Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу. Тұрғын халықтың диспансеризациясы
Стоматологиялық аурулардың эпидемиологиясы. ДДҰ бойынша және дүниежүзінің әр елдеріндегі халыққа көрсетер негізгі стоматологиялық қызметінің үлгісі.Эпидемиология қоғамдағы аурулардың жиілігі мен таралуын анықтайтын әртүрлі факторлардың қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Стоматологияда эпидемиология тұрғындар арасында стоматологиялық аурулардың этиологиясы мен таралуын зерттейді. Анықталған эпидемиологиялық мәліметтер көрсетеді:-негізгі стоматологиялық аурулардың таралуы мен белсенділігін бағалау;-олардың профилактикасы мен емінің қажеттілігін анықтау;-стоматологиялық көмектің сапасын анықтау;-әртүрлі аймақтарда ауру жағдайын салыстыру;-стоматологиялық денсаулыққа жету үшін мақсаттарды анықтау;-құралдар, материалдар, дәрілік заттар жасап шығаратын стоматологиялық өнеркәсіп үшін сандық және сапалық тапсырмаларды анықтау.
Стоматологияда эпидемиологиялық зерттеудің келесі түрлері қолданылады: түгелдей, таңдамалы, байқамалы. БДДҰ бойынша байқамалы зерттеуден негізгі кезеңдеріне жатады:
жоспарлау:
тексеруге тұрғындарды таңдау
келесі жастық топтар (5-6 жас, 12 жас, 15 жас, 18 жас, 35-44 жас, 65-74 жас)
таңдау құрылымы (қала, ауыл, әлеуметтік топтар)
таңдау өлшемі (40-50 адамнан кем емес)- таңдау әдісі (түгелдей)
эпидемиологиялық мәліметтер жиыны
мәліметтер анализі.
БДДҰ ұсыныстарына сәйкес, стоматологиялық аурулар туралы ақпаратты анықтау, әртүрлі аймақтарда жиналған мәліметтер, стоматологиялық эпидемиологиялық зерттеулер халықаралық терминологиямен салыстыра отырып, бірлік, бағалы критерийлері мен индекстер бойынша жүргізіледі. Көрсетілген зерттеулер БДДҰ стандартты түріне немесе басқа карталарға енгізіледі. Тістерді белгілеу халықаралық Стоматологиялық Федерацияда және Стандарттаудың халықаралық ұйымында ұсынылған халықаралық сандық жүйе бойынша жүргізіледі.
Тұрақты тістер
Жоғарғы жақ
18 17 16 15 14 13 12 11 21 22 23 24 25 26 27 28
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
______________________________________________
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
48 47 46 45 44 43 42 41 31 32 33 34 35 36 37 38
Төменгі жақ Уақытша тістер
Жоғарғы жақ
55 54 53 52 51 61 62 63 64 65
V IV III II I I II III IV V
V IV III II I I II III IV V
85 84 83 82 81 71 72 73 74 75
Төменгі жақ
Тұрғындарды негізгі стоматологиялық аурулармен зақымдалуын бағалау үшін таралу мен белсенділігі анықталады. Таралуы- науқастанған балалардың жалпы тексерілгендер салына қатынасын анықтайтың көрсеткіш. Пайыз бойынша есептеледі.
Таралуы-Науқастанған балалар саны
тексерген балалар саны х 100 %.
Әлемдегі стоматологиялық көмек көрсету жүйесі: 1. жеке ( Исландия, Норвегия, Ирландия); 2. кепілдік ( Австрия, Германия); 3. халықтық және мемлекеттік ( Финляндия, Швеция). Жеке тәжірибенің артықшылықтары:1. жақсы еңбек жағдайын ұсынады; 2. жақсы техникалық қамтамасыз етілген; 3. науқастардың сұранысына тез жауап береді; 4. дәрігерлердің мамандандырылған қызығушылығын қанағаттандырады. Кемшіліктері: 1. басқару қиындығы; 2. еңбекті ұйымдастырудың қазіргі әдістерін енгізу қиындығы ( жүйелі ем). Кепілдік көмектің артықшылықтары:1. стоматолог өзінің кірістеріне сенімді; 2. қалалардың экономикалық потенциалының өсуіне байланысты стоматологтардың кепілдік кірістері ұлғайды. Қоғамдық жүйенің негізгі бағыттары:1. мектептерді жүйелі түрде емдеу; 2. жоғарғы қаупі бар тұрғындардың басқа да тобын жүйелі түрде емдеу; 3. коммуналды профилактика; 4. қоғамдық..
Емхананың профилактикалық бөлімшесінде тексеру жүргізу. Тұрғын халықтың диспансеризациясы
Профилактикалық тексерулер жүргізу үшін келесі аспаптар қажет: 1. өткір зондтар; 2. стоматологиялық айна; 3. пародонталды зондтар; 4. аспаптарды залалсыздандыруға арналған құрал-жабдықтар. Тексерулер стоматологиялық орындықта немесе жоғарғы қабырғалы орындықта жүргізіледі. Тексеру кезіндегі жарықтандырулар тұрақты болуы керек. Науқасты тексеруді сұрастырудан бастайды. Бұл кезде құжаттық мәліметтер мен шағымдарын нақтылайды. Сонымен қатар бір уақытта еңбек және тұрмыстық жағдайын, басынан өткен және ілеспелі ауруларды анықтайды. Науқасқа белгілі бір сұрақтар қойылып, нақтылы жауаптар алынады. Әңгімелесу кезінде науқастың мимикасына, аузының ашылу дәрежесіне, бет-әлпетінің пішініне көңіл аударады. Бұл кезде дәрігер деонтология принциптерін сақтау керек. Өзінің ойларын сыртқа шығармауы керек. Себебі, науқас оны теріс ұғып, онда ятрогения дамуы мүмкін. Сұрастырудан кейін жақ-бет бөлімін тексеруге кіріседі. Тексеру-стоматологиялық ауруларды диагностикалаудың негізгі әдістерінің бірі. Сыртқы тексеру кезінде бет-пішініне және түсіне көңіл аударады. Онда зақымдалу элементтерінің бар-жоқтығы анықталады. Ауыз қуысы мүшелерін тексеруді еріннің қызыл жегісі мен ауыз бұрышынан бастайды. Бұл кезде олардың айқындылығын, көлемін, зақымдалу элементтерінің болуы мен сипатын анықтайды. Еріннің шырышты қабықшасын, жақтар түйіскен жағдайда тексереді. Мұнда жоғарғы ерінді көтеріп, төменгі ерінді түсіреді. Тексеру кезінде ұсақ сілекей бездерінің шығу өзектерінің өлшемін, секрециясын және жағдайын еске алады. Кейінірек кезектілікпен ауыз қуысы кіре берісі тереңдігін, парадонт, тіс қатарын, жеке тістерді, пломба, протездерді тексереді. Ауыз қуысы шырышты қабықшасын табиғи жарықта қарайды. Себебі, жасанды жарықтандыруда түсін өзгертеді. Бұл кезде құлақмаңы бездерінің шығару өзегінің жағдайына, түсіне, зақымдалу элементтеріне көңіл аударады.Содан кейін тіл, таңдай тіндерінің, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, ретромлярлы кеңістік, тіласты және жақасты сілекей бездерінің шығару өзегінің, таңдай және бадамша бездерінің жағдайын тексереді. Тексеруден кейін пальпацияға кіріседі. Тістер жағдайын бағалау. Тістерді стоматологиялық айна көмегімен жасанды жарықтандыруда немесе жарықты талшықты оптиканы қолдана отырып тексереді (трансллюминациялық әдіс). Бұл кезде тістер санына, олардың доғада орналасуына, түсіне, пішініне, көлеміне, шеген және протез жағдайларына көңіл аударады. Тексеруден кейін перкуссия мен зондтауға кіріседі. Саусақты және аспапты перкуссияны ажыратады. Саусақты әдіспен-жұмсақ тіндер жағдайын, ал аспапты әдіспен- тісті қоршап жатқан тіндер жағдайын анықтайды. Аспапты перкуссияны пинцет қаламымен немесе зонд көмегімен вертикалды және горизонталды бағытта жүргізеді. Соққылау науқаста аурсыну немесе жағымсыз сезімдер туғызбауы керек. Егер тістің қатты тіндерінің, ұлпаның жағдайын анықтау қажет болса, онда зондтау қолданылады. Оны бұрыштық немесе тура зонд көмегімен жүргізеді. Тістің қатты тіндерінің терең ақауында тіс қуысының төбесінің жағдайын анықтайды. Егер бұзылыстар болса, ешқандай қысым түсірмеу керек. Себебі, абайсызда қозғалыс жасағанда қалған жұмсақ дентинді тесіп, ұлпаны жарақаттауы мүмкін. Тісжегі қуысының қатты тіндерінің консистенциясын зондтау көмегімен, тіс жегі үрдісінің жеделдігін анықтауға болады.Жұмсақ тіндерді зондтау үшін түймелі зонд қолданылады. Диспансеризация-балалар денсаулығының жағдайын жүйелі түрде қадағалау, профилактикалық шараларды жүргізу, аурулардың ерте кезеңдерін уақытында анықтау, емдік-профилактикалық көмек түрлерін көрсету жатады. Ең алдымен диспансеризация жүйесіне барлық жастағы балалар тобы кіреді. Себебі, олар халықтың денсаулығын анықтайды.Бала денсаулығымен күрес оның дүниеге келу уақытына дейін басталады. Жүкті әйелдердің диспансеризациясы ерте кезеңдерде және болашақта да жүргізіледі. Тіс-жақ жүйесінің қалыптасуы ұрықтың жатырішілік дамуының 6-7 аптасынан басталады. Пластикалық материалға қажеттілік ұрықтың даму және өсуінің үдеу кезеңдерінде пайда болады. Жүкті әйел өзінің денсаулығын мұқият қарау қажет. Олардың денсаулығының жағдайы жүкті әйелдің тамақтану сипатына, жағымсыз әдеттердің бар-жоқтығына, кәсіби зияндықтарға, жүктіліктің асқынуына, экстрагениталды патологияға, дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдауға, тұрып жатқан аймақтың экологиялық жағдайына байланысты. Көрсетілген факторлар ағзаға зиян келтіріп, тіс-жақ жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Бұл кезеңде жүкті әйел өміріне гинеколог, акушер, стоматолог қатысады. Стоматолог жүктілерді диспансерлік қадағалауға қатыспаса да, ауыз қуысы жағдайына жауапты. Ол профилактикалық шаралар жүргізеді. Отбасы дәрігері, акушер-гинеколог, медбике де жүкті әйел мен балалардағы стоматологиялық ауруларының профилактикасы бойынша дайындалуы қажет. Баланың өсуі мен дамуында диспансеризацияны педиатр мен отбасы дәрігері жүргізеді. Өмірінің алғашқы жылындағы балалар педиатр және дәрігер-мамандармен жылына -16 рет, ал бала-бақшадағы балалар педиатрмен жылына- 12 рет қаралады. Барлық оқушылар бес дәрігер мамандардан қараудан өтеді. Оның ішінде стоматолог та бар. Бұл кезде аурудың бастапқы кезеңдері, жастық дамуындағы ауытқулар анықталып, емдеу және уақтылы түзету шаралары жүргізіледі.
4.Балалардағы тіс жегінің эпидемиологиясы . Балалардағы пародонт ауруларының және баска стоматологиялық ауруларының эпидемиологиясы.Эпидемиология қоғамдағы аурулардың жиілігі мен таралуын анықтайтын әртүрлі факторлардың қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Стоматологияда эпидемиология тұрғындар арасында стоматологиялық аурулардың этиологиясы мен таралуын зерттейді. Анықталған эпидемиологиялық мәліметтер көрсетеді:-негізгі стоматологиялық аурулардың таралуы мен белсенділігін бағалау;-олардың профилактикасы мен емінің қажеттілігін анықтау;-стоматологиялық көмектің сапасын анықтау;-әртүрлі аймақтарда ауру жағдайын салыстыру;-стоматологиялық денсаулыққа жету үшін мақсаттарды анықтау;-құралдар, материалдар, дәрілік заттар жасап шығаратын стоматологиялық өнеркәсіп үшін сандық және сапалық тапсырмаларды анықтау.Стоматологияда эпидемиологиялық зерттеудің келесі түрлері қолданылады: түгелдей, таңдамалы, байқамалы. БДДҰ бойынша байқамалы зерттеуден негізгі кезеңдеріне жатады:
жоспарлау:
тексеруге тұрғындарды таңдау
келесі жастық топтар (5-6 жас, 12 жас, 15 жас, 18 жас, 35-44 жас, 65-74 жас)
таңдау құрылымы (қала, ауыл, әлеуметтік топтар)
таңдау өлшемі (40-50 адамнан кем емес)- таңдау әдісі (түгелдей)
эпидемиологиялық мәліметтер жиыны
мәліметтер анализі.
БДДҰ ұсыныстарына сәйкес, стоматологиялық аурулар туралы ақпаратты анықтау, әртүрлі аймақтарда жиналған мәліметтер, стоматологиялық эпидемиологиялық зерттеулер халықаралық терминологиямен салыстыра отырып, бірлік, бағалы критерийлері мен индекстер бойынша жүргізіледі. Көрсетілген зерттеулер БДДҰ стандартты түріне немесе басқа карталарға енгізіледі. Тістерді белгілеу халықаралық Стоматологиялық Федерацияда және Стандарттаудың халықаралық ұйымында ұсынылған халықаралық сандық жүйе бойынша жүргізіледі.Тұрақты тістер
Жоғарғы жақ
18 17 16 15 14 13 12 11 21 22 23 24 25 26 27 28
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
______________________________________________
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
48 47 46 45 44 43 42 41 31 32 33 34 35 36 37 38
Төменгі жақУақытша тістер
Жоғарғы жақ
55 54 53 52 51 61 62 63 64 65
V IV III II I I II III IV V
V IV III II I I II III IV V
85 84 83 82 81 71 72 73 74 75
Төменгі жақ
Тұрғындарды негізгі стоматологиялық аурулармен зақымдалуын бағалау үшін таралу мен белсенділігі анықталады.Таралуы- науқастанған балалардың жалпы тексерілгендер салына қатынасын анықтайтың көрсеткіш. Пайыз бойынша есептеледі.
Таралуы-Науқастанған балалар саны
тексерген балалар саны х 100 %.
Әртүрлі аймақтар немесе қалалардағы тісжегінің таралуын салыстыру үшін таралу критерийлерін қолданады.
Белсенділік- аурумен зақымдану дәрежесін және тісжегі үшін КПЖ (тұрақты тістесу), КПЖ +кп (аралас тістесу) немесе кп (сүт тістесу), пародонт аурулары үшін СРІ (коммуналды пародонталды индекс) индекстерімен анықталады.Тістердің КПЖ индексі – тісжегілі, пломбаланған және жұлынған тұрақты тістер саны. КП индексі – тісжегілі және пломбаланған уақытша тістер саны.КПЖ+кп индексі- тісжегілі және пломбаланған тұрақты және уақытша тістер, сонымен қатар жұлынған тұрақты тістер саны.Тексерілген топта тісжегінің орташа белсенділігін анықтау үшін КПЖ (кп, КПЖ+кп) жеке индекстер санын тауып, топтағы адамдар санына бөлінеді.