Жағдайлық есептер
І-ші этап
Макропрепараттардың дұрыс жауаптары
№1
Жауабы: 1-қадам–ұйқы безінің бөлігі, көлемі кішірейген, бездің паренхимасында май тінінің өскені байқалады, бөлікті құрылымы бұзылған.
2-қадам –ұйқы безінің атрфиясы
№2
Жауабы: 1-қадам–бүйректің макропрепараты, ағзаның көлемі айқын кішірейген, беткейі ірі кедір бұдыр, ағза ішіне тартылған тыртықтар есебінен
2-қадам –бүріске бүйрек
№3
Жауабы: 1-қадам–ісік беткейінің кесіндісінде қызыл түсті, қан құйылу аймақтарымен. Бүйрек үсті безінің беткейінде аз мөлшерде сақталған қыртысты қабатының сақталғаны анықталады.
2-қадам –феохромоцитома
№4
Жауабы: 1-қадам–жүрек өшемдері ұлғайған, сол қарыншаның алдынғы қабырғасының жазықтық кесіндісінде шекарасы айқын емес ақшыл -сұр түсті аймақтар анықталады.
2-қадам –миокард инфаркты
№5
Жауабы: 1-қадам–түтікті сүйектің бөлігі, сүйек кемігі ашық- қызыл түсті, нәрлі жылтыр. Сүйек кемігі сары түстен қызылға метаплазияланған.
2-қадам –анемия кезіндегі сүйек кемігі
№6
Жауабы: 1-қадам–жүрек макропрепараты, консистенциясы тығыз, сол жақ қарынша қабырғасының қалыңдығы 2,3 см, емізікше бұлшық еттері қалыңдаған, кесіндіде миокард қоңырқай түсті.
2-қадам –сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
№7
Жауабы: 1-қадам–су астында көкірек қуысы ашылды; осы кезде ауа көпіршіктерінің шығуы плевра қуысында ауаның болуын дәлелдейді.
2-қадам –жоғары қысымды пневмоторакс
№8
Жауабы: 1-қадам–бауыр бөлігінің макропрепараты, капсуласы тегіс, жылтыр, консистенциясы болбыр, кесіп көргенде сары түсті.
2-қадам –бауырдың майлы дитрофиясы.
№9
Жауабы: 1-қадам–өкпе бөлігінің макропрепараты, плеврасы бұлынғыр. кесіндіде екі тоқ қызыл түсті ісіктік өсу ошағы анықталады, көлемдік құрылымдардың тіні, ақшыл сұр түсті некроздалған, 5,0 х 4,0 см және 5,5 х5,0 см. түйінді түрінде.
2-қадам –өкпе обыры (түйінді түрі)
№10
Жауабы: 1-қадам–қолдың үшінші саусағы, көлемі айқын ұлғайған, саусақтың терісімен тырнақтың орны тоқ -қошқыл түсті
2-қадам –үшінші саусақтыңишемиясы
ІІ-ші этап
Микропрепараттардың дұрыс жауаптары
№1
Жауабы:1-қадам–Бауыр микропрепараты. Бауыр бөлікшесінің шетіндегі гепатоциттердің цитоплазмасында майда және ірі май тамшылары анықталады. Майлар жасуша ядросын жасуша цитоплазмасының шетіне ығыстырған.
2-қадам – Бауырдың майда және ірі тамшылы майлы дистрофиясы.Бояуы гематоксилин – эозин.
№2
Жауабы: 1-қадам–Құрт тәрізді өсіндінің микропрепараты. Ішектің барлық қабаты ісінген, полиморфты ядролы, лейкоциттермен инфильтрацияланған. Сілемейлі қабатында некроз, қантамырлары қанға толған.
2-қадам – Флегмоналық аппендицит. Бояуы гемотоксилин – эозин.
№3
Жауабы: 1-қадам–гепатоцит цитоплазмасында және өт капилярында өттің жиналуы
2-қадам –бауырдың мехникалық сарғаюы. Бояуы гематоксилин – эозин.
№4
Жауабы: 1-қадам– –Жасуша инфильтрациясы мен ісінудің нәтижесінде бронхтармен бронхиолалардың қабырғалары қалыңдаған, сілемейлі қабаты ісінген, толақанды.
2-қадам –бронхопневмония. Бояуы гематоксилин – эозин.
№5
Жауабы: 1-қадам–Бүйрек микропрепараты. Нефронның проксималды және дисталды бөліктерінің өзекшелер эпителиінде ядросы жоқ. (кариолизис). Жасушалардың цитоплазмасы гомогенді, эозинофилді (коагуляция). Кейбір жасуша цитоплазмасы түйіршікті көрінеді, иректелген, өзекшелердің базалды мембранасы бұзылған (тубулорексис), шумақ капиллярларында қан азайған, милық қабатының қантамырлары қанға толған.
2-қадам – Бүйректің ирек өзекшелері эпителиінің некрозы.Бояуы гематоксилин – эозин.
№6
Жауабы: 1-қадам–кардиомиоцитте атрофияланған, өлшемдері бойынша кішірейген, жұқарған, олардың араларында май жасушаларының өскені байқалады.
2-қадам –жүректі май басу. Бояуы гематоксилин -эозин.
№7
Жауабы: 1-қадам–көру алаңында үлкен некроз ошақтары анықталады бауыр көрінісі анықталмайды. Сақталған гепатоциттердің бірен сараны анықталады.
2-қадам –бауырдың субмассивті некрозы. Бояуы гематоксилин – эозин.
№8
Жауабы: 1-қадам –Бүйрек микропрепараты. Бүйрек шумақтарының мезангийінде, капиллярларында, артериолардың базалды мембранасының астында, өзекшелердің базалды мембранасын байлап ашық – қызыл түсті нәруыз массаларының шөгінділері анықталады.
2-қадам – Бүйрек амилоидозы.Бояуы конго – қызыл.
№9
Жауабы: 1-қадам –Өкпе препараты. Альвеоларларда, бронхтар саңылауларында, альвеолалар аралығындағы қалқалық және бронх айналасындағы дәнекер тінде гемосидерин пигменті бар сидерофагтар мен сидеробласттар жиналған.
2-қадам – Өкпенің сұр –қоңыр индурациясы (өкпе гемосидерозы).Перлс бояуы.
№10
Жауабы: 1-қадам–бүйек шумақтары кеңейген, олардың эпителйі жалпайған, қуысы кеңейген. Шумақтың қуысында қызғылт нәруызды гомогенді масса анықталады. Стромасында лейкоцитарлы инфильтрация.
2-қадам –созылмалы интерстициалды іріңді пиелонефрит (қалқанша безі тәрізді бүйрек). Бояуы гематоксилин – эозин.
ІІІ-ші этап
Жағдайлық есептер
Жағдайлық есеп.
Суға сүңгуші (водолаз) жұмыс кезінде су түбінен тез жоғары көтерілді. Атмосфера қысымының күрт тез өзгеруі нәтижесінде оның жағдайы қиындап, мұрнынан және аузынан қан кете бастады. Тез арада қайтыс болды. Мәйітті жарғанда өкпе бөлігінің жарылуы, ауыз қуысындағы майда қан тамырларының жарылғаны, мұрын және ауыз қуыстарында қан жиналғаны анықталды.
Сұрақ: 1-қадам – Өлім себебін айтыңыз.
2-қадам– Толақандылықтың түрін және себебін атаңыз.
№ 2
Мәйітті ашқанда: оң өкпенің төменгі бөлігінің консистенциясы тығыздалған, плеврада фибрин жіптерінің бастырмалары, кесіндіде өкпе тіні ауасыз, сұр түсті, ІХ –Х сегменттерінде іріңге толған домалақ қуыс анықталған.
Сұрақ: 1-қадам –Науқаста қандай ауру дамыған?
2-қадам– Плевраның үйкеліс шуылы неге байланысты?
Жағдайлық есеп.
Емханада 40 жастағы С. деген науқас қолының сыртқы жағының ыстықтан күюі бойынша қаралды. Дәрігер қарағанда тері бетінің қатты гиперемиясын, тіндердің ісінуін, эпидермистің кей жерлерінің мүйізгектенуін байқады. Сірнелі сұйықтыққа толған үлкен күлдіреген көпіршік пайда болды. Субъективті қатты күйдіріп ауырсыну
Сұрақ: 1-қадам – Теріде экссудациялық қабынудың қай түрі дамыды?
2-қадам– Осы қабынудың қандай қолайлы нәтижесі болуы мүмкін?
Жағдайлық есеп.
Көп уақыттан бері асқазан ойық жарасымен сырқаттанған және соңғы кезде жиі қайталанатын қан кетуімен жапа шеккен 48 жасында қайтыс болған Б. деген аурудың мәйітінің аутопсиясында табылғаны: бауыр сары- қызыл қошқыл түсті, консистенциясы болбыр, көлемі біршама үлкейген.
Сұрақ: 1-қадам – Бауырда қандай патологиялық үдеріс дамыған?
2-қадам– Бауырда қандай микроскопиялық өзгерістер болады?
Жағдайлық есеп.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, аяқтарының айқын ісінуімен көрінетін жүрек ақауымен ауыратын науқастың төсегінен тұруға талпынған кезінде бірден беті көгеріп, қайтыс болды.
Сұрақ: 1қадам –. Науқаста қандай асқыну дамыды?
2-қадам– Өкпеде нені табуға болады.
Жағдайлық есеп.
Жүрек ақауы (қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі) бар аурыған науқаста кенеттен тері түсі бозарып, бірден артериялық қысымы түсіп кетті. Науқас қайтыс болды. Жару барысында қолқаның өрлемелі бөлігінің жарылғаны табылды. Қолқаның өрлемелі бөлігінің интимасы көптеген кедір- бұдырлармен және шұқыр болып тартылған.
Сұрақ: 1-қадам – Бұл үдерістің этиологиясы қандай?
2-қадам– Өлімге алып келген гипоксияның дамуы қандай патологиялық үдеріспен байланысты?
Жағдайлық есеп.
23 жастағы Т. деген науқас ауыр жағдайда неврология бөлімшесіне түсті. Қарқынды терапияға және нейрохирургиялық ем әрекеттеріне қарамай қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда:мидың оң жақ жарты шарының үлкен көлемде жібігені анықталды.
Сұрақ: 1-қадам –Мидағы қанайналым бұзылуының түрін атаңыз.
2-қадам– Жару кезінде мида табылған морфологиялық өзгерістердің макро- және микроскопиялық сипаттамасын беріңіз.
Жағдайлық есеп.
Ауруда кенеттен құсу, дене қызуының көтерілуі, оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болған. Ауруға операция жасалынған. Операция кезінде қалыңдаған құрт тәрізді өсінді табылған, сірнелі қабығы толақанды, фибринді – іріңді қабыршықпен жабылған.
Сұрақ: 1-қадам – Науқаста аппендициттің қандай түрі анықталған?
2-қадам– Құрт тәрізді өсіндінің микроскопиялық көрінісі қандай?
Жағдайлық есеп.
Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауратын 48 жастағы Ж. деген науқас тыныс алудың жедел жетіспеушілігінен қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда: өкпе қан тамырлары айқын, толақанды, сілемейлі және сілемейлі асты қабаттары ісінген, бронхтардың базалды мембранасы қалыңдаған, брохтар ішінде ауаның өтуіне кедергі болған эозинофилдер және түлеген эпителий жасушалары араласқан сілемейлі секрет жиналған.
Сұрақ: 1-қадам –Қандай ауру айтылған патологиялық үдерістің дамуымен сипатталады?
2-қадам– Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің себебі не болып табылады?
Жағдайлық есеп.
Науқас клиникаға стенокардия ұстамасымен түскен. 3 күннен кейін кенеттен қайтыс болған. Ашып көру кезінде қолқаның, жүрек және ми тамырларының атеросклерозы анықталған. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасында – тыртықты аймақ көрінген. Бас миының оң жақ жарты шарында қыртысасты ядросы аймағында тіннің сұрғылт түсті үлкен деструкция ошағы табылған.
1. Мида некроздың қандай түрі дамыды?
2. Ми инфарктынан қандай қолайлы пәтиже болуы мүмкін?