Станция ұзақтығы – 5 - минут.

Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.

Кафедра мәжілісінде бекітілді 31.08.2016 ж. хаттама № 1

Астана медицина университеті» АҚ

Акушерлік және гинекология кафедрасы

Рекет алгоритмі

ОҚКЕ станциясы

Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.

Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері Әрекет алгоритмі
Іш айналымын өлшеу.   Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз.
Жатыр түбі деңгейін өлшеу.   Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз.
1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу. Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз.
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу. Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз.
3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз.
4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз.
Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.   Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң немесе сол (І/ІІ позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң немесе сол (I/II позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз.
Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігіминутына 110-160 соққы.

Станция ұзақтығы – 5 минут.

Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.

Кафедра мәжілісінде бекітілді 31.08.2016 ж. хаттама № 1

Астана медицина университеті» АҚ

Акушерлік және гинекология кафедрасы

Рекет алгоритмі

ОҚКЕ станциясы

Ынаптың тазалық дәрежесіне қынаптан жағынды алу

Наши рекомендации