Бассүйек- ми жарақаты.

1. Науқастың артық белсенді қозғалыстары мынаған алып келеді:

A. бассүйек ішілік қысымның жоғарылауына

B. пневмония даму қаупі жоғарылауына

C. ликворлық қысымның төмендеуіне

D. эпилептикалық ұстамаларға

E. димпинг-синдромына

2. Мойын омыртқа бөлімі зақымдалған науқастағы ең жиі өлімге алып келетін себебі:

A. гипокалиемия

B. гипернатриемия

C. жұлынның төмендеген бөлігінің ісінуі

D. жұлынның жоғарылаған бөлігінің ісінуі

E. омыртқа екі артериясындағы қан айналымның бұзылысы

3. Жұлынның жоғарылаған бөлігі ісінуінің негізгі клиникалық көрінісі:

A. демпинг-синдромы

B. бульбарлы синдром

C. Броун-Секара синдромы

D. Гийена-Барре синдромы

E. псевдобульбарлы синдром

4. Бас миының шайқалуы көрінеді:

A. бас-ми затында ұсақ нүктелі қанқұйылулардың болуымен

B. жалпы милық симптомдармен

C. ликворда қанның болуымен

D. ошақтық симптомдармен

E. анизокориямен

5. Бассүйек негізінің сынуына 100% кепіл болатын белгі

A. «көзілдірік» симптомы

B. құлақтан немесе мұрыннан ликвор ағуы

C. шүйде бұлшықетінің ригидтілігі

D. беттің бір жағындағы мимикалық бұлшықеттердің парезі

E. емізік тәрізді өсіндінің аймағындағы қан кету

6. Бассүйек-ми жарақаты кезінде пайдасынан зияны көп терапия:

A. седативті

B. витаминдік

C. дезагрегациялық

D. антиоксиданттық

E. дегидратациялық

7. Егер науқаста жарақат салдарынан иіс сезу қабілеті жоғалса:

A. алдыңғы бассүйек шұңқырының сынығы

B. лимбалық құрылымның шайқалуы

C. бас-ми бағанасының жарақаттануы

D. оң жақ самай аймағындағы субдуральды гематомасы

E. мұрын шырышты қабығының сыдырылуымен жүретін мұрын арқасының сынығы

8. Бассүйек-ми жарақаты кезінде жиі зақымдалатын сүйек:

A. самай

B. торлы

C. төбе

D. шүйде

E. маңдай

9. Жедел жәрдем дәрігері авария кезінде автотранспорт салонында табылған науқасқа ең бірінші жасайтын іс-әрекеті

A. ауырсынуды басу

B. инфузионды терапияны бастау

C. зақымдалған автомобиль ішінен науқасты шығару

D. жаға-шинасының көмегімен омыртқаның мойын бөлігін фиксациялау

E. науқасты диагностикалап, адекватты коррекция жүргізу

10. Оқшауланған жарақат саналады

A. жіліншіктің екі сүйегінің екі жағынан сынуы

B. бас-ми жарақаты және көк бауырдың жарылуы

C. мықын сынығы және бауырдың бұзылуы

D. иық сынығы және көк бауырдың жарылуы

E. медиальды жіліншіктің сынығы

11. Байланысқан жарақат саналады

A. мықын сүйектің қосарланған сынығы

B. открытый перелом большеберцовой кости

C. шынтақ өсіндісінің сынығы және сәулелік ауру

D. бас-ми жарақаты және жамбас сүйегінің сынығы

E. тамырлы-нервті шоғыры зақымдалған иық сүйегінің сынуы

12. Ер адам 39 жаста, пышақтық соққыдан қорғану мақсатында оң қолымен пышақты алып оның жүзін ұстап қалған. Шабуылшы оның қолынан қатты күшпен итеріп жіберді. Осының нәтижесінде, оң алақан сыртында терең жара пайда болды. 103 дәрігерінің қарауы кезінде, оң алақан сыртында терең, көлденең кесілген жара ұзындығы 4 см, жиектері тегіс және айқын қансыраумен. Жара тереңдігінде, ІІІ саусақ сіңірінде перифериялық шеті көрінеді, жарада орталық шеті жоқ. III саусақ жазылған, соңғы және ортаңғы фалангтарда белсенді бүгілу жоқ. Сезімталдық сақталған

Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсы СӘЙКЕС келеді?

A. III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың кесілген жарасы

B.III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың тесілген жарасы

C. III-саусақтың сіңірінің зақымдалуымен оң қолдың жыртылған жарасы

D. сіңірдің зақымдалуыныз оң қолдың кесілген жарасы

E. оң қолдың III-саусақ сіңірінің зақымдалуы

13. Науқас 50 жаста, автомобиль жарақатынан кейінгі жағдай. 103 дәрігері жалпы қарағанда науқас бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданған. Неврологиялық статус: ретроградная амнезия, шамалы анизокория, нистагм, пирамидалық жеткіліксіздіктің белгілері. Киімінде құсық қалдықтары. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?

A. субдуральды гематома

B. эпидуральды гематома

C. бас-ми шайқалуы

D. бас-миының жеңіл дәрежелі зақымдануы

E. бас-миының ауыр дәрежелі зақымдануы

14. 103 бригадасы келіп жеткен сәтте, 70 жасар ер адам, ес-түссіз жатыр. Көршілерінің айтуы бойынша науқас сатыдан құлап түскен. Объективно: есі-комада, брадикардия, брадипноэ. Неврологический статус: айқын анизокория. Патологогиялық табан белгілері. Мұрын жолдарынан қан кеткен іздері бар.

Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы СӘЙКЕС КЕЛЕДІ?

A. бас-миының ауыр дәрежелі зақымдалуы

B. *бас-миының орташа дәрежелі зақымдалуы

C. *бас-миының жеңіл дәрежелі зақымдалуы

D. бассүйек күмбезінің және негізінің сынуы

E. субдуральды гематома

15. 35 жастағы ер адам, ауыр затпен басын урып алған сәтте есінен танып, құлап қалған. Науқас жағдайын біріншілік бағалау кезінде түсініксіз сөздер айтып, ауырсыну тітіркендіргішіне көзін ашып, тітіркендіргіш тиген аймақтағы қол-аяқты қозғайды.

Глазго шкаласы бойынша бағалаңыз:

A. 5 балл

B. 7 балл

C. 8 балл

D. 9 балл

E. 10 балл

Наши рекомендации