Сол жақ ортан жіліктің жармақшақпен жаралануы, газды гангренаның тез дамитын формасы.

!

Науқас 30 жаста, жарылыс кезінде құлаған ағашпен басылып қалған, алғашқы медициналық көмек көрсетілгенннен кейін науқасты урологиялық бөлімшеге жеткізілді. 3 ші күні науқастың екі саны мен сол жақ балтырын лампастық тілу мен фасқасын тілуді екі ортан жілігіне және сол жақ болтырына жасалды. Жарақаттан кейін 9-шы күні жағдайы ауыр. ‡йқысыздық, жүрегі айну, аузынан ашы ис шығады. Дене қызуы 38-градус тамыр соғысы минутына 110-рет, қан қысымы 18095мм сн.б соңғы уақытта тәулігіне зәр шығаруы 150мл қоңыр сұрғылт түсті, ақуыздың көбейуі, зәрінде эритроцитер, бүйректік эпителий. Болжамды диагноз?

Екі аяқтың ұзақ жаншылу синдромы, орташа дәрежелі , 2 кезең , жедел бүйрек жетіспеушілігі

!Операциядан кейін тізені эластикалық бинтпен байлайды. Бұл не үшін жасалады?

Терең қан тамырларына қаның жақсы айналуы

!

Бала 3 жаста, ата – анасы мойын ассиметриясын, басының оң жаққа қисайғанын, иегінің сол жаққа бұрылғанын байқады. Емдеудің қандай әдісі ең тиімді?

Зацепин бойынша операция

!

Науқас 16 жаста, білектің төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде кесілген жарасы бар. Қол басының 2, 3, 4 саусақтарының сезімталдығы жоқ. Бұл белгілер қандай асқынуға тән?

n. ulnaris зақымдануы

!

Науқас 3 тәулік бұрын құлап кеуде клеткасының оң жақ бөлігін соғып алған. Дәрігер VII-VIII оң жақ қабырғалардың алдынғы қолтық асты сызығы бойынша сынықты анықтаған. Науқастың жалпы жағдайы жақсармаған, тыныс алғанда ауырсыну сақталып отырған, бұған қақырықты жөтел қосылып ентігу күшейген, дене қызуы 38, 40-қа дейн жоғарлаған, қарау кезінде науқаста тахикардия, тамыры минутына 94 – рет соғады, оң жақ өкпеде тыныстың әлсіреуі, шашыранды ылғалды сырылдар анықталған.Қандай шаралар қолданасыз?

Таңғышты шешіп, спирт- новакаиндік блокада жасау, антибиотиктер егу, қабынуға қарсы, қақырық түсіреттін дәрілерді тағайындау

!

Науқасты авто көлік соғып кеткен. Көліктік байламсыз жедел жәрдеммен жеткізілген. Жағдайы ауыр, бозғылт, қан қысымы - 8050мм с б. Тамыр соғысы минутына 110-рет с т. Ортан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігінен пішіні өзгерген, ортан жіліктің варустық қисаюы анықталады. Ортан жіліктің сырт жағында 4 х 5см көлемдегі жыртылған жара бар, қана ағып тұр, табан артериясының соғуы сақталған, бақайларында қозғалыс сақталған. Емдік шаралар тізбегі қандай?

Шокка қарсы ем, шоктан шығарған соң, жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жасау және созылмалы- сығылмалы аппарат салып бекіту

!

Науқас үлкен асықты жілік диафизінің ашық сынығынан кейін. Созылмалы остеомиелитпен асқынған, сүйек ұштарында секвестрлер жоқ. Бір жыл ішінде сүйек бөліктері бітіспеген. Қолайлы ем түрі қандай?

Шыбық жілік сүйегін қиғаш немесе (аққабық астылдық көлденең резекция жасап), Илизаров әдісі бойынша компрессионды-дистракционды ем жасау

!

30 жастағы науқас клиникаға екі жақты қасаға сүйегінің және сол жақ шонданай сүйегінің жабық сынығынмен күдіктеніп әкелінді. Түскен кезде жағдайы ауыр, терісі бозарған, беті сұрғылт, суық тер басқан. Тамыр соғысы 140- рет минутына, қан қысымы 6040 мм. рт.ст. Анестезияның қай түрі қолданылады?

Школьников Селиванов бойынша

56 жастағы науқаста жамбас- сан буынының біріншілік деформациялық артрозы IV дәріжелі. Операцияға қарсы көрсеткіш жоқ. Емдеудің ең қолайлы түрі қандай?

Эндопротездеу

!

Науқас 16 жаста таяз жерге суға сүнгіген кезде оның қатты түбіне басымен соғылған. Судан достары шығарды, науқас қол- аяқтарының сезімталдылықты жоғалғандығына және қимылдың шектелуіне, тынысының қиындауына шағымданады, науқасты емдеу мекемесіне қалай, қандай қалыпта тасымалдайды?

щитке шалқасынан салып, басын арнайы Шанц бекіткішімен бекіту

!

Науқастың арқасында серозды сұйықтыққа толған, эпидермисі сырылған күйіктік жара бар. Кеуде аймағында қоңыр түсті айқын ісінген сезімталдығы жоғалған күйікті жарақат бар. Франк- индексі және күйіктің дәрежесі қандай?

45, жеңіл дәрежелі ауырлық

!Науқас іштің және жамбас сүйегінің жабық жарақатанған. Іштің бүкіл аймағының ауырсынуына, әлсіздіке, бас айналуына және көздің бұлдырауына шағымданады. Жалпы тексергенде науқас бозғылт түсті, суық тер басқан, шырышты қабаттардың көгілдір тартқаны байқалады. Қан қысымы 9050мм с. б. тамыр соғысы минутына 125-рет, әлсіз талу. Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Бүйір жақтарында тұйық дыбыс анықталады. Алговер - Грубер индексінің ауырлық жағдайы қандай?

Наши рекомендации