Оқу жылына «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттеріне арналған тесттік сұрақтар

1. Стенокардия диагностикасындағы инвазивті емес ең ақпаратты әдісті атаңыз:

2. Күш түсу стенокардиясындағы негізгі симптомдарды көрсетіңіз.

3. Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын гипотензивті препаратты атаңыз:

4. Соколов-Лайон индексінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз

5. Нейровегетативті гипертониялық кризде таңдаулы препаратты атаңыз:

6. Үдемелі стенокардиясы бар науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін анықтаңыз:

7. Жедел коронарлық синдром түсінігіне кірмейтін ауруды таңдаңыз:

8. Гипертониялық аурудың II стадиясы , І типті криз уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін анықтаңыз:

9. Гипертониялық ауру қант диабетімен болса ең тиімді препаратты атаңыз:

10. Миокард инфарктісі қарыншалық экстрасистолия типті ырғақ бұзылуымен асқынғанында ең тиімді препаратты таңдаңыз:

11. Жыбыр аритмиясынының тахисистолиялық түрінде ең тиімді препараттарды таңдаңыз:

12. Сау адамда қалыпты жағдайда холестериннің оптимальді концентрациясын атаңыз:

13. Метаболикалық синдромның белгілерін көрсетіңіз:

14. СОӨА науқасқа антибактериальды терапия жүргізгенде таңдаулы препаратты атаңыз:

15. Пневмококкоті пневмонияға тән аускультативті белгіні анықтаңыз:

16. СОӨА ең басты қауіп факторын атаңыз:

17. Бронхиалды астма ұстамасын басуға препарат таңдаңыз:

18. Созылмалы өкпе текті жүректің белгілерін көрсетіңіз:

19. СОӨА мен бронхиалды астманы екшеу диагностикасында айыру белгісін анықтаңыз.

20. Бактериальды пневмонияда антибактериальды терапияның тиімділік мерзімін бағалаңыз:

21. Обструктивті бронхитке тән симптомдарды көрсетіңіз:

22. Экспираторлық демікпеге тән белгіні атаңыз:

23. Пневмококты пнемониясы бар науқасқа аускультация жүргізгенде тыныс дыбысының естілмеуі нені білдіреді:

24. Урогенді артрит диагностикасында ең ақпаратты әдісті атаңыз :

25. Жедел ревматикалық қызбаның этиологиялық факторын анықтаңыз:

26. Жедел ревматикалық қызба дебюті жасын анықтаңыз:

27. Остеоартроздың рентген көрінісі:

28. Ревматоидты артритке ең тән белгіні атаңыз:

29. Анкилоздаушы артритпен жиірек ауырады:

30. Остеоартрозда ең тиімді препаратты көрсетіңіз:

31. Ревматоидты артрите базистік терапия препаратын атаңыз:

32. Жүйелі қызыл жегіге ең тән симптомдарды көрсетіңіз :

33. Подагралық артритке тән белгіні көрсетіңіз:

34. Жедел пиелонефриттің ең жиі этиологиялық факторын атаңыз:

35. Созылмалы пиелонефриттің асқынуы болмаса науқасты диспансерлік бақылаудың жиілігін көрсетіңіз:

36. Созылмалы пиелонефритке тән белгілерді көрсетіңіз:

37. Ерте гипостенурия қай патологияға тән :

38. Созылмалы гломерулонефритке тән белгілерді көрсетіңіз:

39. Созылмалы бүйрек шамасыздығының ең шынайы белгісін көрсетіңіз:

40. Түйіршікті цилиндрурия қай ауруға тән:

41. Гиперпротеинемия, гиперхолестеринемия, гиперлипидурия қай ауруға тән:

42. Бүйректің функциональдық қабілетін сипаттайтын әдістерді көрсетіңіз:

43. Гломерулонефриттің этиологиялық факторын атаңыз:

44. Гипергликемиялық команы емдеудің негізгі принциптерін анықтаңыз:

45. Қант диабетінің клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

46. Глюкозотолеранттылық тесті жүргізуге қарсы көрсетілімді анықтаңыз:

47. Жүрекшелердің фибрилляциясымен көрінетін патологияны анықтаңыз:

48. Диффузды –токсикалық жемсауды емдеуде патогенетикалық препаратты көрсетіңіз:

49. Еңкейгенде қыжылдаудың болуы қай ауруға тән:

50. Созылмалы бейспецификалық жаралы колитке тән клиникалық белгілерді көрсетіңіз:

51. Бейспецификалық жаралы колиттің жеңіл дәрежесінде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін анықтаңыз:

52. Бейспецификалық жаралы колитте қан кету болғанда эндоскопиялық стадиясын анықтаңыз:

53. Крон ауруы бар науқастың колоноскопиялық диагностика критерийін көрсетіңіз:

54. Жара ауруының этиологиялық факторын атаңыз:

55. А типті гастритке тән клиникалық белгіні көрсетіңіз:

56. Жара ауруында эрадикациялық ем жүргізуге препараттарды көрсетіңіз:

57. Созылмалы панкреатитке ең тән симптомдарды атаңыз:

58. Бауыр циррозына ең тән симптомдарды атаңыз:

59. Гепатитті верификациялауда ең шынайы әдісті атаңыз:

60. Жара ауруы диагностикасында ең шынайы аспапты әдісті көрсетіңіз:

61. А типті гастритте диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:

62. Созылмалы панкреатитпен ауыру жиілігін анықтаңыз:

63. Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен айырмашылық белгісін көрсетіңіз:

64. 49 жастағы науқас 10 жыл Артериялық гипертензиямен ауырады. АГ қай аурумен қатар болғанда бета – блокатор тағайындаған жөн:

65. 25 жастағы науқас С. жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған.3күннен кейінжүрек аймағында еш жерге тарамайтын сыздап ауырғандық,жүрген кезде ентігу,жалпы әлсіздік,дене қызуының 37,80С дейін көтерілгені байқалған. Осы науқаста ең ықтимал диагноз?

66. Науқасқа жүрек ырғағының бұзылуы диагнозы қойылған. Атроивентрикулярлық блокада І дәрежесі. ЭКГ критерии Атриовентрикуляр блокадасы1 дәрежесінің ЭКГ критерийлері қандай:

67. 42 жастағы науқас ревматикалық этиологиялы жүректің құрама ақауымен «Д» бақылауда тұр.1 айдан бері вирустық инфекциядан кейін жағдайының нашарлағанын байқаған:ентігу,аяқтарында ісік,жалпы әлсіздік пайда болды.Өкпеде везикулярлық тыныс,сырыл жоқ.Ревматизм ағымының нашарлауының ең ықтимал себебі:

68. 42 жастағы науқас ревматикалық этиологиялы жүректің құрама ақауымен «Д» бақылауда тұр. 1 айдан бері вирустық инфекциядан кейін жағдайының нашарлағанын байқаған:ентігу,аяқтарында ісік,жалпы әлсіздік пайда болды.Өкпеде везикулярлық тыныс,сырыл жоқ .Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысының төмендеуі ықтимал?

69. ЖИА ауыратын науқаста қабылдауда төменде көрсетілген мәліметтер анықталды.Осы науқастың проблемасы табыңыз:

70. 45 жастағы науқас клиникаға төс артындағы сол қолға тарайтын қысып ауырғандық шағымымен госпитализацияланды.Ауырғандықты психо-эмоционадық фактормен байланыстырады. ДМИ-26,АҚ-135/85 мм.с.б. Коронографияда ірі проксимальды тәж артериялардың айқын атеросклероздық тарылуы жоқ.Ұстама кезінде ЭКГ-да S-T сегментінің депрессиясы V1,2,3,4.Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

71. 26 жастағы науқас ер адам төс артындағы жаншып ауырғандық сезімінен оянды,ауырғандық нитроглицеринмен басылмайды. Физикалық жүктемені жақсы көтереді.Артериялық қысым-120/80мм.с.б.Ұстама кезінде ЭКГ-да S-T сегментінің V1,2,3. доға тәрізді жоғары ығысуы байқалады. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

72. 28 жастағы науқас әйел басының ауруына, тахикардияға, малшып терлеуіне,аяқ-қолдарының дірілдеуіне ,құсуға шағымданып дәрігерге келді. Қарағанда науқас қозған тері жамылғысы бозғылт, ылғал. Жүрек тондары күшейген,ЖСЖ-110рет,АҚ-200/110 мм с.б. Қан анализінде лейкоцитоз,гипергликемия.Осындай жағдайлар бұрында болған,трофепен иньекциясынан кейін басылған.Осы науқаста ең ықтимал диагноз:

73. 45 жастағы науқас дәрігерге басының ауруына, жүрегінің айнуына бір рет құсуына, құлағының шулауына,бетінің ісінуіне шағымданыпа дәрігерге келді.Гипертониялық ауруға байланысты есепте тұрады. Жүректің сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 0,5см солға қарай кеңіген. Жүрек тондары аздап бәсеңдеген,ырғақты . ЖСЖ-92рет. АҚ-190/110мм.с.б. Лейкоциттер -5,2х109/л. Глюкоза – 4,5 ммоль/л.Осы науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз:

74. 15 жастағы жігітті МО қабылдау бөлімшесіне басының ауруы, құлағының шулауы,аяқтарының ұюы мен әлсіздігі шағымдармен алып келді.АҚ қолында -170/100мм.с.б ;аяқтарында -140/80 мм.с.б. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

75. 35жастағы науқас жүрегінің қатты соғуына,тітіркенгіштікке,жылауықтыққа,басының ауруына, АҚ 160/90мм.с.б. көтерілуіне шағымданып дәрігерге келді. АҚ көтерілу себебі қай жүйенің патологиясына байланысты?

76. 44 жастағы науқас АГ ауырады. Науқаста гипертониялық аурудың І типті криз кезіндегі ЭКГ :

ЭКГ өзгерістерін интерпритациялаңыз

77. 47 жастағы науқас МО кардиология бөлімшесінде миокард инфарктісі диагнозымен

емделіп жатыр. 5 тәулікте жүрек тұсының «тоқтап қалған» сезімі пайда болды.

ЭКГ-да: синусты ырғақ 76 рет минутына.Қалыпты QRS комплексі фонында өзгерген

QRS комплексі толық компенсаторлық паузамен Р тісшесінсіз пайда болды.Осы науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы?

78. 55 жастағы ЖИА ауруымен ауыратын К. науқастың ЭКГ-сы. Осы науқаста жүрек ырғағының бұзылуының қандай түрі:

79. 37 жастағы науқас А. ЭКГ –сы. Осы науқаста жүрек ырғағының бұзылуының қандай түрі?

80. Науқас вирусты инфекциемен ауырған. 3күннен соң жүрек аймағында иррадиациясы жоқ сыздап ауырғандық,жүрген кезде ентігу,жалпы әлсіздік, дене қызуының 37,8 0 С дейін көтерілуі мазалайды. Тексергенде ЭКГ-дакелесі өзгерістер анықталған. Осы науқаста жүрек ырғағының бұзылуының қандай түрі?

81. Пациент көп уақыттан бері баспамен ауырады. 7 күн бұрын вирусты инфекциямен ауырған. Учаскелік дәрігерде емделген. ЭКГ-да:

Осы науқаста төменде көрсетілген асқынудың қайсысы дамыған?

82. ЭКГ-да ырғақ бұзылуының қандай түрі көрсетілген?

83. ЖИА. Үдемелі стенокардиямен ауыратын науқаста4-ші күні бас айналу,әлсіздік, пайда болған. ЭКГ-да:

Осы науқаста ырғақтың бұзылуының қандай түрі:

84. 45 жастағынауқас әйел жүрегінің қатты соғуының жиілеуін ,ауа жетпеу сезімін байқайды. Оны менструальды циклының бұзылуымен байланыстырады.Кезекті ұстама кезінде ЭКГ түсірілген.

Осы науқаста ырғақтың бұзылуының ең ықтимал түрі:

85. 53жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге шөлдеудің пайда болуына,аузының құрғауына,ентігуге шағымданды. Объективті: ДМИ – 35. Бел өлшемі – 92 см. Жүрек шектері 1см солға ығысқан. А/Қ– 160/100 ммс.б.Қанда глюкоза аш қарынға – 6,0 ммоль/л. Постпрандиальды деңгейі – 11,0 ммоль/л. Жалпы холестерин – 7,1 ммоль/л. Үшглицеридтер – 3,0 ммоль/л. ЛПТТ – 4,4 ммоль/л. Осы науқаста ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

86. Гипертрофиялық кардиомиопатиямен (ГКМП),ауыратын науқас кішкене жүктемеде ентігуге,әлсіздіктің өршуіне,тез шаршағыштыққа шағымданып дәрігерге келді.Өкпеде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары ырғақты.ЭхоКГ айдау фракция- сы 50%. Осы науқастың проблемасын табыңыз:

87. 57 жастағы ЖИА, Үдемелі стенокардияға байланысты стационарда жатқан науқаста кеудесінде қатты ауырғандық,ентігу пайда болды.Қарағанда: цианоз,екі аяғыныңда кок тамырларының варикозды кеңеюі.А/Қ - 90/60 мм с.б. ЭКГ-да II, III, avF тіркемелерінде сүйірленген Р тісшесі, V1,2 қос фазалы Р тісшесі ; V5,6 S тісшесінің амплитудасының үлкеюі, жүректің электр осьінің оңға бүрылуы. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

88. 35 жасар 5 жылдан бері ішімдікке әуес болған жігіттің жүрек аймағында жаншып ауырғандық ,жылдам жүргенде ентігу , оң жақ қабырға астында ауырғандық және аяқтарында ісік пайда болды.Осы науқасты жүргізуде ең дұрыс тактика қандай?

89. 57 жастағы науқас ЖИА ауырады.Екі рет трансмуралды миокард инфарктісін басынан кешкен.Кардиологтың бақылауында.Бір ай бойы комплексті емді стационарда және емханада қабылдаса да ентігуі мен ісіктері азаймайды.Үлкейген тығыз бауыр пальпацияланады.Науқастың проблемасын анықтаңыз ?

90. Митралды аорталды жүрек ақауы , журек ырғағының жыбыр аритмиясы түрінде бұзылуы бар науқас жеті ай бойы дигоксин 0,05 тәуліктік дозада қабылдайды.Таңертеңнен бастап науқасты жүрек айну, құсу , басының ауыруы, көзінің қарауытуы,жағымсыз сезімдер мазалайды.Аускультацияда экстрасистолиялар естіледі.ЖСЖ – 48 мин.А/Қ – 110/70 мм с.б. Науқастың проблемасын анықтаңыз ?

91. Миокард инфарктісімен ауыратын науқасты лабораториялық тексергенде төмендегі өзгерістер анықталды.Қандай көрсеткіш диагнозды шынайы дәлелдейді.(МИ диагностикасында «алтын стандарт»)

92. 47 жастағы науқас ентігуге,А/Қ көтерілуіне шағымданады. Қарағанда:ДМИ – 30,бел сан айналымы – 1,1. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы метаболизмдік синдромның дамуына әсер етпейді.

93. 26 жастағы науқас психо-эмоцинальдық жүктемеден кейін пайда болатын , журек аймағындағы 3-4 минутке созылатын , нитроглицеринмен басылатын қысып ауырғандық шағымдарымен қабылдау бөліміне жеткізілген.Анамнезінде: осындай жағдай 3 апта бойы мазалайды.15 жастан бастап күніне 1,5 қораптан темекі шегеді,ДМИ-31. Ең ықтимал диагноз қандай?

94. 66 жастағы науқас дене қызуының 38,4 0 С дейін көтерілуіне аз мөлшерлі қақырықты жөтелге,жөтел мен тыныс алумен байланысы бар кеуде сарайының ауыруына жөтелге шағымданады.Ауруын салқындауымен байланыстырады.16 жасынан бастап күніне 1 қораптан темекі тартады. Жағдайы орташа ауыр,терісі қызарған.ТАЖ – 26 мин.8 қабырғадан бастап оң жақ өкпенің перкуторлық дыбысының қысқаруы,сол жерде крепитация естіледі.А/Қ-160 мм с.б. Осы науқаста ең ықтимал диагноз қандай?

95. 66 жастағы науқас оң жақты плевропневмонияға байланысты емделіп жатыр.4-ші күні ентігу пайда болды,әлсіздік күшейді.ТАЖ – 28 мин. Оң жақта тыныс естілмейді.А/Қ -100/60 мм.с.б. Осы науқастың жағдайының нашарлауының ең ықтимал себебі:

96. 66 жастағы науқас оң жақты плевропневмонияға байланысты емделіп жатыр.4-ші күні ентігу пайда болды,әлсіздік күшейді.ТАЖ – 28 мин. Оң жақта тыныс естілмейді.А/Қ -100/60 мм.с.б. Плевра сұйықтығы – геморрагиялық. Қарт адамда экссудативті плевритттің ең ықтимал себебі:

97. 42 жастағы науқас оң жақты плевропневмонияға байланысты емделіп жатыр.4-ші күні кенеттен әлсіздікке , қызуының көтерілуіне , басының ауыруына ,жағдайының нашарлауына шағымданды.Об-ті терісі қуқыл ,ылғал .А/Қ-80/60 мм.с.б. пульс – 112 рет.Жүрек тондары ырғақты ,бәсеңдеген.Оң жақ өкпеде жауырын астынан перкторлық дыбыстың тынықталуы,сол жерлерде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.Осы науқаста ең ықтимал асқыну қандай?

98. 22 жастағы науқас жоғары қызуға әлсіздікке , кеуде сарайының оң жағындағы тыныс алғанда күшейетін ауырғандыққа, тотық түсті қақырықты жөтелге шағымданады.2 күн бұрын салқындаудан кейін ауырып қалған.Оң жақты бөлікті пневмония диагнозы қойылған.Осы патологияға әсіресе тән физикальдық белгі қандай?

99. 22 жастағы науқас жоғары қызуға әлсіздікке , кеуде сарайының оң жағындағы тыныс алғанда күшейетін ауырғандыққа, тотық түсті қақырықты жөтелге шағымданады.2 күн бұрын салқындаудан кейін ауырып қалған.Оң жақты бөлікті пневмония диагнозы қойылған.Антибактериалды ем қабылдайды.Антибактериалдық емнің тиімділігін қандай клиникалық көрініс көрсетеді?

100. Шоколад түсті,күйген ет иісті қақырықтың бөлінуі,өкпе деструкциясының дамуы,таяқша ядролық лейкоциттердің көбеюімен лейкоцитарлық формуланың ығысуымен нейтрофильді лейкоцитоз қандай пневмонияға тән?

101. 53 жастағы науқас созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады.1 айдан бері гипертониялық ауруға байланысты 50 мг/тәулігіне атенолол қабылдайды.Ентігудің күшейгенін,тыныс шығарудың қиындауын байқады.Бронх өткізгіштігінің бұзылуының ең ықтимал себебі қандай?

102. Науқас 15 жылдан артық СОӨА ауырады.Соңғы 2 жылда жағдайының нашарлағанын байқайды.Тексергеннен кейін СОӨА , созылмалы өкпе текті жүрек қойылды.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы созылмалы өкпе текті жүректің дамуын дәлелдейді?

103. 44 жастағы науқасты 5 жыл бойы қиын бөлінетін ақшыл-сары түсті қақырықты жөтел,жүрген кезде ентігу,тыныс шығаруының қиындауы,тез шаршағыштық,дене салмағының жойылуы мазалайды.Қарағанда:диффузды цианоз,тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы,перкуторлы:қорап дыбысы,өкпенің барлық жерінде әсіресе форсирленген тыныс шығаруда әртүрлі калибрлі құрғақ сырылдар естіледі.Ең ықтимал диагноз қандай?

104. 54 жастағы науқас 10 жыл бойы СОӨА ауырады. Жылына 2 рет өршиді.Тәулігіне 1,5 қораптан темекі тартады.Бір жыл бойы ентігудің күшеюі,дене массасының азаюын байқаған. 4ай бұрын салқындаудан кейін аяқтарында ісік,оң жақ қабырға астында ауырғандық пайда болды. Обьективті: эпигастральдық пульсация,мойын тамырларының пульсациясы визуальды байқалады.Аяқтарында ісік.Аускультативті: жүрек тондары ырғақты, II тонның акценті 3-ші тыңдау нүктесінде. Бауыр өлшемдері 13х12х11см.Курлов бойынша.Науқастың проблемасын анықтаңыз:

105. Науқас А 18 жаста,1жыл бойы шаштаразға,дүкенге барғанда және цитрус қабылдағанда күндіз 1рет аптасына , түнде-2 рет айына тұншығу ұстамасының дамуын байқаған.Күнде сальбутамол қабылдайды. ТШЖ шыңы тиісті көрсеткіштің 70 күндіз 1рет пайызын құрайды, тәуліктік ауытқуы 25 пайыз.Ең ықтимал диагноз:

106. Науқас 5 жыл бойы бронхиальды астмамен ауырады.Кеше бассейннен кейін жағдайы нашарлаған:сальбутамолмен , небулайзер арқылы вентолин ингаляциясына дурыс басылмайтын тұншығу ұстамасы.Науқас мазасыз,тітіркенгіш.Қиын бөлінетін қақырықпен құрғақ ұстамалы жөтел.Науқастың қалпы ортопноэ,тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады.ТАЖ – 40 рет мин. ЖСЖ- 130 рет.Өкпеде жоғары жағында қатқыл тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар, төменгі жағында тыныс естілмейді.Осы науқаста ең ықтимал проблема қандай?

107. Науқас 5 жыл бойы бронхиальды астмамен ауырады.Кеше бассейннен кейін жағдайы нашарлаған:сальбутамолмен, небулайзер арқылы вентолин ингаляциясына дурыс басылмайтын тұншығу ұстамасы.Науқас мазасыз,тітіркенгіш.Қиын бөлінетін қақырықпен құрғақ ұстамалы жөтел.Науқастың қалпы ортопноэ,тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады.ТАЖ – 40 рет мин. ЖСЖ- 130 рет.Өкпеде жоғары жағында қатқыл тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар, төменгі жағында тыныс естілмейді. Реанимациялық шаралар қолдану үшін негізгі ауруының асқыну стадиясын анықтаңыз?

108. ЖМКА қабылдау бөлімшесіне бетіне,мойнына,кеудесіне қан құйылу сезімімен болатын тұншығу ұстамасына,ішінің шұрылдауына су тәрізді нәжістің болуына шағымданатын науқас акелінді.Өкпесінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.А/Қ-90/60 мм с.б. Ең ықтимал диагноз:

109. 59 жастағы науқас 10 жыл бойы созылмалы обструктивті бронхитпен ауырады.Тұрақты емделмейді.14 жасынан бастап тәулігіне 2 қораптан шылым шегеді.Үнемі алькоголь қабылдайды.Слесарь болып жұмыс жасайды.Дене қызуының көтерілуін,әлсіздіктің өршуін,ентігуін ,тез шаршауын,1 айда 6 кг дене массасын жойылуын ,балаларға және достарына қызығушылығының болмауын байқаған.Мазалайтын мардымсыз жөтел.Осы науқаста ең ықтималы?

110. 16 жастағы жас қыз клиникаға тұншығу ұстамасы, алқызыл түсті қақырықты ұстамалы жөтелмен әкелінді. Анда-санда буындарында ауырғандық,ангина мазалайды.Жылына 2 рет қызу көтерілуімен өршу болады.Тексерілмеген.Об-ті:жағдайы ауыр.Ортопноэ.Өкпесінде шашыраңқы құрғақ сырылдар,төменгі жағында ылғалды сырылдар естіледі.Дистанциялық сырылдар жоқ.ЖСЖ – 110 рет ,ырғақсыз.Жүрек тондары ырғақсыз,жүрек ұшында қолтық астына тарайтын систола-диастолалық шу,3-ші тыңдау нүктесінде II тон акценті. Ең ықтимал диагноз:

111. 16 жастағы науқас физикалық жүктемеде ентігуге,жүрегінің қатты соғуына,жалпы әлсіздікке шағымданып дәрігерге келді.Анамнезінде:баспамен ауырады.Физикальді тексергенде:оң жақ шала тұйық шегі төстің оң қырынан 2 см сыртқа ,жоғары шегі- II қабырға аралықта,сол жақ шегі – бұғана орта сызығынан 1,5 см сыртқа.Аускультативті:1-ші тон күшейген жүрек ұшында систола-диастолалық шу,2 тонның акценті 3-ші тыңдау нүктесінде. Ең ықтимал диагноз қандай?

112. 16 жастағы жас қыз клиникаға тұншығу ұстамасы, алқызыл түсті қақырықты ұстамалы жөтелмен әкелінді. Анда-санда буындарында ауырғандық,ангина мазалайды.Жылына 2 рет қызу көтерілуімен өршу болады.Тексерілмеген.Об-ті:жағдайы ауыр.Ортопноэ.Өкпесінде шашыраңқы құрғақ сырылдартөменгі жағында ылғалды сырылдар естіледі.Дистанциялық сырылдар жоқ.ЖСЖ – 110 рет ,ырғақсыз.Жүрек тондары ырғақсыз,жүрек ұшында қолтық астына тарайтын систола-диастолалық шу,3-ші тыңдау нүктесінде II тон акценті. Осы науқаста ең ықтимал проблема қандай?

113. 30 жастағы науқас босанғаннан кейін екі қолының 2-3-ші алақан-бунақ буындары проксимальды буын аралық буындарындағы ауырғандық,күндізгі сағат 12.00 дейін құрыстауы,буындардағы қимылдың шектелуіне шағымданады.Объективті:буындары ісінген,ұсатағанда ыссы,қимылдары шектелген.Ең ықтимал диагноз қандай?

114. 30 жастағы науқас босанғаннан кейін екі қолының 2-3-ші алақан-бунақ буындары проксимальды буын аралық буындарындағы ауырғандық,күндізгі сағат 12.00 дейін құрыстауы,буындардағы қимылдың шектелуіне шағымданады.Объективті:буындары ісінген,ұсатағанда ыссы,қимылдары шектелген.Тексергенде:ЖҚА:ЭТЖ-30 мм/сағ,Нв-100г/л;Ваалера-Розе реакциясы 1:40.СРБ + +; Есеп шартының мәліметтері бойынша бұл патологияның активтілік дәрежесі қандай?

115. Науқас ревматоидты артритпен аурады.Буын рентгенограммасында : буын аралығының айтарлықтай тарылуы, остеопароз, көптеген узуралар.Көрсетілген ситуация қандай рентгенологиялық стадияға сәйкес келеді?

116. 60 жастағы науқас әйел аспазшы болып жұмыс жасайды,алғашқы қозғалыста тізе буындарының ауруына,көп жүргенде немесе тұрғанда буындарының сықырлауына шағымданады.Қабыну белгілері жоқ. Ең ықтимал диагноз қандай?

117. 60 жастағы науқас әйел аспазшы болып жұмыс жасайды,алғашқы қозғалыста тізе буындарының ауруына,көп жүргенде немесе тұрғанда буындарының сықырлауына шағымданады.Қабыну белгілері жоқ. ЖҚА патологиясыз.Тізе буындарының рентгенографиясы жасалған.Сіздің диагнозыңызды рентгенограммадағы қандай өзгеріс дәлелдейді?

118. 60 жастағы науқас әйел аспазшы болып жұмыс жасайды,алғашқы қозғалыста тізе буындарының ауруына,көп жүргенде немесе тұрғанда буындарының сықырлауына шағымданады.Қабыну белгілері жоқ. ЖҚА патологиясыз.Тізе буындарының рентгенографиясы жасалған. Сіздің диагнозыңызды терідегі қандай өзгеріс дәлелдейді?

119. 44 жасар ер адам бизнесмен жиі корпоративтік кештерде болады.Түнде 1 табан-башпай буынында қатты ауырғандыққа шағымданып дәрігерге келді.Буын қызарған,көлемі үлкейген,өткір ауырсынады.Индометацин қабылдағаннан бір күннен кейін жағдайы жақсарған. Ең ықтимал диагноз қандай?

120. 44 жасар ер адам бизнесмен жиі корпоративтік кештерде болады.Түнде 1 табан-башпай буынында қатты ауырғандыққа шағымданып дәрігерге келді.Буын қызарған,көлемі үлкейген,өткір ауырсынады.Индометацин қабылдағаннан бір күннен кейін жағдайы жақсарған. Терідегі қандай өзгерістер сіздің диагнозыңызды дәлелдейді:

121. 44 жасар ер адам бизнесмен жиі корпоративтік кештерде болады.Түнде 1 табан-башпай буынында қатты ауырғандыққа шағымданып дәрігерге келді.Буын қызарған,көлемі үлкейген,өткір ауырсынады.Индометацин қабылдағаннан бір күннен кейін жағдайы жақсарған. Сіздің диагнозыңызды рентгенологиялық қандай өзгеріс дәлелдейді?

122. 22 жастағы науқас 1 апта бұрын жиі несепке отыруы және көзінің ауруына байланысты антибиотиктермен емделген. Буындарындағы ауырғандықтың қосылуына байланысты дәрігерге келді. Ең ықтимал диагноз қандай?

123. 22 жастағы науқас 1 апта бұрын жиі несепке отыруы және көзінің ауруына байланысты антибиотиктермен емделген. Буындарындағы ауырғандықтың қосылуына байланысты дәрігерге келді. ЖҚА:ЭТЖ 28 мм/сағ жоғарлаған. Лейкоцитоз 10х109/л. Осы патологияның ең ықтимал себебі:

124. 23 жастағы ер адам жиі іс сапарда болып, кездейсоқ интимдік қатнастарға түседі. 2 ай бойы тобық және тізе буындарында тұрақты ауырғандық мазалайды. 1 аптадан бері ауырғандықтың күшейгенін, дене қызуының көтерілгенін байқаған. Буындар көлемі айқын қабыну белгілеріне байланысты ұлғайған, ұстағанда ыссы, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қандай?

125. 23 жастағы ер адам жиі іс сапарда болып, кездейсоқ интимдік қатнастарға түседі. 2 ай бойы тобық және тізе буындарында тұрақты ауырғандық мазалайды. 1 аптадан бері ауырғандықтың күшейгенін, дене қызуының көтерілгенін байқаған. Буындар көлемі айқын қабыну белгілеріне байланысты ұлғайған, ұстағанда ыссы, ауырсынады. Рентгенография жасалды. Диагнозыңызды дәлелдейтін рентгенограммада қандай өзгерістерді анықтайсыз:

126. 23 жастағы ер адам жиі іс сапарда болып, кездейсоқ интимдік қатнастарға түседі. 2 ай бойы тобық және тізе буындарында тұрақты ауырғандық мазалайды. 1 аптадан бері ауырғандықтың күшейгенін, дене қызуының көтерілгенін байқаған. Буындар көлемі айқын қабыну белгілеріне байланысты ұлғайған, ұстағанда ыссы, ауырсынады. Ең ықтимал этиологиялық фактор қандай:

127. Жас жігітті серологиялық тексергенде оң мәнді Борде – Жангу реакциясы анықталды. Айтуынша тізе, тобық буындарының жиі ауыруы мазалайды. Үйленбеген. Қай ауруға оң мәнді Борде – Жангу реакциясы тән:

128. Науқас жамбас-сан, тізе буындарындағы ауырғандыққа шағымданады. Целебрекс қабылдайды. 1 аптадан бері дене қызуының көтерілуі қосылды. Тексергенде оң мәнді Райта – Хеддльсон 1:250 реакциясы анықталды. Кай ауруға оң мәнді Райта – Хеддльсон реакциясы тән:

129. 40 жастағы ер адам түннің екінші жартысында және таңертеңгісін күшейетін қозғалғанда және күннің екінші жартысында бәсеңдейтін, бел аймағында және құйымшақ-мықын буындарында тұрақты ауырғандыққа, бөксе аймағында санның артқы бетіне тарайтын ауырғандыққа, бел омыртқа аймағында құрысу мен қозғалыстың қиындауына шағымданады. Қарағанда арқасы «тақтай тәрізді». Ең ықтимал диагноз қандай?

130. 40 жастағы ер адам түннің екінші жартысында және таңертеңгісін күшейетін қозғалғанда және күннің екінші жартысында бәсеңдейтін, бел аймағында және құйымшақ-мықын буындарында тұрақты ауырғандыққа, бөксе аймағында санның артқы бетіне тарайтын ауырғандыққа, бел омыртқа аймағында құрысу мен қозғалыстың қиындауына шағымданады. Қарағанда арқасы «тақтай тәрізді». Физикальды тексергенде осы патологияға тән қандай симптомдар анықталады:

131. 40 жастағы ер адам түннің екінші жартысында және таңертеңгісін күшейетін қозғалғанда және күннің екінші жартысында бәсеңдейтін, бел аймағында және құйымшақ-мықын буындарында тұрақты ауырғандыққа, бөксе аймағында санның артқы бетіне тарайтын ауырғандыққа, бел омыртқа аймағында құрысу мен қозғалыстың қиындауына шағымданады. Қарағанда арқасы «тақтай тәрізді». Осы патологияға қандай рентгенологиялық белгі тән:

132. 19 жастағы науқас Турцияда дем алғаннан кейін денесінің ашық бөліктерінде эритематозды бөртпелерді пайда болғанын, буындарының ауруын, дене қызыуыны көтерілуін, басының ауруын, шаштарының түсуін байқаған. Қарағанда мүрнында, бетнің үштарында эритематозды бөртпелер. Буындарында деформация жоқ. Аускультативті тондары ырғақты, перикард үйкелісінің шуы естіледі.АҚ-150/100 мм с.б. Ең ықтимал диагноз қандай?

133. 19 жастағы науқас Турцияда дем алғаннан кейін денесінің ашық бөліктерінде эритематозды бөртпелерді пайда болғанын, буындарының ауруын, дене қызыуыны көтерілуін, басының ауруын, шаштарының түсуін байқаған. Қарағанда мүрнында, бетнің үштарында эритематозды бөртпелер. Буындарында деформация жоқ. Аускультативті тондары ырғақты, перикард үйкелісінің шуы естіледі.АҚ-150/100 мм с.б. Осы патологияға тән диагностикалық критерий:

134. 19 жастағы науқас Турцияда дем алғаннан кейін денесінің ашық бөліктерінде эритематозды бөртпелерді пайда болғанын, буындарының ауруын, дене қызыуыны көтерілуін, басының ауруын, шаштарының түсуін байқаған. Қарағанда мүрнында, бетнің үштарында эритематозды бөртпелер. Буындарында деформация жоқ. Аускультативті тондары ырғақты, перикард үйкелісінің шуы естіледі.АҚ-150/100 мм с.б. Тағайындалды: циклофосфан 500 мг/тәу. Бұл препараттың осы патологияда әсер ету механизмі қандай:

135. Скрининг жүргізгенде 26 жастағы әйелде сілекей бөлінуінің азайғандығы, жас ағу, ауыз тесігнің тарылуы, толық ашылмауы, мұрнының үшкірленгені («құс тұмсығы») шашының түсуі, бас ауруы анықталды. АҚ-140/100мм. с. б. Ең ықтимал диагноз қандай?

136. Скрининг жүргізгенде 26 жастағы әйелде сілекей бөлінуінің азайғандығы, жас ағу, ауыз тесігнің тарылуы, толық ашылмауы, мұрнының үшкірленгені («құс тұмсығы») шашының түсуі, бас ауруы анықталды. АҚ-140/100мм. с. б. Сіздің диагнозыңызды қандай симптомдар мен синдромдар дәлелдейді:

137. Науқас CREST – синдромына байланысты стационарда ем қабылдап жатыр. Тексерілгеннен кейін қосымша OVERLAP – синдром диагнозы қойылған. Осы синдромдардың айырмашылық белгілері қандай:

138. Жүйелі склеродермиямен ауыратын науқас Д – пеницилламин 150мг/тәу қабылдайды. Бұл патологияда осы препаратың әсер ету механизмі қандай:

139. Науқас жүйелі склеродермияға байланысты ем қабылдап жатыр.Стационарда дәрігер жүйелі қызыл жегіні жоққа шығаруды ұсынды.Сізге жүйелі қызыл жегі диагнозын дәлелдеу үшін қандай симптом көмектеседі?

140. 29 жастағы науқас қыжылдауға, еңкейгенде, физикалық жүктемеде қышқылмен кекіруге, шағымданады. Шылым шегеді. Алкоголь қолданады. Басының жиі ауыруына байланысты үнемі баралгин қабылдайды. Ең ықтимал диагноз қандай?

141. 29 жастағы науқас қыжылдауға, еңкейгенде, физикалық жүктемеде қышқылмен кекіруге, шағымданады. Шылым шегеді. Алкоголь қолданады. Басының жиі ауыруына байланысты үнемі баралгин қабылдайды. Эзофагогастродуоденоскопияда: өңештің дистальды сегментінің кілегей қабатында 10% кем емес сызықты формалы эксудаты бар бірнеше беткей эрозиялар.Осы патологияда өңештің зақымдану дәрежесін анықтаңыз:

142. 20 жастағы науқас эпигастрий аймағының ауырсынуына, қыжылдауына, 1,5 жыл бойы қышқылмен кекіруге шағымданып ЖТД –ге келді. Шылым шегеді. Аздап ішімдік ішеді. Тамақтану режимін ұстамайды. Тілі ақ жамылғымен жамылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қандай?

143. 28жастағы науқас профилактикалық мақсатпен тексеруден өтті. Шылым шегеді. Аз мөлшерде алкоголь қабылдайды.Тамақтану режимін сақтамайды.ФГДС-те :асқазанның антральды бөлігінің кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген, кілегей асты қабығына қан құйылған. Бұл көрініс қай ауруға тән?

144. 61 жастағы науқас ас қабылдағаннан кейінгі, әсіресе ащы тағамнан кейін бірден эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айну,жеңілдік әкелетін құсуға,ауамен кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, тілінің күюіне, аяқ-қолдарының ұюына,үстінің жыбырлауына,сұйық нәжіске шағымданады.Науқас өзін 7 жылдан бері ауырамын деп есептейді.Тұрақты емделмеген.Ең ықтимал диагноз қандай?

145. Егер науқас ұзақ уақыт гастрит байланысты ем қабылдаса және тәбетінің жойылуына, ет тағамдарына жиіркеніш сезіміне, дене салмағының төмендеуіне шағымданса, қандай патологияны жоққа шығаруға болады?

146. М. 58 жастағы науқас эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға және асқазанның толып кету сезіміне, жүрек айнуға шағымданады.Өздігінен фестал,но-шпа қабылдаған. 20 жасында институтта оқып жүрген кезде дұрыс тамақтанбау салдарынан ауырған, эпигастрий аймағында ауырсыну, ауамен кекіру мазалаған. 3жылдан бері отбасылық проблемаға байланысты ішімдіке әуестенген. Соңғы кездері іштің жоғары бөлігінде,иррадиациясы жауырынаралыққа берілетін ауырсынулар жиілей түскен, жылтыр түсті сұйық нәжіс, салмағының төмендеуі мазалайды.Осы науқастың проблемасының ең ықтималды себебі:

147. 49 жастағы толық әйел оң жақ қабырға доғасы астындағы,иррадиациясы оң иыққа, жауырынға берілетін ауырсынуға, ауыздағы ыстық сезімге шағымданады.ДМИ –– 31. Ең ықтимал диагноз қандай?

148. ДМИ-33 науқасты физикальды тексеруде Кер, Ортнер симптомдары оң мәнді. Аталған симптомдар қандай патологияға тән?

149. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды.Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді. Ең ықтимал диагноз қандай?

150. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды.Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді, репликация фазасы. Бұл жағдайда қандай терапия ең тиімді?

151. Ішімдікке әуес науқас ішінің ұлғаюын, мұрыннан, қызыл иегінен қан кетуді байқады. Тәбеті төмендеген. Салмағының төмендеуі байқалады. Тексеруде кеуде клеткасының алдыңғы бетінде тамырлы жұлдызшалар, асцитке байланысты іштің ұлғаюы, оң жақ қабырға доғасы астында ауырсыну анықталды.Бауыр 5см-ге ұлғайған. Гепатит В маркері оң мәнді, репликация фазасы. Талағы пальпацияланды. Ықтимал диагноз қандай?

152. Науқаста асцит . Гепатит В маркері анықталды. Бауыр циррозы диагнозын дәлелдеу үшін қандай симптом арнайы болып табылады?

153. Бауыр циррозы бар науқаста лабораторлық зерттеу кезінде протромбиндік индекстің 40%ке төмендегені анықталды.Тромботест-2 дәрежелі, проконвертин-55% .Бұл жағдайда қандай асқынулар болуы мүмкін?

154. Науқас майлы тағам, алкоголь қабылдағаннан кейінгі оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданады.Бауыры ұлғаймаған.Бауыр және өт жолдарының УДЗ –де өт қабының мөлшерінің кішіреюі анықталды. Ықтимал диагноз қандай?

155. 32 жастағы науқас іштің сол жақ квадратындағы қайталамалы ұстама тәрізді ауырсыну шағымдарымен учаскелік науқасқа келді.Ауырсыну ұстамасы кезінде көп көлемді кілегей бөлінеді. Колоноскопияда ішектің кілегей қабығы патологиялық өзгеріссіз.Ықтимал диагнозды таңдаңыз:

156. Науқас К ., 36 жаста .Оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсынуға, склерасының және тері қабаттарының сарғыштығына, жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, ішінің ұлғаюына, мұрнынан қан кетуге шағымданып қабылдау бөліміне түсті.Балалық шағында гепатит А бастан кешірген. 16 жасқа дейін тұрақты түрде к\т ,б\етке және пероральды гепатопротекторлар қабылдаған. Бірнеше рет стоматологта емделген.20 жастан диетаны сақтамайды, сирек алкоголь қабылдайды. Тері жамылғысы, склерасы кілегей қабаттары сарғайған. Ішінің көлемі асцитке байланысты ұлғайған, оң жақ қабырға доғасы астында гепатомегалияға байланысты ауырсыну анықталады. Талақ пальпацияланады. Қанда: : билирубин- 48 ммоль/л, тікелей емес билирубин - 30 ммоль/л. Бұл науқаста ықтимал диагноз қандай?

157. Науқас атрофиялық гастритпен ауырады. Бұл патологияда ең тиімді ем қандай?

158. Аталған аурулардың қайсысында азотемиясыз ерте гипостенурия болады?

159. 48 жастағы науқас дизурияға, субфебрильді температураға шағымданады. Зәр анализінде: белок 0,033 г\л, лейкоциттер 20-30-ға дейін көру алаңында, бактериялар +++,меншікті салмағы- 1008, Қандағы мочевина- 7 ммоль\л. УДЗ-оң жақ бүйректің табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы. Бұл науқаста ықтимал диагноз қандай?

160. Науқас 4 жылдан бері созылмалы пиелонефритпен ауырады. Бүйректе бірінші кезекте қандай өзгерістер болады?

161. Қызметі алыс сапармен байланысты 52 жастағы науқас ЖТД дәрігеріне тәулік бойы мазалаған оң жақ бел аймағындағы ұстама тәрізді, иррадиациясы оң жақ мықын аймағына берілетін, но-шпа таблеткасын қабылдағанда басылмайтын , ауырсынуға, зәрінің түсінің қызыл түсті екендігіне шағымданып келді. Осы науқаста ықтимал диагноз қандай?

162. Созылмалы пиелонефриттегі зәр анализі көрсеткіштеріне қандай өзгерістер тән?

163. 25 жастағы науқас аузының құрғауы, терісінің қышуы, бас ауруы, несеп бөлінуінің азаюы, ұйқышылдық, мұрыннан қан кетуге шағымданып, клиникаға жеткізілді. Анамнезінде: несептас ауруымен ауырады.Обьективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, қасу іздері бар, терісі құрғақ. АҚҚ 160\100мм . с.б.б. Жүрек тондары ырғақты, перикард үйкеліс шуы естіледі. Ықтимал диагноз қандай?

164. 25 жастағы науқас аузының құрғауы, терісінің қышуы, бас ауруы, несеп бөлінуінің азаюы, ұйқышылдық, мұрыннан қан кетуге шағымданып, клиникаға жеткізілді. Анамнезінде: несептас ауруымен ауырады. Обьективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, қасу іздері бар, терісі құрғақ. АҚҚ 160\100мм . с.б.б. Жүрек тондары ырғақты, перикард үйкеліс шуы естіледі. Креатинин 1000мкмоль/л.Осы жағдайда қандай ем тиімді?

165. Қандай клиникалық варианттар созылмалы гломерулонефритке тән?

166. 38 жастағы науқас аузының құрғауына, аралықтың қышуына, шөлдеу, бас ауруына шағымданады. ДМИ 36. АҚ-150/95 мм.с.б.б. Ықтимал диагноз қандай?

167. 38 жастағы науқас аузының құрғауына, аралықтың қышуына, шөлдеу, бас ауруына шағымданады. ДМИ 36. АҚ-150/95 мм.с.б.б. Қан зерттеуі өткізілді.Қандай қосымша зерттеу көрсеткіші сіздің диагнозыңызды дәлелдейді?

168. Науқас кезекте тұрып кенеттен құлады. Сұрақтарға жауап бермейді. Тері жамылғысы ылғалды. Қалтасынан қант табылды. Ықтимал диагноз қандай?

169. Науқас қант диабетінің I типімен ауырады. Әлсіздікке, шөлдің күшеюі, ауызының құрғауы, бас ауруына, қақырықты жөтелге шағымданды. Өздігінен ампициллин қабылдаған. Қызының айтуынша, таңертеңнен сұрақтарға жауап бермеген соң жедел жәрдем шақырған. Өкпесінде шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Ықтимал диагноз қандай?

170. 34 жастағы науқас жүрегінің қатты соғуына, ашушаңдық, жылағыштық, бір айда 3 кг-ға арықтағанына шағымданады. ЖСС-99р\мин. АҚ- 140\80 мм.с.б.б. Көздерінің жылтырауы анықталды. Ықтимал диагноз қандай?

171. 34 жастағы науқас жүрегінің қатты соғуына, ашушаңдық, жылағыштық, бір айда 3 кг-ға арықтағанына шағымданады. ЖСС-105 р\мин. АҚ- 150\80мм.с.б.б. Көздерінің жылтырауы анықталды, Грефе симптомы оң мәнді. Осы патологияда қандай ем тиімді?

172. 46 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ентігуге, тоңазуға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, бет және аяқ-қолдарының ісіктеріне, іш қатуға шағымданады. Объективті: беті ісінген, бетперде тәрізді, сойлеуі кешеуілдеген. Аяқ-қолдары ісінген. Даусы төмен, қарлыққан. ЖСЖ- 52р\мин. АҚ- 90\60 мм.с.б.б. Тілі ісінген. Ықтимал диагноз қандай?

173. 18 жастағы науқас бір ай бойы анемия бойынша емделген. Бірақ науқас жағдайы жақсармаған. Жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек аймағындағы шаншып және сыздап ауырсынудың күшеюіне, оған мұрнынан қан кетудің және дене температурасының 39гр.дейін көтерілуінің қосылуына шағымданады, Қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттар түсі бозғылт түсті. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, айналасындағы тіндермен жабыспаған. Ықтимал диагноз қандай?

174. 18 жастағы науқас бір ай бойы анемия бойынша емделген. Бірақ науқас жағдайы жақсармаған. Жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек аймағындағы шаншып және сыздап ауырсынудың күшеюіне, оған мұрнынан қан кетудің және дене температурасының 39гр.дейін көтерілуінің қосылуына шағымданады, Қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттар түсі бозғылт түсті. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсынусыз, айналасындағы тіндермен жабыспаған. Ықтимал диагноз қандай? Диагноз қоюда қандай диагностикалық әдіс көбірек ақпарат береді?

175. Науқасқа диагноз қойылды: Жедел лейкоз. Миелограммадағы қандай гематологиялық субстрат диагнозды дәлелдейді:

176. Науқасты қарау кезінде анықталды:лимфоаденопатиялар,бауыр мен талақтың ұлғаюы,бадамша бездерінің,қызыл иегінің гиперплазиясы,ауыз қуысының жаралы – некротикалық өзгерістері, миелограммада 30%-астам бластты клеткалар.Аталған өзгерістер қандай синдромға тән?

177. Жедел лейкозы бар науқас полихимиотерапия қабылдайды.Осы емнің терапиялық әсер ету механизмі қандай?

178. Науқаста скринингтік тексеру барысында мойын лимфа түйіндерінің конгломерат түрінде ұлғаюы анықталды.Биопсияда: жағындыда Боткин – Гумпрехт көлеңкесі анықталды.Осы клеткалардың болуы қандай патологияда кездеседі?

179. Созылмалы лимфолейкозы бар науқас үдемелі әлсіздік, тершеңдік, оң жақ қабырға доғасы ауырсынуға, дене температурасының көтерілуіне шағымданады. Қарағанда: лимфа түйіндерінің симметриялы ұлғаюы: мойын, қолтық асты, мөлшері 3*3см, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз, бір-бірімен және айналасындағы тіндермен жабыспаған . Осы жағдай аурудың қандай сатысына сәйкес келеді?

180. Науқас гимотология бөлімшесінде, хлорбутин(лейкеран) тәуліктік дозасы 15мг қабылдайды. Бұл препарат қандай патологияда терапевтік ем көрсетеді?

181. Науқас М., себепсіз әлсіздік, еңбекке қабілетінің төмендеуі, бас айналуына шағымданды. Қарау кезінде: тері жамылғысының бозаруы анықталды, талақ пальпацияланады. Ықтимал диагноз қандай?

182. Науқас ұзақ уақыт бойы гепатит және анемия бойынша ем қабылдайды. Жүргізілген емнен нәтеже жоқ. Детальды талдау кезінде ауқымды спленомегалия анықталды. ФГДС нәтижесі бойынша: созылмалы гастрит . ЖҚА – да: Лейкоцитоз 15*109\л ,промиелоциттер, базофильді – эозинофильді ассосиация. Стернальді пункция жасалды. Миелограмма мәліметтері: миелокариоциттер, промиелоциттер, миелоциттер,метамиелоциттердің, мөлшерінің артуы анықталды. Аталған гематологиялық өзгерістер қандай ауруда көрініс береді?

183. Науқас күнделікті гидрооксимочевина тәуліктік дозасы 30мг/кг қабылдайды. Қандай патологияда бұл препарат терапевтік эффект көрсетеді?

184. Науқас А.,50жаста, бас ауруы, бас айналу, бастағы ауырлық сезіміне, құлағының шуылдауына, саусақтарындағы шымшу және жансыздану сезіміне, әсіресе, ванна қабылдағаннан кейінгі терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, табандағы ,балтырдағы қызарумен жүретін жергілікті күйдіріп ауыру сезіміне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Пальпаторлы:бауыры мен талағы ұлғайған. АҚ -160\100мм.с.б.б. Ықтимал диагноз қандай?

185. Гепато – спленомегалия синдромы бар науқасқа стернальды пункция жасалды. Миелограммада: қан түзудің 3 өсіндісінің эритроидты және мегакариоцитарлы басым гиперплазиясы.ЖҚА: эритроциттер: 7,0х10 12/л; Нв – 170г/л; лейкоцитоз- 15х109/л; гематокрит – 60% . Қандай ауру аталған гематологиялық өзгерістермен көрінеді?

186. Науқас гематологиялық бөлімшеде миелосан 6мг/тәулігіне,қан жіберу, реополиглюкин және гепарин, трентал қабылдайды. Қандай патологияда комплексті ем терапевтік эффект көрсетеді?

187. 44 жастағы әйел 2 жылдан бері анемиямен ауырады.Бірнеше рет гематологиялық бөлімшеде емделген. Бактериальды пневмониядан кейін жағдайы нашарлаған.Гинекологиялық бөлімшеге жатырлық қан кетумен түсті .Тексергенде: Тері жамылғысы мен кілегей қабаттардың айқын бозаруы анықталды. Бауыр мен талақ пальпацияланады.ЖҚА: Нв – 20г/л; лейкоциттер – 1.8х109/л; ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер – 15000; Ықтимал диагноз қандай?

188. 70 жастағы науқас жүрісінің бұзылуына, тоңазуға , аяқ-қолдарының жансыздану сезіміне , тәбетінің төмендеуіне, етке жиіркеніш сезімінің пайда болуына, сұйық нәжіске шағымданады.Онкологта тексерілген, онкопатология анықталмаған .Ықтимал диагноз қандай?

189. Миокард инфартісімен ауыратын науқасты жүрегінің шалыс соғуы жиі мазалайды,аритмияның алдын алу үшін жалпы ем жоспарына қандай дәрілік препаратты қосқан дұрыс:

190. Ұзақ уақыт атенолол 80мг/тәулігіне қабылдаған гипертониялық аурумен ауыратын науқасты аяқтарында әлсіздік, жалпы әлсіздік, бас айналу мазалайды. ЭКГ-да:

Осы жағдайда дәрігердің қандай әрекеті ең тиімді?

191. Науқас 73 жаста ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК І ауырады , тұрақты түрде конкор 5мг/тәулігіне, тромбо-АСС қабылдайды, горизонтальды қалыпта ентігуге, аяқтары- ның ісінуіне шағымданады.Пальпаторлы бауыр қабырға доғасынан төмен 3см-ге ұлғайған. Науқастың проблемасын анықтаңыз:

192. Науқас 73 жаста ЖИА ауырады , тұрақты түрде конкор 5мг/тәулігіне, тромбо-АСС қабылдайды, горизонтальды қалыпта ентігуге, аяқтары- ның ісінуіне шағымданады.Пальпаторлы бауыр қабырға доғасынан төмен 3см-ге ұлғайған. Осы науқастың жалпы емдеу жоспарына қандай дәрілік препараттарды қосқан дұрыс?

193. Гипертониялық ауру нейровегетативті кризі бар науқасты емдеу жоспарына қандай дәрілік препараттарды қосқан дұрыс:

194. Иценко-Кушинг ауруымен ауыратын науқасты жалпы емдеу қай маманның құзырында?

195. Науқас 32 жаста шөлдеу,полиурия,үдемелі бұлшық ет әлсіздігі, бас ауруы шағым- дарымен дәрігерге келді. Тексергенде артериялық қысымның көтерілгені 180/100 мм с.б. анықталды. Осы науқаста ең ықтимал диагноз?

Наши рекомендации