Интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары 6 страница
*+резорбциялы-некроздық синдроммен
* диастолалық дисфункциямен
* систолалық дисфункциямен
! 83 жастағы ер адам қайталамалы кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Үшінші күн ауырып жатыр. ЭКГда –STV4-V6 сегментінің депрессиясы.
Көрсетілген маркерлардың қайсысын анықтау БАРЫНША тиімді?
* аспартатаминотрансферазаны
* МВ-креатинфосфокиназаны
* лактатдегидрогеназаны
* миоглобинді
*+тропониндерді
! Ангинозды ұстамалармен 67 жастағы әйелдің ЭКГда ST I, aVL, V5-V6 элевациясы анықталды. Тропонин Т – 0,68 нг/мл.
Дерттік үрдістің орналасқан жерін көрсетіңіз:
* алдыңғы жайылған
* алдыңғы перделік
* алдыңғы ұшы
* алдыңғы базальді
*+алдыңғы бүйірлік
! 67 жастағы әйел 40 минут бойы кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, жүрек қағуға, жүрек жұмысында ырғақ бұзылыстарына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек үндерінің бәсеңдеуі, ырғақ жиі экстрасистолалармен үзіледі. АҚ-180/100 мм сб.б. ЭКГда –ST I, aVL, V2-V5 элевациясы.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын емдеу жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді?
* обзидан т/і
* дигоксин т/і
* конкор ішке
*+метопролол т/і
* кордарон ішке
! Кеуде артындағы қарқынды аурыру ұстамасымен 69 жастағы әйелде морфин енгізген кезде тыныс алу орталығының әлсіреу белгілері пайда болды.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізу БАРЫНША тиімді?
* изадрин
* атропин
*+налоксон
* эуфиллин
* адреналин
! Жедел жәрдем бригадасымен жойылған ангинозды ұстамалармен 57 жастағы ер адам түсті. ЭКГда миокард инфаркты анықталды.
Науқасқа аспиринің қандай мөлшерін тағайындау БАРЫНША тиімді?
* 500 мг/тәу көп емес
*+325 мг/тәу көп емес
* 250 мг/тәу көп емес
* 125 мг/тәу көп емес
* 100 мг/тәу көп емес
! 56 жастағы ер адам қарқынды ангинозды ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: мойын тамырларының ісінуі, гепатомегалия, төстің төменгі қырында дерттік III үн, парадоксальді артериальді пульс, гипотония. ЭКГда: QS V3R - V4R. ЭхоКГ: оң қарынша қуысының кеңеюі, қарынша аралық перденің сол қарыншаға қарай парадоксальді қозғалуы.
Көрсетілген диагноздардың қайсыс БАРЫНША мүмкін?
*+оң қарынша инфаркты
* артқы-бүйірлік миокард инфаркты
* артқы-базальді миокард инфаркты
* сол қарыншаның артқы қабырғасының миокард инфаркты
* сол қарыншаның қалқасы және ұшының миокард инфаркты
! 67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды.
Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* викасолды
* дицинонды
* тромбомассаны
* криопреципитатты
*+коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес
! ЭКГ-да V1-V2 тіркемелерінде R тісшесінің үлкеюі, ST сегментінің депрессиясы анықталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* алдыңғы перде аймағының миокард инфарктысы
* төменгі көк еттік миокард инфарктысы
*+артқы базалды миокард инфарктысы
* жүрек ұшылық миокард инфарктысы
* оң қарыншаның миокард инфарктысы
! Миокард инфарктісін өткерген 61 жастағы ер адам 3-ші этажға көтерілгенде пайда болатын, ентігумен, жүрек жұмысының ырғағының бұзылуымен бірге өтетін, изокет-спреймен басылатын стенокардия ұстамаларына шағымданады. Велоэргометрия нәтижесі бойынша физикалық күшке толеранттілігі ІІ функциональді классқа сәйкес келеді. Қан анализінде дислипопротеидемия, глюкозаға толеранттіліктің бұзылуы. ЕДШ методисттің бақылауымен физикалық жаттығулар бағдарламасы тағайындалған.
Көрсетілген әсерлердің қайсысы БАРЫНША жүйелі мөлшерленген физикалық күштемеге әсер етеді?
* гипогликемия
* гипергликемия
* дислипопротеидемия
*+коллатеральдердің дамуы
* еңбекке жарамдылықтың төмендеуі
! Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының аденомэктомиясынан екі аптадан кейін 78 жастағы ер адамда Q-миокард инфаркты дамыды. Стандарттық ем қабылдады. Екінші күні науқас кеудедегі қарқынды ауыру сезімін сезінді, ентігу, тахикардия, қанмен қан түкіру пайда болды. ЭКГда: жедел алдыңғы Q-миокард инфаркты.
Пайда болған асқынудың қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
*антибиотиктерді қосу
* тері арқылы араласу
*+тромболитикалық терапия
*нитраттардың мөлшерін жоғарлату
*наркотикалық анальгетиктермен ауырсыздандыру
! Qтісшелі миокард инфарктысы себебімен 52 жастағы ер адам стандартты ем қабылдап жатыр. Аурудың үшінші күні жағдайы нашарлады; төстің сол қырымен II-ІІІ қабырғааралығында дөрекі систолалық шу естіледі және ол оң қарыншалық жетіспеушілігімен асқынуда.
Пайда болған асқынудың қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* тромболизис
* диуретиктерді тағайындау
* инотропты көмек
* тері арқылы араласу
*+хирургиялық араласу
! 72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.
Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы
БАРЫНША ақпаратты?
* жүректік натрийуретикалық пептидті
* С-реактивті белокты
* трансаминазаны
* гомоцистеинді
*+тропонин I ді
! Сол қарыншаның жедел миокард инфарктысымен 62 жастағы ер адамда кенеттен жүрек қағу сезімі, суық тер пайда болды. Артериялық қысым анықталмайды. Шұғыл ЭКГ түсірілді:
Қандай шұғыл көмек шараларын көрсету БАРЫНША тиімді?
*+электрлік кардиоверсия
* лидокаинді көктамырға енгізу
* электрлік кардиостимуляция
* амиодаронды көктамырға енгізу
* қолқа ішілік баллонды контрпульсация
! Қабылдау бөліміне 60 жастағы ер адам бір сағаттан артық төс артындағы қарқынды басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданып келді. Анальгин, валидол таблеткаларын қолданғанымен, әсері болмаған. ЭКГ түсірілді:
Науқасты жүргізуде қандай тәсілі БАРНЫША тиімді?
* электрлік кардиоверсия
* тромболитиктер, гепарин, бета-блокаторлар
* қолқа ішілік баллонды контрпульсация
* наркотикалық анальгетиктер, гепарин,нитраттар
*+наркотикалық анальгетиктер, тромболитиктер, шұғыл коронарография
! Қарқынды ангинозды ұстамамен түскен 68 жастағы ер адам ЭКГда STV1-V3 сегментінің депрессиясы анықталды. Ауыру ұстамалары қайталанғанда ЭКГ өзгерістер үдейді.
Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысын тағайындау БАРЫНША мүмкін?
* сцинтиграфияны
* рентгенографияны
* эхокардиографияны
*+коронароангиографияны
* магнитноядерлік резонансты томографияны
! 54 жастағы әйел ұзақтығы 30 минуттан көп, нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы қысып ауыратын ауру сезіміне, жүрек тұсындағы ырғақ бұзылыстарына шағымданады. АД – 200/110 мм сб.б. ЭКГда: синусты тахикардия, жиі политопты экстрасистолалар, ST V1-V4 4 мм элевациясы.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау бұл патологияда барынша тиімді?
*+β-бөгемелерді
* жүрек гликозидтерін
* антиаритмиктерді iс класс
* дифенилалкиламин құрылымын
* қысқа әсерлі дигидропиридиндерді
! 43 жастағы ер адам тыныштықта пайда болатын рецидивті түрдегі ангинозды ауру сезімге шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек тондары әлсіреген, аздаған тахикардия. АҚ – 110/70 мм с.б. ЭКГ-да: ST сегментінің V2-V4 әкетулерінде 4 мм-ге элевациясы.
Көрсетілген препараттардың қандай тобын бірінші кезекте тағайындау керек:
* аналгетиктер
*+тромболитиктер
* антиагреганттар
* антиаритмиктер
* антикоагулянттар
! Алыстан естілетін сарылдаған тыныс пен өкпенің барлық аймақтарында естілетін түрлі калибрлі әлсіз үнді сырылдар БАРЫНША тән:
* өкпе ателектазына
*+альвеолярлық өкпе ісінуі
* абсцестік пневмонияға
* созылмалы сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігіне
* созылмалы оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігіне
! Некроз ошағының қандай көлеміндеБАРЫНША мүмкін кардиогенді шок дамиды?
* 10%
* 15%
* 20%
* 30%
*+40%
! Миокард инфарктың кеш асқынуларына БАРЫНША мүмкін жатады:
* өкпе ісінуі
* тромбоэмболия
* миокардтың жарылуы
* кардиогенді шок
*+ерте инфарктан кейінгі стенокардия
! 62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* асқынбаған артқы-диафрагмальді q-миокард инфаркті
* алдынғы-перделі q-миокард инфаркті. рефлекторлы гипотензия.
* артқы-диафрагмальді q-миокард инфаркті. гиповолемиялық шок.
*+артқы-диафрагмальді q-миокард инфаркті. кардиогеннді шок.
* артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.
! 49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* инфекциялық эндокардит
*+Дресслер синдромы
* перикардит
* плеврит
* сепсис
! 57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды. БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз?
* тромбоэндокардит
* инфарктан кейінгі синдромы
* миокард инфарктің рецидиві
*+сол қарыншаның аневризмасы
* қарынша аралық перденің жыртылуы
! 65 жастағы әйел адам стационарға «ЖИА, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының алғашқы Q-тісшелі миокард инфарктысы» диагнозымен түсті. Қабылдау бөлімінде науқаста минутына 30 рет ентігу пайда болды, тері жамылғысы бозғылт-цианозды, суық. Аускультацияда: өкпесінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, жүрек үндері әлсіреген, ЖСЖ минутына 105, АҚҚ 70/40 мм сб.б. Емді қандай шарадан бастаған БАРЫНША тиімді?
* нитратттар енгізу
* глюкокортикоидтар енгізу
* ілмектік диуретиктер енгізу
*+симпатомиметиктер енгізу (допамин)
* инфузиялық терапия жүргізу (реоплиглюкин)
! Науқаста төменгі диафрагмальді миокард инфарктысы дамығаннан 10 күннен кейін инспираторлы ентігу, цианоз, ат шабыс ырғағы, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация пайда болды. Эхо-КГ: митралды регургитация, айдау фракциясы 30%. Аталғандардың ішінде жедел миокард инфарктысының қандай асқынуы болуы мүмкін?
* жүрек аневризмасының жыртылуы
* сол қарынша қабырғасының жыртылуы
*+артқы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы
* алдыңғы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы
* қарынша аралық перде жыртылуы
! 54 жастағы ер адам изокет-спреймен жойылмайтын кеуде артындағы интенсивті ауыру сезіміне; ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: Миокард инфарктын өткерген. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, өкпесінде ылғалды сырылдар; жүректің сол жақ шекарасы ұлғайған, үндері бәсең, протодиастолалық галоп ырғағы. ЭКГда: STV1-V5 элевациясы, сол қарыншаның артқы қабырғасында тыртықты өзгерістер.
Көрсетілген белгілердің қайсысы миокардтың жиырылу мүмкіндігінің және оның жүктеме көлемінің үдемелі түсуі туралы БАРЫНША мүмкін куәләндырады?
* акроцианоз
* үндерінің бәсеңдеуі
* өкпесіндегі ылғалды сырылдар
* жүректің сол жақ шекарасының ұлғаюы
*+протодиастолалық галоп ырғағы
! 60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшеетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: ST V1-V6 элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.
Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* кардиогенді шок
*миокардтың жарылуы
*жедел аневризма
*+өкпе ісінуі
* тромбоэмболия
! 56 жастағы әйел жүрек тұсында және кеуде артында күйдірген ұстамалы ауыру сезіміне, мұздай жабысқақ терге, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, қатты тер, аяқтарының мұздауы; адинамия; жиі беткей тыныс; жүрек үндерінің бәсеңдеуі, галопырғағы, тахикардия. АД 80/40 мм сб.б.
Көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы гемодинамиялық мониторингқа БАРЫНША ақппаратты?
* лақтырыс фракциясы
* пультік қысым
* артериальді қысым
* орталық веноздық қысым
*+өкпе артериясын тежейтін қысым
! 54 жастағы ер адам кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, тыныстың жетпуеіне, өлімнен қорқу сезіміне шағымданады. ЭКГда: Qr және STIII, II, aVF элевациясы. Аурудың 3 аптада нитраттармен басылмайтын жүрек тұсындағы тұрақты қарқынды емес ауыру сезімі мазалады; субфебрильді қызба, әлсіздік. Зерттегенде оң жақтан жауырын ұшынан төмен тыныстың әлсіреуі анықталды. Эхокардиографияда: перикард жапырақшаларының қалындауы.
Негізгі аурудың қандай асқынуы БАРЫНША мүмкін науқаста дамыды?
* плеврит
* пневмонит
* перикардит
*+инфарктан кейінгі синдром
*ерте инфарктан кейінгі стенокардия
! 64 жастағы әйел тұншығуға, ал қызыл көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Об-ті: терісі боз, сақырлаған тыныс, өкпесінде ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, жүрек үндерінің бәсеңдеуі, пресистолалық галоп ырғағы. АҚ 100/60 мм сб.б. ЭКГда: QS және STV2-V4 элевациясы. Тағайындалған 120мг лазикс АҚ 80/50 мм сб.б. дейін төмендеді.
Қандай нәтижеге АҚ төмендеуі БАРЫНША мүмкін алып келеді?
* көпірік басу
* тыныс орталығын тежеу
* коронарлы перфузияны ұлғайту
*+коронарлы перфузияны азайту
* жүрекке венозды келудің ұлғаюы
! 73 жастағы әйелде болған ангинозды ауру синдромын жедел жәрдем дәрігерлері басты. Қарағанда: ессіз, тері жабындылары бозғылт, салқын жабысқақ тер. Өкпеде – ылғалды іркілісті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, айқын тахикардия, АҚ – 50/0 мм с.б. ЭКГ-да: Q тісшесі I, II, AVL,V2 – V4, ST сегментінің 2-3 мм жоғары элевациясы.
Жедел көмек көрсету мақсатында бірінші кезекте қандай препаратты тағайындау керек:
* лазикс
* изокет
*+допамин
* промедол
* тромбофлюкс
! Ірі ошақты миокард инфарктысы бойынша емдеуде жатқан 68 - жастағы әйелде 3-ші аптада кеуде торшасындағы ауру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының жеделдеу сатысы.
Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?
* кальций антагонистерін
* жүрек гликозидтерін
*+глюкокортикостероидтарды
* қақырық түсіретін заттар
* шеткі вазодилататорларды
! Q тісшелі миокард инфарктысымен ауырғанына 3 апта болған 62 жастағы ер адам; кеуде тыныс алу шыңында күшейетін қуысындағы ауыру сезіміне, субфебрильді қызбаға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде перикардтың және плевраның үйкеліс шуылы анықталды.
Көрсетілген препараттардың қайсын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* аналгетиктерді
* антибиотиктерді
* дезагреганттарды
* антикоагулянттарды
*+глюкокортикостероидтарды
! Q тісшелі миокард инфарктысымен ауырған науқаста 2 аптадан кейін төстің сол жағында III – IV қабырға арасында жергілікті прекардиальді пульсация анықталды. ЭКГ–да - V1-V4 шықпаларда QS, ST сегментінің жоғарылауының сақталуы; эхокардиографияда ішкі контурдың тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы байқалады, интактылы сегмент шекарасында айқын демаркациондық сызық пайда болған.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* кардиологқа қаралу
*+хирургиялық шара
* консервативті терапия жалғастыру
* тікелей емес антикоагулянттарды тағайындау
* миокардқа жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі салмақты төмендету
! Трансмуральді алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктісі бар 45 жастағы ер адамда төстің сол жағында IV қабырғааралықта патологиялық пульсация, тұйықталған жүрек үндері, 1 нүктедегі систолалық шуыл анықталады. ЖСЖ - 90 в мин.; АҚ 110/70 мм с.б.б. 18 тәуллікте ЭКГ-да V2-V5 шықпаларда QS тісшесі және SТ интервалының жоғарылауы тіркелді.
Қандай зерттеу әдісі дамыған асқынудың диагностикасын нақтылауға көмектеседі?
* ЭКГ
* ӨІЭС
*+ЭхоКГ
* коронароангиография
* кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
! 58 жастағы ер адам, трансмуральді алдыңғы-перделік миокард инфарктімен ем қабылдаған. Науқастың жағдайы 4-ші тәулікте нашарлап, төстің сол жақ қыры бойымен III қабырғааралықта қатаң систолалық шуыл және үдемелі оң қарыншалық жетіспеушілік белгілері пайда болды.
Операция алдында гемодинамиканы қалыптастыру үшін қандай препараттарды тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* изокет
* верапамил
* фуросемид
* строфантин
*+нитропруссид
! 66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген.
Жедел қантамырлық жетіспеушіліктің шеткері белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* нитроглицерин
* фуросемид
*+допамин
* гепарин
* атропин
! 58 жастағы әйел жатқанда күшейетін инспираторлы ентігу ұстамаларымен ауруханаға жатты. Өкпесінде өте көп ылғалды сырылдар. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия, өкпе артериясында II тонның акценті. Анамнезінде: артериальды гипертензия, қант диабеті. ЭКГде: QS және SТV2-V6 элевациясы, қарыншалық экстрасистолалар.
Қандай терапияны БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған барынша тиімді?
* антиаритмиялық
*+тромболитикалық
* антиагреганттық
* оксигенотерапияны
* метаболикалық
! 48 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін ырғақтың бұзылу эпизодтары байқалып, ентігу, оң қабырға астындағы ауырлық сезім, ісіну күшейді. Қарап тексергенде: екі еселенген ұштық түрткі, ЭКГда QS және STV2-V5 элевациясы. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде систолалық және диастолалық сол қарыншаның ішкі контурының деформациясы, тромб анықталды.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* жүрек қызметінің компенсациясы
* ишемияға қарсы
* антикоагулянтты
* дезагрегантты
*+хирургиялық
! Ангинозды ұстамамен 57 жастағы әйел госпитализацияланды. 3 тәулікте науқас жағдайы кенет нашарлады. Жүрек тұсында ауыру сезімі, тұншығу, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: тері жабындылары айқын боз, мұздай тер, мойын тамырларының ісінуі, өкпесінде көптеген ылғалды әр калиберлі сырылдар, прекардиальді аймақта дөрекі пансистолалық шу, тахикардия, АҚ 70/30 мм сб.б ДопплерЭхоКГ: оң қарынша дилатациясы, сол қарыншадан оңға систолалық ағыс.
Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
* аорто-коронарлы шунттау
*митральді қақпашаны протезирлеу
*ішкі аортальді баллоннды контрпульсация
*тері асты транслюминальді ангиопластика
*+қарынша аралық перденің деффектін тігу
! Миокард инфарктымен жатқызылған 67 жастағы науқасты эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол қарынша қуысында жылжымалы тромб анықталды. Фраксипаринмен ем аяқталды.
Қандай келесі тәсіл БАРЫНША тиімді?
* клексанмен 7 күн емді жалғастыру
*+варфарин 3-6 айға тағайындау
* варфарин 1-2 айға тағайындау
* аспиринді жалғастыру
* ЭхоКГ бір жылдан кейін қайталау
! 68 жастағы әйелде миокард инфарктың 4-ші аптасында тыныс алғанда күшеетін кеудесінде ауыру сезімі, құрғақ жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде плевра үйкеліс шуы естіледі. Қанда солға ығысумен лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. ЭхоКГда: перикард жапырақтарының қалыңдауы.
Көрсетілген дәрілердің қайсысынан тағайындау БАРЫНША тиімді?
* цефтриаксон
*+преднизолон
* метрогил
* гепарин
* аспирин
! 62 жастағы ер адам жақында өткерген қайталамалы миокард инфарктісінен кейін пайда болған жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен госпитализацияланған. Об-ті: өкпеде ылғалды дауыссыз сырылдар; өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия, асцит; аяқтарында айқын ісіну. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйірлі қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: сол қарыншаның алдыңғы, перде, ұшы, бүйір қабырғаларында гипокинезия аймақтары, лақтырыс фракциясы - 36%.
Препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындаған тиімді:
* эгилок
*+лазикс
* вазилип
* моноприл
* дилтиазем
! Реанимация бөліміне жедел миокард инфарктысымен науқас түсті. Объективті: бозғылт-цианозды ылғалды тері, шеткері көктамырлары басылып қалған. АҚҚ 80/60 мм с. б., диурез 20 мл/сағ. кем. Науқасты емдеуде аталғандардың қайсысын қолданған жөн?