Ештің аурулары және зақымданулары
#344
Жедел жәрдем бригадасы 30 жастағы әйелді жұтынған кездегі кеуде қуысындағы ауру, әлсіздік, лоқсу, құсу шағымдармен ауруханаға жеткізді. Шағымдар 2 сағат бұрын байқамай 50 мл сірке қышқылын ішіп қойған соң басталған.
Келтірілген болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
Ештің химиялық күйігі
Ештің зақымданулары
Еш дивертикулы
Кардия ахалазиясы
Рефлюкс-эзофагит
#345
*! 35 жастағы әйел, қабылдау бөліміне қыжылға, эпигастрий аймағындағы сыздаған ауру сезіміне шағымданып келді. Жоғарыдағы шағымдары соңғы екі ай бойы мазалайды. Эзофагография зерттеуінде асқазаннан өңешке контрасттық заттың кері регургитациясы анықталды.
Аталған диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
Ештің химиялық күйігі
Рефлюкс-эзофагит
Кардия ахалазиясы
Ештің тарылуы
Ештің жарасы
#346
*! 27 жастағы әйелді 3 жыл бойы төс артындағы ауырлық сезімі, дисфагия, регургитация мазалайды. Рентгенологиялық зерттеу барысында өңештің терминалды бөлігінің перистальтикасы кезінде контурларының «аударылған шам жалынына» ұқсас өзгеруі, анық, біркелкі тарылуы анықталды.
Берілгендердің арасынан мүмкін болатын диагноз?
*өңештің химиялық күйігі
*өңеш стриктурасы
*рефлюкс-эзофагит
*өңеш ойық жарасы
*+кардиа ахалазиясы
#347
Науқас 45 жаста, хирургтың қабылдауына аузынан шығатын жағымсыз иіске, регургитацияға және төс артындағы ауырлыққа шағымданып келді. Эзофагоскопияда ауа инсуффляциясы кезінде қапшық сияқты жайылатын қуыс анықталды.
Төмендегі патологиялардың қайсысы мүмкін болатын диагноз?
Ештің химиялық күйігі
Еш дивертикулы
Кардия ахалазиясы
Рефлюкс-эзофагит
Ештің жарасы
#348
*! 37 жасар әйел хирургияның қабылдау бөліміне регургитацияға, мойынның сол жақ тұсындағы топаюға шағымданып келді. Екі жыл бұрын стационарда апикалды плевритпен емделген. Рентгенографияда өңештің қабырғасының сыртына шығатын контурлары анық толу ақауы анықталды.
ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
*өңеш полипы
*+өңеш дивертикулы
*рефлюкс- эзофагит
* кардиа ахалазиясы
*өңеш ойық жарасы
#349
*!29 жастағы әйел жұтынудың қиындауына, жұтынғанда тамағының тығындалуы сезіміне, алдын қабылдаған тағамның регургитациясына шағымданады. Науқас айтуынша су ішкенде шұрылдар естіледі. Басын артқа шалқайтып мойын аймағын қарау барысында басқанда кішірейе түсетін, жұмсақ консистенциялы түзіліс анықталады.
ЕҢ мүмкін болатын патология?
*өңеш өтімсіздігі
*өңештің бөгде заты
*+Ценкер дивертикулы
*өңеш стриктурасы
*өңеш жарасы
#350
*! Пациент 56 жаста, хирургиялық стационарға дисфагия, регургитация, төс артындағы ауырлық сезімдеріне шағымданып келді. 3 жыл бойы сырқаттанады, соңғы кездері жоғарыда баяндалған шағымдардың күшейе түскендігін айтады. Рентгенографияда өңештің аздап кеңейюімен кардияның тұрақты спазмы анықталды.
ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
Ештің химиялық күйігі
Еш бүйірқалталары
Кардия ахалазиясы
Рефлюкс-эзофагит
Нештің жарасы
#351
*! Пациент 59 жаста, төс артындағы ауру сезіміне, дисфагия және регургитацияға шағымданып келді. 5 жыл бойы жұтынудың қиындауынан зардап шегеді, алғашында қою тағамдардың өтуі қиын болған, соңғы кездері сұйық тамақ қабылдағанда да қиындықтар туындай бастаған. Эзофагоcкопияда өңеш қуысының кеңеюі, шырышты қабық қатпарларының қалыңдауы, төменгі үштен бір бөлігінің тарылуы анықталды.
Төмендегі патологиялардан ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
Ештің химикалық күйік
Еш бүйірқалталары
Кардия ахалазиясы
Рефлюкс-эзофагит
*өнештің жарасы
#352
Пациент 68 жаста, дисфагияға, регургитацияға, төс артындағы ауыруға, ауамен кекіруге, гиперсаливацияға шағымданып түсті. Анамнезінде шағымдары 1,5 жыл бұрын пайда болғаны анықталды. Рентгенографияда өңештің аздап кеңеюі мен кардияның тұрақты спазмы анықталды.
Төмендегі патологиялардан ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
Ештің химиялық күйігі
Еш бүйірқалталары
Кардия ахалазиясы
Рефлюкс-эзофагит
Нештің жарасы
#353
Жастағы ішімдікке салынған ер адам клиникаға беймәлім сұйықтық ішкеннен кейінгі құсықпен жеткізілді. Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бір бөлігінде физиологиялық тарылуы деңгейінде көптеген эрозиялар, шырышты қабатының ісініп- қызаруы анықталды. Асқазаннан сірке қышқылының іздері табылды.