Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы
1. Қызба сипатталады://
термогенез бұзылуымен//
термореттеу механизмдерінің қайта құрылуымен (өзгеруімен)//
термореттеу орталығына экзогендік пирогендердің ісер етуімен//
тотығу және фосфорлану қатынастарының күшеюімен//
термореттеудің төмен деңгейге ауысуымен
***
2. Экзогендік пирогендерге жатады://
цитокиндер және өсу факторлары//
биологиялық белсенді заттектер//
гранулоциттерде түзілетін пирогендер//
бактериялармен бөлінетін пирогендік өнімдер//
тіндік макрофагтар өндіретін пирогендер
***
3. Экзопироген гипоталамусқа әсер етеді://
тікелей//
интерлейкинді өндіру арқылы//
нейрондарда цАМФ белсендірілуі арқылы//
лейкоцитарлық пирогенді түзу арқылы//
простагландин Е түзу арқылы
***
4. Екіншілік эндогендік пирогендер негізінен осылармен өндіріледі://
тромбоциттермен//
эозинофилдармен//
фибробласттармен//
нейтрофилдермен, моноциттермен//
мес жасушалармен, базофилдермен
***
5. Лейкоцитарлық пироген әсер етеді://
гипофизге//
гипоталамусқа//
сопақша миға//
лимбиялық құрылымдарға//
перифериялық терморецепторларға
***
6. Ми қылтамырларының эндотелиіне эндогенді пирогендер әсер еткенде://цАМФ түзілуі азаяды //
фосфолипаза А2 белсенділігі тежеледі//
аденилатциклаза белсенділігі тежеледі //
простагландиндердің түзілуі артады//
асқын тотықтардың түзілуі артады
***
7. Қызбаның stadium fastigii байқалады://
дене температурасының көтерілуі//
температураның нормаға дейін түсуі//
жылу өндіру механизмдерінің тежелуі//
температураның жоғары деңгейде сақталуы//
жылу өндіруден жылуды сыртқа бөлудің басым болуы
***
8. . Қызбаның 1 сатысында температура жоғарылауында маңызды://
жылуды сыртқа шығарудың күшеюі, жылу өндірудің азаюы//
жылуды сыртқа шығару өзгермегенде, жылу өндірудің күшеюі//
жылуды өндіру өзгермеген жағдайда, жылуды сыртқа шығарудың азаюы//
жылуды өндірудің күшеюі, жылуды сыртқа шығарудың азаюы//
жылуды өндіру мен жылуды сыртқа шығару арасында тепе теңдіктің сақталуы
***
9. Қызбаның 1 сатысында физикалық термореттеу механизмдерінің іске қосылуының көріністері://
жылу өндірілуі жоғарылауы//
жиырулық термогенез//
тер бөлінуінің азаюы//
алмасу процесстерінің баяулауы//
тотығулық фосфорлану процесстерінің күшеюі
***
10. Қызбаның 2 сатысына тән жылулық баланс сипатталады://
жылу өндірілуі қалыпты болып, жылуды сыртқа шығарудың күшеюімен//
жылу өндірілуіне қарағанда, жылуды сыртқа шығарудың басым болуымен//
жылуды сыртқа шығаруға қарағанда, жылу өндірілуінің басым болуымен//
жылу сыртқа шығару қалыпты болып, жылу өндірілуінің жоғарылауымен//
жылуды сыртқа бөлу мен жылу өндірілуінің теңесуімен
***
11. Қызбаның 3 сатысы сипатталады://
жылуды сыртқа бөлу мен жылу өндірілуінің теңесуімен//
жылу өндірілуіне қарағанда, жылуды сыртқа шығарудың басым болуымен//
жылуды сыртқа шығаруға қарағанда, жылу өндірілуінің басым болуымен//
жылу өндіру процесстерінің күшеюімен//
жылуды сыртқа шығарудың әлсіреуімен
***
12. Қызбаның 3 сатысында байқалады://
эндогенді пирогендердің тым көп түзілуі//
пирогендік цитокиндер өндірілуінің төмендеуі//
простагландин Е2 түзілуінің жоғарылауы//
цАМФ түзілуінің жоғарылауы //
зат алмасудың күшеюі
***
13. Қызба кезінде субфебрильді (шамалы) деп дене температурасының осындай градусқа жоғарылауын айтады://
38,00С//
39,00С//
40,00С//
41,00С//
42,00 С және жоғары
***
14. Тұрақты (febris continua) қызба кезіндегі дене температурасының тәулік ішінде ауытқуы://
10С-тан аспайды //
1,5-2,00С//
2-30С//
3-50С//
50С және жоғары
***
15. Қызбаның келбетсіз (атипиялық) түрі (febris atypicа) осы ауруға тән://
сепсисс//
безгек//
тонзиллит//
экссудатты плеврит//
ішсүзек және бөртпесүзек
***
16. Қызба кезіндегі көмірсу алмасуының өзгерістері сипатталады://
бауырда гликогенез күшеюімен//
бауырда гликогенолиз күшеюімен//
глюкозаға мембрана өткізгіштігінің артуымен//
глюкозаның тотығуының тежелуімен//
гликолиздің тежелуімен
***
17. Қызба кезіндегі май алмасуының бұзылыстары сипатталады://
кетогенездің жоғарылуымен//
май қорларында майдың көптеп жиналуымен//
қанда липидтердің мөлшерінің азаюымен//
липидтердің асқын тотығуының төмендеуімен//
липолиздің төмендеуімен
***
18. Қызба кезіндегі тахикардия осының салдарынан дамиды://
тиреоидты гормондардың өндірілуі азаюынан//
солжақ қарынша миокардына жылы қанның әсерінен //
парасимпатикалық нерв жүйесінің тонусының жоғарылауынан//
синусты түйіннің спонтанды диастолалық деполяризациясының күшеюінен//
жылы қанның перифериялық термосезімтал рецепторларға әсерінен
***
19. Қызбаның оң (пайдалы) жақтары://
фагоцитоздың белсендірілуі//
лейкотриендер өндірілуінің күшеюі//
бауырдың антитоксиндік қызметінің төмендеуі//
интерферон өндірілуінің тежелуі//
антидене түзілуінің төмендеу
***
20. Табиғаты инфекциялық қызбаның этиотропты еміне жатады://
қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер//
қабынуға қарсы стероидтық дәрілер//
антибиотиктер//
пирогенал//
аспирин
***
Тақырыбы: «Инфекциялық процестің патофизиологиясы»
1. Паразитизм – бұл макро- және микроорганизмдердің өзара әрекеттесуінің формасы://
макроорганизм микроорганизмнің тіршілік етуін әлсіретеді//
микроорганизм және макроорганизм өзара тиімді өмір сүреді//
микроорганизм макроорганизм қоректің көзі ретінде пайдаланады//
макроорганизмде микробтардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді//
макроорганизм өз мақсаты ретінде микроорганизмдерді көбейтеді
***
2. Эндотоксиндер осының негізгі құрылымдық құрамбөліктері болып саналады://
рибосоманың грам теріс бактериялары//
жасуша ядросының грам теріс бактериялары//
цитоплазманың грам теріс бактериялары//
митохондрияның грам теріс бактериялары//
грам теріс бактерияларының сыртқы мембранасы
***
3. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 1-ші кезеңінде байқалады://
жасуша цитоплазмасына токсиннің жылжуы//
жасушалардың арнайы рецепторларымен токсиннің өзара әрекеттесуі//
токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі//
токсин-рецепторлық кешеннің ивагинациялануы мен везикуляциялануы//
токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы
***
4. Экзотоксиндердің нысана–жасушамен өзара әрекеттесуінің 2-ші кезеңінде (интернализациясының) байқалады://
нысана-жасуша некрозға ұшырайды//
токсин жасуша цитоплазмасына жылжиды//
токсин субъбірлігінің жасуша құрылымын зақымдауы//
токсиннің рецепторлық бөлімінің жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуі//
токсин-рецепторлық кешеннің жасуша цитозоліне түсуі
***
5. Тұмау, жәншау (скарлатина) қызылшаның қоздырғыштары үшін инфекцияның кіретін жері саналады://
тері жамылғысы//
АІЖ сілемейлі қабаты//
қантамырлар қабырғасы//
тыныс жолдарының сілемейлі қабаты//
несеп-жыныс ағзаларының сілемейлі қабаты
***
6. Инфекциялық аурулар кезіндегі иммундық аутоагрессиялардың пайда болуының себебі болып саналады://
микроорганизм және оның егесінің антигендерінің ұқсастығы//
гисто-гематикалық өткізгіштіктің төмендеуі//
организм – егесіндегі микроорганизмдердің жаппай өлуі//
жергілікті иммунитеттің механизмдерінің тиімділігінің жоғарылауы//
иммундық жауаптың микроорганизмдермен қалыптасуының бөгелуі
***
7. Инфекциялық аурулардың толығымен сауығуы ең алдымен, осыны туындатады://
бациллотасымалдаушылардың дамуымен//
қоздырғыштарды организмнен алып тастаумен//
аурудың субклиникалық түрлерінің дамуы//
аурудың қалған белгілерінің сақталуы//
әлсіз және қысқа уақыттық иммунитеттің қалыптасуы
***
8. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан организмнің бейспецификалық қорғанысына жатады://
иммуноглобулиндердің түзілуі//
жасушалық иммунитеттің дамуы//
гуморальді иммунитеттің дамуы//
ұзақ тіршілік ететін лимфоциттердің клондардың жиналуы//
тері және сілемейлі қабаттардың бактерицидтік факторлары
***
9. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан организмнің спецификалық қорғанысына жатады://
микроорганизмдердің фагоцитозы//
рефлекторлық қорғаныс реакциясы//
жасушалық иммунитеттің дамуы//
гуморальді бактерицидтік механизмдер//
тері және сілемейлі қабаттардың бактерицидтік факторлары
***
10. Инфекциялық аурулардың этиотропты еміне жатады://
иммунотерапия//
қызуды басатын терапия//
вирустарға қарсы терапия//
дезинтоксикациялық терапия//
қабынуға қарсы ем
***
Тақырыбы «Сепсис патофизиологиясы»
1. Сепсистің ең жиі себебі://
вирустар//
протозойлық инфекция//
өте қауіпті инфекциялар//
шартты-патогендік бактериялар//
спецификалық инфекциялық қоздырғыштар
***
2. Сепсис кезінде инфекциялар транслокациясы осыған негізделген//
тағамның сипатына//
гемодинамиканың ерекшеліктеріне//
иммунореактивтіліктің төмендеуіне//
ішек бойымен пассаждың жылдамдауына//
организмді қосымша инфекциялануына
***
3. Сепсис дамығанда инфекцияның алғашқы локустары://
аяқ-қолдардың жұмсақ тіндері//
жүйке жүйесінің тіндері//
жүрек бұлшық еті//
көкбауыр//
өкпе
***
4. Сепсистің инфекциялық емес ынталандырушыларына жатады://
микозды токсин //
протозой токсині //
ишемиялық токсин //
іш сүзегі токсині//
менингококктық токсин
***
5. Сепсис патогенезіндегі басты тізбек-//
бактериемияның дамуы//
дисбактериоз қалыптасуы//
инфекциялардың алғашқы локустарының болуы//
жауап қайтару реакцияларының қорғаушы механизмдердің бұзылуы//
тіндердің тікелей зақымдалуы механизмдердің белсенділенуі
***
6. Инфекциялардың гематогендік таралуы байланысты //
тамырлар эндотелиі зақымдалуымен//
инфекциялық ошақта микроорганизмдердің қарқынды көбеюіне //
алғашқы сепсистік ошақтың болуына//
көпағзалық жеткіліксіздіктің қалыптасуына//
бактериялардың өте үлкен инфекциялайтын мөлшеріне
***
7. Алғашқы миокардиальді депрессияны,тромбоциттер агрегациясын, өспелер некрозын, гипергликемиялық әсерді,гипотензия мен шокты шақырады//
өспелер некрозы фаткоры-альфа//
интерлейкин-18//
Е2 простагландині//
гистамин//
брадикинин
***
8. Сепсис кезінде сепсистік шок жиі дамиды, егер ол шақырылса//
грамм-оң бактериялармен//
грамм-теріс бактериялармен//
іш сүзегін дамытатын таяқшамен//
хламидиялық инфекциямен//
вирусты инфекциямен
***
9. Сепсис кезінде өлімнің негізгі себебі://
бактериемия//
иммунодепрессия//
ішектік флораның транслокациясы//
көпағзалық жеткіліксіздік //
организмнің бейспецификалық қорғану механизмдерінң төмендеуі
***
10. Көпағзалық жеткіліксіздік синдромының дамуы байланысты //
иммунодепрессия дамуымен//
организмнің бейспецификалық төзімділігі төмендеуімен //
қанның жалпы айналымында микротамырлардың қатыспауы//
алғашқы локустан микробтардың метастазалануымен//
гиперцитокинемия жағдайында тамырлар эндотелиі зақымдалуымен
***
Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»
1. Өспелік жасушалар шексіз және қабатталып бөлінеді, өйткені оларда://
тез қартаю байқалады//
адгезиялық қасиеттері айқын//
Хейфлик лимиті төмен//
эндокриндік реттелуі басым//
митоздық оралым толығымен тежелген
***
2. Өспелік жасушаларға тән://
теломеразаның тежелуі//
аутокриндік реттелу//
(G0) тыныштық фазада болуы//
кейлондардың көп болуы//
гистондардың көп болуы
***
3. Өспе кезінде көбею атипизмінің мәні://
өспе өсуінің салыстырмалы тәуелсіздігінде//
жасушалардың антигенді детерминанталарының өзгеруінде//
жасушалар жетілуі жылдамдауында//
жасушалар түрі мен өлшемдері өзгеруінде//
жасушаларда зат алмасу бұзылыстарында//
***
4. Саралану атипизмінің мәні://
өспе өсуінің реттеуге келмейтіндігінде
жасушаларда зат алмасу бұзылыстарында
өспе өсуінің салыстырмалы тәуелсіздігінде
жасушалар жетілуі үдерісінің тежелуінде
жасушалардың физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруінде
***
5. Өспелерде "субстратты қақпан" феноменінің мәні://
қаннан глюкоза, азот, холестеринді қармауы//
өспелік жасушалардан қанға глюкоза, азот, холестериннің бөлінуінің күшеюі//
өспелік жасушаларда тотығу субстраттарының күшейтілген катаболизмі//
түрлі өспелердегі жасушалардың изоферменттік қарапайымдануы//
онконәруыздардың қарқынды түзілуі
***
6. Науқасқа бір жыл бұрын өкпенің ірі жасушалық обыры бойынша радикалды хирургиялық операция жасалған және химиотерапия қабылдаған. Науқас солжақ бұғана астылық лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Лимфа түйіндерін биопсия жасағанда морфологиясы өкпе обырына ұқсас жасушалар анықталды. Бұл феномен түсіндіріледі://
өкпе обырының рецидивімен//
өкпе обырының метастаздануымен//
лимфогранулематоз дамуымен//
лимфангит дамуымен //
лимфома дамуымен
***
7. Тіннің экспансивті өсуі осы кезде байқалады://
қатерлі өспеде//
қатерсіз өспеде//
пропорциялы емес өспеде//
өршіген өспеде//
инвазивті өспеде
***
8. Қатерлі өспелердің ең негізгі, біріншілікті белгісі://
организмге жүйелік әсер ету//
инфильтративті өсу//
метастаздану//
аурудың қайтадан өршуі (рецидив)//
кахексия
***
9. Біріншілікті ошақтағы өспелік жасушаларға қарағанда, метастаздық өспелік жасушалардың ерекшеліктері://
реттеуші әсерлерге тәуелсіздіктің жоғары болуы//
цитостатиктер әсерінен олардың көптеп өлуі//
цитостатикалық емге жақсы жауап беруі//
сараланудың жоғары дәрежеде болуы//
экспансивті өсуі
***
10. Өспелік прогрессия осыны туындатады://
жасушалардың саралануын//
өспелердің қатерлілігінің жоғарылауын//
өспелік жасушалардың онкогендерінің тежелуін//
жасушалар бөлінуінің жоғарғы шегінің бұрынғы қалпына келуін//
антибластомдық төзімділік тетіктерінің белсенуін
***
11. Кахексия –бұл осымен сипатталатын паранеопластикалық процесс://
өспелік жасушалардың басқа ағзаларға тасымалдануымен//
организмнің жалпы әлсіреуімен және зорығуымен//
бір типті жасушалардың басқа типтіге айналуымен//
кесіп тастағаннан жерде өспенің қайта дамуымен//
өспе жасушаларының қоршаған тіндерге енуімен
***
12. Канцерогендердің қасиеттері://
апоптозға ұшырайды//
жасуша геномына әсер етеді//
жасушаларға әсері қайтымды//
тіндік тынысты белсендіреді//
ДНҚ репарациясын қолдайды
***
13. Экзогенді канцерогендер тобына жатады://
триптофан//
холестерин//
3,4-бензпирен//
бос радикалдар//
гормондардың көп мөлшері
***
14. Эндогенді канцерогендерге жатады://
хром//
бензол//
асбест//
метилхолантрен//
холестерин туындылары
***
15. Биологиялық канцерогендерге жатады://
онкогенді вирустар//
жоғары температура//
анилиндік бояулар//
иондаушы сәулелену//
ароматтық көмірсутектер
***
16. Өспе дамуының негізінде жатыр://
ДНҚ зақымдануы//
жыныстық жасушалардың мутациясы //
антионкогендердің белсенуі //
ДНҚ репарация гендерінің белсенуі//
организмнің иммундық серпілістерінің тежелуі
***
17. Канцерогенез сатыларының бірізділігі://
прогрессия, инициация, промоция//
промоция, прогрессия, инициация//
промоция, инициация, прогрессия//
инициация, промоция, прогрессия//
инициация, прогрессия, промоция
***
18. Инициация сатысы сипатталады://
өспелер өсу жылдамдығының ұлғаюымен//
өспелік жасушалардың метастаздануымен//
сау жасушаның өспелік жасушаға трансформациялануымен//
біріншілік өспелік түйіндердің пайда болуымен//
антибластомды резистенттіліктің тежелуімен
***
19. Өспе дамуындағы жасырын кезеңнің болуы осыған байланысты://
баяу өсетін жасуша түрлерінің басым болуына//
коканцерогенді факторлардың әсерінің күшеюіне//
өспелік жасушалардың генотипінің жылдам өзгеруіне//
өспеге қарсы қорғаныстық механизмдердің тежелуіне//
промоторлардың трансформацияланған жасушаларға әсер етуіне
***
20. Промоция сатысында байқалады: //
латентті жағдайдағы, өзгерген жасушалардың ынталандырылуы//
жасушалардың аса қатерлі клондарының пайда болуы//
жасушалар бөлінуін реттейтін гендердің мутациясы//
өспенің метастаздануы//
өспелердің қайталануы
***
21. Промотор ретінде, әдетте, саналады://
гормондар//
коканцерогендер//
проканцерогендер//
синканцерогендер//
дәрілік препараттар
***
22. Промоция сатысының аяқталуы саналады://
кахексияның дамуы//
өспелердің қайталануы//
өспенің метастаздануы//
біріншілікті ісіктік түйіндердің түзілуі//
қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналуы
***
23. Ісіктердің өршіп үдеуі осыны туындатады://
өспелік жасушаларда апоптоздың күшеюін//
тіршілікке қабілеті төмен жасушалардың жиналуын//
ісік жасушалары жасушалық геномының тұрақсыздығын//
жасуша саралануын ынталандыратын факторлардың әсерленуін//
организмнің реттеуші әсерлеріне тәуелді жасушалардың басым болуын
***
24. Онкоген концепциясына сәйкес протоонкогендер - бұл://
жасушаның бөлінуін тежейтін гендер//
зақымданған ДНҚ репарация гендері//
жасуша саралануы мен өсуінің гендері//
жасуша өлімін бағдарлайтын гендер//
жасушаның митоздануын тежейтін гендер
***
25. Қалыпты жасушаның ісік жасушаларына айналуының негізінде жатыр://
белсенді онкогеннің түзілуі//
апоптоз механизмдерінің белсенуі//
антибластомдық резистенттіліктің белсенуі//
жасуша бөлінуіндегі супрессор гендердің белсенуі//
ДНҚ репарациясы ферменттерінің түзілуінің жоғарылауы
***
26. Протонкогендердің белсенуінің және олардың онкогендерге айналуының негізінде жатыр://
өсу факторларының түзілуінің төмендеуі//
антиапоптозды гендердің инактивациясы//
супрессорлық – гендердің инактивациясы//
апоптоз механизмдерінің белсенуі//
мутация
***
27. Онконәруыздардың әсерінен жасушалар://
бөлінуін тоқтатады//
р-53 нәруыз-супрессорын түзе бастайды//
бөлінудің аутокриндік реттелу түрін жоғалтады//
сыртқы өсу факторларының әсерінен бөліне бастайды//
олардың бөлінуін реттеуші әсерлерге сезімталдығы жойылады
***
28. Супрессорлық-гендер инактивацияланғанда://
апоптоз белсенеді//
транспозондар көбейеді//
жасушаның бөлінуі тежеледі//
жасушалардың жетілуі тежеледі//
жасушалар бақылаусыз, ретсіз бөлінеді
***
29. Өспе кезінде р-53-тің қызметтік инактивациясы және мутациясы осыған алып келеді://
апоптоз механизмдерінің тежелуіне //
промоторлардың қызметінің тежелуіне //
онконәруыздардың түзілуінің тежелуіне //
жасушаларда протоонкогендер санының көбеюіне//
супрессорлық – гендердің белсенуіне
***
30. Репарация гендерінің зақымдануы осыны туындатады://
онконәруыздардың инактивациялануын//
жасуша геномының тұрақсыздануын//
апоптоз механизмдерінің тежелуін//
жасуша саралануының күшеюін//
протоонкогендердің онкогенге айналуының тежелуін
***
31. Өспелік жасушалардың өсуіне ықпал етеді://
апоптоз механизмдерінің күшеюі//
өспелерді некроздаушы альфа факторлардың артық өндірілуі//
өспелік жасушалардыңантигендік қасиетінің айқын болмауы//
жасушалардың саралануының күшеюі//
табиғи киллерлердің белсендірілуі
***
32. Химиялық канцерогендерге қарсы антиканцерогендік механизмдерге жатады://
антионкогендер жүйесі//
NK-жасушаларының қызмет атқаруы//
зәрмен канцерогендердің элиминациялануы//
интерферондармен тежеуі//
кейлондармен тежеуі
***
33. Антицеллюлярлық механизмдер осыған бағытталған://
зақымданған ДНҚ-ның репарациясына//
апоптоз механизмінің белсенуіне//
ісік жасушаларын жоюға//
канцерогендердің жасушалармен өзара әрекетесуін тежеуге//
қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналуын тежеуге
***
34. 12 жыл бойы анилиндік бояулармен жұмыс істеген, бояу цехында қызмет атқаратын жұмысшы зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болатынына және зәрмен қан шығатынына шағымданады. Тексергенде қуығында папиллярлық рак дамығаны анықталды. Қуықта рак пайда болуына ықпал ететін этиологиялық фактор осы топқа жатады://
химиялық органикалық канцерогендер//
химиялық неорганикалық канцерогендер//
химиялық нағыз канцерогендер//
механикалық канцерогендер//
физикалық канцерогендер
***
35. Науқас жалпы әлсіздікке, бірден азып кеткеніне, тыныс алуының қиындауына, жөтелге, қан түкіруіне, кеуде тұсының ауыратынына шағымданады. Кеудесінің солжақ тұсы ішке қарай кірген, мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Қан талдамасында ауыр дәрежелі анемия, гипопротеинемия. Диагноз солжақ өкпенің обыры. Осы симптомдар науқаста канцерогенездің келесі сатысы дамығанын айғақтайды ://
промоция//
инициация//
прогрессия//
амплификация//
трансформация
***
Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы»
1. Парентеральді аллергендер организмге енеді://
егулер кезінде//
терімен тікелей жанасқанда//
сілемейлі қабықтармен тікелей жанасқанда//
асқазан-ішек жолы арқылы//
тыныс жолдары арқылы
***
2. Аутоаллергендер - бұл://
экзоаллергендер//
эндоаллергендер//
өсімдіктер тозаңы//
жанамалы аллергендер//
трансплантаттың аллергендері
***
3. Табиғи (біріншілікті) эндоаллергендер://
қалқанша бездің коллоиды//
«тінуыт» кешені»//
өсімдіктер тозаңы//
бактериялар//
күйік
***
4. Жүре пайда болған (екіншілікті) эндоаллергендер://
аталық бездер//
бас миы//
«тінмикроб» кешені//
қалқанша бездің коллоиды//
жұлынның сұр заты
***
5. Аллергия пайда болуына қолайлы әлеуметтік жағдайлар://
вакциналарды егулердің кең таралуы//
тұқым қуалауға бейімділік//
биологиялық тосқауылдар өткізгіштігінің жоғары болуы//
аллергия медиаторларын залалсыздандыру жүйесінің бұзылуы//
микроорганизмдер әсерінен нәруыз құрылымының өзгеруі
***
6. Ер адам орманда серуендеп жүргенде көз қабағының ісініп қызарып кеткенін және жас ағуын байқаған. Кейін мұрны бітіп қалған, тамағы қарлығып тынысы тарылған. Үйіне қайтып келгенде осы симптомдар сәл басылған. Бұл жағдай аллергиялық реакциялардың осы типі дамуымен байланысты://
реагиндік типі//
цитотоксикалық типі//
жасушамен-байланысты типі//
иммунды кешендік типі//
стимулдаушы типі
***
7. Организмге аллерген қайта енгенде алергиялық реакцияның дереу дамитын түрі дамиды://
15-30 мин//
45-60 мин//
1-3 сағ//
6-8 сағ//
24-48 сағ
***
8. Аллергиялық рекцияның дереу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты://
антигенпрезентациялайтын жасушалар//
аллергияның жасушалық медиаторлары//
айналымдағы бос антиденелердің//
сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер//
аллергияның гуморальді медиаторлары
***
9. Дереу дамитын аллергиялық реакцияның медиаторына жатады://
плазмин, гепарин//
лимфокиндер, монокиндер//
гистамин, лейкотриендер//
тромбоксан А2, простациклин//
комплемент жүйесінің құрамбөліктері, каллидин
***
10. Дереу дамитын аллергиялық реакцияға жатады://
квинке ісінуі//
туберкулез//
жанамалы дерматит//
трансплантаттың ажырауы реакциясы//
инфекциялық-аллергиялық бронх демікпесі
***
11. Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты://
Лейкотриендердің//
нейтрофильді лейкоциттердің//
айналымдағы бос антиденелердің//
сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің//
айналымдағы иммунды кешендердің
***
12. Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрінің медиаторы://
гистамин//
серотонин//
брадикинин//
лейкотриендер
лимфокиндер
***
13. Баяу дамитын аллергиялық серпілістерге жатады://
есекжем//
Квинке ісінуі//
сарысулық ауру//
бактериялық аллергия//
атопиялық бронхиалды демікпе
***
14. Организмнің сенсибилизациясы осы кезде дамиды://
бұлтты жасушалардың дегрануляциясы//
организмге гаптеннің енуі//
аллергия медиаторларының түзілуі//
аллерген алғаш түскенде//
организмге аллергендердің парентеральді енуі
***
15. Сенсибилизация жағдайына тән://
спецификалық иммуноглобулиндердің жоғарылауы//
Т-лимфоциттердің қызметінің тежелуі//
аллергия медиаторларының түзілуі//
аллергияның клиникалық көрінісі//
мес жасушалардың дегрануляциясы
***
16. Антидене жасушаның ажырамас бөлімі болып саналады://
аллергиялық реакцияның реагинді түрінде//
аллергиялық реакцияның ынталандырушы түрінде//
аллергиялық реакциянгың цитотоксикалық түрінде//
аллергиялық реакцияның иммунды кешендік түрінде//
жасушалық – байланысқан түрінде
***
17. Аллергиялық реакцияның реагинді түрінің дамуы кезінде қатысады://
А иммуноглобулиндері//
M иммуноглобулиндері//
G иммуноглобулиндері//
D иммуноглобулиндері//
Е иммуноглобулиндері
***
18. Аяғының ашық жарақатымен түскен науқасқа екінші рет сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині енгізілген. 9-ыншы тәулікте науқаста қызба, тізе және иық буындарының таралған қышитын бөртпелері, ісінуі, ауырсынуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы пайда болған. Нақты қорытынды жасау үшін қанда осының деңгейін анықтау керек://
В-лимфоциттердің//
иммуноглобулин А -ның//
иммуноглобулин Е-нің//
преципитациялық IgG, IgM-нің//
сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің
***
19. Аллергиялық реакциялардың реагиндік типіндегі біріншілікті нысана- жасуша://
лимфоциттер//
нейтрофилдер//
мес жасуша//
эозинофил//
тромбоцит
***
20. Аллергиялық реакцияның реагиндік түріне жататын аурулар://
бруцеллез//
сарысулық ауру//
бактериялық аллергия//
аутоиммунды аурулар//
атопиялық бронх демікпесі
***
21. Анафилаксиялық сілейме кезінде осындай антиденелер түзіледі://
реагиндер//
преципитиндер//
D классының иммуноглобулиндері //
G1,4 классының иммуноглобулиндері //
сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер
***
22. Науқас ауқымды миокард инфаркты мен ауырған. Төрт аптадан соң науқаста жүрек тұсының ауырсынуы, перикард шуылы, плеврит, жоғары температура байқалады. Қан талдамасында эозинофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, антикардиальды антиденелер титрінің өсуі анықталды. Қойылған диагноз: «Инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)». Антикардиальды антиденелер түзілуін ескерсек, науқаста синдром дамуының негізіндегі аллергиялық реакциялардың типі://
реагиндік //
цитолиздік//
жасушамен байланысқан//
иммунды кешенді//
стимулдаушы
***
23. Цитотоксикалық немесе цитолиздік түрге жататын аллергиялық серпілістерде антиденелердің келесі түрлері түзіледі://
реагиндер//
преципитиндер//
сенсибилизацияланған лимфоциттер//
G 1-3 ииммуноглобулиндері //
А иммуноглобулиндері
***
24. Серпілістердің цитотоксикалық түрі осының дамуы негізінде жатыр://
сәйкес келмейтін қанды құйған кезіндегі шиеленістің//
ағзалардың орын алмастыруындағы шиеленістің//
аутоиммундық шиеленістің//
атопиялық синдромдардың//
жанамалы дерматиттің
***
25. 3 түрге жататын (иммундық-кешендік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері://
вирустар//
өсімдіктер тозаңы//
ерігіш нәруыздар//
жануарлар мен өсімдіктер тозаңы//
тіректік мембрананың өзгерген бөліктері
***
26. Иммундық кешендермен зақымдалу осының дамуы негізінде жатыр://
поллиноздардың//
туберкулездің//
Квинке ісінуінің//
аллергиялық васкулиттің//
атопиялық бронхиалды демікпенің
***
27. 4 түрге жататын (жасушалар арқылы, туберкулиндік, баяу түрінің) аллергиялық серпілістердің жиі себептері://
тіректік мембрананың өзгерген бөліктері//
жануарлар мен өсімдіктер тозаңы//
еритін нәруыздар//
өсімдіктер тозаңы//
бактериялар
***
28. Аллергиялық серпілістердің жасушалық байланысқан түріне осылардың пайда болуы тән://
сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің //
жартылай тіркелген антиденелердің//
тосқауылдайтын антиденелердің//
преципитиндердің//
реагиндердің
***
29. Аллергиялық серпілістердің баяу түріне жатады://
Квинке ісінуі//
есекжем//
жанамалы дерматит//
анафилаксиялық сілейме//
аутоиммунды гемолиздік анемия
***
30. Аллергиялық реакцияның бірінші сатысы аталады://
анафилаксия//
сенсибилизация//
иммундық реакция//
патохимиялық бұзылыстар//
патофизиологиялық өзгерістер
***
31. Аллергияның патохимиялық сатысы түсіндіріледі://
организм сезімталдығының жоғарылауымен//
аллергия медиаторларының бөлінуімен//
сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің жиналуымен//
организмнің аллергияға жауап беру реакциясымен//
иммуноглобулиндердің бөлінуімен
***
32. Патофизиологиялық саты сипатталады://
организм сенсибилизациясы дамуымен//
аллергия медиаторларының түзілуі және бөлінуімен//
аллергенмен қайта жанасқанда антиденелердің пайда болуымен//
ағзалар мен тіндердегі қызметтік және құрылымдық өзгерістермен//
нысана жасушалары беткейінде «аллергенантидене» кешенінің тіркелуімен
***
33. Науқасты үш жыл бойы сәуір айынан қырқүйек аралығында көз қабағының қышуы, жас ағуы, мұрын бітуі, түшкіру мазалайды. Қан талдамасында эозинофилдердің мөлшері жоғарылаған. Науқастың әкесі атопиялық бронх демікпесімен ауырады. Патогенездік тұрғыда науқасқа тағайындалатын ең тиімді ем://
цитостатикалық терапия//
иммунодепрессиялық терапия//
спецификалық гипосенсибилизация//
антибактериялық терапия//
витаминотерапия
***
34. Спецификалық гипосенсибилизацияның маңызы://
аллергия медиаторларының бейтарапталуында//
аллергендерге организм төзімділігі төмендеуінде//
айналымдағы бос антиденелердің титрі төмендеуінде//
организмнің спецификалық реактивтілігінің жоғарылауында//
тотальді иммундық депрессияда
***
35. Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады://
аллергеннің аз мөлшерін//
антигистаминдік дәрі-дәрмектерді//
G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді//
А.М.Безредко әдісімен сары суды//
аллергияны шақырған аллергенді
***
Тақырыбы: «Иммунопатология. ЖИТС-тің патофизиологиясы»
1. Брутон гипогаммаглобулинемия кезінде бұзылады://
фагоцитоз//
хемотаксис//
нейтрофилдердің адгезиясы //
иммундық жауаптың Т-типі //
иммундық жауаптың В-типі
***
2. Ди Джордж синдромы кезінде байқалады://
айырша безінің гипоплазиясы//
иммунды реакцияның гуморальды түрінің жоқ болуы//
қанда лимфоциттер санының көбеюі//
G иммуноглобулиннің жоғары деңгейі//
антиденелер дамуының күрт өсуі
***
3. 1 жасар нәрестеде жіті отит, пневмония. Пациенттің ағасы менингиттен қайтыс болған, немере ағасы – пневмониямен бронхитпен жиі ауырады. Зерттеу жүргізгенде Т-лимфоциттер саны қалыпты, В-лимфоциттер күрт төмендеген, А және М иммуноглобулиндер аз, гамма-глобулиндер күрт төмендеген. Науқастағы иммунды тапшылық жағдайында осының түзілуі тежеледі://
комплементтің//
гранулоциттердің//
Т – лимфоциттердің//
плазмалық жасушалардың//
иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінің
***
4. АИВ- тың негізгі нысанасы://
В-лимфоциттер//
Т-лимфоцит киллерлер//
Т-лимфоциты хелперы//
нейтрофилдар//
эозинофилдар
***
5. Ig A дефициті кезінде механизмдердің тежелуі байқалады://
вирустарға тұрақтылығы//
саңырауқұлақтарға тұрақтылығы//
жасушалық иммундық реакциялар//
көздің шырышты қабатын қорғау//
грамтеріс микробтарға тұрақтылығы
***
6. Екіншілікті иммунды тапшылықты жағдайға жатады://
АИВ инфекция//
Ди-Джорджи синдромы //
Брутон агаммаглобулинемиясы//
типі швейцарлық агаммаглобулинемия //
бағаналы қан түзуші жасушалардың болмауы
***
7. АИВ жұқтыру үшін жасушалардың беткейінде болуға тиісті://
HLA-молекула//
CD8-рецепторлар//
CD4-рецепторлар//
ИЛ-2-ге арнайы рецептор//
трансферринге рецепторлар
***
8. ЖИТС-ң ерте виремиялық сатысы сипатталады://
АИВ репликациясының тежелуімен//
gр 120 эпитопында АИВ мутациясының тоқталуы//
Т-жасушалар мембранасында вирусты гликопротеиндердің жоғалуы//
CD 4 -жасушалар АИВ- жұқтырғандар санын көбеюі//
оппортонистік инфекцияның дамуы
***
9. Иммунологиялық қадағалау факторлар әсеріне АИВ-тің алшақ тұруына жағдай жасайтын осы механизмдер болып саналады://
анти гуморальды АИВ-жауап төмендеген//
иесінің ДНК-на АИВ геномының интеграциясы болмауы//
вирусқа қарсы резистенттілік деңгейінің жоғарлауы//
Т-киллер белсенділігінің жоғарлауы//
gp 120 эпитопында АИВ мутациясы
***
10. ЖИТС-ң этиотропты емі ретінде қолданылады://
иммуномодуляторлар//
иммунодепрессанттар//
саңырауқұлақтарға қарсы препараттар//
бактерияларға қарсы препараттар//
АИВ транскриптазасының кері ингибиторлары
***
Тақырыбы: «Гипоксия»
1. Циркуляциялық гипоксия кезіндегі оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылық жоғарылауының патогенезінде маңызды://
қанағыстың жылдамдауы//
веналық қанның артериализациялануы //
қанда дезоксигемоглобин деғнейінің азаюы//
тіндердің оттегіні пайдалануының жоғарылауы//
оксигемоглобиннің қисық диссоциациясының солға ығысуы
***
2. Сыртқы дем алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінде дамитын гипоксия аталады://
тіндік//
қандық//
тыныстық//
гипоксиялық//
циркуляторлық
***
3. Экзогенді нормобариялық гипоксия байқалады://
қан кетулерде//
тауға шыққанда//
желдетілмейтін бөлмеде болғанда//
ұшақ аппаратының бүтіндігі бұзылғанда//
тұншықтырғыш газымен уланғанда
***
4. Экзогенді гипобариялық гипоксия кезінде қанның газдық құрамына тән өзгерістері://
нормоксемия, гипокапния//
нормоксемия, гиперкапния//
гипоксемия, нормокапния//
гипоксемия, гиперкапния//
гипоксемия, гипокапния
***
5. Артериялық қанның О2 парциялды кернеуі - 62 мм. сын.бағ., артериялық қанның оттегінің гемоглобинге қанығуы - 68 %, артериялық қанның СО2 парциялды кернеуі - 52 мм. сын.бағ. тең болуы гипоксияның осы түріне тән://
гипоксияның тіндік түрі//
гипоксияның гемиялық түрі
гипоксияның циркуляторлы түрі//
гипоксияның тыныстық түрі//
гипоксияның аралас түрі
***
6. Митральді стенозбен ауыратын науқаста ентігу, цианоз, жайылымды ісінулер пайда болған. Тексергенде өкпесінде ылғал сырылдар естіледі, жүрек шекарасы ұлғайған, гепатомегалия, асцит. РаО2 71 мм сын.бағ., РаСО2 51 мм сын.бағ., РvО2 30 мм сын.бағ., О2 бойынша а/в айырмашылық 6,8 көл%. Алынған нәтижелер осы дамығанын айғақтайды://
гемдік гипоксия//
аралас гипоксия//
гипоксиялық гипоксия//
субстраттық гипоксия//
біріншілік тіндік гипоксия
***
7. Артериялық қандағы оттегі мөлшері 19 көл%, веналық қанда – 5 көл%. Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, веналық қанда - 30 %. Оттегі бойынша осы артериовеналық айырмашылық тән://
тіндік гипоксияға//
гемдік гипоксияға //
гипоксиялық гипоксияға//
циркуляциялық гипоксияға //
жүктемелік гипоксияға
***
8. Науқас жалпы әлсіздікке, бас айналуына, иіс пен дәм сезінуінің бұрмалануына шағымданады. Тексергенде терісі бозғылт, тырнақтары қайырылған, шашы құрғақ, сынғыш. Қан талдамасында темір мөлшері төмендеген. Бұл жағдайда дамыған гипоксия осылай аталады://
гемдік және тіндік гипоксия//
гемдік және тыныстық гипоксия//
гипоксиялық және циркуляциялық гипоксия//
гипоксиялық және тыныстық гипоксия//
жүктемелік және субстратты гипоксия
***
9. Гемдік гипоксия дамуының басты механизмі://
қанда СО2 жоғарылауы//
қанағыс жылдамдығының бұзылуы//
оттегі бойынша артериовеналық айырмашылықтың төмендеуі //
биологиялық тотығу процестерінің бұзылуы//
қанның оттегіге сиымдылығының азаюы
***
10. Нитриттармен улануларда дамиды://
гемдік гипоксия//
тыныстық гипоксия//
субстраттық гипоксия//
гипоксиялық гипоксия//
циркуляторлық гипоксия
***
11. Науқас өрт болған жерден тұншықтырғыш газбен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Науқасты тексергенде анықталуы мүмкін://
карбоксигемоглобин, қанның оттегіге сиымдылығының азаюы, терісінің ашық қызыл түсті болуы//
карбоксигемоглобин, қанның оттегіге сиымдылығының азаюы, терісінің сұрғылт қара түсті болуы //
карбгемоглобин, қанның оттегіге сиымдылығының азаюы, терісінің көкшіл түсті болуы //
карбгемоглобин, қанның оттегіге сиымдылығының артуы, терісінің қанық қызыл түсті болуы //
метгемоглобин, қанның оттегіге сиымдылығының азаюы, қаны қоңыр түсті
***
12. Гемоглобиннің патологиялық түрлері түзілгенде байқалады://
қанның оттегілік көлемінің жоғарлауы//
оттегі бойынша жоғары артерио-веналық айырмашылық//
веналық қанда оттегі құрамының жоғарылауы//
көмір қышқыл газының парциалды қысымының төмендеуі//
гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі
***
13. Гемдік гипоксияны туындатады://
тауға шыққанда//
өкпе эмфиземасы//
кессондық жұмыстар//
темір тапшылығы//
синильді қышқылмен улану
***
14. Тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамиды://
тіндік гипоксия//
гемдік гипоксия//
тыныстық гипоксия//
циркуляциялық гипоксия//
гипоксияның жүктемелік түрі
***
15. Артериялық қанның О2 парциялды кернеуі - 95 мм. сын.бағ., артериялық қанның оттегінің гемоглобинге қанығуы -98 %, оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық - 0,5 көл.% тең болуы гипоксияның осы түріне тән://
гипоксияның тіндік түріне//
гипоксияның гемиялық түріне//
гипоксияның циркуляторлы түріне//
гипоксияның тыныстық түріне //
экзогенді гипоксияға
***
16. Жасушаның гипоксиялық зақымдалуының патогенезінде маңызды://
фосфолипазаның тежелуі//
жасушада натрийдің азаюыя//
липидтік асқын тотықтың қарқындылығының азаюы//
мембрана-насостық жүйелердің жұмысының бұзылуы//
митохондрияларда кальций мөлшерінің азаюы
***
17. Гипоксияға жедел бейімделу механизмдеріне жатады: //
миокард гипертрофиясы
сүйек кемігінің гиперплазиясы//
өкпе қан ағысының күшеюі//
митохондрилер санының жоғарлауы//
тыныс орталығы нейрондарының гиперплазиясы
***
18. Гипоксияға жедел бейімделудің гемодинамикалық механизмдеріне жатады://
қызмет атқаратын қылтамырлар санының жоғарлауы//
анаэробты гликолиздің белсенуі//
қанайналымның орталықтануы//
миоглобиннің жоғарлауы//
эритропоэз белсенуі
***
19. Гипоксияға жедел бейімделудің гематологиялық механизмдеріне жатады://
қордан қанның шығарылуы//
сүйек кемігінің гиперплазиясы//
митохондри санынының жоғарлауы//
тыныс бұлшық еттерінің гипертрофиясы //
анаэробты гликолиздің белсенуі
***
20. Гипоксияға ұзақ уақыт бейімделудің қалыптасуына тән://
тахикардия//
гипервентиляция//
қанағыстың таралуы//
митохондриогенез күшеюі//
қордан қанның шығарылуы
***
21. Оттегіні қолдану жүйесінде гипоксияға бейімделудің ұзақ уақытты тегершіктеріне жатады: //
тыныс бұлшық еттерінің гиперфункциясы//
генетикалық аппаратының белсенуі//
қанның соққы көлемінің жоғарылау//
митохондрилер биогенезінің тежелеуі//
гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының азаюы
***
22. Гипоксия кезінде көмірсу алмасуының бұзылысы сипатталады://
бауыр мен бұшық еттерде гликогеннің жоғарлауы//
анаэробты гликолиз тежелуімен//
сүт қышқылының жиналуымен//
гликогеногенез жоғарлауымен//
глюконеогенез күшеюімен
***
23. Гипоксия кезінде май алмасуының бұзылысы осының жиналуымен сипатталады:
аммиактың//
гликогеннің//
сүт қышқылының//
ацетосірке қышқылының//
пирожүзім қышқылының
***
24. Оттегі жеткіліксіздігіне ең сезімтал болады://
сүйек//
бұлшықет//
дәнекер тіні//
жүйке жүйесі құрлымдары//
паренхималық ағзалар тіндері
***
25. Жүйке жүйесі жағынан оттегілік жеткіліксіздіктің алғаш клиникалық көрінісі болады: //
тежелу//
қозу//
галлюцинациялар//
тоникалық-клоникалық құрысулар//
қозғалыс координацияларының бұзылыстары
***
26. Гипоксия кезінде қайтымды бұзылыстарға жатады: //
жасуша некрозы//
жасуша апоптозы//
ми қыртысындағы дегенеративті өзгерістер//
бұлшық ет талшықтарының майлы тінге ауысуы//
бауырлық бөліктердің ортасында гепатоциттер өлуі
***
27. Гипоксия кезінде теңгерілу механизмдерінің өзгеруін нақтылайды://
Na /К-АТФ-азаның белсенуінің тежелуі //
анаэробты гликолиздің тежелуі//
фосфолипазы А2 белсенуі //
гликогеннің мобилизациясы//
ЛАТ-ның белсенуі***
28. Қанның оттегілік көлеміннің артуына әкелетін орташа деңгейдегі қайталанбалы гипоксияның механизмдері саналады://
жүрек лақтырысының артуы//
эритропоэтин түзілуінің жоғарылауы//
альвеолалық желдету көлемінің артуы//
сүйек кемігінен эритроциттер шығуының азаюы//
гемоглобин түзілуінің тежелуі
***
29. Гипоксияны емдеудің патогенетикалық ұстанымы бағытталады: //
макроэргтер шығысының жоғарлауы//
екіншілікті белгілердің жойылуына//
гипоксияға әкелетін ауруды емдеу//
жасушалық мембраналар зақымдану деңгейінің төмендеуі//
биологиялық тотығу әсерінің төмендеуі
***
30. Антигипоксанттар://
АТФ түзілуін тежейді//
кальцилік каналдарын блокадалайды//
бос-радикалдық тотығуды белсендіреді//
тыныстық тізбекте электрондардың ауысуын белсендіреді//
плазмада физикалық еріген оттегі мөлшерін жоғарылатады
***
Тақырыбы: «Тақырыбы: «Су-электролит алмасуының бұзылыстары»
1. Экзикоз - бұл://
организмде судың кідіруі//
организмнің сумен улануы//
оң су балансы//
организмнің шектен тыс сусыздануы//
организм тіндерінде сұйықтықтың жиналуы
***
2. Судың организмге жеткіліксіз түсуінен теріс су балансы осы кезде дамиды://
іш өтулерде//
полиурияда//
қан кетулерде//
өңештің тарылуында//
қатты терлегенде
***
3. Жедел қан кетулерден кейін бірден дамиды://
изоосмоляльды дегидратация//
изоосмолялды гипергидратация//
гипоосмоляльды гипергидратация//
гипоосмоляльды дегидратация//
гиперосмоляльды дегидратация
***
4. Гиперосмоляльды дегидратация осы кезде дамиды://
тұз және судың бірдей жоғалтқанда//
электролиттер жоғалуынан суды жоғалту басым болғанда//
организмнің суды жоғалтуынан тұзды жоғалтуы басым болғанда//
мол терлегенде//
тоқтаусыз іш өткенде
***
5. Гипоосмоляльды дегидратация осы кезде дамиды://
гипервентиляцияда//
тұз және электролиттерді бірдей жоғалтқанда//
тұзға қарағанда судың көп мөлшерін жоғалтқанда//
суға қарағанда тұздың көп мөлшерін жоғалтқанда//