Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы

Криздің ерекшеліктері І тип ІІ тип
Басты патогенетикалық фактор Пайда болатын уақыты Даму барысы Даму жылдамдығы Гемодинамикалық ерекшеліктері Артериялық ҚҚ Басты клиникалық белгілері Ұзақтығы Асқынулары Адреналин   ГА алғашқы сатылары   Жеңіл Тез Айдалма қан көлемінің басым көбеюі Систолалық қысымның көтерілуі Бас ауыруы, жалпы тынышсыздық, діріл, жүрек соғуы Сағаттар, минуттер (сирек тәулікке дейін) Болмайды Норадреналин   ГА кеш сатылары   Ауырлау Біртіндеп Жалпы шеткі тамыр кедергісінің басым көбеюі Диастолалық қысымның басым көтерілуі   Бастың өте қатты ауыруы, жүрек айну, құсу, көрудің бұзылуы   Бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін   Инсульт, ми қан айналысының динамикалық бұзылысы, миокард инфарктісі, стенокардия, жүрек тұншықпасы және өкпе шемені, соқырлық

Асқынған гипертензиялық кризде жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігінің, коронарлық қан айналысының жедел бұзылуының белгілері, динамикалық, геморрагиялық немесе ишемиялық типті инсульт түріндегі ми қан айналысының бұзылу белгілері анықталады.

Ми қан айналысының бұзылуыкөбіне мидың ұсақ артерияларының микроаневризмаларының (Шарко – Бушар аневризмаларының) жарылуымен байланысты.

Инсульттердің морфологиялық негізі атеросклерозды өзгерген тамырлардың тромбозы немесе ми артерияларының эмболиясы (жыбыр аритмиясы болса, немесе сол жақ қарынша қуысында тромб болса) болуы мүмкін. Көрсетілген морфологиялық өзгерістер микроангиопатия тобына кіреді.

ГА тамырлардың жарылуынсыз және тромбозсыз өткінші неврологиялық симптоматика болуы мүмкін. Мұндай жағдай АҚҚ өте тез түсіп кеткенде байқалады.

ГА-да ми затына қан құйылудан басқа субарахноидалық қан құйылуы да мүмкін.

Эссенциальдық АГ қолқаның шарбыланған аневризмасының басты себебі болып табылады.

ГА-да артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуі ұсақ тамырлардың жарылуына байланысты әр түрлі аймақтың тамырларынан қан кетуді тудыруы мүмкін: мұрыннан қан кетуді, тыныс жолдары мен асқазан-ішек жолдарының кілегей қабығынан қан кетуді.

Жедел және созылмалы жүрек әлсіздігігипертония ауруында сол жақ қарыншаның патологиялық гипертрофиясының және қосалқы ЖИА нәтижесі болып есептеледі. Жүрек әлсіздігінің дамуына жүрек аритмиясы (жыбыр аритмиясы) жағдай туғызады.

Жедел жүрек әлсіздігі әдетте қан қысымы кенет күшті көтерілгенде немесе жүрек аритмиясы қосылғанда бой көрсетеді.

Созылмалы жүрек әлсіздігінің алғашқы белгілері диастолалық дисфункциямен және сол жақ қарыншаның серпінділігінің төмендеуімен байланысты болса, кейін ол механизмдерге систолалық дисфункция қосылады.

Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.Гипертония ауруының диагнозы жоққа шығару диагнозы болып табылады, яғни ГА диагнозын симптоматикалық гипертензияның барлық мүмкін варианттарының жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін қояды.

Гипертония ауруын симптоматикалық артериялық гипертензиялардан («Симптоматикалық АГ» қараңыз) ажырата білу керек. Төменгі белгілер болған жағдайда симптоматикалық артериялық гипертензия туралы күдік тууы керек: 1) науқастың жасы 20-дан жас, 60-тан үлкен;

2) тез пайда болатын және тұрақты АГ;

3) өте жоғарғы деңгейдегі қан қысымы;

4) АГ қатерлі варианты;

5) симпатикоадренал криздерінің болуы;

6) анамнезде кез келген бүйрек ауруы жөнінде мәлімет болуы және АГ екі қабаттық кезде пайда болуы;

7) АГ табылған кезде несеп тұнбасында болмашы өзгерістер мен шамалы протеинурияның болуы.

Клиникалық диагнозды тұжырымдаудаескеру керек:

1) ГА сатысын;

2) АГ дәрежесін;

3) Қатерлік дәрежесін;

4) Қосалқы ауруларды;

5) Асқынуларды. Қосалқы ауру миокард инфарктісі немесе ми инсульті болса, ауру диагнозын тұжырымдау кезінде олар алдымен көрсетіледі де, ГА кейін көрсетіледі.

Диагноз тұжырымдаудың мысалдары:

1. Гипертония ауруы, І сатысы. І дәрежесі, қатерлігінің І (төмен) дәрежесі.

2. Гипертония ауруы, ІІ сатысы, ІІ дәрежесі, дислипидемия, қатерліктің 3 дәрежесі (жоғары).

3. ЖИА. Миокард инфарктісі, жеделше сатысы. Гипертония ауруы ІІІ сатысы, ІІ дәрежесі, қатерліктің 4 дәрежесі (өте жоғары).

4. Гипертония ауруы, ІІІ сатысы. Қатерлі АГ. Гипертониялық ретинопатия ІІ-ІІІ дәрежесі, қатерліктің IV дәрежесі (өте жоғары).

Емі.Емнің мақсаты – АҚҚ қалыпты күйге келтіру, нысана – органдарды қорғау және қауіпті факторларды жою арқылы жүрек-тамыр ауруларымен сырқаттанушылықты және өлім қаупін мүмкіндігінше азайту. Ол үшін жас және орта жастағы адамдарда, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдарда, АҚҚ с.б. 130/85 мм деңгейінде және егде жастағы адамдарда АҚҚ с.б. 140/90 мм деңгейінде ұстап тұру керек.

Барлық терапевтік емдер дәрісіз (медикаментоздық емес) және дәрімен (медикаментозды) емдеу болып бөлінеді.

Дәрісіз (медикаментозды емес) емдеу әдістеріне жататындары:

1. Емдік қоректену. Емдік қоректенудің негізгі принциптері: ас тұзын тәулігіне 5-6 г дейін азайту, қоректік тағамды калий, магний, кальциймен байыту, тағамның калориялығын азайту (диетада майлар мен көмірсуларды азайту), артық қоректенуді тию, дененің тиісті массасын сақтау немесе қалпына келтіру, тәулік бойында қабылданатын бос сұйықтықтың көлемін 1-1,5 л дейін азайту.

2. Ішімдік қабылдауды азайту немесе тию. Кейбір шетел ғалымдары эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде тәулік ішінде қабылданатын ішімдік мөлшерін еркектер үшін спирттің 30 мл-не (таза этанолдың 20-30 г дейін) дейін (арақ пен коньяктың 50-60 мл, құрғақ шараптың 200-250 мл, сыраның 500-600 мл сәйкес келеді), әйелдер үшін спирттің 10-20 г дейін азайту керек деп есептейді.

3. Шылым шегуді тоқтату. Шылым шегу АГ дамуының, ал артериялық гипертензияда ЖИА дамуының қатерлі факторына жатады. Сонымен қатар шылым шегу гипотензивтік емнің тиімділігін азайтады.

4. Денені жүйелі шынықтыру. Аэробты типті денені шынықтырулар АҚҚ төмендетеді, сол жақ қарынша гипертрофиясының дәрежесін азайтады, симпатикалы – адренал жүйесінің белсенділігін азайтады, жоғарғы тығыздықтағы липопротеидтер деңгейін көтереді, төменгі тығыздықтағы липопротеидтер деңгейін азайтады, глюкозаның қолданылуын (утилизация) жақсартады. Динамикалық жаттығулар қолданылады: велосипедпен жүру, шаңғы тебу, жаяу жүру, суда жүзу. Жаттығулармен аптасына 3-4 рет, күніне 30-40 минуттен шұғылдану керек. Денеге түсетін күшті мөлшерлегенде ұстамдылық керек және күш мөлшерін біртіндеп көтеру керек. Эмоциональдық көңілді шамадан тыс көтеретін күшті (жарыстық күш түсулер, гимнастика), изометриялық күш түсуді (ауырлықты көтеру) қолдану дұрыс емес.

5. Релаксация әдістері, аутогендік жаттығулар, стресс жағдайында науқасты өзін қалай ұстауға үйрету артериялық гипертензияда оң мәнді әсер етеді.

6. Басқа медикаментозды емес әдістерге инемен емдеу, нүктелі массаж, шиацу – терапия, физиотерапиялық емдер (гипербариялық оксигенация), фитотерапия (қара дәнді шетен, долана, сасық шөп тұнбасы; долана, сасық шөп, түгіс бұршақ жинақтары т.б.) кіреді.

Медикаментозды емес емдеу әдістерінің бәрі негізінен АГ алғашқы сатыларында қолданылады.

АГ дәрімен емдеудің басты принциптері:

- АГ емдеуді дәрінің аз дозасынан бастау керек;

- Дәрілердің тиімділігін арттыру, жағымсыз әсерін азайту үшін дәрілердің құрама емін қолдану керек;

- Әсері ұзартылған дәрілердің артықшылығы болады (бір қабылдағанда әсері 12-24 сағатқа созылатын дәрілер).

Қазіргі кезде АГ емдеуде қолданылатын дәрілер алты топқа бөлінеді: b-адреноблокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ ингибиторлары, ангиотензин ІІ антагонистері (рецепторлардың блокаторлары), альфа-адреноблокаторлар (17-кесте).

Наши рекомендации