсіресе мықын аймағында күштірек, жүдеу, жиі үлкен дәрет пен іш қату кезектесуі мазалағанын айтады. Қан анализінде - анемия. Нәжісте кейде қан байқалады. Ирригоскопия кезінде соқыр ішекте – контуры тегіс емес, бұдырлы 2x3 см толу ақауы анықталды. Сіздің диагнозыңыз?
2. Күрт арыған 40 жастағы науқас 38°С температурамен, анустан қан кету, 5 күн бойы нәжіс шықпауы, газдар бөгелуі шағымдарымен түсті. Қарау кезінде: бауыр қабырға доғасының жиегінен 7-8 см төменірек, бұдырлы. Тік ішекті саусақпен зерттеу кезінде анустан 4 см жерде жанасу кезінде қанталайтын, тік ішек қуысын толығымен жабатын, тығыз бұдырлы ісік анықталады. Шап лимфа түйіндері ұлғайған. Өтімсіздік белгілері бар, бауыр және лимфа түйіндеріне метастаз беретін тік ішек обыры диагнозы қойылды. Операцияның болжанатын көлемі қандай?
3. Емханаға 62 жастағы науқас анустан қан ағу, қатты жүдеу, кезеңді іш қату шағымдарымен түсті. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу әдісін қолдану керек?
4. 72 жастағы науқасқа кезеңді түрде ішек өтімсіздігін шақыратын соқыр ішек ісігіне байланысты жоспарлы түрде операция жасалды. Ревизия кезінде перитонеальды ішастарға өскен мөлшері 15x10 см ісік анықталды. Жіңішке ішек, шарбы лимфа түйіндерінде көптеген метастаздар анықталды. Хирург операцияны қалай аяқтауы керек?
5. Тоқ ішек обырының негізгі рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз:
6. Тоқ ішек обыры кезінде рентгенологиялық зерттеудің аса ақпаратты әдісін көрсетіңіз:
7. 74 жастағы науқасқа обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған. Құрсақ қуысына операция кезінде – 1,5 л жуық ашық-сары экссудат анықталды. Ревизия кезінде мөлшері 10x12 см, тығыз, бұдырлы, қозғалмайтын, ішек қуысын толығымен бітейтін өрлемелі тоқ ішекке өтетін соқыр ішек ісігі анықталды. Мықын ішек сұйық құрамға және газға толып үрленген, жуан ішек қабысқан күйде. Жіңішке ішек пен жуан ішек шажырқайында ұлғайған тығыз лимфа түйіндері анықталады. Бауырда ошақты мөлшері 1,0 см-ден 3,5 см-ге дейін ошақты түзілістер анықталады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласу жасау керек:
8. Аурудың кеш сатысында түскен сигма тәрізді ішек ісігі аясында жедел ішек өтімсіздігі бар 75 жастағы науқасқа келесі тактика аса рациональды болып табылады:
9. Соқыр ішек обырымен ауыратын науқаста жедел ішек өтімсіздігі дамыды. Шұғыл операция кезінде регионарлы лимфа түйіндері үлкеймегені, ісіктің алыс метастаздары жоқ екені анықталды. Бұл науқасқа жасаған жөн:
10. Сигма тәрізді ішек обырымен шақырылған ішек өтімсіздігі кезінде әдетте қолданылатын операцияны көрсетіңіз:
11. 56 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 2 тәуліктен кейін операция жасалды. Құрсақ қуысының ревизиясы кезінде сигма тәрізді ішектің ортаңғы 1/3 бөлігіндегі ісіктің перфорациясы, ауқымды фибрин жабынымен ішастар гиперемиясы және іріңді, құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде орналасқан шірік иісті перитонеальды экссудат анықталды. Жіңішке ішек ілмектері күрт үрленген, ісінген, перисталтикасы жоқ. Берілген науқасты емдеудің тиімді әдісі болып табылады:
12. Бауырға метастаз берген өрлемелі тоқ ішек ісігінің перфорациясы кезінде көрсетілген:
13. Ерте сатыдағы соқыр ішек обыры кезінде таңдалатын операция?
14. Обыр кезінде жиі кездесетін ісік өсуінің экзофитті типі:
15. Тоқ ішек обырының клиникалық ағымының токсико-анемиялық формасы ісіктің қандай локализациясында аса жиі кездеседі?
16. Париетальды ішастарға инвазия және жіңішке ішек пен шарбының шажырқайының лимфа түйіндерінде көптеген метастаздары бар соқыр ішек ісігі кезінде емдеу тактикасы:
18. Ісіктің қандай локализациясында тоқ ішек обырының асқынуы ретінде ішек өтімсіздігі жиі кездеседі?
19. 55 жастағы науқас оң мықын аймағындағы тұйық ауырсынуға, субфебрилитетке шағымданады. Екі ай бойы ауырады, ауру жедел басталмаған. Оң мықын аймағында диаметрі 6 см дейін контуры тегіс емес, қозғалмалылығы шектелген, аз ауырсынатын тығыз түзіліс анықталады. Ирригография кезінде соқыр ішектің латеральды қабырғасында орталығында барий депосымен толу ақауы. Сіздің диагнозыңыз?
20. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы тоқ ішек обырының скринингінде қолданылады?
21. Тоқ ішек обырына тән рентгенологиялық белгіні көрсетіңіз:
22. Тоқ ішек обырын хирургиялық емдеу әдісін таңдау тәуелді емес:
23. Соқыр ішек обырының радикальды емі негізделеді:
24. 56 жастағы науқаста 3 тәулік бойы ішек өтімсіздігі белгілері бар. Операция кезінде сигма тәрізді ішекті қуысын толығымен обтурациялайтын ісік анықталды. Тоқ ішек пен мықын ішек күрт үрленген, іші толған. Ісіктен дистальды бөлікте ішек қабысқан. Көрінетін метастаздар жоқ. Емдік көмек көлемі қандай?
25. Науқаста операция кезінде бауырдың сол жақ бөлігіне жалғыз метастаз бар сигма тәрізді ішек обыры анықталды. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Хирург тактикасы:
26. Егде жастағы науқас әйелге жартылай ішек өтімсіздігін шақырған соқыр ішек ісігіне байланысты жоспарлы түрде операция жасалған. Ревизия кезінде ісік мөлшері үлкен, тығыз, қозғалмайтын, париетальды ішастарға өсетіні анықталды. Шажырқай мен шарбы лимфа түйіндеріне көп метастаздар анықталды. Сіз операцияны қалай аяқтайсыз?
27. 76 жастағы науқас 3 сағат бұрын ауырып қалды, ауыр жүкті көтергеннен кейін іштің төменгі бөлімдерінде өткір ауырсыну сезінді, суық тер басып, жүрек айну пайда болды. Анамнезінен 3 жыл бойы іш қатумен, кейде нәжісте күңгірт қан мен шырыш болғаны белгілі. Соңғы 4 күнде газдар мен нәжіс шықпауы мазалады. Объективті қарау кезінде тілі құрғақтау, терісі бозғылт-алқызыл. Науқас тамақтануы төмендеген. Тамыр соғысы – 96 рет/мин. Іші орташа үрленген, тимпанит, едәуір ауырсынады және төменгі бөлімдерде қатайған, әсіресе сол жақтан, төменгі бөлімдерде ішастар тітіркену симптомы әлсіз оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?
28. 67 жастағы науқасты жарты жыл бойы 3-4 күнге созылатын іш қату, нәжісте шырыш пен күңгірт қан іздері мазалайды. Емханаға түсерден 2 күн бұрын іште толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды, газ шықпай қойды, нәжіс болмады. Ректельды зерттеу кезінде сфинктер атониясы анықталды. Тік ішекке сифонды клизма жасағанда 500,0 мл артық су енгізілмейді. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде үстінде газ жиналған көптеген сұйықтық деңгейлері анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды таңдаңыз:
29. 74 жастағы науқасқа обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған. Құрсақ қуысына операция кезінде – 1,5 л жуық ашық-сары экссудат анықталды. Ревизия кезінде мөлшері 10x12 см, тығыз, бұдырлы, қозғалмайтын, ішек қуысын толығымен бітейтін өрлемелі тоқ ішекке өтетін соқыр ішек ісігі анықталды. Мықын ішек сұйық құрамға және газға толып үрленген, жуан ішек қабысқан күйде. Жіңішке ішек пен жуан ішек шажырқайында ұлғайған тығыз лимфа түйіндері анықталады. Бауырда ошақты мөлшері 1,0 см-ден 3,5 см-ге дейін ошақты түзілістер анықталады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласу жасау керек:
30. Лапаротомия кезінде бауырлық бұрышқа дейін таралған көлденең тоқ ішек ісігі анықталды және асқазан антральды бөліміне қарай өскен, ішектің әкелуші бөлімі едәуір кеңейген, қуысында нәжістік массалар, мықын ішек кеңеймеген. Көрінетін метастаздар жоқ. Қандай операция жасаған жөн?
Тік ішек аурулары
1. Созылмалы парапроктитке аса сипаттамалы:
2. Тік ішек жыланкөздерін зерттеуде не қолданылмайды?
3. Іріңді қуыспен асқынған экстрасфинктерлік жыланкөз кезінде аса радикалды операция:
4. Жедел парапроктит пайда болуына бейімдеуші факторлардың ішінде бірінші орында тұрады:
5. Тік ішек сызатына келесі симптомокомплекс тән (таңдау сатысына байланысты):
6. Жедел парапроктитке байланысты операцияны жүргізген жөн:
7. Амбулаторлы жағдайда геморроидалды түйіндердің жедел тромбозына байланысты емдеген кезде рационалды:
8. Тік ішекке тән емес қызмет:
9. Анальды сызат жиі пайда болады:
10. Созылмалы каллезді анальды сызаттың аса тиімді емі болып табылады:
11. Геморроидэктомия қай кезде көрсетілген:
12. Науқаста дефекация актінен кейін анальды аймақта қатты ауырсыну, үлкен дәреттен кейін 2-3 тамшы түріндегі қан кету, үлкен дәретке отырудан қорқу, созылмалы іш қатулар. Сіздің болжам диагнозыңыз:
13. Геморройдың анальды канал сызатымен асқынуы кезінде жасаған жөн:
14. Ерте кезеңде геморроидэктомиядан кейін аса жиі асқыну болып табылады:
15. Жедел шонданайлық-тік ішектік парапроктит кезінде көрсетілген:
16. Тік ішек түсуіне бейімдеуші факторға жатады:
17. Тік ішек түсуіне ықпал ететін тудырушы факторларға жатпайды:
18. Тік ішек түсуі диагностикасы қандай деректерге негізделеді?
19. III - IV дәрежелі тік ішек түсуі кезінде аса тиімді операция:
20. Созылмалы парапроктитке аса сипаттамалы белгі:
21. Геморройға келесі симптомдар тән:
22. Созылмалы геморройдың аса кең таралған емдеу әдісі:
23. 38 жастағы науқас емханаға әрбір дефекация кезінде ауқымды үнемі қайталанатын алқызыл түсті қан кету, іш қату шағымдарымен түсті. 6 жыл бойы ауырады. Объективті: ректальды зерттеу кезінде циферблат бойынша 3, 7, 11 сағатта проекцияланатын нүктелерде үлкен, жұмсақ, жеңіл түсетін, тигенде күрт қанталайтын ішкі геморроидальды түйіндер анықталады. Анус айналасындағы тері мацерацияланған, қастау іздері бар. Кожа вокруг ануса мацерирована, следы расчесов. Ректороманоскопия 30 см дейін патологиялық өзгеріссіз. Қан талдауы: Нв 90 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 14 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
24. 41 жастағы науқас емханаға артқы өтіс аймағындағы қатты ауырсыну және дефекация кезінде үнемі ауқымды қан кетуге шағымданып түсті. Дефекация кезінде қан болуын байқаған кезден бастап 8 жыл бойы ауырады. Консервативті емделген: шамдар, диета, іш өткізетін заттар. Соңғы 3 айда шамдар көмектеспеді, дефекация кезінде қатты ауырсыну, тенезмалар пайда болды. Объективті: тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттар түсі қалыпты. Тамыр соғысы 72 рет/мин., сипаты қанағаттанарлық. АҚ 130/80 мм с.б. Іші пальпациялағанда барлық бөлімдерінде жұмсақ, ауырсынусыз. Ректальды зерттеу кезінде тигенде жеңіл қанталайтын ішкі және сыртқы геморроидалды түйіндер айқындалған. Ректороманоскопия 30 см дейін ерекшеліктерсіз. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?
25. 38 жастағы науқас емханаға әрбір дефекация кезінде ауқымды үнемі қайталанатын алқызыл түсті қан кету, іш қату шағымдарымен түсті. 6 жыл бойы ауырады. Объективті: ректальды зерттеу кезінде циферблат бойынша 3, 7, 11 сағатта проекцияланатын нүктелерде үлкен, жұмсақ, жеңіл түсетін, тигенде күрт қанталайтын ішкі геморроидальды түйіндер анықталады. Анус айналасындағы тері мацерацияланған, қастау іздері бар. Кожа вокруг ануса мацерирована, следы расчесов. Ректороманоскопия 30 см дейін патологиялық өзгеріссіз. Қан талдауы: Нв 90 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 14 мм/сағ. Емдеу жоспары?
26. 30 жастағы науқас Д. артқы өтіс аймағындағы ауырсынатын тығыздалу барына, дефекация кезінде ауырсыну, дене температурасының 37,6ºС жоғарылауына шағымданады. Айтуынша 3 күн бойы ауырады. Қарау кезінде анус аймағында 5-6 сағатта анальды каналға өтетін ауырсынатын флюктуацияланатын бұлтию анықталады. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?
27. 63 жастағы науқас У. хирургқа дефекация акті және физикалық жүктеме кезінде тік ішек түсуіне шағымданды, өздігінен орнына келмейді, тек қана қолмен орнына түседі. Ауру сатысын көрсетіңіз:
28. 54 жастағы науқас П. жүргенде және физикалық жүктеме кезінде күшейетін шатаралық тереңінде тұйық ауырсынуға, бір апта бойы жоғары дене температурасына 39-40ºС шағымданып түсті. Қарау кезінде бөксе аймағының ассиметриясына назар аударылды. Қандай ауру туралы ойлану керек?
29. 61 жастағы науқас Ш. артқы өтіс аймағындағы ауырсынуға, шатаралық аймағында қышу, артқы өтістен дефекация кезінде қайтадан тік ішекке біртіндеп орнына келетін түйіндер түсуіне шағымданды. Ауру сатысын көрсетіңіз:
30. 45 жастағы науқас Л. ұзақ уақыт бойы кезеңді түрде ректальды қан кетуді байқады. Қан ағу дефекация актінен кейін болады (қан алқызыл түсті аз мөлшерде – қағаздағы іздерден бірнеше тамшыға дейін). Соңғы 2 айда қан кету күшейе түсті, әрбір үлкен дәреттен кейін алқызыл қанның аздаған ағуымен қайталанады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз: