Медициналық симуляция бойынша сценарий

Клиникалық жағдай: «Менингококкты инфекция».

Ситуациялық есеп:Сіз жылпы тәжірибе дәрігерісіз. Сізді 18 жасар қыз баланың туыстары үйіне шақырту жасады, шақырту себебі «Дене қызуының жоғарылауы, басының қатты ауруы. Уақыт – наурыз айының басы.

Ø Анамнезін жинаңыз (эпидемиологиялық анамнез, ауру анамнезі, өмір анамнезі)

Ø Науқасты жалпы қараңыз

Ø Болжама диагнозды негіздеңіз

Ø Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

Соңғы нәтижесі (outcomes):

Ø Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бар науқастарды физикалық тексеру мен сұрақтар қою.

Ø Менингококкты менингиттың клиникалық диагностикасы.

Ø Эпидемиологиялық анамнезді толық анықтау.

Ø Жалпы қан анализін, кеуде торының рентгенографиясын, ликвороограмманың қорытындысын интерпетация жасау.

Ø Болжама диагнозды дұрыс негіздеу.

Ø Науқасты жүргізу тактикасы, функционалді жағдайының мониторинг.

Ø Науқаспен қатынаста болған адамдарды бақылау тактикасын жүргізу.

Бағалау парағы (check-list)

«Менингококкты инфекция» бойынша клиникалық жағдай

ТАӘ емтихан тапсурушы: ______________________________________Күні __________

Экзаменатор _____________________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллмен бағалау
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындалмады
Анамнезді және шағымдарды жинады 1,5 1,0
Эпидемиологиялық анамнез жинау 1,5 1,0
Физикальды тексеру – жалпы қарау 1,0 0,5
Менингиалдық белгілерді анықтау 1,5 0,5
Тексеру жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Салыстырмалы диагноз жоспарын құрастыру 1,0 0,5
Менингококкты менингит диагнозын негіздеу 1,5 1,0
Қорытынды диагнозды құрастыру 1,0 0,5
Жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализациялау қажеттілігін анықтады 1,5 1,0
Емдеу тактикасын анықтады 1,0 0,5
Асқынуының алдын алуы жоспарын жасады 1,0 0,5
СЭС-ке жедел хабарлама жіберді 1,5 0,5
Асқынуларды алдын алу бойынша тактиканы белгіледі 1,0 0,5
Этиотропты терапияны дұрыс тағайындады 1,0 0,5
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындады 1,0 0,5
Емнің тиімділік критерийлерін көрсетті 1,0 0,5
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. 1,0 0,5
Барлығы 20 балл

Стандартизизацияланған актер роліне арналған текст сценариі:

Шағымы әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының жоғарылауына 39,0С, құсуға.

Сұрақтың негізі Актерге арналған сұрақты құрастыру Актердің жауабы
Аурудың басталуын анықтау Сіз қашан ауырдыңыз? Бүгін таңертен басым қатты ауырып, дене қызуым көтерілді.
Аурудың динамикасын анықтау Дене қызуын өлшедіңіз бе? Қанша градусқа дейін көтерілді? Өлшедім, 39,00 С дейін көтерілді .  
  Сізде құсу болды ма? Иа болса, қанша рет, жеңілдік әкелді ме? 2 рет құстым . Жеңілдіксіз.
Басыңыздың қай бөлігі көбірек ауырады? Барлық жері.
Тамағыңыздың ауруы, мұрынның бітелуі болды ма? Жоқ.
Жарық түскенде көзіңіз ауырама? Иә.
Қандай дәрілер қабылдадыңыз? Парацетамол, баралгин.
Емнен нәтиже болды ма? Жоқ.
Эпидемиологиялық анамнезді нақтылау Инфекциялық ауруы бар науқаспен қатынаста болды ма? 1 апта бұрын сіңілімнің тамағы ауырған.
Сіздің сіңіліңіз бала бақшасына бара ма? Иә.
Мектепте өткен аптада сұық тиіу ауру жағдайлары болды ма? Иә.
Қай жерде оқисыз? Сатпаев атындағы КазҰТУ  
  Студенттер арасында өткен аптада сұық тиіп ауру жағдайлары болды ма ? Иә.

Анамнезінен: Созылмалы аурулары жоқ. Бас жарақаты болмаған.

Объективті: Жағдай ауыр. Науқас басын орамалмен байлаған, қолымен басын ұстап отыр. Сұраққа жауап беруі баяу, тежелген. Науқастың көзі жабық, аяқ-қолын денесіне жинап, басын артқа шалқақтатып жатыр. Дене қызуы 39,00 С. Науқас ыңырсып жатыр. Менингеальды симптомдар оң: шүйде бұлшық етінің регидтілігі , Керниг сипмтомы екі жақты. Брудзинский симтомы күмәнді. Тері жабындысы боз, бөртпелер жоқ.

Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабаты аздап қызарған, майдатүйіршіктер. Бадамша бездері жұтқыншақ доғасының артында. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ – 20 рет минутына.

Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. ЖСС – 120 рет минутына. АҚ – 110/65 мм с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Іштің тітіркену синптомы жоқ.

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 146 г/л Эритроциттер - 4,77 х 1012 /л Түстік көрсеткіші - 0,80 Тромбоциттер – 215 х 109/л Лейкоциттер – 23,5 х 109/л Таяқшалы нейтрофилдер – 5% Сегментті нейтрофилдер– 82 % Моноциттер – 6% Лимфоциттер – 17% ЭТЖ – 5 мм/сағ   Жалпы зәр анализі Көлемі – 70 мл Түсі – сары Тұнықтығы – тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1019 Реакция – қышқыл Белок – 0,099 г/л Жалпақ эпителий -3 – 4в п/зр Лейкоциттер -6 -7 в п/зр Шырыш +++ Тұзды оксалаттар ++  
Қанның биохимиялық анализі Несеп нәрі (мочевина) – 6,2 ммоль/л Креатинин – 108 ммоль/л АЛТ – 0,30ммоль/л АСТ – 0,19 ммоль/л Билирубин – 5,8ммоль/л Глюкоза – 4,8 ммоль/л ЛДГ - 252 ммоль/л СРБ - ++     Ликворограмма   Көлемі - 2,0 Түсі – тұнық Цитоз – көп мөлшерде Белок – 3,3%о, Панди (++++) Глюкоза- 2,0ммоль/л Лимфоциттер – 21% Нейтрофилдер – 79%

Медициналық симуляция бойынша сценарий - student2.ru

Наши рекомендации