Аяқ-қолдың иммобилизация
Бронхобструктивті синдромды басу.
№ | Тапсырманың сатыларының критерилері |
Небулайзермен емдеуде қолданылатын дәрілік заттарды атаңыз: · Небулайзер терапиясы – қысқа әсерлі селективті бетта 2 агонистер (2,5- 5,0 мг сальбутамол, фенотерол – бронхокеңейткіш әсері 4-5 минуттан кейін басталды), · Холинолитикалық заттар ( бетта 2 агонистердің әсері болмаған жағдайда, олардың бронхолитикалық әсерін күшейту мақсатында 1-2 мл (0,25-0,5мг) ипатропиум бромид тиотропия бромид қолданылады,) ингаляциялық глюкокортикостероидтар (небулайзер үшін будесонид-суспензия, физиологиялық ерітіндімен араластыруға болады, сонымен қатар сальбутамол және ипратропиум бромид ерітіндісімен араластыру керек) | |
Столдың үстіне ингаляторды өзіне қаратып орналастыру. Компрессордың қақпағын ашу. Аспаптың электр желісіне қосылмай тұрғанына көз жеткізу ( тумбер «О» жағдайында болады), ал кабель электр жүйесіне қосылмаған. | |
Небулайзердің төменгі бөлігіне ингаляциялық ерітінді құю. Небулайзердегі ерітіндінің көлемі корпусындағы сызық көмегімен анықталады. Резевуардың максимальды көлемі 10мл құрайды. Сағат тілі бағытымен тоқтағанша бұрап небулайзердің жоғарғы бөлігін бекітеміз. | |
Небулайзердің жоғарғы бөлігіндегі тесікке ингаляция жүргізу үшін мундштук жалғанады. Ингаляция типіне байланысты мундштук немесе мұрын қуысына арналған қосымша немесе маска қолданылады. Маска қолданғанда ингаляция үшін муфту қолданудың қажеті жоқ – маска небулайзердің жоғарғы бөлігіне жалғанады. Бастысы: әр науқасқа жеке мундштук, маска немесе мұрынға қосымша қолданылуға кеңес беріледі. | |
Кабельді электр желісіне қосу: түтіктің бір жақ шетін компрессордың штуцеріне, ал екінші жағын небулайзердің штруцеліне жалғаймыз. | |
Тумбрелді «I» қалпына бұрап ингаляторды қосу. Аспап ингаляция жүргізуге дайын. Ем жүргізу уақыты 15 минуттан аспауы керек. | |
Ингаляция жүргізу уақытында тыныш және босаңсыған күйінде тыныс алу керек. Қасқа уақытта тынысты ішке ұстап кейін баяу сыртқа шығару. Жиі демалуға болмайды. Қажет жағдайда үзіліс жасауға болады. | |
Ингаляциялық бронхолитиктердің болмауы немесе ауыр және өмірге қауіп тудыратын жағдайдағы қосымша терапия: жүйелі глюкокортикостероидтар (преднизолон 60-90 мг + эуфиллин 2,4% 5-10 мл + физ.ерітінді 400 мл тамыр ішілк тамшылату |
Физиологиялық босануды қабылдау
№ | Тапсырманы сатыларыгның критерилері |
Босануға дайындау: залалсызданған іш киім мен бахиллалар кигізу. Босанушының сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу. Дәрігер қолын хирургиялық өңделуі. | |
Жатыр ернеуінің толық ашылуын нақтылау үшін биманульды тексеру. Қондырылу сипатын, ұрық позициясын (алдыңғы немесе артқы) және бас пен жамбас сүйегі арасындағы кеңістіктік қондырылудың болуын анықтайды. | |
Босануды қабылдауға кірісер алдында ұрықтың жағдайын жүрек соғысы жиелігі арқылы анықтайды. Әрбір толғақтан кейін ұрықтың жүрек соғысының, жиелігін жазықтықтар бойымен ұрық басының жылжуын және босанушының күшену қызметін бақылап отырады | |
Ұрық басы жарып шыққаннан бастап, аралықты сақтау шараларына кіріседі. Осы мақсатта сол қолдың алақаны қасағаға, саусақтары ұрық басына, ал оң қол аралыққа қойылады. Сол қолдың саусақтары мен ұрық басының тез жылжуынің жіне шүйде асты ойығына дейін шалқайып кетуінің алдын алады. Күшенуден тыс оң қолмен жұмсақ тіндерді ысарады. | |
Ұрық басы шүйде ойығына дейін туылған кезде сол қолдың саусақтары төбе сүйектері аймағына көшеді. Ал оң қол аралықта болады, ұрық басы шалқайып беті туылады. Жарып шығу жазықтығымен оның өлшемін айтады. | |
Ұрық басы позициясына қарама қарсы анасының санына бетімен қарап сыртқы бұрылысын аяқтайды. Бұрылыс аяқталған соң басын құлақ қалқандары аймағында екі қолмен ұстап алдыңғы иығының жоғарғы 1/3 туылғанға дейін сәл артқа бағыттайды. | |
Содан кейін басын сол қол алақанымен ұстап сәл алға бағыттайды. Оң қол сақтықпен аралықты артқы иықтан босатады. | |
Нәресте залалсызданған жаялыққа қабылданады, нәресте анасының ішіне салынылады. Қысқыштар арасында кіндік бау кесіледі. Апкар шкаласы бойынша жағдай бағаланады. |
Аяқ-қолдың иммобилизация.
№ | Тапсырманың сатыларының критерилері |
Науқасты арқасына жатқызады. Дитерихс шинасын дұрыс дайындайды. | |
Науқастың бойына сәйкес шина жақтаушаларын дұрыс өлшенеді. Шинаны салуды аяқ басына «табан» жақтаушасын дәкімен таңудан бастайды. | |
Сыртқы жақтаушаның жоғарғы басы қолтыққа тірілгенше созады, ал төменгі басы аяқ басынан 10-15 см шығып тұрады. | |
Ішкі жақтаушанығ басы шап аралығына ( шонданай сүйегі бұдырына! Тәрелу керек, ал төменгі басы «табан» жақтаушасынан 10-15 см шығып тұрады | |
Ішкі және сыртқы жақтаушалардың төменгі бастары «табан» құлақшасына кигізеді, ашпалы тақтайшаны шығып тұрған сыртқы жақтаушаға кигізеді. | |
Балдақтардың бастарын мақта-мата қабаттарымен орайды және сүйектердің шығыңқы жерлеріне (мықын сүйек қанаты, үлкен ұршық, сан сүйек айдаршықтары, жіліншіктері) мақталы төсемдер салынады. | |
Жақтаушалардағы жоғарғы және төменгі тесіктерден тартпаларды, белбеулерді немесе дәкілерді өткізеді және кеудеге таңады. Жақтауларды шина «табаныны» ілмегімен және жақтаушамен бекітеді. | |
«Табан» жақтаушасын бұрау таяқшасы арқылы аяқ басынан тартады және қатты бекітеді. Шинаны аяққа бинтпен толық таңады. |