Ауызша сұрау арқылы бастапқы білім деңгейлерін бақылау
Сұрақтар.
1. Тамақтану гигиенасы пәні мен мақсаты.
2. Энергетикалық баланс, түрлері.
3. Тәуліктік энергошығын (реттелетін, реттелмейтін).
4. Рационалды тамақтану, негізгі принциптері.
5. Жеке адам мен ұжымның тамақтану құндылығын бағалау әдістері
6. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.
7. Санитарлық дәрігердің тамақтануды ұйымдастыру және оның гигиеналық эпидемиялық қауіпсіздігін бақылаудағы атқаратын жұмысы.
8. Тағам өнімдерінің санитарлық сараптамасы, жүргізу мақсаты, міндеттері, әдістері тәртібі.
9. Тағам өнімдерінің сапа категориялары.
10. Сүттің залалсыздығын анықтау.
11. Сүттің эпидемиологиялық рөлі. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу.
12. Еттің санитарлық сараптамасының әдістемесі: органолептикалық зерттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу.
13. Ет арқылы берілетін жануарлардың жұқпалы және инвазивтік аурулары, олардың алдын алу.
2. Ситуациялық есептерді шешудің нәтижелері бойынша қорытынды білім деңгейлерін бақылау:
Тапсырма №1Энергиялық құндылығына, сапалық құрамына, рационның баланстылығына тағам рационына, мәзір жіктемесі бойынша ұсынылған жағдайлық есептерді есептеу. Табақпен азық түлік жиынтықтықтарының алуан түрлігі және тамақтану тәртібін дұрыстығын бағалау. (тәжірибелік дағды)
Тапсырма №2. Рационның адекваттылығына, табылған кемшіліктерге баға беру. (коммуникативтік дағды)
Тапсырма №3 Тағам өнімдерінің залалсыздығын бағалау бойынша және қолдану мүмкіндігі жөнінде ситуациялық есептерді шешу.
Жағдайлық есептер.
Есеп №1.
Ембергенова Р.А. – дене шынықтыру институтының студенті, 20 жаста, бойы -160см, салмағы -48кг.
Фактіге негізделген тәуліктік рацион:
Ертеңгі ас: қаймақ қосылған сүзбе мен қант, тәтті шәй, нан (100 г) сары маймен.
Түскі ас: ашытылған қырық қабаттан жасалған етпен борщ, қарақұмықтан жасалған котлеттер, алмадан жасалған компот, нан (100 г).
Кешкі ас: сүт, тәтті тоқаш.
Берілген мәзір бойынша азықтардың тізімі:
Сүзбе (20%) -100г
Қаймақ -10г
Қант-50г
Сары май-20г
Ашытылған қырық қабат -200г
Сиыр еті 2 категориясы-150г
Қарақұмық-50г
Алмадан жасалған компот -200г
Сиыр сүті-200г
Тәтті тоқаш -50г
Бидай наны-200г.
Шәй – 5 г
Есеп №2.
Джумабаева Е.А. –токарь, 55-жас, .бойы-167 см, салмағы -58кг.
Фактіге негізделген тәуліктік рацион:
Ертеңгі ас: сардельки картоппен, тәтті шәй, нан (100 г), сыр.
Түскі ас: қырық қабаттан жасалған еті бар сорпа, гуляш қарақұмықпен, нан (100 г), алмадан жасалған компот.
Кешкі ас: сүт қосылған бидай ботқасы, нан (100 г).
Берілген мәзір бойынша азықтардың тізімі:
Сардельки -200г
Картоп-300г
Қант -50г
Сары май -25г
Ерітілген сыр"Новый"-100г
Сиыр еті -200г
Қырық қабат -100г
Бидай ботқасы -50г
Қара құмық -50г
Сиыр сүті-300г
Бидай ұңнан жасалған батон - 300г
Алмадан жасалған компот -200г
Есеп №3.
Власова Л.В.-сиырды механикаландырып сауатын сүт фермасының сауыншысы, 29 жаста, бойы-157 см, салмағы-60 кг.
Фактіге негізделген тәуліктік рационы:
Танертеңгі ас: май қосып қайнатып пісірген картоп,сүт, нан
ІІ-танертеңгі ас: нанмен еттің майы көк пияз
Түскі ас: шошқа етінен ашытылған қырық қабат қосылған щи, нан.
Кешкі ас:сүт, .
Берілген тағам мәзірі бойынша азықтардың жиынтығы:
Картоп-400 гр
Шошқаның майы-200 гр
Сиыр сүті (қаймағы алынбаған)-1000 гр
Шошқа еті -100 гр
Қара бидай наны-200 г
Капуста квашеная -200г
Сары май – 20 г
Шәй –5г
Есеп №4.
Оралбаев К.М.механизатор-комбайнер, 49 жаста, бойы-184 см, салмаѓы-74 кг.
Фактіге негізделген тәуліктік рационы:
Танертеңгі ас: шошқа майына қуырылған жұмыртқа, сүт, нан
Түскі ас: еті бар щи, суға пісірілген картоп, шошқаның майы, шай, нан
Кешкі ас:сүтпен қарақұмық ботқасы, шай, нан
Берілген тағам мәзірі бойынша азықтардың жиынтығы:
Тауықтың жұмыртқасы-200 гр
Шошқаның майы-100 гр
Сиырдың сүті –1000 гр
Шошқаның еті (етті түрі)-200 гр
Ашытылған қырық қабат-200 гр
Картоп-500 гр
Қарақұмық жармасы-50 гр
Қара бидай наны (ерекше тартылған)-300
Чай 3 г
Есеп №5.
Болатбеков А.К.-дәрігер оташы, 32 жаста, бойы-175 см, салмағы-70 кг.
Фактіге негізделген тәуліктік рацион.
Танертеңгі ас: тәтті сүтте дайындалған сұлы ботқасы, тәтті шай, печенье
Түскі ас: бұршақтан жасалған сорпа, картоппен бұқтырып пісірілген ет.
Кешкі ас: тәтті сүзбе, сүт
Берілген тағам мәзірі бойынша азықтардың жиынтығы:
Сұлы жармасы-50гр
Сиыр сүті-700 гр
Қант-50 гр
Бұршақ-50 гр
Сиыр еті (1 санат)-200 гр
Сүзбе (20 % майлы)-200 гр
Сары май (тұздалмаған)-50 гр
Асханалық құрғақ печенье-100 гр
Қара бидай наны-150 гр
Есеп №6.
Рысбаева Г.К.-клиникалық лаборант, 50жаста, бойы-160 см, салмағы-72 кг.