Е) Жүректің ишемиялық ауруы
140. Науқас әйел 35 жаста, мынадай шағымдармен келіп түсті: эпигастрий аймағындағы аш және түнгі ауру сезіміне, қыжылға, тамақ қабылдағаннан кейін басылатын, ал кейде тамақ қабылдағаннан кейін туындайтын эпигастрий аймағының тұйық ауру сезіміне және ауырлық сезіміне шағымданады.Сирек тамаққа тез тою сезімі пайда болады. Науқастанғанына 2 жыл болды. Терапевте созылмалы гастритпен емделген, бірақ нәтижесіз.Объективті: тамақтануы қалыпты,тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрии аймағында локализациясы анықталмайтын жеңіл диффузды ауру сезімі анықталады. Бауыр, өт қабын, ұйқы безін, көкбауырды және ішек ілмектерін пальпациялауда ешқандай патологиялық өзгерістер анықталмады. Дәреті мен диурезі қалыпты. Жалпы қан мен зәр анализі, копрограмма, бауырлық сынамалар патологиялық өзгеріссіз. Гистологиялық әдіспен асқазанның шырышты қабатының биоптатын пилорикалық геликобактерге зерттегенде нәтиже теріс болып шықты. Сіздің қорытынды клиникалық диагнозыңыз:
A) Созылмалы гастродуодениттің өршу сатысы
B) ойық жара ауруының өршу сатысы
C) Созылмалы панкреатиттің өршу сатысы
D) +Функционалды диспепсия кезіндегі эпигастральды аурулық синдромы
E) Созылмалы тассыз холециститтің өршу сатысы
141.Науқас ер адам, 52 жаста. шағымданады: эпигастрий аймағындағы аш және түнгі ауру сезіміне, тамақ қабылдағаннан кейін басылады, ал кейде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастральды аймақтың оң жағынан тұйық ауру сезіміне және ауырлық сезіміне, сирек қыжылға, қышқылмен кекіруге. Науқас жарты жыл бойы ауырады. Эндоскопиялық зерттеу кезінде атрофиялық гастрит белгілері анықталды. Терапевте созылмалы атрофиялық гастрит диагнозымен емделген, бірақ нәтижесіз. Объективті: Тамақтануы қалыпты,тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрии аймағының оң жағында жеңіл локальды ауру сезімі анықталады. Бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр патологиясыз. Іш қатуға бейім, диурезі қалыпты. Жалпы қан мен зәр анализі, капрограмма, бауырлық сынамалар қалыпты. Гистологиялық зерттеуінен: Асқазаның антральды бөлігінің шырышты қабатында лимфоцитарлы және макроцитарлы инфильтрация атрофия белгісінсіз, НР ++. Іш қуысы ағзаларының УДЗ патологиясыз. Сіздің қортынды диагнозыңыз?
A) +Созылмалы, антральды атрофиялық емес, HP-ассоцирленген гастрит, өршу сатысында
B) Асқазанның антральды бөлігінің ойық жара ауруы, өршу сатысы
C) Созылмалы атрофиялық гастрит
D) 12-елі ішектің ойық жара ауруы, өршу сатысы
E) Созылмалы панкреатит
142. Анамнезінде асқазанның ойық жара ауруы бар науқас ер адамда тамақ қалдығымен болған көп реттік құсу және ашық қызыл түсті қан аралас 1 реттік құсу анықталған. Қабылдау бөлімінде науқас бозғылт, пульсі жиі, АҚҚ 90/60мм.сын.бағ. Сіздің болжама диагнозыңыз:
A) +Жара ауруы, қан кетумен асқынған
B) Геморрой
C) ойық жара ауруының пенетрациясы
D) ойық жара ауруының перфорациясы
E) Жедел панкреатит
143. Анамнезінде асқазанның жара ауруы бар науқас ер адамда тамақ қалдығымен болған көп реттік құсу және ашық қызыл түсті қан аралас 1 реттік құсу анықталған. Қабылдау бөлімінде науқас бозғылт, пульсі жиі, АҚҚ 90/60мм.сын.бағ. Зерттеу жоспарындағы алғашқы әрекетіңіз?
A) Рентгенологиялық зерттеу
B) +Жедел эндоскопиялық зерттеу
C) Асқазан секрециясын зерттеу
D) Іш қуысынң КТ –сы
E) Дуоденальды зондтау
144. Анамнезінде ойық жара ауруы бар науқас ер адамда түнгі 2-ден бастап таңертеңге дейін көп реттік тамақ қалдығы мен ашық қызыл түсті қан аралас құсық болған. Қабылдау бөлімінде науқас бозғылт, пульсі жиі, АҚҚ 90/60мм.сын.бағ. Қан анализінен: Нв 98 г/л, эритроциттер 3,5∙1012/л. Эндоскопиялық зерттеуде 12-елі ішектің пиязшығының алдыңғы қабырғасы тромбпен жабылған 0,5 х0,7 см. көлемінде жаралық дефект анықталады. Қан кетудің жалғасу белгісі анықталмайды. Диагноз қойылған: 12-елі ішектің пиязшығының ойық жара ауруы, қан кетумен асқынған. Бұл науқасты ары қарай жүргізу тактикаңыз?
A) Гемостатикалық терапиямен шектелу
B) + ойық жара ауруына қарсы кешенді терапия
C) Кешенді жара ауруына қарсы және гемостатикалық терапия жүргізу
D) Физиоемге жіберу
E) Санаторлы-курортты ем
Науқас соңғы екі апта бойы эпигастрии аймағындағы аш және түнгі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы 2-3 күн бойы эпигастрии аймағында ауру сезімі күшейді. Объективті: тілі қалың ақшыл-сарғыш жабындымен жабылған, эпигастрии аймағында айқын бұлшықеттердің қатаюы және ауру сезімі, ішінің кебуі анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенограммасында “Клойбер тостағаншалары” анықталады. Қай ауру жайлы сіз ойлайсыз?