Микроскоптық зерттеуге арналған материалдар
Микроскоптық зерттеуге ағзалардан, ұлпалардан, іріңнен және жануарлардан бөлінген әр түрлі сұйықтықтардан дайындалған жағындалар пайдаланылады. Ағзалардың бөлшектерін, тығыз түйіншектерді және қоймалжың күйдегі материалдарды екі заттық әйнектің арасына жаныштап жіберуге болады. Ауада кептірілген жағындыларды беттерін бір-біріне қаратып (беттері жанаспау үшін араларына сіріңкенің талын салады), қағазға орайды, сыртынан жіппен жақсылап байлап жібереді. Жолдама қағазда жағынды бекітілді ме, жоқ па міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бактериологиялық зерттеуге арналған материалдар
Сұйық патматериалдарды (қан, өт, жалқаяқ т.б.) ұштары бекітіліп, бітелген пастер түтікшелерінде жібереді. Материалды алмас бұрын түтікшені отқа қариды. Материалды сорып алған соң түтікшенің екі шетін оның ішіндегі сұйықтықты қыздырып алмай, абайлап отқа қыздыру арқылы бекітіп, бітейді. Осы мақсатқа стерильді шприцті де пайдалануға болады.
Ішекті зерттеген кезде оның өне бойын емес, тек зақымданған тұстарын пайдаланады. Оның ішіндегісін тазалап, стерильді сумен мұқият жуған соң ішінде глицериннің 30-40 % стерильді судағы ерітіндісі бар ыдысқа орналастырады.
Қиды зерттеген кезде стерильді пинцетпен құтыға немесе пробиркаға жинайды. Сондай-ақ, қиды сойылмаған ішекпен бірге жіберуге де болады.
Теріні ұсақ бөліктерге (10х10 см) бөліп, стерилді ыдыспен жібереді.
Қуыс сүйектерді еті мен сіңірінен тазалап, бүтіндей кемігімен қосып жібереді. Сүйекті 5 % корбол қышықылының судағы
ерітіндісімен немесе натрилі хлордың қаныққан ерітіндісі сіңірілген матамен не дәкемен орайды.
Аса қауіпті ауруға күдіктенген жағдайда (топалаң, маңқа, бруцеллез, туляремия, эмкар т.б.) аттандырылатын материалы бар шыны құтыны темір қорапқа орналастырып, пломбылап, мөрлеп ағаш жәшікке салып жібереді.
Анаэробты микроорганизмдерді бөліп алу үшін зардапты материалды алу және жіберу тәртібі
Зерттеу нәтижесінің күмәнсіз шығуы үшін зерттеуге жіберілетін материалдарды бірнеше жануардан алған дұрыс. Тек балауса, асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып алған материалды ғана жіберу қажет. Жазда 6-18 сағаттан, қыста 12-24 сағаттан кем емес алынған материалдар жарамды деп саналады. Материалды глицериннің 30-40 % стерильді судағы ерітіндісімен консервілеуге болады. Анаэробтық инфекцияларға зерттеуге өлексені соймай-ақ кесіп алуға болатын ет кесектері анағұрлым жақсы материал болып табылады. ет кесектерін кептірілген күйінде жіберуге де болады (некробактериоздан басқасын). Ол үшін ұсақ ет кесектерін құрғақ, қараңғы жерде немесе стерилді Петри аяқшасында 36-37 0С температурада термостатта кептіруге болады. Ауру жануарлардан материалды тек қана некробактериозға тексеру кезінде ғана алады.
Зертханада зерттеуге түскен материал тіркеліп, зерттеу аяқталғанша сақталынатын сараптаманың нөмірі беріледі. Тіркеу жорналында міндетті түрде келесі бағандар болуы қажет: 1) тіркеудің реттік нөмірі 2) материалдың түскен күні 3) шаруашылықтың аты және мекен-жайы 4) материалды кім жіберген 5) материалдың және ол алынған жануардың түрі, қай ауруға зерттелетіндігі 6) материал қандай түрде алынды 7) зерттеу қорытындысы 9) нәтижесі кімге және қашан хабарланды.
Материалды алғашқы өңдеудімал дәрігері арнайы бөлме–сойып зерттеу бөлмесінде бастайды. Материалды алғашқы өңдеу:
- өлексені сою, патологиялық анатомиялық зерттеу жүргізу, хаттама толтыру;
- өлекседен жекелеген ағзалар мен ұлпаларды алу, консерванттан босату;
- себінділер жасау, жағындылар даярлау және қажет болған жағдайда зертханалық хайуанаттарды зақымдау.
Барлық орындалған жұмыстар жұмыс дәптерлерге (күнделікке) міндетті түрде түсіріліп отыруы керек.
Зерттеу нәтижелері алынғанға дейін материалды суықта, жабық ыдыста сақталынады.
Зерттеу аяқталған соң патматериал өлексе өртейтін жерде (крематорий) өртелінеді немесе автоклавта залалсыздандырылады.
Сонан соң бөліп алынған өсінділерді зерттеумен және жағындыларды микроскоптаумен жалғасады. Зерттеу реті қандай инфекцияға күдіктенгенге байланысты өрбиді.