Дәрі қобдишасының құрамына кіретін 5% йод ерітіндісі не үшін қолданылады?
А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Жедел медициналық жәрдем және емханалық терапия кафедрасы
«Жедел жәрдем негіздері»
Пәні
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Пән коды: 2.1.08-JJN
Сабақ № 1-7
Курс:1, Семестр:II
5В130100– «Жалпы медицина»
5В130200– «Стоматология»
Растырған: оқытушы Ж.Б.Жүнісова
Түркістан 2015
Кафедра мәжілісінде талқыланған
№___ хаттамасы ______ 2015жыл
Кафедра меңгерушісімен бекітілген
М.ғ.к., доцент м.а. Бабаева К.С.
_______________
Сабақ №1
1. Тақырып: кейінге қалдырылмайтын алғашқы негізгі көмекті көрсету. Қолдан жасанды тыныс беру және жүрекке тікелей емес массаж жасау техникасымен ережесі.
2. Сабақтың мақсаты: Өміріне қауіп төндіретін тыныс және жүрек тоқтауы кезінде, тәжірибеден алған білімді қолдана отырып, терминалдық жағдайына диагностикасына баға беріп шұғыл жәрдем алгоритімін көрсете алу қажет.
3. Оқу міндеттері: Алғашқы дәрігер алды көмекті көрсету үшін дағдыларды меңгеру үшін тақырыпты білу; жәбірленушінің өміріне қауіпті сейілту үшін керекті іс-шара жүргізу; жәбірленушіні тасмалдау үшін барынша тиімді жағдай жасау.
4. Сабақтың өтілу барысы:
Оқулықпен ғылыми басылымдар, ғаламтор желісі, электронды оқулықпен жұмыс жасау ситуациялық жағдайларды шұғыл көмектің дұрысын үйрену.
Тақырып бойынша тапсырма
1)Алғашқы жедел көмек көрсету негіздері.
2) Дәрігерге дейінгі алғашқы кезек күттірмейтін көмек.
3) Дәрігерге дейінгі алғашқы кезек күттірмейтін көмек міндеттері.
4) Өмірін сақтауға байланысты іс-шаралар негіздері.
5) Жәбірленушінің жалпы жағдайын бағалай білу.
6) Естен тануды анықтау.
7) Естен тану кезіндегі алғашқы көмек алгоритімі.
6. Үлестірме материалдар: Ситуациялық есеп, тесттер, сканворд, ашық сұрақтар.
7. Әдебиеттер тізімі:
1) Борисов Е.С., Буров А.Е., первая помощь при повреждениях и несчастных случаях- М. Медицина,1990.
2) Буянов В.М первая медицинская помощь-М. Медицина,1987.
3) Хованский Б.Ф Первая помощь до прихода врача –М. Медицина,2004.
4) Шершень Г.А Сам себе доктор:Семейная энциклопедия-2-е Минск,2003.
8. Бақылау тесттері:
1. Оқиға болған жерде зақымданушыны көру:
А. 1-3 минуттан аспау керек
Б. 10-30 секундтан аспау керек
С. 1-3 сағаттан аспау керек
2.ЖЖБ шақыру:
А.Зақымданушыны және оқиға болған жерді көрмей тұрып
Б.Зақымданушыны және оқиға болған жерді көріп болған соң
С.Зақымданушыға алғашқы көмек көрсетіп болған соң
Жамбастың жұмсақ тіндерінің соғылуы кезінде жедел медициналық көмекті қалай жүргізеді?
А.Соғылған аймаққа 15-20 минут мұз қойып,тұйық таңу жасау
Б.Аяқтарды жоғары көтеріп жату және тыныштық
С.Екі аяқты қосып қысып бинтпен төменнен жоғары қарай таңып,шина салу.Ішке 2/1 шай қасық ас содасымен көп мөлшерде сұйықтық
Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде жедел медициналық көмекті қалай жүргізеді?
А.Зақымданған аймаққа тұйық таңу салып,науқасты жартылай отырғызу керек
Б.Науқасты шалқасынан қатты тегіс жерге жатқызып ,зақымданған аймаққа жылы грелка қою
С.Науқасты қатты тегіс жерге шалқасынан жатқызып,бүгілген тезе буының астына валик қою
Іштің жабық жарақаты бар науқасты қалай тасымалдау керек?
А.Зақымдалған аймаққа жылы грелка қойып,науқасты қырымен жатқызып
Б.Зақымданған аймаққа мұз қойып,науқасты қырымен жатқызып
С.Аяқтарын максималды денесінде жинап,жатқызған қалыпты
Бұғанасы сынған науқасты ең бірінші қандай көмек көрсету керек?
А.Сынған аймаққа салқын компресс қойып, бинтпен қатты таңу
Б.Қолтықасты аймағына шина қойып,қолды бүгілген қалыпта кеудеге бинтпен таңу
С.Қолтықасты аймағына мақтадан немесе бинттен жасалған валик қойып,қолды білек буынынан бүгіп,кеудеге таңу
Омыртқаның кеуде бөлігі зақымданған науқасты қалай тасымалдау керек?
А.Қатты тақтайға науқасты арқасымен жатқызып
Б.Жұмсақ төсекте науқасты арқасымен жатқызып
С.Қатты тақтайға науқасты қырымен жатқызып
Орта дәрежелі бас-ми жарақаты бар науқасты қандай транспорт түрімен тасымалдайды?
А.Жолаушы жеңіл автокөлік
Б.Жолаушы жүк автокөлік
С.Тек жедел жәрдем автокөлігімен
Сүйектің сынуы кезінде қай зат иммобилазициялық шина ретінде қолдануға ең тиімді?
А.бинт
Б.мата
С.тақтай бөліктері
Дәрі қобдишасының құрамына кіретін 5% йод ерітіндісі не үшін қолданылады?
А.Жарақат аймағындағы теріні өңдеу үшін
Б.Жарақат бетінің өте қатты ластанған кезінде жара бетін сүрту
С. Бірінші дәрежелі күйік кезінде тері бетін сүрту үшін
Сабақ №2
1. Тақырып: Сырттай қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек алгоритімі.
Іштен қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету алгоритімі.
2. Сабақтың мақсаты:
3. Оқу міндеттері:Қан кету және қан жоғалту кезінде оның клиникалық көрінісін, көрсетілетін көмектің дұрыс орындалуын білу.
4. Сабақтың өтілу барысы: Оқулықпен ғылыми басылымдармен, ғаламтор желісімен, электронды оқулықтармен жұмыс. Орталық практикалық дағдыларда қан кету жағдайында шұғыл көмеку көрсетудің дұрыстығын меңгеру.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
1) Қан кету, анықтама. Қан кетуге әкелетін себеп.
2) Қан кетудің классификациясы (жіктелуі)
3) Қан жоғалту, қан жоғалтудың дәрежесі. Жалпы және жергілікті қан кетудің симптомдары.
4) Қан кету кезіндегі алғашқы көмектің негізгі принциптері.
6. Үлестірме материалдар: Ситуациялық есеп, тесттер, сканворд, ашық сұрақтар.
7. Әдебиеттер тізімі:
1) Колб Л.И., Леонеович С.И., Яромич И.В. Общая хирургия- Минск: Высш.шк,2008г
2) Грицук И.Р. Хирургия. Минск:ООО «Новое знание»,2004г.
3)Дмитриева З.В., Кошелев А.А., Теплова А.И. Хирургия с основами реаниматологии-Санкт-Петербург: Паритет,2002г.
8. Бақылау тесттері: