ТаҚырыптыҚ жоспар жӘне тӘжірибелік сабаҚтардыҢ мазмҰны
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті.
«Бекітемін»
Регионаралық бірлестік және дипломнан кейінгі білім беру бойынша проректор
проф. Дуйсекеев А.Д.
__________________
«__»_________2012г.
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Ішкі аурулар» бағытындағы интернатура
Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»
Электив «Пациенттің қауіпсіздігі»
Оқу сағатының көлемі: 90 сағат, 60 – оқытушының басқаруымен, 30 - ИӨЖ
Курс VI
Семестр 11-12
Бақылау формасы: тест түріндегі емтихан
Алматы 2012
Құрастырушылар:проф. Құрманова Г.М., доцент Аймаханова Г.Т., доцент Жанкалова З.М., доцент Ахментаева Д.А., асс. Садыкова Ш.С.
Рецензенттер:
1. профессор, м.ғ.д. Атарбаева В.Ш.
2. профессор, м.ғ.д. Есенжанова Г.М.
Жұмыс бағдарламасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң 051301 «Жалпы медицина» мамандығы «Ішкі аурулар» бағыттағы интернатураның Білімберу бағдарламасы негізінде жасалынған, Білімберу бағдарламаларының комитетінде бекітілген, 29 наурызда 2012 ж. № 7 хаттама.
Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында талқыланған, хаттама № ____ «____» «__________» 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Полимбетов Д.С.___________________
Жұмыс бағдарламасы Білімберу бағдарламаларының комитетінің отырысында талқыланған, хаттама № ____ «____» _____ 2012 ж.
ББК төрайымы, м.ғ.д., доцент Жанкалова З.М.___________________
Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланған, хаттама №____,«____» _____ 2012 ж.
Әдістемелік кеңестің төрайымы, профессор Тулебаев К.А..________________
Жалпы мәліметтер
1.1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті
1.2. Интернатура және резидентура бойынша №1 терапия кафедрасы
1.3. Мамандағы: 051301 «Жалпы медицина»
1.4. Элективті дисциплина «Пациенттің қауіпсіздігі»
1.5 Оқу уақытының көлемі: 90, сонымен қатар 60 аудиторлы, 30 – өзіндік жұмыс (ИӨЖ)
1.6. Курс: интернатура
Пререквизиттер:Ішкі аурулар бағыты бойынша дайындықбакалавриаты
Постреквизиттеры:Терапевтік мамандықтар бойыншарезидентура
Өзектілігі. Соңғы жылдары мемелекеттер науқастың қауіпсіздігін жақсарту маңыздылығын көбірек түсінуде. 2002 жылы мемлекет және БДҰ мүшелері науқастар қауіпсіздігі бойынша Бүкіл Әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының резолюциясын қабылдады.
Денсаулықсақтауға пациент қауіпсіздігі маңызды проблеманы құрайды. Бағалау бойынша үлкен мемлекеттерде әрбір 10 науқастың денсаулығына ауруханада болған уақытында зиян келтірілуі мүмкін.
Пациенттің қауіпсіздігі медициналық көмектің негізгі принципі болып табылады. Медициналық көмек көрсету процессінің әрбір сатысына қандай да белгілі қауіпсіздік тән. Жағымсыз жағдайлар практика кезінде әр түрті проблемаларға байланысты орын алуы мүмкін: азықтармен, медициналық ем шараларда, системаларда. Пациенттің қауіпсіздігін жақсарту үшін комплексті күш жұмылдыру қажет: инфекциондық бақылау, дәрі дәрмектік заттарды қауіпсіз қолдану, құрал жабдықтар қауіпсіздігі, қауіпсіз клиникалық тәжірибені, көмек көрсету кезінде қауіпсіз жағдай жасау.
Медициналық көмек көрсетуде инфекцияны толық жоққа шығару өте қиын. Соған қарамастан дамыған және дамушы елдерде бірнеше қолжетерлік, эффективті стратегиялар аурулықтың уақытын қысқартудағы эффективтілігі дәлелденген. Науқастардың денсаулығына қауіп дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде кездесу жиілігі жоғары. Дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде ауруханада пациенттің денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігі жоғарырақ, мысалы аурухана ішілік инфекция қаупі кейбір дамушы елдерде дамыған елдермен салыстырғанда 20 есе жоғары.
Науқастар қауіпсізділігін қамтамасыз ететін глобалді мәселе бұл стратегияларды қамтиды және медициналық көмек көрсетумен байланысты болатын қауіпті жағдайларды болдырмау шараларын біріктіреді. Бұл шаралар БДҰ жүргізілетін медициналық-санитарлы көмектегі қолдың гигиенасы атты басқарумен бірге жүру қажет және «Таза көмек – қауіпсіз көмек» атты шақыруға жауап болу керек.
Пәннің мақсаты: дәрігер интерннің науқасқа қауісіз медициналық көмек көрсету міндетін үйрету, дәрігерлік қателіктерді азайту, инфекциялық бақылауға жататын науқастардың құқығын қорғау және сақтау бойынша дәрігерлік құрал-жабдықтарды қауіпсіз қолдану және көмек көрсету шарттарын қауіпсіз қолдану.
Оқытудың есебі келесі соңғы нәтижелеріне жету болып табылады:
компетенция | Компетенция мазмұны | Қабылдау деңгейі |
Коммуникативті компетенция | Науқаспен (туыстарымен) алғашқы қатынасты жақсарту және емдеу процессінің эффективтілігі үшін қарым-қатынасты ары қарай жалғастыру. | IV |
Емдеу және зерттеу процестеріне науқасты қосу және науқастың комплаенттілігін қалыптастыру. | III | |
Науқаспен профессионалді қарым қатынасты орнатуға: әділеттілік, біліктілік, эмпатия, альтруизм, жауапкершілік, адалдық және құпияны сақтау принциптерін ұстай білу. | V | |
Медперсонал және әріптестерімен профессионалді қарым-қатынас жасау - ассертивтілік, әділеттілік, сенімділік, продуктивтілік. Өзара сыйластық және позициялық жағынан жұмыстық өзара қарым қатынасты орната білу. | IV | |
Профессиональді өзін өзі ұстауы- сенімділік, жауапкершілік. Өзін-өзі бағалау және дамыту. Өзіндік оқуға талпыныс және критикаға конструктивті жауап. | V | |
Стресстік жағдайда профессионалді өзін-өзі ұстай білу | III | |
Құқықтық компетенциялар | Науқастардың құқықтарын білу | IV |
Кепілді медициналық көмек көрсету және дәрі дәрмектік қамтамасыздандыруды білу | III | |
Жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігердің ролі | III | |
Науқас құқықтарын қорғау тәсілдері | III | |
Жедел көмек көрсетудің құқықтық аспектілері, инвазивті процедурамен манипуляцияға келісім алу | IV | |
Дәрігердің міндеттері және құқықтары | IV | |
Дәрігерлік немқұрайлылық және қателік | IV | |
Науқас пен дәрігер арасындағы келіспеушілікті сот арқылы және соттан тыс шешу. Моральді зиянды қайтару жайлы түсінік. | III | |
Медициналық көмек көрсету сапасын бақылау | III | |
Ақылы медициналық көмек – көрсетудің жағдайы мен ережелері | II | |
ҚР конституциясы. Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының кодексі. | V | |
Еңбек кодексі | IV | |
Азаматтардың денсаулығы, денсаулықсақтау жүйесі, дәрілік заттар және т.б. сұрақтар бойынша заңдар және құқықтық актілер. | IV | |
Өзбетіншебілімді жоғарлату және жетілдіру | Нақты науқасты емдегенде индивидуальді жолды қамтамасыз етудегі білім интеграциясы бойынша дағдыларға үйрену; дәлелді медицина принциптерінің негізінде профессиональді шешімдерді қабылдау | IV |
Барлық профессиональді қызмет кезінде өз білімі мен дағдыларды жетілдіруде, үзіліссіз профессиональді оқуға қабілеттілік пен қажеттілікті игеру. | IV | |
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша дағдылануы – анализ және қорытындылау, дәлелдә факторлардың синтезі, ғылыми зерттеуінің нәтижесін көрсету (публикациялар, баяндамалар) | III | |
Білу және қолдану | ДДҰ «Patient safety» бағдарламасы | |
Ауруханаішілік инфекция жәнеоның алдын-алудың мультимодальді тактикасы | ||
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Оқытушының басқаруымен интерннің тәжірибелік қызметі:
· терапевттік пройильдегі бөлімшелерде дәрігер-интерндердің жұмысы – курация, медициналық құжаттарды толтыру, ИТБ және қабылдау бөлімінде, функциональді диагностика бөлімінің кабинеттерінде жұмыс атқару
· науқастардың клиникалық талдауларына, консилиумдарға, профессорлар мен доценттердің қарауына қатысу
· науқасты клиникалық талдауға, бөлім меңгерушісі, профессор мен доценттің қарауына дайындау
· оқытушының бақылауымен тәжірибелік дағдыларды жетілдіру
· ғылыми-тәжірибелік, паталогоанатомиялық конференцияларға қатысу
· таңертеңгілік дәрігерлік конференцияларға қатысу.
· дәрігерлік конференцияларға тақырыптық баяндамалар дайындау
· дәрігерге міндеттелген көлем бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізу (пациент қауіпсіздігі тақырыбы бойынша – өз басы гигиенасы, дәрілік препараттарды қабылдау ережелері және т.б.)
Аптасына 1 күн - медициналық құжаттарды жүргізудің сапасын бағалау (чек-беті)
Аптасына 1 күн – таңертеңгілік конференцияда есеп берумен бірге дәрігердің көмекшісі ретінде стационардың бөлімшелерінде және қабылдау бөлімінде кезекшілік жасау (чек-беттер).
Оқытушының бақылауымен интерндердің теориялық дайындығы:
Дәріс –кіші топтармен тренинг өткізу
Семинар (дискуссиялар, милы шабуыл, кейс-стади, жұптармен жұмыс жасау, брейн-ринг, рольді ойын және т.б.) – нақты әдісті таңдау мұғалімге байланысты, оқушылардың когнитивті қабілеттеріне сайкес (чек-беті).
Аптасына 1 рет – Проблемді дәріс/ оқу конференциясы (оқу проектісі бойынша)
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ