Жыныстық жолмен жұғатын аурулар бойынша тест сұрақтары.

1. Трихомониаз қоздырғышы:

а) Candіda albіkans

б) Myсoplasma homіnіs

в) Chlamіdіa traҺomatіs

г) Trіchomonas vagіnalіs

д) Mycoplasma genіtalіum

2. Хламидиоздың инкубациялық кезеңі:

а) 2 күн

б) 4 - 5 күн

в) 1 – апта

г) 14 күн

д) 1 ай

3. Еркектерде трихомонадты уретриттің асқынуы болып табылмайды

а) простатит

б) куперит

в) эпидидимит

г) везикулит

д) эндометрит

4. Микоплазманы анықтау әдістеріне жатады :

а) культуральды зерттеуден басқа

б) иммунофлуоресценция әдісінен басқа

в) ПЦР басқа

г) БТИР

д) жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс

5. Хламидиоз қоздырғышы:

а) Chlamіdіa trahomonatіs

б) Trіchomonas vagіnalіs

в) Candіda albіkans

г) Paрovavіrіdae

д) Chlamіdіa homіnіs

6. Трихомониазды емдеудегі негізгі препараттар:

а) фазижин

б) тетрациклин

в) преднизолон

г) нистатин

д) гоновакцина

7. Трихомониаздың инкубациялық кезеңі:

а) 3-10 күн

б) 20 күн

в) 5-14 күн

г) 1 апта

д) 2-3 күн

8. Қынаптық гарднерелла:

а) факультативті анаэроб

б) факультативті аэроб

в) облигатты анаэроб

г) облигатты аэроб

д) барлығы

9. Трихомониаз диагнозын анықтайды :

а) көп іріңді бөлініс

б) бөртпелер

в) жеңіл қышу және ашу

г) қоздырғышты табу

д) барлығы

10. Хламидия инфекциясын емдеуге арналған препарат:

а) пенициллин

б) тинидазол

в) тетрациклин

г) зовиракс

д) аталғандардың барлығы

11. Трихомониаз кезінде уретрадан бөлінетін бөлініске мінездеме:

а) іріңді

б) ірімшік тәрізді

в) шырышты

г) сұйык қөпіршікті
д) қанды

12. Хламидиоз кезіндегі уретрадан бөлінетін сұйықтың сипаты :

а) көп іріңді

б) аз шырышты

в) іріңді

г) көп, шырышты-іріңді

д) бөліну жоқ

13. Микоплазмоз қоздырғышы болып табылмайды:

а) Ureaplasma urealytісum

б) Mycoplasma homіnіs

в) Мycoplasma genitalіum

г) Chlamіdіa trachomatіs

д) Candіda albіkans

14. Алдыңғы және артқы уретриттердің диагностикасында қолданылады:

а) кілтті торшаларды анықтау

б) оң «аминотест»

в) бактериологиялық зерттеу

г) Томпсон сынамасы

д) полимераздық тізбекті реакция

15. Трихомониаз еміне қолданылатын препараттар:

а) пенициллин

б) бисептол

в) фазижин

г) ампиокс

д) барлық айтылғандар

16. Гонобленнорея - ол:

а) уретраның зақымдалуы

б) үлкен және кіші жыныс ернеулерінің зақымдалуы

в) көздің зақымдалуы

г) ауыз қуысының кілегей қабатынының зақымдалуы

д) тік ішек зақымдалуы

17. Соз кезінде арнаулы имуннотерапияға жатады:

а) аутогемотерапия

б. пирогенді

в) лактотерапия

г) метилурацил

д) гоновакцина

18. Жаңа соз кезіндегі лабораториялық диагностика әдісі:

а) люминесценттік диагностика

б) Романовский-Гимзе бояуы

в) гистологиялық диагностика

г) Грам бойынша бояу

д) барлық аталғандар

19. Созылмалы соз кезіндегі лабороториялық диагностика әдістері

а) люминесценттік диагностика

б) Романовский-Гимзе бояуы

в) гистологиялық диагностика

г) микроскопиялық диагностика

д) Тцанка әдісі

20. Жаңа жедел создық уретритке тән емес:

а) “таңғы тамшы”

б) іріңдік бөлінуі

в) барлық жауап дұрыс

г) пальпацияда уретраның ауырсынуы

д) орхоэпидидемит

21. Созда болмайтыын асқыну:

а) каналликулит

б) везикулит

в) уретра стриктурасы

г) куперит

д) фагеденизм

22. Екі стакандық сынамада қолданылатын сұйықтық

а) ликвор

б) лимфа

в) зәр

г) қан

д) сарысу

23. Томпсон сынамасы - бұл

а) 50% калий йодының майымен компресстік сынама

б) екі стакандық сынама

в) йодтық сынама

г) зондпен тесу симптомы

д) “алма желесі” феномені

24. Гонококк-бұл

а) стрептококк

б) стафилококк

в) диплококк

г) вирус

д) коринобактериялар

25. Соз кезіндегі асқынулар:

а) индуративті ісіну

б) везикулит, ойық жара

в) уретра стриктурасы, везикулит, куперит

г) куперит, увеит

д) фагеденизм

26. Жаңа создың лабораториялық диагностикасы:

а) люминесценттік диагностика

б) Романовский-Гимзе бояуы

в) гистологиялық диагностика

г) метиленді көк

д) жалпы зәр анализі

27. Жаңа соз диагнозы қойылатын мерзім:

а) 1 айға дейін

б) 2 айға дейін

в) 2 аптаға дейін

г) 3 аптаға дейін

д) 2 аптадан жоғары

28. Көбінесе гонококкпен зақымдануға қандай кілегей қабат бейім:

а) көп қабатты жазық мүйізденбеген эпителий

б) өтпелі эпителий

в) цилиндрлік эпителий

г) көп қабатты жазық мүйізденген эпителий

д) куб тәрізді эпителий

29. Әйелдерде создың келесі клиникалық түрлері жиі кездеседі

а) жаңа жедел

б) жаңа жеделдеу

в) жаңа торпидті

г) латентті

д) созылмалы

30. Әйелдер созының емделу критерийінің нәтижесі

а) объективті тексеріс

б) бактериоскопиялық және бактриологиялық тексеру әдісі

в) вагино- және уретроскопия

г) кеңейтілген кольпоскопия

д) колоноскопия

Жауап эталондары:

1-г;

2-г;

3-д;

4г;

5-а;

6-а;

7-в;

8-а;

9-г;

10-в;

11-г;

12-б;

13-г;

14-г;

15-в;

16-в;

17-д;

18-г;

19-г;

20-а;

21-д;

22-в;

23-б;

24-в;

25-в;

26-г;

27-б;

28-в;

29-д;

30-б.

Наши рекомендации