A) коллапстың дамуымен
B) қарын-ішек жолы қыймылының күшеюімен
C) гипергидратация дамуымен
D) жүрек жиырылуының жиілеуімен
E) АҚ жоғарылауымен
15. Температураның тәулігіне 3-5 градусқа ауытқуымен сипатталатын қызбалық температуралық сызық аталады (1)
A) тұрақтыя (f.continua)
B) қалжырататын (f.hectica)
C) келбетсіз (f.athypica)
D) босаңситын (f.remittens)
E) қайталанатын (f.recurrens).
16. Қызба кезінде тахикардия пайда болады (4)
A) синустық-жүрекшелік торапқа ыстық қан әсер еткенде
B) синустық-жүрекшелік тораптың өзіндік диастолалық деполяризациясыны жылдамдауында
C) адреналин өндірілуінің жоғарылауында
D) ыстық қан шеткері жылу сезетін қабылдағыштарға әсер еткенде
E) симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауында
17. Қызбаға тән (5)
A) қызбаның 1-сатысында АҚ жоғарылауы
B) қызбаның 3-сатысында АҚ төмендеуі
C) ас қорыт сөлдері шығуының төмендеуі
D) ішек қимылының белсенділенуі
E) асқазан сөлінің гиперсекрециясы
F) гипосаливация
G) тахикардия
18. Дұрыс тұжырым (3)
A) қалтырау қызбаның 2-сатысынатән көрініс болып табылады
B) жылуылық комфортты сезіну қызбаның 1-сатысынатән
C) терінің бозаруы және салқындауы қызбаның 1-сатысынатән
D) терлеудің айқын жоғарылауы қызбаның 3-сатысындаболады
E) диурез қызбаның 1 және 3-сатысындажоғарылайды
19. Сәйкестігін табыңыз
1. Қызбаның жағымды жақтары (8)
2. Қызбаның жағымсыз жақтары (5)
A) интерферон өндірілуінің жоғарылауы
B) фибробластар өсіп-өнуінің күшеюі
C) дене температурасы жоғарылауының бактериостатикалық әсері
D) вирустар репликациясының тежелуі
E) иммундық жүйенің белсенділенуі
F) бауырдың уытсыздандыру қызметінің жоғарылауы
G) фагоцитоздың белсенділенуі
H) антибиотиктерге микробтар сезімталдығының жоғарылауы
I) аллергиялық әсерленістер дамуының тежелуі
J) қажым қорының азаюы
K) жүрек-қан тамырлары жүйесіне күш түсуі
L) ОЖЖ қызметінің бұзылуы
M) ас қорытудың бұзылуы
N) бұлшықеттік нәруыздың ыдырауы
20. Ыстықты төмендететін дәрілерді тағайындаудың нағыз көрсетілімі болып
табылады (4)
A) шамалы қызба
B) асқын қызба
C) мый жарақаттары
D) эпилепсия
E) өмір тарихында селкілдегі бар 5 жасқа дейінгі балалар
№ 16.тақырып АЛЛЕРГИЯ
Сабақ мақсаты:
· Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру
· Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
· Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру
· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру
· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Оқытудың міндеттері:
- Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.
- Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету
- Теориялық білімді ситуациялық есептер шығару барысында қолдануды үйрету
- теңіз тышқанында анафилаксиялық сілейменің үлгісінде негізгі көріністерінің патогенезін түсіндіре алуды
- Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.
2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.
3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.
4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.
5. Аллергиялық серпілістердің 1, 11, 111,1Ү түрі патогенезінің ерекшеліктері;
а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;
б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.
6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу- тәжірибелер жасау немесе «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, есептерді шешу, нәтижелерді талқылау.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.
МАШЫҚТЫҚ ЖҰМЫС
№ 1 тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.
Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз доңызының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді ( 1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз шошқасы өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.
Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек тебінін табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартканда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.